«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Скачать 436.49 Kb.
Название«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/4
Дата конвертации06.02.2013
Размер436.49 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Бесқарағай аудандық әкімдігінің

2010 жылғы 29 қаңтар №29

қаулысына қосымша

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене

шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

2

Мазмұны

1. Миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы ахуалды талдау

3. Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары, тапсырмалары мен мақсаттары

4. Бөлімнің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері

5. Нормативтік құқықтық актілер

6. Бюджеттік бағдарламалар

7. Бюджет шығысының жиынтығы

3
1. Миссиясы мен пайымдауы
«Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – дене шынықтыру мен спортты, туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында салааралық үйлестіру және тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін, басқа ұйымдардың дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселесі. Салауатты өмір салты қағидаттарына ену тетігін тиімді құрылуын пайымдау бойынша Бесқарағай ауданында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Бесқарағай ауданында барлығы 29 білім беру ұйымы бар. Олардың ішінде 25 жалпы білім беру мектептері. Спорт бойынша білім беру қосымша ұйымы- балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – 1, оларда тәрбиешілердің саны 2007 жылы- 160, 2008 жылы – 172, 2009 жылы – 27 оқушыны құраған. Бесқарағай ауданының әкімі аппараты дене шынықтыру және спорт мәселесін басшылыққа алып, бақылау жүргізуде.

2006 жылдан бастап «Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде штат кестесі бойынша үш адам жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Бесқарағай аудандық әділет басқармасы мемлекеттік мекемесінде 2006 жылғы 3 ақпанда №20-1917-21 тіркелді.

Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері, салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу және насихаттау ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпылай іс-шараларын жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындысында дене шынықтыру мен спортты дамытуда өткізілген спорттық іс-шаралардың саны жыл сайын өсуде, әсіресе, спорттың осы түрлері бойынша: волейбол, футбол, жеңіл атлетика, шашка, тоғыз құмалақ, армрестлинг және гир спорты (2007 жылы – 34 көпшілік спорттық іс-шаралар, 2008 жылы – 38 іс-шаралар, 2009 жылы – 43 іс-шаралар облыстық және аудандық деңгейде). 2007-2009 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту бойынша Бесқарағай ауданында 98 көпшілік спорттық іс-шаралар өткізілді, облыстық және аудандық жарыстарды жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландыру 6 млн. 910 теңгені (2007 жылы – 2 млн. 131 мың теңге, 2008 жылы – 2 млн. 184 мың теңге, 2009 жылы – 2 млн. 595 мың теңге) құрады.

Дене шынықтыруды дамытуға салауатты өмір салтын насихаттау және сонымен қатар, көпшілік спортты дамыту үшін Бесқарағай ауданының тұрғындары арасында жарыстар өткізілуде: Ұлттық спорт ойындарының шеңберінде аудандық спартакиада, спорт түрлері бойынша Бесқарағай ауданы әкімінің жүлдесіне Чемпионат: орман шаруашылығы қызметкерлері арасында, ұйымдар мен мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері арасында спартакиада шеңберінде волейбол (еркектер, әйелдер), футбол, баскетбол, шағын футбол бойынша «Спорт Күні», Конституция Күні, Тәуелсіздік Күні, Қазақстан Республикасының Күніне байланысты, сонымен қатар, футбол бойынша Валерий Рахимовтың, футзал бойынша Нұрболат Тасболатовтың, баскетбол бойынша Владимир Абылкасымов есімдеріне турнилер, қысқы кезеңде шайбалы хоккей, «Лыжня зовет» шаңғы жарыстары және басқа да жарыстар өткізуде. Сонымен бірге, «Спешил Олимпикс» қозғалысына көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға аса көңіл бөлінуде, «Ана, әке, мен және спорттық отбасы» атты спорттық іс-шаралар жүргізіледі, оған ата-аналармен бірге мүгедек балалар қатысады. Осы іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттің есебінен ақша қаражаттары бөлінеді.

Бесқарағай ауданының білім беру мекемелерінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. Жалпы білім беру мектептерінің күн тәртібіне дене шынықтыру – сауықтыру іс-шаралары енгізілді: «дене шынықтыру тоқтаулары», «дене шынықтыру минуткалары» және қозғалыс ойындары. 25 мектепте 3 сағат дене шынықтыру, 5 мектепте жеке білім беру сабақтары енгізілді. Жалпы білім беру мектептерінде 1256 адам қатысатын 45 спорттық секциялары ұйымдастырылды. Спорттық секциялардың жүйесін кеңейту жолында дене шынықтыру ұйымдарының мектептен тыс формаларымен толықтай қамтамасыз етілген. Салауатты өмір салты бағдарламасы бойынша

4
мектептен тыс жұмыстар 2007 жылы - 13 мектепте енгізілсе, 2009 жылы – 21 мектепте енгізілді. Барлық жалпы білім беру мектептерде ай сайын денсаулық және спорт күндері өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері 1-4, 5-9, 10-11 сыныптар арасында жеке ұйымдастырылады. Дене шынықтыру мұғалімдерімен сабаққа дейін гимнастика өткізіледі. Дене шынықтыру минуткалары оқытушының басшылық етуімен сыныптарда жүргізіліп, сабақ 2- минуттай болады. Жыл сайын материалды-техникалық база нығайтылып, 2007 жылы 760,0 мың теңгеге, 2009 жылы 3242,0 мың теңгеге спорттық жабдықтар алынды, осыған қоса демеуші көмегімен спорттық жабдықтарды сатып алу сомасы 250,0 мың теңгені құрады. Барлық жалпы білім беру мектептердің әр түрлі контигенті мен мүмкіндіктері бар, дене шынықтыру мұғалімдерінің кадрлық құрамы 38 адамды құрайды немесе 100%. Сыныптан тыс жұмыстар үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық қызметтік айлығынан тыс 45% төленеді. Жыл сайын дене шынықтыру мұғалімдерін аттестаттаудан өткізіліп, оқушылардың спартакиадалары қорытындыланып тұрады. Директорлар кеңесінде дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралады. 38 дене шынықтыру және спорт мұғалімдерінің арасында соңғы үш жылда 27 адам біліктіліктерін арттырды. Білім беру бөлімі қысқы спорт түрлері бойынша материалдық техникалық базасын нығайтуда. 2007 жылы 1 комплект хоккей формасы, шаңғылар және конькилер сатып алынылды. 2009 жылы хоккей формаларының саны 2 есеге өсті. Қысқы спорт түрлерін дамыту жолында жыл сайын 10 хоккей қорапшалары және 10 мұздықтар құйылып, хоккей және шаңғы жарыстары өткізілуде. Аудан мектептерінің (Б-Владимировка ОМ, Долон ОМ, Семияр ОМ, Кривинка ОМ) спорттық ғимараттарының шатырларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сыныптан тыс сабақтармен және спортпен балаларды анағұрлым қызықтыру үшін ата-аналарымен бірге насихаттық-түсініктеме жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ата-аналары балаларына коньки, доптаяқ, шаңғыларды сатып алуда. Жұмыстардың қорытындысы бойынша 2009 жылы Бесқарағай ауданының оқушыларынан құралатын құрама команда облыстық қысқы оқушылар спартакиадасынан 1-ші жалпы командалық орынды иеленеді. Сонымен қатар, М-Владимировка орта мектебінің оқушылары дене шынықтыру оқытушысы Е.А.Алиповтың басшылығымен туристік саяхаттарға шығып, жыл сайын «Белуха» атты халықаралық фестивальға қатысып отырады.

Бесқарағай ауданында ақылы қызмет көрсететін дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық ұйымдар және мекемелер жоқ.

Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау туралы мәселе дене шынықтыру және спорт бөлімінде және аудан әкімі аппаратында тұрақты бақылауда тұр.

Ауданда дене шынықтыру жұмыстарын және дене шынықтыру тәрбие сабақтарын жүргізуге арналған 65 спорттық ғимараттар бар, олардың ішінде 20 спорт зал: 19-ы жалпы білім беру мектептерінде және №16 кәсіптік мектебінде 1 зал; ату тирлері – 7, спорттық-сауықтыру ғимараттары-38, олардың ішінде 25 алаң мен 13 футболдық алаң бар.

2008-2009 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде 178 оқушылар білім алып, 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Оқу-жаттықтырушыда 6 топ білім алса, 10 топ бастапқы дайындалуда. Білім алу спорттың 4 түрі бойынша жүргізіледі: еркін күрес, бокс, жеңіл атлетика. Тоғыз құмалақ бөлімшесі 2009 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді, спортшылар Беген орта мектебінде шұғылданады.

Мұғалімдермен бірлесіп дене шынықтыру сабақтарында және спорттық секцияларда балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне спорт түрлері бойынша қабілетті балаларды іріктеу жүргізіледі. Іріктеп алу жүйесі тестілеу негізінде, спорт түрлерінен қосымша білім алу бағдарламасында (30 метрге жүгіру, 5 минуттық жүгіріс, орыннан ұзындыққа секірулер, жоғарыға секірулер,

допшаны лақтыру, тартылу) қабылданған нормативті рапорттар негізінде жүргізіледі. Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінінің іріктеу топтары:

2007 жылы бастапқы дайындық топ -7, оның ішінде еркін күрес бөлімшесі – 2, волейбол – 2, бокс – 3; оқыту-тренерлік топ – 5, олардың ішінде еркін күрес бөлімшесі – 2, волейбол – 1, бокс – 2, жеңіл атлетика - 1.

2008 жылы бастапқы дайындық топ -7, оның ішінде еркін күрес бөлімшесі – 2, волейбол – 2, бокс – 3; оқыту-тренерлік топ – 6, олардың ішінде еркін күрес бөлімшесі – 2, волейбол – 1, бокс – 2, жеңіл атлетика - 1.
5
2009 жылы бастапқы дайындық -10 топ, оның ішінде еркін күрес бөлімшесі – 3, волейбол – 2, бокс – 3, тоғыз құмалақ – 2; оқыту-тренерлік топ – 6, олардың ішінде еркін күрес бөлімшесі – 2, волейбол – 1, бокс – 2, жеңіл атлетика - 1.

Оқу жылының басында аудандық емханада спортшылар медициналық тексеруден өтеді және оқу жылының ішінде медициналық бақылау жүргізіледі, дене шынықтыру мұғалімдерінде және жаттықтырушыларда техника қауіпсіздігі бойынша журналдары бар, сонымен қатар, спорт залдарда жаттықтырушы оқуларды өткізу үшін рұқсаттық актілердің және спорттық жабдыққтар мен құралдарға тексеруден өту мен алаңдардың болуы қажет.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар мен спортшыларға спорттық санаттарды, сонымен қатар, спорттық дәрежелерді игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылы еркін күрестен жаттықтырушы Д.Т.Мухамадиев пен жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Г.Ю.Слоницкая екінші санатты иеленді. 2009 жылы 2 жаттықтырушыға екінші біліктілікті игеру жоспарлануда. 2007 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бойынша екінші спорттық дәрежені - 75 қатысушы орындады, еркін күрестен спорт шеберінің кандидаты біреу болса, 2008 жылы екінші дәрежені орындау бойынша шектелім 13 адамға өсті, ал 2009 жылы екінші дәрежені орындау бойынша 90 адамды құрады, бұл қатысушы спортшылардың жалпы санынан 50 % құрайды.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық база бар:

1. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң.

2. «Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №230 Жарлығы.

3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің Жарғысы.

4. 2004 жылғы 13 желтоқсандағы білім беру Департаментімен берілген Мемлекеттік лицензиясы.

5. Қағида.

6. Спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.

7. Жаттықтырушылық-оқытушылық құрамның біліктілік санаттарын игеру Ережелерін бекіту туралы.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мектеп директорымен өткізілетін мектептің барлық қызметін басшылық ету шешімімен педагогикалық-жаттықтырушылық кеңесі құрылды.

Өзекті мәселелер жаттықтырушы және педагогикалық кеңестерде талқыланады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің педагогикалық кеңеспен бекітілген жалпы жылдық жоспары құрылды. Оқу жылдарында есеп журналында жазылатын үлгілік сабақтардың жаттықтырушы-оқытушыларда оқу-жаттықтырушы сабақтарды жүргізудің жылдық, айлық жоспарлары бар, олар жылдық оқудағы үлгілік сабақтарды санау журналында тіркеледі. Оқу бөлімінің меңгерушісімен құрастырылап, мектеп директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтар жүргізіледі.

Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі туралы үлгілік ережелері негізінде 6 жылдық оқыту жүзеге асырылады, 2 жыл (бастапқы дайындық) және 4 жыл (оқу-тренерлік топтар). Бағдарламаға сәйкес топтардың толтықтығы талаптарға сәйкес келеді.

Еркін күрес бойынша құрама командаға:

1. Тұрсынбаев Бақытбек;

2. Дүйсенов Раушан кіреді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық-техникалық ғимараттарының материалды-техникалық базасын жақсарту талап етіледі.

Күрделі жөндеуді қажет ететін (12х24) спорт зал, (9х12) жалғанған зал бар. Бокс бөлімінде боксерлік груша, ринг, қолғаптар (10 парасы), боксерлік лапасы, еркін күресі бөлімі үшін боксерлік кілем, штанга, борцовкалар, волейбол бөлімі үшін: волейболдық тор, 10 волейбол доптары, тумба, штанга, найза, бастапқы колодкалары, лақтыратын доптар, тоғыз-құмалақ бөлімі үшін: тоғыз-құмалақ үшін 10 тақтайшалар бар. Үш жыл ішінде балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тексерілуі облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт Басқармасымен жүзеге асырылды.

6
2007 жылы облыстық бюджеттің есебінен спорттық жабдықтар алу үшін 340 мың теңге, боксерлік рингке 1,500 мың теңге, 2008 жылы спорттық құрылғылар алу үшін 312 мың теңге және ГАЗ-322131-95 жеңіл автокөлігіне 1 млн.теңге, 2009 жылы спорттық жабдықтар алу үшін 835 мың теңге бөлінді.

«Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Бесқарағай ауданында нақты жұмыстар жүргізілуде. Долон ауылдық округінің Долон ауылындағы футбол алаңын қоршау және жөндеу жөндеу жұмыстары 1 млн. 280 мың теңгеге жүргізілді, Бесқарағай ауылдық округінің Бесқарағай ауылындағы футбол алаңын плиталық қоршау 3 млн.теңгені құрады, сонымен қатар, Баскөл ауылдық округінің Ново-Николаевка ауылындағы футбол алаңының қоршауын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде футбол алаңдарын қайта құру және жөндеу бойынша барлық нысандар пайдалануға берілді. Футбол алаңына жасанды жабынды орнату үшін аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 22 шілдедегі №16/5-IV шешімімен жергілікті бюджет есебінен 7500,0 мың теңге бөлінді. Борас орта мектебі-бақшасы базасында 20х40 метрлі жасанды жабынды футбол алаңы 2009 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

Бесқарағай ауданында Ұлттық спорт түрлерін дамытуда жеті арақашықтық бойынша жыл сайын мамыр айының аяғында «Тұлпардың тұяғы» атты-спорттық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы ауданда тұрғындар арасында Республикалық, облыстық және аудандық акциялар өткізіледі: «Президенттік миля-денсаулыққа жол!», «Баланы қорға-оны спорт секциясына жаз», өсіп келе жатқан ұрпақ және ауыл жастары үшін аудандық акциялар: аудан жастарын емдеу-сауықтыру «Шошқалы» көліне «Жастар нашақорлыққа қарсы!», «Бесқарағай маржанын сақтайық». Ауданда ұйымдар желісінде ұлттық спорт түрлерін дамытуда Бесқарағай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Беген ауылдық округінде тоғыз-құмалақ бойынша бөлімшесі ашылды. Барлық ауылдық округтерде жазғы кезеңде «Былғары доп» жүлдесіне жарыстар өткізіледі, нәтижесінде үздік топтар финалдық кездесулерде кездеседі.

Барлық көпшілік спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпараттарда, «Бесқарағай тынысы» аудандық газетте, сонымен қатар, Бесқарағай ауданы әкімінің ресми сайтында тұрақты жарияланады.

Дене шынықтыру және спорттың материалдық базасының жағдайы, жалпы білім беру мектептерін жабдықтау, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің керекті спорт жабдықтарының жетіспеушілігі тұрғындарды қанағаттандырмайтындығын атап өтуге болады.

Аудан орталығы Бесқарағай ауылында спортты модульдік және футбол алаңының құрылысына қажет спорттық ғимараттардың жетіспеушілігі байқалады. Ауылдық округтерге спорттық нұсқаушылардың штат бірлігін бөлу, арнайы медициналық топқа жатқызылатын балалармен дене шынықтыру тәрбие сабақтарын жүргізуді ұйымдастыру, жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру мұғалімдеріне сыныптан тыс сабақтарға 100% төлемақыны, спорт түрлері бойынша тереңдетілген оқу-жаттықтырушы процесс және ұзартылған күндізгі оқу жүргізетін мамандандырылған сыныптар ашуды қажет етеді. 2008 жылғы 16 шілдедегі №421 Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің бұйрығына сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының орта және жалпы ұйымдарын күн тәртібіне енгізу бойынша бақылауды күшейту, «Менің Отаным – Қазақстан» атты ұйымның туристік саяхаты туралы Туризм министрлігі және Білім министрлігі бұйрығына сәйкес балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларына әлеуметтік көмек көрсету қажет.


7
  1   2   3   4

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыз №81
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»...
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің миссиясы мен пайымдау
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница