Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары!




Скачать 153.96 Kb.
НазваниеКачир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары!
Дата конвертации07.02.2013
Размер153.96 Kb.
ТипДокументы
Качир ауданының әкімі Н.М. Күлжанның

есеп беру тезистері
Құрметті аудан тұрғындары!
27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Елбасы өз жолдауында экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін атап өтті.

Президент, Қазақстан он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиісті екендігіне ерекше көңіл аударды.

Біріншіден, бұл қазақтандықтардың жұмысқа тартылуы. Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.

Елді дамытудың негізгі бағыттары ол қолжетімді баспана, әсіресе жас отбасыларға; өңірлерді дамыту, шағын қалаларды дамыту басым болып табылады; тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесі маңызды болып қалады; кадрлық әлеуетін арттыру болып табылады. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғыртуға; Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуіне, бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау; зейнетақы жүйесін жетілдіруге үлкен назар аударылады. Индустриялық-инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.

Жолдауда аграрлық секторды дамытудың басымдылығы белгіленді. Бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың механизмі енгізіледі, біртұтас астық холдингі құрылады, жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін зайымдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесі құрылады.

Президент әрекет етудің өте маңызды бағдарламасын ұсынды. Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа Жолдауы біздің елде жетістіктерді сақтау мен арттыруға нақты мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізеді. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндеттерді орындап, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз», - деп атап өтті Елбасы.
Құрметті ауылдастар!
Біздің ауданда табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауылдық тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін көптеген мәселелер шешілуде.

15 есеп беру кездесуінде ескерту мен ұсыныс келіп түсті, 41 мәселе бойынша кездесуде түсінік берілді. 12 мәселе бақылауға алынды және жыл ішінде жүзеге асырылды.

Сонымен қоса, Калиновка, Федоровка тұрғындарын сапасыз телефон байланысы мәселесі толғандырды. 2011 жылғы 2 тоқсанда 800 абонентке арналған базалық станциясын орнату жүргізілді, қалыпты аппаратураны сандыққа ауыстыруға және телефон байланысы сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Бобровка, Октябрьск, Тереңкөл ауылдық округтерінде шағын орталықтардың және Тереңкөл ауылындағы “Балдәурен” бала бақшасының материалдық-техникалық базасын арттыру мәселесі қозғалған. 3 тоқсанда Октябрьск және Жаңабет ауылдарының шағын орталықтары үшін жиһаз, ойыншықтар, спорт және асхана құрал-жабдықтары, тұрмыстық техника ыдыс-аяқ сатып алынды, “Балдәурен” бала бақшасында жөндеу жұмыстары жүргізілді және материалдық база нығайтылды.

Октябрьск ауылының тұрғындарымен кездесуде ауылдық клубының құрылысы және Октябрьск орта мектебінің спорт залын жөндеу мәселесі қозғалды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге орай желтоқсан айында Октябрьск ауылында жеке меншікпен серіктестік аясында 25 млн.теңге сомасына салынған жаңа ойын сауық орталығы ашылды. Мектеп спорт залында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Калиновка ауылдық округінің тұрғындары мектептің компьютерлік паркін жаңартуды сұратқан. 2011 жылы 16 мектеп үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 11300 мың теңгеге 125 компьютер, 4 мектеп үшін аудандық бюджеттен 4 млн. теңге сомасына 10+1 4 компьютерлік класы сатып алынды. 35 % оқушыға арналған жиһаз жаңартылды.

Байқоныс ауылдық округінде тұрғындар су құбыры желісін қайта жөндеу жұмысын жалғастыруды сұратқан. Байқоныс ауылында су құбырын және су құбыры құрылысын қайта жөндеуін жалғастыруға (2 кезең) республикалық бюджеттен 12 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа су құбыры желісін, жинақталған темірбетон құдықтарын, траншеядан су төкпе төсеу және топырақ төгу жұмыстары жүргізілді.

Ивановка ауылдық Мәдениет үйінің директоры “Ситуация” вокалды-аспапты ансамблі үшін музыкалық аппаратураны сатып алуға көмек көрсетуін сұрады. 2011 жылғы мамырда аудандық бюджет қаражатына музыкалық аспаптар мен аппаратура сатып алынды.

Аудан әкімінің қорытынды кездесуінде аудандық орталық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі және қосымша аудан ішіндегі жолаушыларды тасымалдайтын маршрутты ашу туралы мәселелер қозғалды. Өткен жылдың 4 тоқсанында аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. 2011 жылғы бюджетте қосымша жолаушыларды тасымалдау маршрутын ашуға қаражат қарастырылды және жазғы кезеңде “Павлодар-Плодородный-Павлодар”, “Трофимовка-Павлодар-Трофимовка” және “Тегістік-Покровка-Жаңа-Құрылыс-Трофимовка-Павлодар” 3 маршруты жұмыс істеді.

Сонымен аудан әкімінің кездесуінде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер шешіліп жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл “Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл” ұранымен өткен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы болып жарияланды. Мемлекетіміздің Тәуелсіздігін тойлауының басты атрибуты нақты істер болып табылды. Біздің барлық жетістіктеріміз мемлекетіміздің мерейтойына арналды.
Ауданның экономикалық даму бағытының бастапқысы агроөнеркәсіп кешені болып табылады.

Ауыл шаруашылығын дамытуға әртүрлі қаржыландыру көздерінен 684,8 млн.теңге бөлінді.

Көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарына 346,4 млн.теңге бөлінді.

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылық техниканы және жабдықтарды лизингке сатып алуға 170,9 млн. теңге бөлінді.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын қаржыландыруда “Аграрлық несиелік корпорациясы” АҚ, “Тереңкөл” АНС, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ, “Азық-түлік корпорациясы” АҚ, “ҚазАгроҚаржы” АҚ белсенді қатысты.

Жеке шарушылығын дамыту үшін “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы 15,4 млн.теңге сомасында 24 шағын несие алынды, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 34,5 млн.теңге бөлінді.

“Аграрлық несиелік корпорациясы” АҚ арқылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 8,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Жыл сайын машина-трактор паркі жаңартылып отырады. 2011 жылдың ішінде ауданның тауар өндірушілерімен лизингке және өзіндік қаражатқа 27 жаңа техника, соның ішінде лизингіге 19 бірлік, шаруа қожалықтардың өз қаражатына 8 бірлік сатып алынды.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы 163,4 мың гектарды құрайды. Соның 84,9 мың гектарын (бидай 67,7 мың га, арпа 8,7 мың га, сұлы 4,8 мың га, тары 0,2 мың га, қарақұмық 3,5 мың га) астық алқабы алып жатыр. 74,0 мың гектар ауданына күнбағыс себілді.

Ауылшаруашылық дақылдарын жинау қорытындылары шығарылды. Аудан бойынша астық дақылдарының өнімділігі гектарынан 8,2 центнерді, күнбағыс гектарынан 3,1 центнерді құрады.

112 гектар ауданынан көкөніс жиналды, 2,6 мың тонна жалпы өнімді құрады, 1153 гектар ауданынан картоп жиналып, 28,8 мың тонна жалпы өнімді құрады, 778 гектар ауданынан сүрлем жиналып, 5,6 мың тонна жасыл шөп алынды. 70,0 мың тонна ірі азық дайындалды.
2011 жылғы мал шаруашылығын дамыту қорытындысының анализі оның тұрақты даму бағыты бар екендігін көрсетті.

Ауданның мал шаруашылығын дамытуға қаржыландырудың әр түрлі көздерінен “ҚазАгро”ҰБХ” АҚ 137 млн. теңге бөлінді.

Барлық ауылшаруашылық малдар түрлерінің санының оң өсу динамикасы байқалады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара малдың басы 101,7%, шошқа 121,4%, қой мен ешкі 108,3%, жылқы 109,3%, құстар 109,1% құрады.

4632,1 тонна - еттің барлық түрі өндірілді, 2010 жылмен салыстырғанда 110,0 %, жалпы өндірілген сүт 27575,5 тонна немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 104,9 % құрайды, 6475 мың дана жұмыртқа немесе 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 101,8 % өндірілді.

1 сауынды сиырдың орташа сауыны 2528 кг немесе 2010 жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,0 % құрады. 3191,0 млн.теңге сомасына мал шаруашылығы өнімі өндірілді.

Ауылшаруашылық өнімін дайындауды 12 пункт сүт қабылдау, 10 пункт ет дайындау іске асырады. Барлығы жыл бойы 19674,0 тонна сүт, 1978,9 тонна ет дайындалды.
Қазіргі уақытта ауданда 25 ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу объектілері қызмет етеді, оның ішінде: 9 наубайхана, 6 күнбағыс майын шығаратын цех, 3 диірмен, 2 шұжық цехі, 2 күнбағыс тұқымдарын өлшеп орайтын цехі, 3 сүтті қайта өңдейтін цехі, 554,3 тонна – нан-тоқаш өнімдері, 30,0 тонна – ұн, 274,5 тонна – күнбағыс майы, 49,4 тонна - шұжық өнімдері, 36,8 тонна – күнбағыс тұқымы, 43,8 тонна – ірімшік, 70,5 тонна – сүт өнімдері өндірілді.
Елбасының тапсырмасын орындау үшін агро өнеркәсіптік кешенде жеке инвестициялар есебінен жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жүйелі дамыту басымдылығы таңдалды.

Ауданның жеке капиталына құрылыстық қаржы салудың жалпы құны 110 млн. теңге, 2010 жылғы деңгейден 34 % жоғары.

Ағымдағы жылы мынадай жаңа объектілер енгізілді: «Терен-Ет» ЖШС, сүт өнімдерін өндіру жөніндегі зауыт – «Вест-Милк» ЖШС жылы жайлы кешен «Мамадалиев» ЖК.
Аудандағы шағын және орта бизнес біздің экономиканың ажыратылмас бөлігі мен көптеген тұрғындарың қызмет түрі болып қалды.

Соңғы үш жылда шағын және орта бизнестің саны 57% өсті. Осы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 2200 адам.

Ауданда 10 қоғамдық тамақтану объектілері, 9 май құю станциясы, 7 шаштараз, 7 техникалық қызмет көрсету станциясы, қоғамдық монша, 26 тұрмыстық қызмет объектілері бар.

Ауданның сауда желісі қазіргі уақытта 147 стационарлық дүкенмен ұсынылған.

Ішкі нарықты дамытудың дұрыс факторы сақталады – сауда түрінің үлесті салмағы артуда: сауда үйлері, осы заманғы дүкендер. Қазіргі таңда аудан аумағында 3 сауда үйі және 1 әмбебап типті нарық жұмыс істейді.

“Сауда” саласында 708 адам жұмыс атқарады. Бөлшек тауарайналымның ФКИ 2010 жылмен салыстырғанда 114,8 % құрады.

2011 жылдың басынан бастап аудан Павлодар қаласында өткізілген ауылшаруашылық өнімдері және нарықтық төмен баға бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қайта өңделген өнімдері сатылған 14 ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты.

Павлодар қаласында Качир ауданынан “Тереңкөл” әлеуметтік дүкені жұмыс істейді, бұнда ауылшаруашылық өнімнің ассортименті сатылады, сонымен қатар нарықтан 10-15 % төмен бағамен сатылады.

Ауданның шағын және орта бизнес нысандарында 2011 жылдың басынан жаңа жұмыс орындарына 154 адам жұмысқа тұрғызылды.

Ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту мәселесі өте маңызды болып саналады.

Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 437,5 км құрайды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жолдың ағымдағы жөңдеуі мен ұстауына 32 млн. 400 мың теңге бөлінді, соның ішінде орташа жөндеу Калиновка ауылына кіре беріс жол, ағымдағы жөндеу Береговой – Октябрск автомобиль жолы.

Береговое, Львовка ауылдарында ауыл іші жолдарының жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шаруа қожалықтардың басшыларымен бірге Воронцовка – Благовещенка, Конторка – Федоровка жолдары қалпына келтірілді.

Кіре беріс жолдарды жөндеуге аудан бюджетінен 9 млн.теңге бөлініп игерілді.
Біздің ауданымызда таза ауыз суына аса көңіл бөлінеді.

14 орталық ауылдық округінің 11- нде жалпы ұзындығы 138,17 км су құбыры желілері бар. Береговое, Жаңабет және Воскресенка ауылдарының тұрғындары суды шахталық құдықтардан және құбырлардан пайдаланады. Ауданда барлығы 41 құбыр жұмыс істейді.

Су құбыры мен су құбырының ғимаратын қайта құруын аяқтауға Фрументьевка ауылында облыстық бюджеттен 61 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.
Ауылдық округ елді-мекендерін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы елді-мекендердің санитариясы мен жабдықталушылығына аудандық бюджеттен 17 млн.теңге қарастырылған.

Сонымен қатар аудан ауылдық округтерінің көріктендіру мәселесін шешуге арналған қосымша ұйымдастырушылық ресурстар тартылды, сенбіліктер өткізілді, шаруашылық нысандарын, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарды тартумен көріктендіру бойынша акциялар өткізілді.

Ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың, ЖШС, ШҚ басшылары және ауыл тұрғындары “Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі”, “Таза ауыл” акцияларын өткізуді ұйымдастыруға белсенділік танытты. Көріктендіру бойынша іс-шарада сенбілікте, акция күнінде барлығы 7200 адам қатысты.

Елді-мекендердің көшесін жарықтандыруына 7 млн.теңге бөлінді. Көшені жарықтандыратын қосымша шырақ орнатылып, бұрыңғылары жөнделді. Жалпы 25 млн.теңге сомасына фронталды жүк тиегіш машина, автогрейдер, экскаватор аспалары сатып алынды.
Телекоммунациялық желілер 19 телефон станцияларымен байқалады, оның: 7 цифрлі станция, 8 аналогты станция, 2 сымсыз станция. Жалпы абонент саны – 5778.

2011 жылдың маусым айында Ынталы және Осмерыжск, сонымен қатар Жасқайрат, Бобровка, Юбилейное, Луговое, Қызылтаң, Қарасуық бөлімшелері сымсыз радиожетімділік көмегімен цифрландырылған.

2012 жылдың басында Федоровка, Фрументьевка, Конторка, Львовка, Ивановка ауылдары цифрландырылу аяқталады.
2010 жылдан бастап 220 үй тұрғыны цифрлі спутник телекөрінісіне қосылған және 37 қазақстандық каналдарды көруге мүмкіндіктері бар. Ауданның мүгедек балаларына цифрлі спутник телекөрінісін орнатуға аудандық бюджеттен 1782 мың теңге бөлінді.

Тұрғындарға пошталық және қаржылай қызмет көрсетумен 12 ауылдық пошталық байланыс бөлімшелері, 2 пошталық байланыс пунктті және 1 орталық операциялық учаске айналысады.
Білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы бағыты: аудан білім ұйымдарының жүйесін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, кәсіптік білімді және педагогикалық кадрлармен жұмысты жетілдіру.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі тұрақты түрде дамып келеді. 2011 жылы балаларды мектепке дейін білім алумен қамту 796-дан 930-ға дейін немесе 78,2 %-дан 87 % артты. Тереңкөл ауылы «Балдәурен» және Песчаное ауылында «Балдырған» бала бақшаларында қосымша топтары ашылды.

Жалпы сомасы 25 млн. теңгеге «Балдәурен» бала бақшасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Жалпы білім беретін орта мектептерінің жүйесі сақталған. Ауданда 31 мектеп қызмет етеді, оның ішінде 20-орта,8-негізгі, 3-бастауыш.

Педагогтардың саны – 645 құрайды, оның ішінде 510 (79 %) жоғары білімдері бар, 135 (21 %) – арнайы орта. 68 мұғалімнің жоғары санаты бар, 206 мұғалімде – бірінші санат.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылған. Жыл сайын білім беру мекемелерінде ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізуге бөлінген қаражаттың сомасы ұлғайып отырады. 2011 жылы білім мекемелерін күрделі жөндеуге бөлінген қаражаттың сомасы 83 млн. теңгені құрады. Качир № 1 және № 2 жалпы білім беретін орта мектептеріне күрделі жөндеу, Калиновка мектебінің төбе жабындысына, Октябрьск мектебінің спорт залына және қазандығына күрделі жөндеу жүргізілді.Качир № 3 жалпы білім беретін орта мектебінде спорт алаңы салынды.

Ыстық тамақпен қамту барлық мектептерде ұйымдастырылған, ол 100% құрайды.

Білім берудің лайықты ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын 117 оқушы үшін ауданның 9 орта мектептеріне тасымалдау ұйымдастырылған.

Оқушылардың білім сапасы артты. Аудан бойынша ҰБТ орташа нәтижесі 91,04 балды құрады, өткен жылмен салыстырғанда орташа бал 13,5 өскені байқалады. Түлектердің жалпы санынан 35% оқушы мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түсті.
Мәдениет объектілерін қалпы келтіру және жөндеу бойынша ауданда үлкен жұмыстар атқарылды.

Аудандық бюджеттің қаражатына Қарасуық ауылының клубы 5 млн.теңге сомасына қайта қалпы келтірілді.

Жеке бизнеспен серіктестік аясында Октябрьск ауылында 25 млн.теңге сомасына жаңа сауық орталығы салынды.

Аудандық орталық кітапхана ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды.

Калиновка ауылында спорт алаңын орнатуға 3 млн. теңге бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 5 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, игерілді. 7 Мәдениет үйі компьтермен жабдықталды, Ивановка Мәдениет үйі үшін музыкалық инструменттер комплектісі, музей үшін витриналар, Байқоныс ауылдық Мәдениет үйі үшін сахна костюмдері сатып алынды.
Мемлекеттік тілді дамытуға 638 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді “Ана тілі” орталығында оқытуға – 232 мың теңге, мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге – 406 мың теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу жылы мемлекеттік тілде «Тереңкөл тынысы» газеті шықты.
Бүгінгі күні ауданда дене тәрбиесін жүйелі дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Халықты бұқаралық спортпен қамту бойынша біздің аудан облыстың қалалар мен аудандар рейтінгінде әрдайым жоғары орындарға ие болып отырады.

Качир ауданында дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт жұмыстарымен 44 дене тәрбиесі ұжымдары айналысады, оның ішінде 28 жалпы білім беретін мектептерде және 16 мекемелер мен ұйымдарда.

Ауданда әрдайым дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын 4937 адам бар, 2010 жылмен салыстырғанда айналысатындардың саны 356 адамға өсті.

Спорттық іс-шараларды өткізу үшін 5 млн. теңге бөлінді.

Ауданның құрама командалары үшін 1 млн. теңге сомасына спорт инвентарі және спорт тренажерлары сатып алынды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесі жаңарып, кеңейіп келеді, сонымен қатар жаңа құрылыстың арқасында.

2011 жылы Песчаное ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Құрылыстың құны 139 млн. теңгені құрады.

Береговое және Федеровка ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаторияны, Жасқайрат ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті, Қызылтаң мен Қызылдауда медициналық пунктті салуға арналған жобалау сметалық құжаттары әзірленді.

Аудан халқына медициналық көмекті 60 орынға «Качир аудандық орталық ауруханасы», 30 орынға туберкулезге қарсы аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 фармацевтикалық дәрігерлік пункті, 23 медициналық пункт, 7 коммерциялық дәріхана, 2 жеке меншік стоматологиялық кабинеттер көрсетеді.

Ауданның барлық елді мекендерінде жылжымалы дәріханалық пункттері қызмет көрсетеді.

Санитарлық автокөлікпен барлық амбулаториялар қамтылған, бұл тұрғындарды орындарда профилактикалық қарауға, диспансерлік науқастарды, балаларды және жүкті әйелдерді қарауға мүмкіндік береді.
Біздің қоғамның негізгі және басымды мәселесі қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын тұрақты жақсартып отыру болып табылады. Бұл мемлекеттік саясатының бірінші орында.
Біздің ауданда халықтың әлеуметтік қорғауына және ауылдықтардың жағдайын жақсартуға үлкен назар бөлінеді.

Бірінші кезекте бұл – халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу. Жыл басынан “Бизнестің жол картасы” бойынша 60 адам мамандандырылған оқуға бағытталды. Оқу бітіргендердің барлығы жұмысқа орналастырылды.

Шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде 70 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. 1686,0 мың теңге игерілді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 15 ұйымда, оқу орындарының 12 түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылды. 1872,0 мың теңге игерілді.

2011 жылдың басынан жұмыспен қамту орталығында тіркелген 405 жұмыссыз азаматтардың 339 жұмысқа орналастырылды. 219 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Ойластырылған стратегиясыз Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру қиын болғандықтан, Үкімет халықты 2020 жылға дейін жұмыспен қамту бағдарламасын жасады. Осы бағдарлама біздің ауданда да жүзеге асырылуда.

“Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасы бойынша жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету бойынша шаралар үш бағытты қарастырады:

Бірінші – оқыту арқылы болашақта жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды белсендіру. Бірінші бағыт бойынша 120 адам қатысушы болды, соның ішінде мамандандырылған даярлау – 40 адам, қайта даярлау - 65 адам және біліктілігін арттыру – 15 адам.

Екінші – ауылда кәсіпкерлікті дамыту. 11 адам өзінің ісін ашуға және бизнесін кеңейтуге 30,0 млн. теңге сомасына несие алды.

Үшінші бағыт бойынша республикалық бюджеттен 459 млн.теңге бөлінді. Экономикалық потенциалы жоғары жеті ауылда 28 тұрғын- үйдің (120 пәтер) құрылысы жүргізілуде.

Жұмыссыздықпен күресудің жаңа жүйесі тұрғындарды жұмыспен ақмтуды арттыру арқылы тұрғындардың табысын арттыруға, аз қамтылған жұмыссыз азаматты нәтижелі жұмыспен қамтуға көмек көрсету белсенді бағдарламасына тартуына бағытталған.
2011 жылдың бірінші кезектегі мәселесі - әрбір елді мекенде тиісті инфрақұрылымды және қызмет көрсету саласын дамыту. Сондықтан ауданның алыс және шағын ауылдарда тұратын адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын және қалыпты өмір сүру жағдайын құруға ерекше назар аударылды.
Әрбіреуіміз еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында қойған міндеттерді іске асыру өзектілігі мен қажеттілігі бар екенін сезінді. Қойылған мақсаттың табысты шешімі – бұл экономика өсуінің басты талабы, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуі, халықтың тұрмысының артуы.

Алдымыздағы 2012 жылда бізге көп істер атқару керек.

- Бірінші кезекте, 2012 жылдың басында бізге “Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасы бойынша тұрғын-үй құрылысын аяқтау және пайдалануға енгізу қажет;

- Жұмыссыздықпен күресудің жаңа жүйесі халықты жұмыспен қамтуын арттыру арқылы, халық табысын арттыруға, бағытталатын болады. Жұмыссыздықпен күресудің жаңа жүйесі төмен қамтылған азаматтарды өнімді жұмыспен қамту көмегімен белсенді бағдарламаға тарту арқылы тұрғындар табысының артуына бағытталады;

- Ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және ауылдың көріктенуін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет;

- Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады, әсіресе аудандағы мал шаруашылығын дамыту мәселесі. Ауылшаруашылық өнімінің өндіріс көлемін арттыру қажет. Ауыл шаруашылығын жүйелі қолдау бойынша шаралар қолданылады;

- Жерді тиімді және ұтымды қолдану мақсатында, жер қатынастары мәселесін реттеу ерекше бақылауда болады;

- Аудан ауылдарында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Проблемалық мәселелердің көбі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерімен өткен кездесуде айтылды.

Айта кететіні Качир ауданының 13 035 сайлаушылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты. 89,5 % өз дауыстарын “Нұр Отан” Халықтық Демократиялық партиясына берді. Мен ауданның барлық тұрғындарына маңызды саяси оқиғаға белсенді қатысқандықтарыңыз үшін шын алғысымды білдіремін.

Аудандық мәслихат депутаттарының жаңа құрамы сайланды, енді оларға біздің өңірімізді дамытуға жаңа мақсаттар мен міндеттерді, стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру қажет.

Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз барлық мақсаттарға қол жеткізетіндігімізге сенімдімін.

Біз качирлықтар, Отанымыз - Қазақстан Республикасының өркендеуіне үлкен үлес қосу үшін барлық күш-қуатымызды жұмсаймыз!

Похожие:

Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconҚұрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары! Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп берулері әрбір елді мекенде 2010 жылғы 10 қаңтардан 20 қаңтар аралығында өткізіледі....
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconЕлецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!
Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылдың І жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттері туралы» халық алдында есеп беру баяндамасы

Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconАудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»
Жолдауының аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлығын...
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconАудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!
...
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconСырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде
Качир ауданының әкімі Н. М. Күлжанның есеп беру тезистері Құрметті аудан тұрғындары! iconАудан әкімі А. Ж. Тоқтаровтың есеп беру кездесулерінде тұрғындардың айтылған ұсыныстарын орындау туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница