Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




Скачать 464.75 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/5
Дата конвертации07.02.2013
Размер464.75 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5



ӘӨЖ 373. 016: 811. 512. 122. Қолжазба құқығында

ОМАРОВА САНДУҒАШ САДЫҚҚЫЗЫ
Қазақ мектебінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009


Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,

профессор Б.Қ.Қасым


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор С.Р.Рахметова

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Г.Ж.Серікбаева

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық

университеті

Диссертация 2009 жылдың 1 шілдесінде сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, кіші конференция залында) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі

Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2009 жылдың 30 мамырында таратылды.
Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Г.С.




Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Стратегиялық дамудың басымдық мәндегі салаларының қатарында қазақ тіліне шұғыл бетбұрыс жасалуы үшін Елбасымыздың жылма-жылғы Жолдаулары мен Қазақстан халқы ассамблеясының сессияларындағы сөздерінде, сондай-ақ баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен сұхбаттарында берілген жетекші нұсқаулар айрықша қуат дарытатыны күмәнсіз. Заман дамып, алға басқан сайын соғұрлым білім беру жүйесі де түбегейлі өзгеріп, қазақ тілін оқыту технологияларының жаңа түрлері пайда болуда. Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру», – деп көрсеткендей [1,2] сапалы білім беру мәселелерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде қарастырып, болашақ мамандардың саналы болып өсуіне, сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Бағдарламада көрсетілген бағыт қазақ мектептерінде білімді шәкірт даярлаудың негізі ретінде алынып отыр. Оқушыларға 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен берілетін білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгертуде модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту ерекше орын алады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңі жалпы білім беретін орта мектептерде сөйлем мүшелерін меңгертудің жаңа түрін қажет етеді. Қазіргі кезеңде 8-сынып оқушысына сөйлем мүшелерін теориялық, практикалық жақтарынан игертуді мұғалімнің қалыптасқан әдістеме бойынша жүзеге асыруы әрдайым пәрменді бола алмайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені бүгінгі мектеп оқушысының білімді даяр күйінде қабылдап, сонымен қанағаттанатын жағдайдан өтіп, білімді өз бетімен ізденіп, ой белсенділігі арқылы қорыта алатын тұлға дәрежесіне көтерілгені анық. Сондықтан 8-сыныпта сөйлем мүшелерін меңгерту модульді-интерактивтік жоспарлауды, сабақты соған лайықтап құруды талап етеді.

Модульді-интерактивтік технология арқылы 8-сыныптың қазақ тілі сабақтарында сөйлем мүшелерін оқытудың басты ерекшелігі оқушылардың өз бетімен білім алуына, олардың ізденімдік-зерттеу дағдыларының қалыптасуына бағытталады.

Модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту 8-сынып оқушысының білімін жүйелеу және талдап, бағалауда сабақтың сапасын жақсартумен бірге олардың өзіндік ізденісін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл тұста мұғалімнің басты міндеті оқушыларға модульді-интерактивтік технологияны қолдана отырып, сабақ барысында орындалатын тапсырмаларды, оқушының білім деңгейін дұрыс анықтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. 8-сыныпта қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістемесінен модульді-интерактивтік технологияға өту оқушыны сабақ үстінде ойландыра білуге, сөйлем мүшелерін толық меңгеруге жетелейді. Басқа пәндерді модульді технология арқылы оқыту мәселесі әртүрлі деңгейде қарастырылып жүргенмен, қазақ мектептерінің 8-сыныбында оқытылатын сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту арнайы зерттеу нысанасы болған жоқ. Қазақ мектептерінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы игертудің әдістемесін ұсыну – қазіргі уақыт талабы. Сондықтан да тақырып өзекті.

Зерттеу нысаны. Қазақ мектебінің 8-сынып оқушыларына қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 8-сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгерту.

Зерттеу мақсаты. 8-сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгертудің ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну; сөйлем мүшелерін игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері. Осы мақсаттарға жету жолында:

- модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;

- сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;

- сөйлем мүшелерін меңгертуге модульді-интерактивтік технологияның бір түрі – тірек белгілерін қолданудың ұтымдылығын дәлелдеу;

- сөйлем мүшелерін игертуде ойын элементтерінің тиімділігін көрсету;

- педагогикалық эксперимент арқылы модульді-интерактивтік технологиянын тиімділігін дәлелдеу міндеттері қойылды.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Сөйлем мүшелерін оқыту барысында модульді-интерактивтік технологияны қолдану оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін жүйелеп, оны сапалы да терең меңгеруге көмектеседі. Модульді-интерактивті технология арқылы қазақ тілінің сөйлем мүшелерін меңгерту әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, өз әрекетін нәтиже ретінде тануға мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдар береді.

Жетекші идея. 8-сыныпта сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту мемлекеттік тілді қатысымдық тұрғыдан меңгерте отырып, оқушылардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол ашады. 8-сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасын тереңдетеді, сапалы білім мен іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөйлем мүшелерін модульді-интерактивті технология арқылы оқыту қағидалары кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, оқушының алған білімін бекітеді, сауаттылығын арттырады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Сөйлем мүшелерін оқыту бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесі, психология, педагогика, лингвистика жайлы әдебиеттер мен әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғалымдардың синтаксисті игеруге қатысты соңғы пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми-теориялық әдістер, баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілерін, ойын элементтерін пайдалану, эксперимент, қорытындылау әдістері қолданылды.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге бөлініп жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2003-2005 жж.) зерттеу тақырыбына байланысты библиографиялық жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталды, жоспар жасалды, ұсынылып отырған тақырыптың мақсат, міндеттері айқындалды, қазақ мектебінің 8-сынып оқушыларының қазақ тілі бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама, бақылау жұмыстары жүргізілді. Жаңа технологияның үлгілеріне талдау жасалып, олардың ерекшеліктері нақтыланды.

Екінші кезеңде (2005-2007 жж.) модульді-интерактивтік технология арқылы оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, бағдарламалар мен оқулықтарға жан-жақты талдау жасалынды. Сөйлем мүшелерін меңгертуге арналған модульді-интерактивтік технологияның басты белгілері, ұстанымдары айқындалып, оларды жүргізу әдістері анықталды. Сөз етіліп отырған технологияның білімдік жағымен қатар танымдық-тәрбиелік қырына да назар аударылып, олар іске асырылды. Белгіленген әдістемелік жүйе бойынша оқыту эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2007-2009 жж.) сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытуға арналған эксперимент материалдары жинақталды, мектеп оқушыларына сөйлем мүшелерін меңгерту үшін қолданылатын модульді-интерактивтік технологияның жүйесі бойынша бақылау эксперименті жүргізілді. Эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып, ұсынылған әдістеменің ұтымдылығы анықталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- қазақ мектептерінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, 8-сыныпта сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі ұсынылды;

- модульді-интерактивтік технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды оқытудың жолдары көрсетілді;

- модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін талдау үлгісі мен кешенді тапсырма жүйесі жасалды;

- 8-сыныпта сөйлем мүшелерін тірек белгілері арқылы оқытудың амал-тәсілдері ұсынылып, модульді-интерактивтік технологияны пайдаланып, ойын әдісімен сөйлем мүшелерін меңгертудің ұтымдылығы анықталды;

- 8-сыныпта сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгертуге байланысты тұжырымдалған ғылыми қағидалар қазақ тілі әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. Сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгертудің басты ұстанымдары лингводидактика мен әдістеме ғылымының ғылыми-теориялық жағынан дамуына септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Қазақ мектептерінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы меңгерту әдістемесін мектеп мұғалімдері, лицей, гимназия, колледж оқытушылары, ізденушілер, магистрлер, әдіскер ғалымдар тәжірибеде қолдана алады. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының қазақ филология факультеттерінің оқу үрдісінде, сондай-ақ мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында да пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- оқу үрдісінде модульді-интерактивтік технологияны қолдануға қатысты ұстанымдарды жүйелі іске асыру мектеп оқушыларының теориялық білімі мен жеке тұлғалық біліктілігін дамытады;

- қазақ тілін оқыту барысында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технологияға сүйене отырып, тірек белгілер арқылы меңгерту тілді оқытудың жаңашыл әдістемесіне жатады;

- сөйлем мүшелері мен оның түрлерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту барысында танымдық, ізденімдік, өздік және шығармашылық тапсырмалар жүйесі кешендік сипатқа ие болады;

- аталған технология негізінде ойын арқылы қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерін оқыту оқушылардың білімге қызығушылығын тудырып, сабақ сапасын арттырады.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде, әдістемелік семинарда талқыланды.

Жұмыстың негізгі мазмұны мен нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Баян-Өлгей, 2009), халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинақтарында, республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарияланды.

Жұмыстың мазмұнына қатысты халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 9 мақала, бақылау Комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда 5 мақала, барлығы 14 ғылыми мақала жарияланды. Бір әдістемелік құрал баспадан басылып шықты.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны айқындалып, негізгі мақсат, міндеттері белгіленді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық құндылығы көрсетіліп, әдіс-тәсілдері анықталды, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының жариялануы мен талқылануы баяндалады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Қазақ мектебінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың теориялық негізі» деп аталады.

1.1 Модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу. Бұл тармақта модульді және интерактивті технологиялар арқылы оқыту мәселесін әрі тәжірибе жүзінде, әрі ғылыми негізде зерттеген шетелдік және қазақстандық ғалымдар еңбектеріне талдау жасалынады.

Атап айтсақ, қазақ тілін модульмен оқыту мәселесін жан-жақты саралап, ғылыми тұрғыда зерделеген ғалым К.Жақсылықова өз еңбегінде орыс тілді бөлімдерде қазақ тілін сапалы оқытуға бағытталған модульмен оқыту әдістемелік жүйесіне алғаш рет теориялық сипаттама беріп, олардың негізгі белгілері мен өлшемдерін, қағидалары мен заңдылықтарын анықтады. Тілді оқытуда модульді қолдану әдістемесіне де мән берген ғалым К.Жақсылықова: «Бұл технология модульге ену және одан шығу бақылауымен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде модульге ену бақылауы дегеніміз – студенттердің модуль материалын игермей тұрғандағы олардың бастапқы білім деңгейін тексеру жұмысы. Ал модульден шығу бақылауы студенттердің модульді игеру деңгейін тексереді. Модульден шығу бақылауының нәтижесі студенттің келесі модульмен жұмыс жасауға өту-өтпеуінің, яғни мүмкіндігі бар-жоқтығының көрсеткіші болып есептеледі», – дейді [2,21].

Модульді оқытуды практикада кеңінен қарастырған әдіскер-ғалым М.Жанпейісова бақылау-зерттеу нәтижелерін жинақтай келе: «...осының арқасында оқу процесі «модульдық» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады», – деп, модульді сабақтың құрылымын нақты береді [3,9]. Ал әдіскер-ғалым Г.Нұрбекова: «...оқытудың интерактивтік түрлері - шетел тілін оқыту процесіне әрекетке бағытталған сипат беретін оқытудың белсенді формалары», - деп көрсетеді [4,6].

Бірінші бөлімнің аталған тармағында модуль арқылы оқытуды (П.Юцявичене, Т.В.Проснякова, В.И.Панченко, Г.Қ.Нұрғалиева, Н.Оралбаева, Л.Екшембаева, К.Сариева, З.Бейсенбаева, М.М.Жанпейісова, К.Жақсылықова т.б) және интерактив негізінде оқытуды (М.И.Махмутов, Е.В.Пономаренко, Ш.Бағиева, А.А.Бейсембаева, Р.Құдиярова, М.Бұлақбаева, Ә.Әлметова, М.Мұқашева, Г.Нұрбекова т.б.) әр қырынан зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, қазақ мектебінің 8-сыныбында сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесі қарастырылады.

1.2 8-сыныпта сөйлем мүшелерін модульді-интерактивтік технология арқылы оқытудың лингвистикалық негізі. Бұл тармақта сөйлем мүшелерін оқытудың лингвистикалық негізін зерттеуге арналған әдебиеттер қарастырылады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасының да іргетасын қалаушы болып саналады. Тілші «Баяншы», «Қай әдіс жақсы?» еңбектерінде әдістеме мәселелерін сөз етеді. Автор сөйлем мүшелерін оқытуда «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» деген ұстанымдарды негізге алған. А.Байтұрсынұлының тілді оқытудағы талаптары кейінгі тілші-әдіскерлер еңбектеріне негіз болады.

Белгілі ғалым С.Аманжолов арнайы сөйлем мүшелерін зерттеп, сөйлемнің қай түрі болса да синтаксиске кіретінін, сөйлемді түсіну, оның синтаксистік қызметін айырып білу, оның мүшелерін тану, ондағы түр мен мазмұнның қарым-қатынасын білу мәселелері жалпы тіл біліміндік (лингвистика) методологияға (бағыт әдісіне) байланысты екендігін айтады.

Сол сияқты зерттеу жұмысында Х.Арғынов, Ә.Хасенов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Ғ.Қалиев, Б.Қасым, Б.Шалабай, З.С.Күзекова, Б.Сағындықұлы, Қ.Шаяхметұлы, Ж.Әмірова, Ж.Көпбаева т.б. тілші-ғалымдардың пікірлері сараланды.

Қарым-қатынас жетекші мәнге ие болатын жасөспірім кезеңде оқушы үшін сөйлеу тілін жетілдіруге бағыттайтын практикалық жұмыстарды мейлінше жиі әрі жүйелі орындатудың маңызы үлкен. Оқушының ойы нақты берілуі үшін сөйлемнің негізі дұрыс қалануы керек. Олай болса сөйлемнің дұрыс құрылуы оны құрайтын сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, оның өзіндік белгілеріне тікелей байланысты. Сөйлем мүшелері синтаксистік категория ретінде өзінің грамматикалық мағынасымен, морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз бен сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматикалық құрылымға түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындалады, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзінің нақты атқаратын синтаксистік қызметі бар.

Жеке ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан құрылымдық синтаксис, туындаушы синтаксис, функционалды синтаксис, коммуникативті синтаксисте тіл бірліктері мен сөйлеу бірліктері әр түрлі аспектіде қарастырылады. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері жекелей алынып, ішкі байланысты құрылымдық-мағыналық деңгейде қарастырылса, функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы контекст, мәтін деңгейінде зерттеледі. Ал коммуникативті синтаксисте сөйлем мүшелері мен сөйлемнің актуальді мүшелерінің арақатынасы анықталады.

Профессор Б.Қасым модульдік технология мен синтаксистің жалпы біртұтас жүйесі ретінде қарастырып, көрсеткішінің өлшемдіктерін береді және сол өлшемдіктердің алгоритм тәртібімен әрқайсысының кіші жүйелерінің құрылым жүйелерін айқындап өту оқыту әрекетінің басты міндеті деп санайды [5,64].

Модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін оқытуда оқушыларға алдымен синтаксистік талдауға берілген сөйлемнің мағынасын меңгертіп, сөйлемдегі әр сөздің жеке мағынасына түсінік берілді. Ғалым Б.Қасым мағына – сөзді лексема ретінде танытатын негізгі көрсеткіш екендігіне тоқталса, тілші Г.Қосымова «сөздің дәлдігі ойдың айқындылығын көрсететіндігін, сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенетіндігін» айтады [6,28]. Тілдің ішкі даму заңдылықтарын жетік білген оқушы сөйлем құрастыруда әр сөздің мағынасын айқын түсініп, синтаксистік талдау барысында сөйлем мүшелерінің қызметіне нақтылы сипаттама беріп, объективті саралай алады.

С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әміров, О.Төлегенов, Т.Сайрамбаев еңбектерін негізге ала отырып, профессор З.С.Күзекова қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауышты зерттеу нысаны етіп, оның жасалу жолдары, мағыналары мен қызметіне тоқталады.

Қазақ тілі сабақтарында модульді-интерактивтік технология арқылы сөйлем мүшелерін меңгерту жоғарыда аталған ғалымдар еңбектеріндегі грамматиканың ғылыми теориялық негізіне, тіл фактілеріне сүйене отырып жүргізіледі.  Сөйлем мүшелерін оқытуда көркем әдебиеттерден үзінді ретінде алынған, тәрбиелік мәні бар мәтіндерді бірте-бірте күрделендіре «жеңілден-ауырға», «оңайдан-қиынға» ұстанымымен жүйелі ұйымдастыру оқушылардың тілін ұстарта отырып, қазақша  ойлау қабілетін де шыңдайды. Сабақта қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері туралы қосымша мағлұмат көзі ретінде дидактикалық тапсырмалар топтамасында арнайы іріктелген танымдық мәтіндермен қатар, тілші  ғалымдардың өмір жолынан, шығармашылығынан хабардар ететін мәтіндер де ұсынылады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница