Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы




Скачать 210.48 Kb.
НазваниеБатыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы
Дата конвертации16.11.2012
Размер210.48 Kb.
ТипДокументы
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы.
Түйіндеме

Мақалада Батыс Қазақстан облысының өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және даму болашағы қарастырылған. 2000-2007 жылдар аралығындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі, құрылымы қарастырылған. Облыс өнеркәсібінің бағыттарын зерттей отырып, болашақта даму бағдары жайында ұсыныстар келтірілген.
Аннотация

В статье приведен анализ современного состояния промышленности Западно-Казахстанской области. Приведены данные об объемах промышленного производства за 2000-2007 гг. Изучая основные направления промышленности области, сделаны предложения о перспективах развития промышленности области.
The article demonstrates the analysis of the current condition of the industry of West Kazakhstan region. It includes data about volumes of industrial productions for the years 2000-2007. Following the study of the main directions of the region's industry the recommendations were made about the future industrial development of the region.
Өнеркәсіп облыс экономикасының аса жылдам дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Облыс өнеркәсібінің жалпы мемлекеттік өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағы 2007 жылы 9,3% құрады.

Облыста өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің 92%-дан астамы Бөрлі ауданының үлесіне келеді. Мұнда мұнай газ кешенінің кәсіпорындары шоғырланған. Облыста өндірілетін жалпы өнімнің 5,6% Орал қаласының үлесіне тиесілі. Мұнда азық-түлік, машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары орналасқан. Ал облыста өндірілетін өнімнің барлық көлемінің 2,4% қалған аудандардың үлесіне келеді. Бұлар көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар.

Өнеркәсіп құрамында өндіріс көлемінің 90%дан астамы тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді және 10% өңдеу өнеркәсібінің үлесіне келеді. Тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2000-2007 жылдар аралығында 9 есе өсіп, 2007 жылдың соңына 715001,8 млн. теңгені құрады, 2000 жылы бұл көрсеткіш 80960,1 млн. теңгені құраған болатын. Тау-кен өнеркәсібінің құрамында барлық өндіріс көлемінің 96,6% газ конденсатын шығарудың үлесіне, ал 3,4% табиғи газ шығарудың үлесіне тиесілі.

Тау-кен өнеркәсібі көбінесе отын-энергетикалық кешеннің негізін құрайтын кәсіпорындармен көрсетілген. Облыс аумағында 20 шақты ірі және кіші мұнай мен газ кеніштері ашылған, олардың жалпы болжамдық қоры 4,2 ден 7,6 млрд. тоннаны құрайды.

Көмірсутекті шикізаттың негізгі қоры «Қарашығанақ» мұнай-газ кенішінде шоғырланған, ал қалған ірі емес қорлар Чинарев, Теплово-Токарев және басқа да кеніштерде шоғырланған. Олардың барланған қоры 800 млн. тонна мұнай және 1,3 трлн. куб. м газ. Бритиш Газ, Аджип, Шеврон және Лукойл шет ел компанияларымен Өнімді бөлісудің соңғы келісім шартына сәйкес 1998 жылдан бастап әлемдегі аса ірі мұнай газ қоры Қарашығанақты пайдалану үшін шет ел инвестициялары құйыла бастады. Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кен орнының қорлары 1,2 млрд. тоннадан астам мұнай мен 1,35 трлн. куб. м газға бағаланып отыр.

КПО Би-Джи Групп (32,5%), Эни (32,5%), Шеврон-Тексако (20%) және «ЛУКОЙЛ» (15%) компанияларының біріккен ұйымы болып табылады. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» Қарашығанақ кен орнын пайдалану мен дамытуды басқарады. Қарашығанақ мұнай газ кен орнын пайдаланудың негізгі кезеңі 2003 жылы аяқталды. Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясы кен орындарын пайдаланудың негізгі кезеңінде газ және сұйық көмірсутектерін өңдейтін, газды қайтадан пластқа айдайтын объектілер тұрғызылды, қолда бар өнірістік қуаттар жаңартылды, 100-ден астам скважиналарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, 80 МВт қуаты бар газотурбиналық станция және кен орнын Каспий құбыр консорциум жүйесімен байланыстыратын, ұзындығы 635 км мұнай құбыры салынды.

Кесте 1. Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі.

 

 

 

 

 

 

 

 

млн. теңге

 

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Өнеркәсіп, барлығы

80960,1

77842,4

88088,1

110818,8

260613,9

501689,9

591466,5

715001,8

Тау-кен

58672,3

55088,2

66270,1

80461,5

222547,4

452836,6

534015,4

643495,9

Өнеркәсібі




 

 

 

 

 

 

 

табиғи газ

3504,8

4238,9

7232,9

8846,2

15975,3

19941,4

22983,5

13682,8

шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

Газ конденсатын

54122,8

42971,4

46888,8

63862,2

201843

428143,2

503438,5

621914,4

шығару

 




 

 

 

 

 

 

 

Өңдеу

17685,7

17531

15707,7

23312,4

29862,5

39228,6

46651,5

57576,9

өнеркәсібі




 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылық

9460,1

11259,1

9110,9

7896,1

11430,4

11796

12659,3

15847

өнімдерін




 

 

 

 

 

 

 

өңдеу




 

 

 

 

 

 

 

Тамақ

9460,1

11259,1

9110,9

7896,1

11430,4

11796

12659,3

15847

өнімдерін

 

 

 

 

 

 

 

 

шығару

Текстиль

440,4

648,3

417,3

307,6

269,4

329,9

300

328,4

және тігін

өнеркәсібі

 

 

 

 

 

 

 

 

Былғары өндіру,

20,3

176

41,8

7,9

5,2

1

2

0,6

былғарыдан жасалған бұйымдар өндіру ,




 

 

 

 

 

 

 

және аяқ киім өндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүрек және ағаш

33,5

49,2

44,4

64,5

103,6

110,2

280,1

300,4

өнімдерін өндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаз, картон өндіру,

155,4

220,7

198,9

244,4

305,6

404,8

557,6

845,6

Баспа жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай өңдеу

5417,6

2141,7

2149,3

6622,7

9564,6

14608,9

17283,6

19885,1

Резиналық және




 

 

 

 

 

 

 

пластмассадан жасалған өнімдерді өндіру

164,8

140,6

147,1

96,9

91,9

146,9

188,4

324

Басқа да




 

 

 

 

 

 

 

металл емес минеральды




 

 

 

 

 

 

 

өнімдерді өндіру

158,5

735,6

1086,6

1205,1

1518,5

2538

3165

5002,4

Металл




 

 

 

 

 

 

 

өнеркәсібі




 

 

 

 

 

 

 

және металл өңдеу

346,6

557,5

676,9

835

1473,4

1822,4

2634,8

3181,8

Машина және

532

413,1

518,3

4099,8

4622,1

6390,5

7844,9

9142,3

құралдар өндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Электр энергиясын,

4602,1

5223,2

6110,3

7044,9

8204

9624,7

10799,6

13929

газ бен су өндіру,




 

 

 

 

 

 

 

және бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

Электр энергиясын

2119

2321,6

2969,3

3473

3967,6

4737,1

5218,1

7782,4

өндіру




 

 

 

 

 

 

 

және бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

Газ тәріздес

596,8

854,2

865,6

1030

1634,1

2411,1

2943,7

3327,6

отын өндіру және бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

Бу мен ыстық сумен

1592,4

1747,2

1934,9

2140,8

2218,1

2087,3

2203,1

2347

қамтамасыз ету




 

 

 

 

 

 

 

Суды жинау, тазалау




 

 

 

 

 

 

 

және бөлу

293,9

300,2

340,5

401,1

384,2

389,2

434,7

472


Өңдеу өнеркәсібі. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлемінде алатын үлесі 8% құрайды және 2007 жылы 57576,9 млн. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің құрамында ең көп үлес мұнай өнімдерін өндіру саласына тиесілі – 34,5%. Тамақ өнеркәсібінің үлесі - 27,5%, машина жасау - 16%. Ал қалған 22% басқа да металл емес өнімдерді өндіру мен басқа салалардың үлесінде.

Талдау қорытындылары облыста 2000-2007 жылдары мұнай өнімдерін өндірудің 3,5 есе өскенін көрсетті және 2007 жылдың соңында 19885,1 млн. теңгені құрады. 2000 жылы бұл көрсеткіш 5417,6 млн. теңгені құраған болатын. Бұл салада негізгі өндіруші кәсіпорын болып ұлттық компания тұрғызған АО «Конденсат» МӨЗ болып табылады. Кәсіпорынның үлесіне облыста өндірілетін мұнай өнімдерінің 36,1%дан астам көлемі келеді. Кәсіпорын газойль, мазут және бензин өндіреді.

Тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2000-2007 жылдар аралығында 1,6 есе өсіп, 2007 жылы 15847 млн. теңгені құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 27,5 % құрайды. Тамақ өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі ет және ет өнімдерін өндіру, ұн және ұннан жасалған өнімдерді өндіру, сонымен қоса кондитерлік өнімдерді өндіру көлемінің өсуі нәтижесінде орын алды. Талдаудағы кезеңде ет және еттен жасалатын өнімдерді өндірудің сандық көлемі 4,3 есе өсті. Макарон өнімдерін өндіру 6,8 есеге өсті.

Жергілікті ауылшаруашылық шикізатты өңдейтін аса ірі кәсіпорындар ЗапКазОМК «Береке» ЖШС, «Нуржанар» АҚ, «Орал Сусын» ЖШС, «Желаевский комбинат хлебопродуктов» АҚ, «Аксайский комбинат хлебопродуктов» АҚ.

Талдаудағы кезеңде тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында өндіріс қуаттарын жаңарту жүрді. 2006 жылы «КХП Аккайнар» АҚ қуаты тәулігіне 250 тонна ұн шығаратын жаңа автоматтандырылған диірмен кешені іске қосылды. «МПК Ибрагим» ЖШС шұжық өнімдерін өңдейтін жаңа технологиялық құрал іске қосылды.

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында халықаралық сапа стандарттары енгізілуде. 2005 жылдан бастап облыста аса ірі ұн өндіруші «Желаевский КХП» АҚ сапа сертификатымен қызмет атқаруда. 2006 жылы халықаралық сапа сертификатына ЖШС «МПК Ибрагим», «Нуржанар» АҚ компаниялары ие болды.

Өңдеу өнеркәсібінің құрамында 15,8% үлесті машина жасау мен металл өңдеу салалары алады. 2000-2007 жылдар аралығында өндіріс көлемі 17 есе өсіп, 2007 жылы 9142,3 млн. теңгені құрады. 2000 жылы бұл көрсеткіш 532 млн. теңгеге тең болып еді. Бұл өсімді Қазақстан Республикасының Үкіметінің осы облыстағы «Мұнай газ машина жасау» кластерін қолдауының жемісі деп бағалауға болады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылдың 25 №633 қаулысы бойынша Батыс Қазақстан облысы осы пилотты кластерді қалыптастыру орыны болып анықталған.

Бұл салада «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ, «Уральский завод «Зенит» АҚ, «Приборостроительный завод «Омега», «КазАрмапром» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «СПП Металлоизделия» ЖШС, «НИИ Гидроприбор» АҚ сияқты компанияларды атап көрсетуге болады.

2006 жылы «Уральский завод «Зенит» АҚ «Барс» жобасының аясында жаңа отандық және шетелдік технологияларды пайдалана отырып, суығыстырғыштығы 180 тонна болатын «Сардар» кемесінің бастапқы үлгісін жасап шығарды. 2011 жылға дейін суығыстырғыштығы 500 тоннаға дейін жететін катерлер, кемелер және әскери кемелер дайындау жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

«Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ Маңғыстау облысының Жаңа-Өзен қаласында мұнай газ құралдарын жөндеу жұмыстарын іске асыратын филиалын ашты.

2011 жылға дейін «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» АҚ «Химиялық реагенттерді мөлшерлеп беру қондырғыларын өндіру», «Колтюбингті қондырғыларды кешенді түрде өндіру», «Газ қотару агрегаттарын және газ турбиналық электростанцияларын жобалау және іске асыру» сияқты жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

«НИИ «Гидроприбор» АҚ 2006 жылы «Казахстан Каспийшельф» АҚ үшін жасалған катерді жобалап, жасап шығарды. 2011 жылға дейін «Брандвахт өндірісін игеру», «Ықшам катерлерді өндіруді кеңейту және жаңарту» сияқты жобаларды жоспарлауда.

«СПП «Металлоизделия» АҚ 2011 жылы «Жылына 6000 тонна металл конструкциясын өндіретін зауыт» салуды жоспарлап отыр.

«Уральский завод металлоконструкций и цинкования» АҚ «Металл конструкцияларын ыстық цинктеу» цехын 2011 жылы іске қосуды жоспарлауда.

Өңдеу өнеркәсібінің тігін, аяқ-киім, былғары аяқ киім, мебель, резина және пластмасса өндіру және басқа да салалар өнеркәсіп өндірісінің 1% бөлігін ғана құрайды. Бұл салалар қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру және өз тауарларының нарығын анықтау кезеңін бастан өткізуде.

Мысалы, соңғы жылдары артта қалған салалардың қатарына кірген тігін, аяқ-киім және былғары өнеркәсібінде 2000-2007 жылдары өндірілген өнім көлемі қазіргі бағамен 460,7 млн. теңгеден 329 млн. теңгеге дейін төмендеді. Сырт киім тігу 48,7%, былғары аяқ киім өндіру – 27 есе, былғары өндірісі 8,3 есе қысқарды.

Бұл салалардың өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері болып негізгі құрал-жабдықтардың тозуы мен өндірілген өнімнің сырттан келген өнімдермен бәсекелесе алмауы табылады.

Қазіргі жағдайды талдау нәтижесінде бұл салаларда дамуды тежейтін келесі себептер анықталды:

  • салалардағы негізгі құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тозуы;

  • өндірілген өнімнің Ресейден және Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тауарлармен салыстырғанда сапа және баға тұрғысынан бәсекелесе алмауы.

2007 жылы негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесі 37,5%, жаңарту коэффициенті 7,4% құрады.

Талдау қорытындылары бойынша Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібі шикізаттық бағдарда бағытталғандығы туралы және шикізат қорларын өңдеу дәрежесінің төмендігі туралы қорытынды жасауға болады.

Мұнай газ секторының озық дамуы байқалады. Шикізатты терең өңдеу жоқ. Экономиканың қазіргі қалыптасқан құрылымының сақталуы сыртқы нарық конъюнктурасына, ұлттық және шетел валюталары курстарының ауытқуына тәуелділікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Жоғарыда айтылғанға байланысты Батыс Қазақстан экономикасының индустриальды дамуының негізгі мақсаты өнеркәсіпті технологиялық қайта жабдықтау және ғылымды қажет ететін өндірістерді құру арқылы жоғары құнды өнім өндіру болып табылады.

Индустрияны дамыту және шикізаттық бағдардан ауытқу үшін қазір жұмыс істеп тұрған және құрылатын өндірістердің негізінде облыста бар минеральды-шикізаттық қорларды орынды пайдалану және терең өңдеу қарастырылуы қажет. Мысалы, мұнай газ шикізатын кешенді өңдеу әртүрлі химиялық өндірістер үшін жартылай өнімдер түрлерін алуға мүмкіндік береді. Бұл – этилен, ароматикалық көмірсутектер (бензол, толуол, анилин), ацетилен, парафин және т.б. Сонымен қоса газдан – пропилен, бутилен және бутадиен сияқты көмірсутектер алуға болады.

Өнеркәсіп дамуын тежейтін факторлардан өту үшін және дамуға жағдай жасау үшін келесі іс-шаралар қажет:

  • өңдеу кәсіпорындарын қолдауға бағытталған мақсатты бағдарлама қабылдау;

  • инвестиция тарту үшін қолайлы тартымды жағдайлар жасау;

  • жергілікті өндірушілерді жүктеу үшін шикізаттық базаны кеңейту.


Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Облыстың статистикалық жылнамалылығы 2007 ж., Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті, Орал қаласы, 2008-210 б.

  2. Облыстың статистикалық жылнамалылығы 2004 ж., Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті, Орал қаласы, 2004-166 б.

  3. Қазақстан өңірлері, 2007 жыл. Статистикалық жинақ./Редакцияны басқарған А.Е.Мешімбаева/ Астана, 2007 – 464 б.

  4. Қазақстан өңірлері, 2004. Статистический сборник./ Редакцияны басқарған К.С.Абдиева/. Алматы, 2004 – 516 б.

  5. Стратегия развития Западно-Казахстанской области до 2015 года. Департамент экономики и бюджетного планирования Западно-Казахстанской области. г. Уральск – 2007 г.

Похожие:

Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы icon«Казталов ауданының ішкі саясат бөлімі» мм батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы Шарафутдинов көшесі, 3 ү
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconБекітілген батыс Қазақстан облысы
Миссия: Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік...
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы icon«Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық және экономикалық даму аспектілері мен болашағы» атты мектеп оқушыларының ғылыми жобалар сайысының қорытындысы
Я, құқық және экономика негіздері» кафедрасы «Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық және экономикалық даму аспектілері мен болашағы»...
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 25 шілде
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 11 мамыр
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 11 қыркүйек
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Батыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің даму болашағы iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 5 маусым
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница