Бодаухан гулбағДА




Скачать 452.55 Kb.
НазваниеБодаухан гулбағДА
страница2/5
Дата конвертации16.11.2012
Размер452.55 Kb.
ТипДиссертация
1   2   3   4   5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Геоэкономикалық кеңістіктегі қызмет көрсету саласының басымдылығы мен жедел даму қарқындары ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы маңызды экономикалық көрініс болып табылады. Қызмет көрсетудің әлемдік нарығы бүгінгі күні өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістің даму қарқындарынан артып, 2 есеге өсті. Қызмет көрсету саласы қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі елдерінде жалпы ұлттық өнімнің 60% - дан 70% - ға дейін құрауда және көптеген елдердің бәсеке қабілеттілігі қамтамасыз етілуде.

Диссертацияда көрсетілгендей, қызмет көрсету қоғамдық – пайдалы қызметтің түрі ретінде тұтынушыларға нақты пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар олардың өндірушілеріне белгілі бір ақшалай табыс алуға мүмкіндік береді. Кез келген қызмет көрсету дегеніміз – қызмет көрсетуші мен қызметті тұтынушы ретінде қызмет ететін екі заңды тұлғалардың арасында заңды, қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық өзара қарым-қатынастардың пайда болуы деп түсінуге болады.

Сонымен қатар, қызмет көрсетулердің кәсіпкерліктің шағын және орта нысандары шеңберінде қарқынды даму мүмкіндігінің сипаты бар, оны өнеркәсіптік өндіріс кезінде ұйымдастыру өте қиын, және мұнда нарықтық экономиканың қызмет етуінің көптеген мәселелері шешіле отырып, көптеген жұмыс орындары ұсынылады. Қызмет көрсетулердің аталған сипаттамаларының жиынтығы әлемдік экономикалық кеңістіктегі жедел дамудың негізі болды (1 – кесте).

Төмендегі кесте қызмет көрсету саласы дамуының артықшылықтарын және әртүрлі елдер бойынша олардың өсу тенденцияларын байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кестеден көрініп тұрғандай, АҚШ, Германия және Жапония сияқты елдерде халық шарушылығының экономикасындағы қызмет көрсетудің үлесі сәйкесінше 29% - дан 53% - ға, 47% - дан 59% - ға, 40% - дан 68% - ға өсті. Қызмет көрсету өсімінің жоғары қарқындары Франция мен Ұлыбританияда байқалуда.

1 – кестеде және басқа да халықаралық статистикалық ақпараттардан диссертациялық жұмыста ұсынылған қызмет көрсету саласының жедел дамуы қазіргі уақытта өндірістік салалардың, атап айтқанда, өнеркәсіптік дамудың мәнін ығыстырып кез – келген елдің бәсеке қабілеттілігінің қалыптасуының маңызды көздерінің біріне айналды деп тұжырым жасауға болады. Егер бұрынғы уақытта ел экономикасының өсуі үшін ғалымдар өнеркәсіптік өндірістің өнімдері ұлттық ЖІӨ - нің 40% - нан кем емес болуы керек деген болса, онда қазіргі уақытта олар бұл мәнді 20% - ға дейін төмендетті және қазіргі уақытта оны мемлекеттің табысты дамуының әдісі ретінде қызмет көрсету саласының жедел өсуінің қажеттілігімен ауыстырды.
1- кесте - ХХ ғасырдың аяғындағы әлемнің дамыған елдері бойынша халық шаруашылығы секторларының даму динамикасы



Ел



Жылдар


Секторлар %



Барлығы

ауыл шаруашылығы

өнеркәсіп

қызмет көрсету

саласы


Франция

1976

22

38

40

100

1990

4

50

46

100

2006

9

41

50

100


Германия

1976

5

48

47

100

1990

4

43

53

100

2006

2

39

59

100


Жапония

1976

28

32

40

100

1990

17

30

53

100

2006

5

27

68

100

Ұлыбритания

1976

33

32

35

100

2006

17

38

45

100

Америка Құрама Штаттары

1976

26

45

29

100

1990

15

44

41

100

2006

11

36

53

100

Ескертпе - UNCTАD халықаралық статистикалық жинақ берілгендері бойынша
1   2   3   4   5

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница