Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес




Скачать 52.54 Kb.
НазваниеТақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес
Дата конвертации06.02.2013
Размер52.54 Kb.
ТипДокументы
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес
Әрбір кішкентай баланың үйлесімді жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қажеттілік бар: өмір сүру құқығы, сүйікті болу талабы, біреуге қажетті болу талабы, автономияға (тәуелсіздік) құқығы. Бұл қажетіліктер тек отбасында жүзеге асырылады.

Өз отбасында баланы тәрбиелеуге алу туралы шешім- игілікті қадам, бірақ үлкен жауапкершілік болып есептеледі. Бәлкім сіздердің көпшілігіңіз қорқыныш пен күдік сезімін басыңыздан өткізетін шығарсыз. Біз келешекте бала асырап алатын ата-аналарды толғандыратын ең өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Отбасында қай жастағы және қандай жыныстағы баланы алған дұрыс?

Келешекте бала асырап алатын ата-аналар баланы асырап алу туралы шешім қабылдаған кезде көбінесе баланың бейнесін-қыз немесе ұл екенін, жасын, көзінің түсін, шашын суреттейтіні жиі кездеседі. Шын мәнісінде, тап сіз армандаған сәбиді табу өте қиын. Көбінесе балалар үйіне келгенде немесе бала туралы ақпаратты газеттен әлде теледидардан көргенде ата-аналар дәл осы баланың өздерінікі екенін түсінеді, сүйтіп баланың жынысы неиесе жасы туралы өз шешімдерін өзгертеді.

Бала неғұрлым кішірек болса, оның бейімделуі соғұрлым жеңіл өтеді, асырап алған ата-ана мен баланың арасында жақындасу, бауыр басу тез басталады. Бірақ сіз бұл жағдайда өзіңіздің күшіңіз бен мүмкіндігіңізді есептеуіңіз керек, өйткені сәби күтімі көп уақытты талап етеді.

Үлкенірек балалардың дағдылануы бір жылдан бір жылға екі жылға дейін ұзағырақ өтеді. Алайда мұндай балалар өзін-өзі билей алады, көп нәрсені біледі және істей алады, олармен қарым-қатынас оңайырақ орнайды. Баланың тұқым қуалайтын ауруларының білінуі қаупі аздау (егер ондай болса, ендігі білінер еді).

Бала туралы және оның даму жөнінде барынша көп ақпарат жинауға тырысыңыз: биологиялық ананың жүктілігі қалай өтті, қалай босанды. Биологиялық ата-аналарының жасы және олардың денсаулығының жағдайы. Бұл ақпарат сізге баланың эмоционалдық көңіл-күйін және мінез-құлқын түсінуге көмектеседі.

Менің туыстарым / жақындарым/ достарым не ойлайды?

Туыстарыңыз бен достарыңыцз сіздің шешімізге қарсы шығуы мүмкін. Бәлкім, олардың дәлелдері сіз үшін қауіптену, күдік, бала асырап алуға қатысты қалыптасқан таптауырын көзқарастар негізінде құрылған шығар. Ендеше, өз ұстанымыңызды сабырмен, ізгі ниетіңізбен түсіндіруінің керек, олардан өзіңізді бірден түсініп, Сәбиініңізді қабылдауын талап етпеңіз. Бала асырап алған ата-аналардың тәжірибесі-бала деген махаббаты мен оны сөзсіз қабылдау- бара-бара жақындардың жүректерін жұмсартады. Ал егер сіз туыстар мен достарыңыздан қлдау таппасаңыз. Бұл жағдайға сабырлы болыңыз. Өйткені барлық адамдар сіз сияқты ойлап және сезе алмайды. Қалай болғанда да уақытында бәрі өз орнына келеді және достарыңыз, жақындарыңыз мұндай күрделі шешім қабылдағаныңыз үшін сізді қадірлеп, қолдау көрсетеді.
Өз балаңызды отбасыңызға жаңа мүшенің

қосылуына қалай дайындау қажет?
Ең алдымен, өз балаңызбен ашылып сөйлесіп, жетім баланы тәрбиелеуге алған себебіңізді түсіндіріңіз. Оны өзіңізге серіктес етіп алыңыз. Асырап алған балаңыздың жасы туған балаңыздан кіші немесе жастары бірдей болған жөн. Екі балаңызға да бірдей болғаны жөн. Екі балаңызға бірдей уақыт және көңіл бөліңіз. Егер өз балаңызбен шешілмеген проблемаларыңыз болса, басында онымен ашық және сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Тек содан соң асырап алатын балаңыз туралы шешеім қабылдаңыз.

Баланың тексіздігі «геннің нашарлығы» кейін байқала ма?


Бұл – бала асырап алған арасында көп таралған қауіп. Балалардың көбісі ата-аналардың ішімдікке салынып, қылмыс жасағаны үшін ата-ана құқығынан айырылу салдарынан балалар үйіне тап болады. Нашар отбасында өмір сүру баланың мінез-құлқы мен тәртібінде өз ізін қалдырғанымен, оның қандай ортада тәрбиеленіп жатқаны, сіздің шыдамдылығыңыз және жан жылуыңыздың рөлі өте зор. Тұқым қуалаушылық адамның қандай болатынын жорамалдайды. Асырап алған баланың қандай болатыны көбінесе оның тәрбиесі мен қоршаған ортасына байланысты болады.

Бала неге өзін-өзі біз күткендей ұстамайды және

мұндай жағдайда не істеу керек?

Бала отбасындағы өмірдің жаңа тұрмыс жағдайына тап болғанда тыңдамау, ызақорлық, қорқыныш секілді күйзелісті, іштей ширығуды басынан өткізеді. Сіз баламен қарым-қатынас жасауда жүйелілікті сақтап, сабырлылық танытуыңыз қажет. Отбасы өміріндегі жаңа ережелердің анықтығы мен сіздің баланы қабылдауыңыз оның тезірек үйренуіне және бейімделуіне көмектеседі. Бала сіздің махаббатыңыздың және қамқорлығыңыздың бейнесі екенін есіңізге сақтаңыз. Сонымен қатар баланы оның барлық кемшіліктері мен лайықты мінезімен, үрейі және үмітімен, оның өзі қандай болса, сондай болу құқығымен қабылдаңыз.

Егер бала өзімен-өзі болып тұйықталып

қалса не істеу керек?
Мұндай мінез- құлық негізінде көбінесе айналадағы әлемге сенімнің бұзылуынан туындайды. Сенімді қалпына келтіруде бала мен үлкендер арасында дененің жақындығы, «көзге-көз» түйістіру, бірлескен ойындар, уақыт өткізу, әңгімелесу, жеңіл және байсалды дауыс ырғағы маңызды рөл атқарады.

Баланы тәрбиелеуде дұрыс жол таңдағанымызды

қалай анықтау қажет?


Егер бейімделу процесі жемісті өтсе, біраз уақыттан соң баланың бұрынғыдан еркін бола бастағаны, еш қысылып бөгелмейтін көзқарасы, бетіне қызғылт рең жүгіргені байқалады және баланың жүзіне жиі күлкі үйіріле бастайды. Ол өзінің өткен өмірін қиалмай есіне алады, отбасы өміріне белсенді араласады. Егер баламен байланыс сезімі және эмоционалдық жақындық орнаса, онда сіз дұрыс жолдасыз.


Балаға оны асырап алғаны туралы айту қажет пе,

қашан және қалай айту керек?

Кейбір ата-аналар асырап алғаны туралы деректі баладан жасырады, бұл жағдай баланы күйзелістен қорғайды деп сенеді. Солай бола тұрса да, психологтар балаға оны асырап алғаны жайлы айтудың бірнеше салиқалы себептері бар деп санайды. Біріншіден, отбасында жасырын сырдың (отбасылық құпия) болу және сақталуы отбасының барлық мүшелерінің эмоционалдық денсаулығына және өзара қарым-қатынасына жағымсыз әсер етуі мүмкін, бұл ата-ананың күйзелісін туғызады.

Екіншіден барлық жасырын сырлар күндердің күнінде белгілі болады.

Сондықтан, ең дұрысы, баланың ақиқатты бөгде адамдардан жағымсыз жағдайда емес, сүйікті адамдардан білгені дұрыс. Сонымен бірге бала үшін бұл ең жақсы қорғаныш болмақ, өйткені жақсы көретін ата-анасы баланың өзін- өзі бағалау қабілетіне зиян келтірмей, оның эмоцианалдықтұрғыда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, баланың ата-анам мені алдады деген сезімді олардың арасындағы сенімнің деңгейін төмендетеді.

Егер ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері үйде баланың пайда болуына «айрықша», «дұрыс емес» жағдай ретінде емес, қалыпты түрде қараса, онда бала өзі туралы ақпаратты еркін, осы ата-анасынан туғандай қабылдайды. Балалар өмірді ата-аналардың көзімен көретіні даусыз.

Сөйтіп , сіз балаға оны асырап алғаныңыз туралы неғұрлым ертерек айтсаңыз, соғұрлым жақсы. Ең бастысы, бұл ақпарат баланың түсінуіне жететіндей мөлшерде блу керек. Бала неғұрлым өскен сайын соғұрлым оның тегі, тарихы туралы ақпаратты көбірек беруге болады. Өз тарихын білуге әрбір адам, тіпті кішкентай бала құқылы.
Ата-аналар дайындығының және хабардар болуының жетіспеушілігі көбінесе олардың балалардың мінез-құлқын дұрыс түсіндірмеуіне немесе жағымсыз түсіндіруіне әкеледі. Бүл жайт баланың отбасына бейімделуінің қиындауына себеп болады. Сондықтан бала асырап алған ата-аналардың тәрбиенің негіздері мен бала психологиясымен танысуы қажет.

Похожие:

Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconАта- аналарға психологиялық кеңес
Бұл баланы алда жоспар жасай білуге,уақытын тиміді пайдалана білуіне көмектеседі
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconМәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры
Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconСеминар-кеңеске қатысушыларды тіркеу сағ. 11. 00-11. 10 Жарбосынова Мадина Бейнешқызы
«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында баланы шетелдік...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconБаяндама тақырыбы: Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі. Баяндама мақсаты
Оқушылармен ата – аналарға жан жақты талдау жасай отырып, мектеп, ұстаз, ата ана қарым қатынасын нығайту
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconӨз балаларының тәрбиесі үшін ата-аналар жауапкершілігінің нормалары жөніндегі
Баланы тәрбиелейтін ата-ана немесе басқа адам өз мүмкіндіктерінің және баланы дамытуға қажетті өмір жағдайларының қаржылық мүмкіндіктерінің...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconБаланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе
Осындай отбасыларда финдық балалар мен жасөспірімдер бақылаусыз болады. Тәрбие жүйесі баланы ата-анадан ерте алыстатуды болжайды...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес icon15 мектеп-лицей Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?» Өткізген: Камерова Динара Төлебайқызы бастауыш сынып мұғалімі Астана, 2010 жыл Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке,...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес icon«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбында дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалогтың бағдарламасы
«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес icon55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша
...
Тақырыбы: Баланы асырап алған ата-аналарға кеңес iconХалықаралық бала (қыз асырап алу) асырап алу саласындағы балалардың құқықтарын қорғау туралы Конвенция талаптарының Қр заңнамаларына сәйкестігі
Осындай кепілдіктердің пәрменділігін қамтамасыз ету және осы арқылы баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмауға әкелетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница