Дене шынықтыру және спорт туралы




Скачать 444.83 Kb.
НазваниеДене шынықтыру және спорт туралы
страница3/5
Дата конвертации06.02.2013
Размер444.83 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары

1. Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады.

2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.

18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының
құрама командалары

1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады.

2. Қазақстан Республикасының құрама командаларын спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негiзде қалыптастырады. Алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi спорт қағидаттарын сақтай отырып орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамдарына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамайтын, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылады. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорттың әр түрi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.

3. Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары – спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, спортшылары халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындылары бойынша жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорттық медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары, сондай-ақ осы спортшыларды даярлаған және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорт қызметін жүзеге асыратын жаттықтырушылар, ғалымдар және өзге де қызметкерлер.
Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және бекітеді.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.

2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан
қамтамасыз ету

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

21-бап. Спорт резервін даярлау

1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:
1) спорттық-сауықтыру;
2) бастапқы даярлық;
3) оқу-жаттығу;
4) спорт шеберлігін жетілдіру;
5) жоғары спорт шеберлігі.
1-1. Спорт резервін жасөспірім және жас спортшылар құрайды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жас шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер
мен құралдар

1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2.<*>
Ескерту. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

22-1-бап. Спорттық сыныптама

1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.

2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:

1) спорттық атақтар:
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушы-спортшыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

5. Спорт төрешілеріне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
ұлттық спорт төрешiсi;
бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
спорт төрешiсi.
Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi Заңымен), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене
шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;
3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;
4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;
5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі
уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
19-1) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;
20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;
24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;
25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04. N 471 Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1   2   3   4   5

Похожие:

Дене шынықтыру және спорт туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы...
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Дене шынықтыру және спорт туралы icon52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілуге, тиісті негізгі мәселелр
Дене шынықтыру және спорт туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Дене шынықтыру және спорт туралы icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница