Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы»




Скачать 39.74 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы»
Дата конвертации06.02.2013
Размер39.74 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:40:54
«Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы»
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 33 Қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын қор биржасының мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6890 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкi» акционерлiк қоғамының қаржылық есептiлiгiнiң тiзбесi, нысандары және ұсыну мерзiмдерi туралы нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктi (еншiлес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған және жеке қаржылық есептiлiктердi) қор биржасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 тіркелген) қосымшасына сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті қор биржасына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3. Қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті, жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншiлес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған және жеке қаржылық есептiлiктердi), және ол мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік балансты;

2) пайдалар мен шығыстары туралы есепті;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есепті;

5) түсіндірме жазбаны.

Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар қор биржасы мүшесінің жеке жылдық есептілігінің аудиторлық ұйыммен расталу талабы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін таралады.

4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қаржылық есептілік қор биржасына «Microsoft Excel» электрондық форматта ұсынылады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептiлiк қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.

Аудиторлық есеп қор биржасына PDF, TIFF немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).

5. Қор биржасының мүшелері қор биржасына:

1) «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 102-бабының 2-тармағында көзделген, эмитент қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты - егер бағалы қағаздары қор биржасы тізіміне енгізілген эмитент қор биржасының мүшесі болып табылған жағдайда туындаған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде;

2) уәкілетті орган белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілікті бойынша пруденциалдық нормативті бұзуы туралы ақпаратты осындай бұзушылық туындаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде;

3) қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналысатын бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берген, қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамында өзгерістері туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде;

4) қор биржасының қағидаларында белгіленген көлемде есепті күнгі жағдай бойынша брокерлік қызметтер көрсету шеңберінде қор биржасы мүшесінің комиссия шарттарын жасағаны туралы мәліметтерді, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

6. Қор биржасы 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулының 4-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес келтірсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы №120 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы»
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы»
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан республикасы ұлттық банк басқармасының Қаулысы алматы қ. 2012 жылғы 25 мамыр №195
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж
Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconБағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №53 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы №430
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 5 тармақшасы және 35-бабы негiзiнде Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №33 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №31 Қаулысы «Акционерлік қоғамдар туралы»
Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница