Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды




НазваниеАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды
страница1/7
Дата конвертации16.11.2012
Размер0.79 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5   6   7
ӘОЖ 378.06:004.4:658.512.3:744.4 Қолжазба құқында

ИСАБЕК НҰРДӘУЛЕТ ЕРКІНҰЛЫ

Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері

(сәндік-қолданбалы өнер және дизайн факультеті материалдарында)

13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды



Ғылыми кеңесшісі:


педагогика ғылымдарының докторы

С.А.Ұзақбаева


Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы

А.А.Жайтапова





педагогика ғылымдарының докторы

Ш.А.Абдраман





педагогика ғылымдарының докторы

Т.Қ.Мұсалімов


Жетекші ұйым: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 ж. «____» _____________ сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2-қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, 3-қабат.


Автореферат «____» _____________ 2010 ж. таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Көшербаева Ә.Н.

К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер, білім беру жүйесінің алдына студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.

Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік – дағдының да аяса үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.

Жаңа ғасырға білімді адам болып білімді компьютерлік технологияны жетік меңгергенде ғана енуге болады. Өйткені халықтың іс-әрекеті барған сайын олардың ақпараттануына, компьютердің және телекоммуникацияның көмегімен алған ақпараттарын тиімді өңдеу қабілетіне байланысты. Бұл жоғары кәсіби білім беру жүйесінің алдына студенттердің компьютерлік технологияны практикалық әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру міндетін қояды.

Белгілі ғалымдар (С.И.Архангельский, А.А.Вербицкий, В.П.Беспалько, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, О.С.Сыздықов және т.б.) субъектінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру проблемасының жетіліп және өзін-өзі әрі қарай үздіксіз білім алу арқылы дамытуын жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын, студенттерді оқыту технологиясын ашып көрсету, маманның іс-әрекет моделін құрылымдау арқылы қарастырады.

Студенттердің кәсіби білімі мен іскерлігін қалыптастыру мазмұнын, формалары мен әдістерін жасау, практикалық іс-әрекетке даярлық деңгейлері С.Я.Батышевтың, П.Р.Атутовтың, В.Д.Симоненконың және т.б. жұмыстарында көрініс алады.

Қазіргі заман ақпараттық технологияларын жасау, пайдалану және дамыту мәселелері де бірқатар еңбектерде зерттелген (Б.С.Гершунский, В.С.Кузнецова, А.В.Соловьева, А.Д.Урсуева және т.б.).

Кәсіби білім беруде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану проблемасының бағыттары бойынша орындалған зерттеулер де баршылық: білім беруді компьютерлік әдістемемен қамтамасыздандыру (К.Е.Афанасьев, Г.Я.Гальперин, К.А.Камардинов, Б.Бөрібаев, Қ.С.Әбдиев және т.б.), пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны мазмұндық тұрғыда оқыту жүйесі (А.А.Абдукадыров, М.А.Құдайқұлов, Э.И.Кузнецов және т.б.), білім беруді ақпараттандыру, оқыту процесінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалану (Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, К.Ж.Аганина, А.Ж.Арыстанова, Е.Балапанов, С.Р.Доманова, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Құрманалина, Г.К.Нұрғалиева, Е.С.Полат, С.С.Тауланов және т.б.), қашықтықтан оқыту технологиясын, электрондық оқу-әдістемелік кешенін жасау (Е.Аленияева, М.А.Винницкая, В.П.Тихомиров, Е.Г.Гаевская, Д.М.Джусубалиева және т.б.) және т.б.

Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын ақпараттық-технологияны меңгерту арқылы қалыптастыру проблемасы саласында да біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, С.Н.Лактионова, М.С.Мәлібекова, О.С.Сыздықов, А.Нұғысова, С.Маусымбаев және т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдістемелік іскерліктері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (С.Н.Лактионова, Л.Ю.Малай және т.б.), мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру (С.Р.Доманова, Е.Н.Пасхин және т.б.), компьютерді қолдану арқылы студенттердің шығармашылығын арттыру (В.М.Блинов, Н.Н.Диканская және т.б.) және т.б. қарастырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішінде компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән берген Ж.А.Қараевтың (оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру), А.Ә.Шәріпбаевтың (компьютердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу), С.М.Кеңесбаевтың (болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалана білу проблемалары), М.Ф.Баймұхамедованың (компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың моделдері), Ж.Ж.Жаңабаевтың (ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандардың инженерлік-сызба даярлығын жетілдіру) еңбектерінің кейбір бағыттары аса қызығушылық танытады.

Сонымен, ғылыми еңбектерге жасаған талдау жоғары өнер оқу орындары студенттеріне компьютерлік технологияны жүйелі меңгерту, оны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мәселесінің күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын дәлелдейді. Бар-ау, деген зерттеу еңбектерінде көркем графикалық факультеті студенттерін компьютерлік графика технологиясына үйрету (Л.Я.Нодельман), көркемдеу мамандықтары студенттерінің сабақ барысында компьютерлік графика арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту (В.В.Корешков), компьютерлік графиканы оқыту процесінде студент-дизайнерді кәсіби даярлау (О.В.Арефьева) проблемалары қарастырылады.

Демек, бүгінгі өндірістің талабынан шығатындай компьютерлік технологияны терең меңгерген болашақ өнер маманына деген сұраныстың артуы мен жоғары өнер оқу орындарында компьютерлік технологияны студенттерге меңгертудің бүгінгі жағдайы арасында; компьютерлік технологияның өнер мамандарын даярлаудағы мүмкіндіктері мен оның кәсіби даярлықта толығымен пайдаланылмайтыны арасында; кәсіби іс-әрекеттерде компьютерлік технологияны пайдалануға даярлау қажеттілігі мен оның ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі мен арнайы оқу кешенімен қамтамасыздандырылмауы арасында қарама-қайшылық бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері (сәндік-қолданбалы өнер және дизайн факультеті материалдарында)» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі – жоғары өнер оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлау.

Зерттеу пәні – студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесі.

Зерттеу мақсаты – студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін айқындау және осы даярлықты ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері айқындалып, тұжырымдамасы мен моделі жасалса, оларды практикада жүзеге асырудың мазмұны негізделіп, арнайы әдістемемен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудан білім, іскерлік, дағдысы қалыптасады, ал бұл болса оған меңгерген білігін кәсіби іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануына септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

1.Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдерін негіздеу.

2.Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасын жасау.

3.Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың моделін жасау және өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау.

4.Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын айқындау.

5. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұнын анықтау және оқу-әдістемелік кешенін жасау.

6.Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесін жасау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау, кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда септігін тигізеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы мен үйлесімділігі туралы философиялық қағидалары, өзара себептелуі мен біртұтастығы туралы диалектикалық теориясы, жүйелі қатынас принциптері мен әдістері, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлық қатынастарының психологиялық тұжырымдамалары, тұлға теориясы, таным теориясы, іс-әрекет теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы табылады.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, мәдениеттанушылардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім беру мәселелері туралы нормативті құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасына қатысты әдебиеттерге теориялық талдау, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді зерделеу, анкеттік сауалнама, бақылау, тест, әңгімелесу, практикалық тапсырма, шығармашылық жобалау, мәтіндеу, жүйелеу, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

  1. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдер кешені негізделді.

  2. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасы жасалды.

  3. Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы даярлығын қалыптастырудың моделі жасалды және өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды.

  4. Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын қамтамасыздандыратын психологиялық-педагогикалық шарттар айқындалды.

  5. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұны анықталды және оқу-әдістемелік кешен жасалды.

  6. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәні. Оқу-тәрбие процесіне:

- «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасы»;

- студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың әдістемелік жүйесі;

- оқу-әдістемелік кешен: а) «Информатика» пәнінің типтік оқу бағдарламасына қосымша; ә) «Компьютерлік графика», «Өнердегі компьютерлік технология», «Автоматтандырылған интерактивті тестілеу жүйесі», «Кескіндерді компьютерде жобалау» атты арнайы курс бағдарламалары; б) «Компьютерлік графикасы», «Өнердегі компьютерлік технология» атты оқу құралдары; в) «Компьютерлік технологияның жоғары білім беру жүйесіндегі мәні», «Болашақ өнер мамандарын компьютерлік технологияны пайдалануға даярлау мазмұны»; г) компьютерлік тапсырмалар, тестік тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар ендірілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта өнер оқу орындарында, өнер мамандарының білігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

  1. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау, осы даярлықтың жоғары тиімділігін қамтамасыздандыратын нақты әдіснамалық тәсілдер кешенінің көмегімен (жүйелілік, технологиялық, тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік) шешімін табады.

  2. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасы қоғамның жоғары білікті өнер мамандары даярлығына қойып отырған талаптарына және педагогика ғылымының болашақ мамандарды кәсіптік даярлаудағы жетекші қағидаларына негізделеді.

  3. Студенттердің компьютерлік технологияларды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделі мақсаттың, міндеттердің, компоненттердің, кезеңдердің, мазмұнның, құралдардың, өлшемдер мен көрсеткіштердің, деңгейлердің, шарттардың) жиынтығын құрайды.

  4. Психологиялық-педагогикалық шарттар (оқыту мазмұнын ғылым мен техника дамуының негізгі бағыттарына сәйкестендіру; компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқытуды кәсіби бағыттау; оқыту процесінде студенттердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру меңгерілетін материалды жүйелі талдау) студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

  5. Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың мазмұны мен осы даярлықты қалыптастыру жүйесінде кіріктіру функциясын атқаратын оқу-әдістемелік кешені студенттердің - болашақ дизайн, сәндік-қолданбалы өнер мамандарының арнайы білімін толықтыруға және кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

  6. Теория мен практиканың өзара байланыс негізінде, сабақтастық пен бірізділік принциптерін ескере отырып құрылған студенттерді компьютерлік технологияны пайдалануға даярлау әдістемесі болашақ маманды практикалық іс-әрекетке аса жоғары деңгейдегі компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы кезеңдеп кірістіруді қамтамасыздандырады.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде (2006-2007жж.) қарастырылып отырған проблеманың тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды, зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу құралдары жарық көрді. Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының әдістемесі даярланды, анықтау және қалыптастыру эксперименті жүзеге асты.

Екінші кезеңде (2007-2009 жж.) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, жинақталған теориялық және дәйекті материалдарға талдау берілді; студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасы жасалды. Қарастырылып отырған мамандық бойынша Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары жасалып, практикаға ендірілді. Оқу құралдары даярланды.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жж.) эксперименті барысында алынған кесінділер нәтижесі және бақылау кезеңінде алынған нәтижелер өңделіп, қорытындыланды, тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды. Эксперимент нәтижелері математикалық өңдеуден өтті. Оқу-құралдары, әдістемелік нұсқаулар басылым көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. ЖҮргенов атындағЫ Қазақ Ұлттық Өнер академиясы а қ паратты қ Х а т
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2010 жылдың 26 ақпан күні қазақтың танымал сазгері, Халық қаһарманы, Мемлекттік...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері
...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қазақ және шетел музыка тарихы кафедрасында орындалды
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр (1930-1970 жж.)
Диссертация Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасында орындалды
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconМҮРСӘлімова гүЛНӘр амангелдіқызы қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері 17. 00. 09 Өнер теориясы мен тарихы
Диссертация Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино тарихы мен теориясы кафедрасында орындалды
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚұрметті талапкерлер!
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚұрметті талапкерлер!
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...
Автореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Кез-келген ел әлемдік өркениетке өзінше үлес қосады, ұлттық руханиятымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық болмыс- бітімін танытатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница