2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх




Скачать 108.01 Kb.
Название2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Дата конвертации06.02.2013
Размер108.01 Kb.
ТипДокументы
ҚММУ Ф 4/3-06/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті



Клиникаға кіріспе кафедрасы
Тәжірибелік сабақтарға арналған арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Адам және жануарларға сынау мен клиникалық зерттеулер жүргізудің моральдік-этикалық мәселелері. Зертханалық тәжірибе түсінігі.(Good Laboratoti Practice- GLP). GLP туралы түсінік, терминология, принциптері
05110 «мейірбике ісі» - мамандығы

«Медициналық биоэтика» пәні

4 курс:

Құрастырушы: асс. Туймебаева А.Т.


ҚАРАҒАНДЫ

2011 ж.

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілген

Хаттама№ __ , ___ ______ 2011 ж.


Кафедра меңгерушісі, профессор Молотов-Лучанский В.Б.

Тақырыбы: Адам және жануарларға сынау мен клиникалық зерттеулер жүргізудің моральдік-этикалық мәселелері. Зертханалық тәжірибе түсінігі.(Good Laboratoti Practice- GLP). GLP туралы түсінік, терминология, принциптері
Мақсаты: Клиникалық сынау және адамдар мен жануарларға сынау жүргізудің моральды этикалық мәселелерін оқу.
Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиісті:
- әр түрлі этикалық теориялар және жүйелер

- адамдарға клиникалық сынауды жүргізу принциптері

- жануарларға клиникалық сынауды жүргізу принциптері

- GLP туралы түсінік

Студент істей білуге тиісті:
- берілгендерді жиынтықтау және талдау

- құндылық және мораль көзқарасынан адамдардың іс әрекетін бағалау

- пациенттердің құқығын қорғау

- құпиялықты сақтау

- зертханалық жануарларға қатынас бойынша адамгершілік таныту

- адамдарға қатынас бойынша адамгершілік таныту
Студент дағдыларды меңгеруге тиісті:

- коммуникацияны

- тиімді диалог құру

- тұлға аралық қатынасу, алқалылық (коллегиальділік), шиеленісті жағдайды шешу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- клиникалық сынау және адам мен жануарға эксперименттің тарихы

- жеке тұлғаның анатомиясын сыйлау және оған залалын тигізбеу принцптері

-плацебоны қолдану мәселесі және өз еркімен ақпараттанған келісім ережесі

- балаларға, тұтқынға алынғандарға және т.б.-ға жүргізілетін зерттеулер

- жануарларға жүргізілетін зерттеулер этикасы

- зерттеу этикасының халықаралық құжаттары

- терминология және GLP принциптері

Білім берудің және оқытудың әдістері


(шағын топта жұмыс, дискуссиялар, жағдайлық есептер, жұппен жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадилар және т.б.)
Әдебиеттер:

негізгі:

  1. Лопатин П.В. Биоэтика: учебник. – 4-е изд. – М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 272 с.

  2. Лопатин П.В. Биомедицинская этика. - М. : Медицина, 1997. - 223 с.

  3. Лопатин П.В. Карташова О.В. Биоэтика: Рабочая тетрадь : Учеб. пос., - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 271 с.

  4. Яровинский М.П. Лекции по курсу "Медицинская этика" (биоэтика) : Учеб. пос. - М. : Медицина. – 2000 Вып. 2. - 256 с. - (Учеб. лит. для мед. вузов)

  5. Яровинский М.Я. Медицинская этика (биоэтика) : учеб.пособие / Яровинский, М.Я. - М. : Медицина, 2006. - 448 с. - (Учеб.лит.для студентов мед.вузов)


қосымша:

  1. А. Кэмпбелл, Г.Джиллетт, Г.джонс, Медицинская этика: Пер. с англ.:Учеб.пос./Под ред. Ю.М.Лопухина, Б.Г.Юдина. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. – 400с.




  1. Конституция РК.

  2. Кодекс Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения".

  3. Уголовный кодекс РК.

  4. Пациент: права, обязанности, ответственность:. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 270с.

  5. А.Я. Иваношкин «Профессиональная этика в медицине». М. 1990г.

  6. Петровский Б.В «Деонтология в медицине». Под ред. Петровского Б.В. М., 1988г.


Бақылау
Казус 1. Жасанды ұрықтану. Ер-зайыпты жұбайлар: Әйелдің бала тууға қабілеті бар, ері азоспермиямен зардап шегеді. Донорға жүгіну мүмкіндігін және қажеттілігінің моральді – этикалық позициясын анықтаңыз.
Казус 2. Бала көтеруші ана. Жас ерлі зайыпты жұбайлар. Әйелде 25 жасында қатерлі қан кетуден кейін, мүмкін түсіктен соң жатыры алынған. Ерлі зайыптылар бала асырап алудан бас тартады, ерінің шәуетімен ұрықтанған әйелдің аналық жасушасын бала көтеру үшін басқа әйелдің жатырына салу тәсілін таңдайды. Олардың шешіміне және мүмкін болатын этико-құқықтық салдарына баға беріңіз.
Казус 3. Әйелге өз қалауы бойынша стерилизация жүргізілген. Жұбайы, балалары бар, жатыр түткішелерін байлауға өтініш білдіріп келді. Осындай операцияға дәрігер ретінде сіздің қатысыңыз? Оның әр түрлі діни конфессияны бағалауы бойынша сіз не туралы ойлайсыз?
Казус 4. Еркекке өз қалауы бойынша стерилизация жүргізілген. Кәмелетке толған үйленбеген еркек еркін жыныстық өмір сүруге мүмкіндігі болу үшін ұрық жолын байлау туралы өтініш білдірді. Осындай операцияға дәрігер ретінде сіздің қатысыңыз? Оның әр түрлі діни конфессияны бағалауы бойынша сіз не туралы ойлайсыз?
Казус 5. Қылмыскерге стерилизация жүргізілген. Жыныстық қылмыс жасағаны үшін қамауда отырылған қауіпті қылмыскер-рецидивистке қылмысты өтеу мерзімін қысқартуы үшін толық кастрация жасатуын ұсынды. Осындай ұсынысқа сіздің көзқарасыңыз?
Казус 6. Ақыл есі кем жаңа туған нәресте және науқастың емнен бас тартуы. Жаңа туған нәресте тік ішектің атрезиясымен және Дауна ауруымен. Дереу хирургиялық килігу жаңа туған нәрестенің өмірін сақтауы мүмкін, бірақ оның ақыл есі уақыт өте 4 жастағы баланың деңгейінен жоғарламас еді, ал өмір сүру ұзақтығы 20 жылд шамасындай болар еді. Ата-анасы баласының шынайы өліммен өлу үшін опреациядан бас тартады. Сіздің ойыңызша осындай жағдайда шешім қабылдауға кім құқылы және сіз өзіңіз қалай шешер едіңіз?
Казус 7. Анасы түсіктен бас тартады. Жас әйел. Бірінші жүктілік. Жұбайлар арасындағы қатынас тұрақты. Ұрық маңы сұйықтығының анализі 60%-ға дейін омыртқаның туа пайда болған ажырауын дәл көрсетеді. Жүкті әйел жасанды түсіктен бас тартады. Сіз дәрігер ретінде қандай кеңес берер едіңіз? Оның орнында қандай шешім қабылдар едіңіз? Баланың әкесі ретінде ше?
Казус 8. Мүшелер трансплантациясы. 40 жастағы әйел. Бақытсыз оқиғаның салдарынан қайтыс болған. Сіздің ойыңызша басқа адамға салу үшін көздің мүйізді қабатын дереу алу үшін отбасынан рұқсат алу керек пе? Бұл туралы заң қандай ұйғарым шығарды?
Казус 9. Аутопсияға қарсы келіспеушілік бар. 60 жаста қайтыс болған адам тірі кезінде ислам дініне құлшылық етті. Отбасы діни нанымдарға байланысты аутопсияға келісім беруден бас тартады. Қандай жағдайда трансплантациялау үшін аутопсия және мүшелерді алу туыстарының келісімінсіз жүргізіледі?
Казус 10. Эвтаназия. 50 жастағы еркек, артерия тамырларының өтімсіздігімен сырқаттанады, аяқ ампутациясы және артерияларды бірнеше рет қайта тігу операциясын басынан өткерген, бронхопневмония және жүрек декомпенсациясымен ауырады. Емі тек реанимациялық бөлімшеде ғана мүмкін. Бұндай жағдайда симптоматиялық емдеу «пассивті эвтаназиямен» тең тең деп есептеуге бола ма?
Казус 11. Эвтаназия. 45 жастағы еркек. Фонация және жұтыну бұзылыстарымен, бүйір амиотрофты склерозбен сырқаттанады. Психикалық жағдайы қалыпты. «Белсенді» эвтаназияны қолдануға өтініш білдіреді. Пациенттің өтініші заң бойынша және моральді негізделген бе? Бұндай жағдайда дәрігердің борышы неден тұрады?
Казус 12. Интенсивті терапия. 60 жастағы еркек. Бес жыл бұрын асқазан рагі бойынша операция жасалған, үш жыл бұрын – өкпеге метастаз және қазіргі уақытта церебральді метастаз бар, хирургиялық килігу ұсынылады. Осы жағдайда интенсивті терапияның пайдасы бар ма? Науқаста кейінгі болатын зардаптың және пайдасының пропорциональді қатынасы қалай болады? Интенсивті терапия және пассивті эвтаназия арасындағы шекара қандай?
Казус 13. Психиатриялық тәсілдерді қолдану. Айыпталушы 28 жаста, топпен ұрлық жасағанға күдіктелінеді. Айыпталушыдан жауап алу оның психикалық бұзылыстарына байланысты мүмкін емес. Жауап алу кезінде психиатрдың қатысуы және оларға психиотропты препараттардың тағайындалуы мүмкін болады деп сіз ойлайсыз ба?
Казус 14. Мүшелер трансплантациясы. 3 жастағы гетерозиготты егіз қыздар. Егіздердің біреуінді бүйректің поликистозды ауруы, гепатомегалия және спленомегалия бар. Дереу операция жасау қажет болғандықтан және донорлық бүйрек болмағандықтан сау сіңілісінің жұп мүшесінің біреуін алуға отбасының келісімі бар. Бұндай жағдайда бір сіңілісінің өмірге құқығы және басқа (сау) сіңідлісінің денсаулығының келешегіне құл сұғылмаушылық арасындағы шиеленіс қалай шешіледі.?
Казус 15. Мүшелер трансплантациясы. 20 жастағы еркек, өте ауыр бас ми жарақаты; өмірі басқа мүше салу мақсатында жасанды жолмен сүйеніп тұр. Өлім трансплантологтарға тәуелсіз дәрігерлер бригадасымен константирленді; мүшесін алуға отбасы мүшелерінің біреуінің келісімі бар, ал басқалары қарсы. Мораль және құқық жағынан дәрігерлерге қандай іс әрекет сызығы ұсынылады ?
Казус 16. Мүшелер трансплантациясы. 40 жастағы еркек, комадан кейінгі жағдайда; өмірі басқа мүше салу мақсатында жасанды жолмен сүйеніп тұр. Отбасының келісімі бар, бірақ діни фактор әсер етеді (мұсылман діні). Мүшесінің алынуы мүмкін бе?

Казус 17. Эксперименттелу. 72 жастағы еркек. Қуық үсті безінің рагі бар, сүйекке, бауырға метастаз берген, бірақ ол осындай ауруға душар болғанын білмейді. Таңдаулы терапия саласында ісікке қарсы препараттарды сынау жүргізілуді (адамға жүргізілген бірінші сынау). Науқастан келісім алынған жоқ. Осындай зерттеулерді жүргізуге болама, егер оның пациентке потенциальды пайдасы болса?
Казус 18. Эксперименттелу. 25 жастағы әйел. Өз келісімімен жүктілікті үзу үшін ауруханаға жатқызылды. 48 сағат уақыттың ішінде түсікті жүргізу үшін белгілі бір заттың 12 апталық ұрыққа әсерін (теротогенді әсерін) анықтау мақсатында оны әйелге енгізу үшін оның келісімі қажет. Осындай жағдайда баласын алдыртқысы келген ананың келісімі қажет пе?
Казус 19. Адамдарға эксперимент. Биоэтика сұрақтары бойынша комиссияға медициналық эксперименттерді тұтқынға алынғандарға, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылғандарға жүргізу туралы ұсыныс қарастырылды. Өз еркімен келіскендерге тұтқындалу мерзімін қысқарты және жағдайын жақсарту ұсынылады. Осындай жағдайда адамдарға эксперимент жүргізу үшін қажет еріктілік принцпі сақтала ма?
Казус 20. Адамдарға эксперимент. Биоэтика бойынша комитеттің келісімімен өз еркімен келгендерге жаңа дәрілік заттарды сынау жүргізілуде. Емдеуші дәрігер экспериментті жүргізуге кедергі жасай ала ма?
Казус 21. Генетикалық эксперименттер. Биоэтика бойынша комитеттен геномды өзгертуге байланысты келісім алу қажет, яғни хромосома фрагменттерін манипуляциялау және ұрпаққа берілетін жаңа сапасын болдыру үшін: а) жануарға; б) адамға. Сіздің ойыңызша қандай жағдайда және қандай оқиғаларда осындай зерттеулерді жүргізуге болады?
Казус 22. Генетикалық эксперименттер. Ұрықта орта есеппен 45 жасқа қарай байқалатын Гентингтон хореясының белгілері анықталыд. Ата – анасына ұрықты жою туралы ұсыныс айтылды. Анасы бас тартты, әкесі келісімін берді. Пайда болған осы каллизияны шешуге көмектесіңіз.
Казус 23. Фармакотәуелділік. 50жастағы науқас өзінде пайда болған дәріге тәуелділікті айтып шағымданады. Созылмалы демікпемен зардап шегуіне байланысты дәрігер кортикоидтар тағайындаған. Науқасты үнемі дәрінің кері әсерлері және дәріні тоқтату қажеттілігі мазалайды. Дәрігер науқасқа дәрінің мүмкін болатын кері әсерлері туралы есерткенін және оның келісімін алғаны туралы хабарлайды. Осындай жағдайда «емнің пропорциональдылығы» қалай әсер етеді?
Казус 24. Ақпараттануға құқық. 38 жастағы ер адамға аяғындағы артеритке байланысты, кейін мүмкін болатын асқыныстары туралы ескертпестен оның өміріне қажетті операция жасалды (бел симпатэктомиясы). Осындай жағдайдағы дәрігердің әрекетінің этикасы және құқығын бағалаңыз.
Казус 25. Ақпараттануға құқық. Көптеген ракқа қарсы препараттар айтарлықтай кері әсерін тударыды. (шаштың түсуі, бедеулік, диарея). Егер науқас өзінің диагнозын білмесе, оларға ем тағайындағанда осылар туралы ескерту қажет пе?

Казус 26. Келісімнің міндеттілігі. 60 жастағы пациент қуық үсті безінің гипертрофиясымен зардап шегеді. Оған простатэктомия және ұрық каналын байлау жүргізілу керек. Осы жаста операциядан кейін оның стерильденуін ескертіп одан келісім алу қажет пе?
Казус 27. Дәрігерлік құпияға құқық. Трамвай жүргізушісі, 40 жаста, эпилепсия ұстамасымен зардап шегеді, ол туралы тек емдеуші дәрігері ғана біледі. Дәрігер пациенттің ауруы туралы оның жұмыс орнына хабарлауға міндетті ме?
Казус 28. Дәрігерлік құпияға құқық. ЖИТС пен сырқаттанатын пациент өзінің диагнозы туралы серіктесіне немесе серіктес әйелге айтпауын өтінеді. Осындай жағдайда қандай құқықтық және этикалық нормалар жүргізіледі. Дәрігердің қандай оптимальді вариантын Сіз ұсынар едіңіз?
Казус 29. ЖИТС Хирург жүйелі түрде пациенттерді оларға хабарлаусыз АИТВ ке тестілеу жүргізеді және оларды оң реакция болған жағдайда операцияға алудан бас тартады. Дәрігер және пациенттің қандай құқығы бұзылған немесе керісінше, осы жағдайда олардың қайсысы сақталған?
Казус 30 Баланы емдеуден ата-анасының бас тартуы. Бала 3 жаста, туа пайда болған жүрек ақауымен зардап шегеді. Ашық жүрекке хирургиялық килігу қажет. Операция шұғыл түрде емес. Ата-анасы ("куәгерлер Иеговтар") діни нанымдарға байланысты операция кезінде қан құю қажеттілігі болғандықтан операциядан бас тартады. Осындай жағдайда дәрігер (құқы бар) не істеу керек? Өзіңіздің позицияңызды дәлелдеңіз.
Казус 31. Келісім алудың міндеттілігі. 42 жастағы ер адам, үйленген, екі баланың әкесі; вирусты инфекцияның әсерінен жүрек-өкпе жеткіліксіздігінің соңғы дәрежесімен сырқаттанады. Оның келісімі бойынша өкпе-жүрек комплексін ауыстыру бойынша операцияға дайындалуда. Операция жасалынатын күні оның өмірін сақтауы мүмкін хирургиялық операциядан бас тартады. Оның отбасы, әйелі және балалары бригададан операция жасауды өтінеді. Осындай жағдайда медиктердің құқықтық және моральдық міндеттері қандай?
Казус 32. Мүшелерді трансплантациялау. 19 жастағы жас жігіт, жол апатының құрбаны. Церебральді өлімнің барлық клиникалық және параклиникалық белгілері бар. Трансплантация бойынша бригаданың екі мүшесі моральді-этикалық пікірге байланысты мүшені басқа адамға салу мақсатында жасалынатын операциядан бас тартты. Осындай жағдайды қандай моральді этикалық пікір іске қосылуы мүмкін?

Похожие:

2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Мақсаты: Студенттерді балалардың пародонт ауруларын нақтамалау әдістерімен таныстыру
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырыбы: аив. Онкогенді вирустар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық қасиеттері
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Жаберлі доғаның элементтерінен құрсақішілік дамудың бірінші айының соңында түзіледі
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Мақсаты: студенттерді балалардың пародонт ауруларын емдеудің негізгі принциптерімен таныстыру
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Кафедра меңгерушісі, доцент Ахметова С. Б. Тақырыбы: Санитарлық-вирусологиялық зерттеу әдістері
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх iconҚмму ф4/3-06/01 2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемілік нұсқау
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Мақсаты: студенттерді балалардың тіл ауруларының клиникасы және емдеуімен таныстыру
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Мақсаты: студенттерді балалардың пародонт ауруларының клиникалық ағымының ерекшеліктерімен таныстыру
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырыбы: «Бет сүйектері мен жұмсақ тіндерінің жарақаттары. Клиникасы, диагностикасы, емі»
2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007 ж. 14 маусымдағы Қазмма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырыбы: «Балаларда ерін аурулары. Клиникалық ағым ерекшеліктері, емі, алдын алуы»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница