Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік




Скачать 69.19 Kb.
НазваниеСынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік
Дата конвертации06.02.2013
Размер69.19 Kb.
ТипДокументы
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі туралы түсінік

Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог.

Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу – тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.

Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:

  1. Білім алушы тұлғасының өзін – өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

  2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық – педагогикалық жағдайлар жасау.

  3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс – әрекетін өмірдің әлеуметтік – жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін – өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін – өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.

  4. Өзара бірлескен қарым – қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым – қатынастары мен алаңдататын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:

  • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;

  • Тұлғаны дамытып, әрбір алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін психологиялық – педагогикалық оңды жағдай тудыру;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары арқылы қарым – қатынас жүйесін ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

  • Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің арасындағы қарым – қатынасты ізгілендіру;

  • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;

  • Оқушылардың әлеуметтік мәні, шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады:

  • Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;

  • Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;

  • Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;

  • Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;

  • Оқушыларды әлеуметтік қорғау;

  • Ата – аналармен жұмыс.

Мына талаптар да маңызды:

  1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы. Тәрбиелік мақсаттағы міндеттерді шешуге бағытталған бүкіл педагогтардың күш – жігерін біртұтас ету сынып жетекшісінің мойнында. Бұл тұрғыдан тәрбиені адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады, яғни дамуы үшін жағдай жасу тұрғысында мақсатқа лайықты бағыттай әрекет етуді алға қояды. Бұл үрдіс қоғам өмірінің экономикалық, саяси және рухани салаларындағы әлеуметтік қатынастардың күрделі жүйесіне араласып кетуге даяр болуын қажет ететін әлеуметтік қалыптасуға себепші болмақ.

  2. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғаудың функциясы. Әлеуметтік қорғау – психологиялық – педагогикалық шаралар кешені, онда баланың әлеуметтік оңды өсуі мен жеке тұлғалық қалыптасуы, қазіргі нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.

  3. Ұйымдастыру функциясы. Сынып жетекшісі танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс – әрекеттерді, сондай – ақ оқушылардың бос уақытын саналы өткізуде басты ерекшелік болып табылатын қарым – қатынас жасай білуге үйретеді. Ол сыныптағы қарым – қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге ынталандырып, сондай – ақ жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналысу қатынасын қалыптастыруға ұмтылады. Ұжымдық шығармашылық қызметті, әсіресе оны оқу барысындағы әрі сабақтан тыс іс – әрекеттерде пайдаланудың мәні ерекше.

  4. Оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту функциясы. Оқушылардың өзін –өзі басқаруы дегеніміз оқушылар ұжымындағы тыныс – тіршілікті ұйымдастырудың түрі және қоғамдық мәні бар мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың өз бетінше дамуы мен шешімдерді іске асыруда өсе түсуін қамтамасыз етеді.

  5. Диагностикалық функция сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруды міндет етеді. Ол баланың адамдық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеуге бағытталған.

  6. Сынып жетекшісі қызметінің жоспарлау функциясы. Тәрбие жұмысын жоспарлау ең алдымен қызметті оңтайлы ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына деген көмегі. Жоспарды белгілеу дегеніміз педагогикалық қызметті тәртіпке келтіру, педагогика үрдісіндегі нәтижелер жоспарлылығы мен жүйелілігі, басқару икемділігі мен сабақтастығы секілді талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Сынып жетекшісі қолынан мынадай істер келуге тиісті:

  • Өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үлгі бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым – қатынас орнату;

  • Өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу және тұжырымдау;

  • Өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау;

  • Тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыру;

  • Ата –аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;

  • Психологиялық – диагностикалық тестерді, саулнамаларды, сұрақ – жауаптарды және басқа да диагностикалық әдістемелерді қолдану және оларды тәрбие жұмысында орынды пайдалану.

Сынып жетекшісі:

  • ҚР «Білім туралы» заңын;

  • Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;

  • Балалардың және олардың жас ерекшелігіне қатысты, педагогиканы сондай – ақ әлеуметтік, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;

  • Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;

  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

  • Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.

Сынып жетекшісі:

  • Мектептің өзін - өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға;

  • Бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге, іскерлік, сындарлы сын айтып шығуға;

  • Өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;

  • Мектептің өзін – өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар – ожданы мен абыройын қорғауға;

  • Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне қатысуға құқылы.

Сынып жетекшісінің:

  • Тәрбиеленушінің жеке басын қорлауға, оны түрліше ат қою және басқа әрекеттер арқылы іспен немесе сөзбен кемсітуге т.б.;

  • Білімге қойылатын бағаны оқушыны жазалау немесе сазайын тартқызу үшін пайдалануға;

  • Баланың сеніміне қиянат етуге, тәрбиеленушіге берген сөзінде тұрмай бұзуға, саналы түрде оны шатастыруға;

  • Баланы жазалау ісіне отбасын тартуға;

  • Мұғалімнің және бүкіл педагогика ұжымының беделін кетіріп, өз әріптестерін өсек – аяңға тиек етіп, оларды лайықсыз тұрғыдан көрсетуге құқы жоқ.

Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:

  • Журналды жүргізуге;

  • Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай – күйін бақылап отырады;

  • Сынып ұжымын ұйымдастырады:белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;

  • Мектептегі кезекшіліктің жұмысын ұйымдастырады;

  • Бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын сақтайды;

  • Оқушылардың киім киісін бақылайды;

  • Нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын оқушыларды бақылайды;

  • Оқушылар күнделігімен жұмыс істейді,

  • Дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың танымдық қызығушылығының, ой – өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды, үйірмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға тартады;

  • Театрға, көрмеге, мұражайларға баруды ұйымдастырады;

  • Психологпен байланыс жасайды;

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптасуын қадағалайды;

  • Сыныптағы шығармашылық ісін ұйымдастырады;

  • Оқушылардың денсаулығын нығайтып, оларды дене шынықтыру мен спорт шараларына тартады;

  • Әрбір ұйымдастырылатын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді, сынып жетекшісінің кез – келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша сынып сағаттарын өткізеді, сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай – ақ ата – аналардың пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді;

  • Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;

  • Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта әрекет етеді;

  • Әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;

  • Отбасы «қиын» балаларды анықтап, есепке алады;

  • «Қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жасөспірімдер мен есепте тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;

  • Тоқсан сайын бір рет ата – аналар арасында тақырып бойынша жиналыс өткізеді;

  • Отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;

  • Ата – аналармен дербес жұмыс жүргізеді;

  • Сыныптың сабақтан тыс іс – әрекетін ұйымдастыру ісіне ата – аналарды тартады.

Сынып жетекшісінің міндеттері:

Оқу жылының басында:

  • Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;

  • Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;

  • Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді.

Похожие:

Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік iconСынып сағаты «Астана – қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы» 3 «Д» сынып. Сынып жетекшісі Енсебаева Т. К. Мақсаты
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері мен Ата Заңы туралы білімдерін тереңдету, Астананың көрікті жерлерімен таныстыру
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік icon«Үздік сынып жетекші- 2007» Мақсаты: Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жүргізуші
Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін,...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік iconСабақтың технологиялық картасы Мерзімі Сынып 7А, 7Ә
Инерция туралы түсінік беру, инерцияның тұрмыс пен техникадағы маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың өткен тақырыптар...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік icon8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі Өткізген: Елемесова Алмагүл Ғабділмәлікқызы. 2 «Б»сынып жетекшісі
...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік icon6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік iconДаулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы
Кіріспе (түсіндіру) Ендеше балалар бүгін «Ел рәмәздері» туралы толығырақ танысамыз
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік iconСынып жетекші жұмысындағы диагностика Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға,...
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік iconКүнделік сабақ жоспары Мерзімі Сынып 7А, 7Ә
Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу
Сынып жетекші қызметін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі туралы түсінік icon6 сынып, математика
Берілген қабырғалары бойынша үшбұрыш салу. Санау жүйелері және теріс сандар туралы тарихи мәліметтер. Тең қабырғалы, тең бүйірлі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница