6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша




Скачать 204.64 Kb.
Название6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша
Дата конвертации16.11.2012
Размер204.64 Kb.
ТипДокументы
6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша

магистратураға қабылдау емтихандарының


БАҒДАРЛАМАСЫ


1 блок - «Электртехникасының теориялық негіздері»


    1. Тұрақты токтың сызықты электр тізбегі


Электр тізбегінің элементтері, электр энергия көзі үшін балама сұлба. ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Потенциалдық диаграмма. Кирхгофф заңдарын тармақталған тізбекті есептеуде қолдану. Түйін потенциал тәсілі, екі түйін тәсілі. Қуат балансы. Контурлық токтар тәсілі. Матрицалық түрдегі тізбек күйінің теңдігі. Сызықты электр сұлбаларын түрлендіру. Электр тізбектерінің бастапқы қасиеттері. Беттестіру принципі, өзаралық қасиет, тармақтағы өзара және кірерлік өткізгіштер. Компенсация теоремасы. Кернеу мен токтың арасындағы сызықтық қатынас. Сызықты электр тізбегін есептеуде, топологиялық тәсілді қолдану. Екіұштылар туралы ортақ ескеру. Активті екіұшты теоремасы және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолдану. Активті екіұштыдан пассивті екіұштыға энергия беру. Электр тізбектерін зерттеу үшін компьютерлік технологияны қолдану.


    1. Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбегі


Бір фазалы синусоидалы токтың бастапқы түсініктері. Токтың орташа және әсерлік мәндері, ЭҚК, кернеу. Кедергідегі, индуктивтіктегі және сыйымдылықтағы синусоилы ток. Комплекс түрдегі Ом және Кирхгофф заңдары. Векторлық және топографиялық диаграмма. Синусоидалы токтагы қуаттар. Қуат балансы. Максимал қуатты кернеу көзінен, қабылдағышқа беру шарты. Синусоидалы ток көзінде тармақталған тізбекті есептеу. Индуктивті байланысқан элементтер. Өзаралық индукцияның ЭҚК. Индуктивті байланысқан элементтер. Өзаралық индукцияның ЭҚК. Индуктивті байланысқан элементтердің тізбектеп қосылуы. Парраллель индуктивтік байланысқан элементтер тізбегі. Индуктивті байланысты эквивалентті алмастыру. Тізбектің индуктивті байланысқан элементтердің арасындағы энергияны тапсыру. Болат өзекшесі жоқ трансформатор. Индуктивті байланысы бар кездегі тармақталған тізбектерді есептеу. Синусоидалы ток көзінің тармақталған электр тізбегін компьютерлік моделдеу.


    1. Үшфазалы тізбек


Көп фазалы қоректендіру көзі және көп фазалы тізбек туралы түсінік. Жұлдызша және үш бұрышты қосу. Үш фазалы тізбектегі симметриялы режім. Үш фазалы тізбектің, әртүрлі сұлбаларын қосылғандағыкейбір қасиеттері. Симметриялы емес режімдегі үш фазалы тізбекті, статикалық жүктемемен есептеу. Кейбір дара жағдайлардағы қабылдағыш фазасындағы кернеу. Үш фазалы желінің эквиваленттік сұлбалары. Үш фазалы тізбектегі қуатты өлшеу. Айналмалы магнит өрісі. Синхронды және асинхронды қозқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Үш фазалы жүйе өлшемдерінің симметриялы құраушылары. Кернеудің және токтың симметриялы құраушыларына, үш фазалы тізбектің кейбір қасиеттерінің қатынасы. Токтардың әртүрлі тізбектей қосылыстарындағы симметриялы үш фазалы тізбектің кедергілері. Симметриялы емес үш фазалы тізбектегі кернеу мен токтың симметриялы құраушылары. Симметриялы емес жүктемелі тізбектегі есептеу. Желідегі симметриялы емес тізбек бөлігін есептеу.



    1. Синусоидалы емес токтар


Синусоидалы емес ЭҚК, кернеу және токтар. Периодты синусоидалы емес қисықты тригонометриялық картаға тарату. Периодты синусоидалы емес ЭҚК, кернеудің және токтың максимал, әсерлік және орташа мәндері. Периодты синусоидалы емес қисықтың формасын сипаттайтын коэффициенттер. Периодты бүгілетін синусоидалы емес қисықтар. Периодты бүгілетін кернеудің, токтың жәнеЭҚК-ның әсерлік мәндері. Синусоидалы емес ЭҚК және ток кезіндегі резонанс. Периодты синусоидалы емес токтың қуаты. Үш фазалы тізбектердегі жоғары гармониктер.


    1. Сызықты емес электрлік тізбектер


Сызықты емес электрлік тізбектердің теориясындағы және техникасындағы соңғы жетістіктер. Қарапайым сызықты емес тізбектердің элементтері және баламалы сұлбалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталмаған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес элементтері параллель жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес сызықты элементтері аралас жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес активті екіұштылардың вольтамперлік сипаттамалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталған электрлік тізбектерді есептеудің мысалдары. Сызықты және сызықты емес элементтері бар тізбектерді есептеу үшін активті екіұштылар теориясын қолдану.

Магниттік тізбектердің негізгі ұғымдары және заңдары. Тармақталмаған магниттік тізбектерді есептеу.

Айнымалы токтың сызықты емес тізбектеріндегі құбылыстар. Айнымалы токтың сызықты емес тізбектерін есептеу әдістері. Бірдей жиілікті ЭҚК көздері бар тізбектердің жалпы сипаттамасы. Вентильдері бар тізбектегі ток қисығының формасы. Қарапайым түзеткіштер. Болат магнит өткізгіші бар орамадағы токты есептеу. Феррорезонанс құбылысы.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер


1. Балабатыров С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері.- Алматы: 1995.

2. Ахметов А.Қ. Электротехниканың теориялық негіздері. - Астана: 2004.

3. Балабатыров С., Қожаспаев Н. Электротехниканың теориялық негіздері. - Алматы: 2001.

4. Қожаспаев Н., Кешуов С.А., Мухитов И. Электротехника –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996 ж.

5. Сылкин М.И. Теоретические основы электротехники. — Алма-Ата: Кайнар, 1987.

  1. Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники. Электрические цепи.- М.: Высшая школа, 1986.

  2. Алтынбеков Қ.А., Алтынбеков Б.Қ. Электротехниканың теориялық негіздері. - Алматы: Тел-Арна, 2004

  3. Зевеке Г.В., Ионкин П.А., Нетушил А.В. , Страхов С.В. Основы теории цепей.- М.: Энергия, 1989.

  4. Попов В.П. Основы теории цепей.- М.: Высшая школа, 2000.

10. Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники. Электрические цепи.-М.: Высшая школа, 2002.



  1. блок - «Сала экономикасы»


2.1. Электроэнергетиканың негізгі мағлұматы


Халық шаруашылығы жүйесіндегі энергетика. Халық шаруашылығын электрофикациялауының мәні. Электрэнергетика –саны, электрлік станциялар орналасқан жері мен қуаты, электржелілердің ұзындығы.


2.2. Кәсіпорынның негізгі және ағымдағы активтері

Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрылысы. Жекеменшік, қарызды және жарғылық қаржы.


2.3. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Пайдаланатын және жөндеуде істейтін қызметкерлер. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру. Еңбекақы төлеу формалары.


2.4. Өндірістің өзіндік құны, баға белгілеу жіне энергетика

саласындағы тарифтер

Электрлі және жылулық энергияны өндіргенде шығындар құрылымы. Электрэнергиясын тарату мен жібергендегі шығындардың құраушылары. Нарықтық жағдайындағы отын бағасының, электрлік және жылулық энергияға баға қойылымының қалыптасуы.


2.5. Энергетикалық құралдарын жөндеу және пайдаланудың

экономикасын ұйымдастыру

Жөндеудің тапсырмалары мен мәні. Жөндеу түрлері, жөндеу циклі, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формалары. Кәсіпті кәсіпорнында энергетикалық бақылау.


2.6. Өндіріс кәсіпордарының энергетика шаруашылықтары

жұмыстарын экономикалық жоспарлау

Кәсіпорында энергия тұтынудың жоспарлау әдістері. Энергетика шаруашылығында және кәсіпорында еңбек, материалды және қаржы шығындарын жоспарлау.


2.7 Өндіріс кәсіпорнында энергетика шаруашылықтарын

экономикалық басқаруларын шешу

Энергетикада басқарудың мақсаты және функциялары. Энергетика шаруашылықты басқару сұлбасы және ұйымдасу құрылысы.


2.8. Қазақстанның және энергетикалық кәсіпордарының салық жүйесі

Салық салу принциптері және салық түрлері. Салықтың әлеуметтік функциялары. Кәсіпорын салықтары.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі


Негізгі:

1. Дукенбаев К.Д.«Энергетика Казахстана. Условия и механизмы ее устойчивого развития» Алматы: Атамура. 2002;

2. Самсонов В.С. «Экономика предприятий энергетического комплекса» М.: Высшая школа. 2003;

3. Құсайынов А.Қ. Энергетикалық мамандыққа кіріспе. Алматы: «Білім», 1994;

4. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров. Экономикалық теория. Астана: 2002;

5. Водянников В.Т. Экономика и организация электротехнической службы сельскохозяйственных предприятий.М.: «ЮРКНИГА», 2003;

6. Водянников В.Т. Технико-экономическая оценка систем электроснабжения объектов АПК. –М.: УМЦ МГАУ, 2007;



  1. блок – «Электрмашиналары», «Электр механикасы және электр техникалық жабдық»


3.1 Электрмашиналары

Трансформаторлар. Кернеу трансформаторларының арналымы және пайдалану саласы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы. Трансформатордың магнит өзектері, материалы және оны дайындау технологиясы. Болат шығыны және оны азайту тәсілдері.

Трансформатор орамдары және олардың арналымы. Материалы және оны дайындау технологиясы. Бір фазалы трансформаторлардың белгіленуі және маркіленуі.

Бос жүріс кезіндегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Жүктелген кездегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Трансформатор орамының ЭҚК. Трансформатордың бірінші және екінші орамдарының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Трансформатордың актив кедергісінің және индуктивті шашыраңқы кедергісінің физикалық мәні.

«Келтірілген» трансформатордың физикалық мәні және оның магниттеуші күші. «Келтірілген» трансформатордың параметрлері, «келтірілген» трансформатордың эквивалентті орынбасар электрлік сұлбасын ауыстыруын негіздеу. ЭҚК, токтың және электр кедергінің физикалық мәні. Трансформатордың Т-тәрізді орынбасар сұлбасы. Контурларға арналған кешенді түрдегі Кирхгоф теңдігі және оның трансформатор орамдарының электрлік тепе-теңдік теңдеуінен өзгешелігі. Трансформатордың бос жүріс режимі және жүктемелік режимі үшін векторлық диаграммасы. Трансформаторлардың энергетикалық балансы. Трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибесі, қысқа тұйықталу кернеуінің негізгі параметрлерін анықтау. Трансформатордың эксплуатациялық көрсеткіштері. Жүктеменің шамасына және сипаттамасына қарай трансформатордың екінші кернеуінің өзгеруі. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы.

Үшфазалы трансформаторлар. Олардың магнит өзегі конструкциясының ерекшеліктері және орамдағы асимметрия топтарына әсері. Трансформатордың орамдарын олардың жалғану сұлбасы және топтардың белгіленуі. Үшфазалы трансформаторлардың үшбұрыш және жұлдызша жалғанудың жетістіктері мен кемшіліктері. Трансформатордың параллель жұмысы. Трансформатордың параллель жұмысқа қосылудың керектілігі және қосылу шарты. Трансформатордың кернеуін реттеу. Симметриясыз жүктемедегі үшфазалы трансформатордың жұмысы. Үш орамды трансформаторлар. Автортрансформаторлар. Арнайы трансформаторлар. Кернеу мен токты өлшегіш трансформаторлар. Олардың конструкциялы және эксплуатациялық ерекшеліктері. Балқытып қосу трансформаторлары.

Асинхронды машиналар. Айнымалы ток машиналарының арналымы және пайдалану аймағы. Асинхронды қозғалтқыштар. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторының конструкциясы. Материалы және оларды дайындау технологиясы. Асинхронды қозғалтқыштың статор мен роторының орамдарының типі және олардың негізгі параметрлері. Асинхронды қозғалтқыштың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру принципі. Асинхронды күштің магниттеуші күштері. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды электр қозғалтқышы электрлік тепе-теңдігінің теңдеулер жүйесі. Трансформаторға келтірілген асинхронды қозғалтқыш. Асинхронды электр қозғалтқышының роторы қозғалмай тұрғандағы электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Келтірілген асинхронды қозғалтқыштың Т-тәріздес және Г-тәріздес орынбасар сұлбасы. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыштың моменті. Асинхронды қозғалтқышты электромагниттік моментінің жалпы көрсетілуі. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамасы.

Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар және олардың пайдалану саласы. Конструкциялық ерекшеліктері. Жұмыс принципі.

Синхронды машиналар. Синхронды машиналардың арналымы, типі және құрылысы. Айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті синхронды машиналар. Синхронды генератормен айналатын біліктің механикалық энергиясы. Электр энергияға түрлену принципі. Якорь реакциясының ұғымы. Айқындалмаған және айқындалған полюсті синхронды генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Айқындалмаған полюсті және айқындалған полюсті синхронды генератордың орынбасар эквивалентті сұлбасы және олардың параметрлері. Синхронды генератордың сипаттамасы. Бос жүріс, қысқа тұйықталу, жүктемелік, сыртқы және реттейтін сипаттамалары. Синхронды машинаның қысқа тұйықталу қатынасы. Синхронды генераторлардың жүйемен параллель жұмыс істеуі. Шарты және оның қосылу тәсілі. Үшфазалы синхронды қозғалтқыш. Синхронды қозғалтқыштың электр энергиясының айналатын біліктің механикалық энергиясына түрлену принципі. Асинхронды қозғалтқыштың алдында синхронды қозғалтқыштың жетістігі мен кемшілігі. Синхронды қозғалтқыштың электромагниттік қуаты және моменті. Синхронды қозғалтқыштарды жүргізу тәсілі. Синхронды қозғалтқыштың реактивті қуаттың компенсаторы режиміндегі жұмысы.

Тұрақты ток машинасы

Тұрақты ток машинасының арналымы және пайдалану саласы. Тұрақты ток машинасының құрылысы. Тұрақты ток машинасының конструкциялық элементтерінің арналымы. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышының жұмыс істеу принципі. Тұрақты ток машинасының магнит тізбегі. Магнит тізбегінің негізгі есептеулері. Тұрақты ток машинасының негізгі орамы. Тұрақты ток машинасындағы якорь реакциясы. Геометриялық және физикалық нейтралды ұғымы. Машинаның жұмысына якорь реакциясының әсері. Тұрақты ток машинасындағы коммутация және оның пайда болуы. Коммутациялық процестің мәні. Коммутацияны жақсарту тәсілдері. Тұрақты ток машинасының қоздыру жүйелері. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинаның якорь орамындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты генераторлардың электрлік сипаттамалары.

Тұрақты ток қозғалтқыштары. Тұрақты ток қозғалтқышының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Тұрақты ток қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы. Момент теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының якоры мен түзілген электромагнитті момент. Әртүрлі жүйелі қыздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасы. Тұрақты ток қозғалтқышының жүргізу реверс принциптері және айналу жылдамдығын реттеу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Костенко М.П., Пиотровский Л.М. «Электрические машины», ч.1,2 М.: Энергия, 1972.1973

  2. Вольдек А.И. Электрические машины. Л.: Энергия, 1978

  3. Электротехнический справочник. В трех томах. М.: Энергия, 1980

  4. Тихомиров П.М. Расчет трансформатора. М.: Энергия, 1970

  5. Жерве Г.К. Расчет асинхронного двигателя при перемотке. Л.: Энергия, 1967

  6. Сергеев П.С., Виноградов Н.В., Горяинов Ф.А. Проектирование электрических машин. М.: Энергия, 1969

  1. Калыков Б.Р., Омирзаков Ш.О., Сылкин М.И., Электрмашиналары Алматы 2005г.



3.2 Электрмеханика, технологиялық кешендердің автоматизациясы және электр жетегі.

Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі. Электр энергетикасының негізі электрлік машиналар. Тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының пайдаланылу аумағы. Техникалық прогресстегі электрлікмашина құрастырудың атқаратын маңызды ролі.

Энергияның түрлену үрдісінің математикалық жазылуы. Жалпыланған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы ток электр қозғалтқыштарының электрмеханикалық қасиеттері. Энергияның түрлену режимдері. Электрмеханотроника – электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік құрылғылардың бір жүйеге қосылуы. Электромеханотронды жүйелердің құрылғысы және құру принциптері, түрлері, пайдалану аумағы. Энергияның электрмеханикалық түрлену процесстерін басқару.

3.3. Электрлік оқшаулама және кабелді техника.

Электрлік оқшаулама. Электрмеханикалық бұйымдар мен құрылыстарды өндірудегі электрлік оқшаулама материалдардың мәні. Диэлектриктер мен басқарылатын диэлектриктер, электрфизикалық сипаттамалары бойынша классификациялануы. Электрлік оқшауламаның жұмыс істеу жағдайы. Оқшауламаға әсер ететін жүктемелердің классификациялануы – электрлік, температуралық, механикалық және т.б.

Жоғары вольтты оқшауламалы конструкциялар. Жоғары вольтты изоляторлардың, электр машиналардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың классификациялары және оларға қойылатын талаптар.

Электрмагниттік энергияны тасымалдаудағы - кабелдік бұйымдар. Конструктивтік элементтер құрамы бойынша, оқшаулама материалы мен тағайындалуы бойынша және пайдалану аумағы бойынша кабелдердің классификациялануы. Кабелдердегі электрлік, жылулық және электрмагниттік өрістер. Кабелдерге пайдаланылатын материалдар.

3.4 ЭЛЕКТРТЕХНИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕР

Электртермиялық құрылғылардағы жылу тасымалдау теорияла-рының негіздері. Жылу техникалық материалдар. Физика – техникалық негіздері және кедергілердің электртер-миялық құрылғылаының классификациясы. Индукциялық қызудың физикалық негізі, индукциялық қондыр-ғылар классификациясы. Индукциялық қондырғылардың қорек көзі. Индук-циялық қондырғылардың автоматты басқару жүйесі. Диэлектриктерді жоға-ры жиілікпен қыздырудың физикалық негізі. Диэлектрикті қыздыру қондырғысы және сұлбасын тұрғызудың принципі. Электрдоғалық разрядтың қасиеті және теориялық негізі. Электр доғаның тұрақтылығы және параметрлерін реттеу. Доғалық пеш-тердің классификациясы. Доға пештерінің негізгі электржабдықтары. Доға пештерінің сипаттамалары және жұмыс режимдері. Электрлік доғамен балқытып біріктіру қондырғысы. Доғалық қондырғыларды автоматты басқару. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері. Элек-тролизді өндірістік қондырғылар. Металдарды электрхимиялық және элек-трофизикалық өңдеу тәсілдері. Электргидравликалық өңдеу қондырғылары. Ультрадыбысты электртехнологиялық қондырғылар. Магнитті және магнитті импульсті өңдеу құралдары. Төмен температуралы плазма алу үшін қондырғы және олардың қолдану аумағы. Плазмалық өндірістік қондырғылар. Элетронды-сәулелі қыздыру қондырғылары. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер). Электронды-ионды технология. Электрстатикалық өндірістік қондырғылар.

Электрлік жетектің жұмысы және оған қойылатын талаптар. Автоматтандырылған электр жетектің өндірістегі алатын орны. Автоматтандырылған электр жетектің құрылымдық сұлбасы. Электр жетектердің классификациялануы. Электр жетегіне әсер ететін моменттер мен күштер.Электр жетектегі қозғалтқыштар және өндірістік механизмдердің сипаттамалары.Электр жетегінің механикалық бөлігінің кеңейтілген есептік сұлбасы. Электр жетегінің қозғалыс теңдеуі. Электрмеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері. Электр жетектің координаттарын реттеу. Реттелетін электр жетектің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері. Тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарын реттеудің тәсілдері. Өндірістік механиздер үшін электр жетек жүйесін таңдау. Электрмеханикалық жүйелерді автоматты түрде басқару. Басқарудың релелік-түйіспелік сұлбасы. Автоматты басқарудың тұйықталған және ажыратылған жүйелері. Электрмеханикалық жүйелердің энергетикасы. Энергия шығыны және реактивтік қуатты түтыну. Шығынды төмендету әдістері. Электр жетегінің жұмыс режимдері. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және қайталанбалы-қысқа мерзімді жұмыс режимдеріне қозғалтқыштардың қуатын таңдау. Автоматтандырылған электр жетектің жетілдірілген жүйелері және олардың келешектегі дамуы. Тұрақты және айнымалы ток машиналарын күштік түрлендіргіштік басқарудың құрылысы. Электр жетектерін элекиронды және компьютерлік басқару. Электрлік көлік. Қалалық электрлік көлік, метрополитен. Өндірістік электрлік көлік.

3.5. ЖАРЫҚТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ

Спектрдің оптикалық аумағының сәуле шашуы. Материалдар-дың оптикалық және жарықтехникалық сипаттамалары. Жылулық, люми-несцентті және еріксіз сәуле шығару. Сәуле шығаруды түрлендірудің негізгі заңдары. Түс және түсті есептеу. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Фотометрияның метрологиялық негіздері. Сәуле шығаруды қабылдағыштар және фото-метриялық қондырғылардың оптикалық жүйесі. Фотометрияның әдістері. Сәуле шығару көздері. Оптикалық сәуле шығарудың жылулық көздері. Оптикалық сәуле газоразрядты көздері. Жарықтың импульсті көздері. Лазерлер. Жарық аспаптары. Элементарлы шағылысу теориясы. Жарық аспаптарының жылулық есебі. Жарық аспаптарының жарық күшінің қисығы. Жіберуді реттеуші аппараттар. Газоразрядты лампалардың электр тізбегінің элементі ретіндегі сипаттамасы. Жұмыс режимін тұрақтан-дыру шарты. Газоразрядты лампалардың жұмысын тұрақтандыру және жағу сұлбасы. Жарықтехникалық қондырғылар. Жарықтандырушы қондырғы-ларды ормалау. Жарық беру сапасы. Жарықтехникалық есептеудің негізгі ережелері. Жарық беруші тораптың конструктивті орындалуы және қорек-тендіруші сұлбасы. Жарық беруші қондырғыларды пайдалану. Өндірістік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру. Қалалық сыртқы жарықтандыру және ғимарат сыртындағы жарықтандыру жұмыстары. Спорттық және ойын-сауық ғимараттарды жарықтандыру. Аэропорттардың, мұхиттың, теміржолдың және автотранспорт-тардың жарық қондырғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі

  1. Копылов И.П. Электрические машины. М.: Высшая школа, Логос, 2000.

  2. Проектирование электрических машин. /Под общей редакцией И.П.Копылова.-М.: Энергия, 2002.

  3. Шоланов К.С. Основы мехатроники и робототехники. Алматы, Эверо, 2005.

  4. Богородицкий Н.П. и др.- Электротехнические материалы: Учебник-Л.: Энергоатомиздат,1995.-304 с.

  5. Привезенцев В.А.,Ларина Э.Т. Силовые кабели и высоковольтные кабельные линии.-М.: Энергия,1986.-424 с.

  6. Ильинский Н.Ф. Основы электропривода. – М.: Изд. МЭИ, 2003.

  7. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. – М.: Колос, 1982. – 272 с.

  8. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. – М.: Агропром-издат, 1991. – 239 с.

9 . Баев В.И. Практикум по электрическому освещению и облучению. – М.: Агропромиздат, 1991. – 197 с.

10. Өтешев Ө., Сейітов І.А. Электрлік жарықтандыру. – Алматы: Қазмемагру, 2000. – 180 бет /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен.

11. Болотов А.В., Щепель Г.А. Электротехнологические установки: Учебеник для вузов. – М.: Высш.шк., 1988. -336с.

12. Автоматическое управление электротермическими установками: Учебник для вузов /Под ред. А.Д.Свенчанского. – М.: Энергоатомиздат, 1990.

13. Электротермическое оборудование: Справочник /Под ред. А.П.Альтгаузена. – М.: Энергия, 1980. – 487 с.

14. Өтешев Ө.Ө., Жексембиева Н.С. Электр-технологиялық қондырғылар: /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен. – Алматы: 2008. – 130 бет.



  1. блок - «Электрлік энергетикасы»




    1. Қалыптаспаған жөне қайта жаңғыртылатын энергия көздері


Өндірілмейтін энергоресурстарды пайдалану-жел, күн сәулесі, мұхиттар энергиясы, термальдік сулар. Жер шарының жел энергоресурсы, Қазақстанның жел кадастрі, желэлектрстанцияларының конструкциясы және принципиалды сұлбасы.

Виндрароторлы электркүштік қондырғылар,

ауылшаруашылығындағы автономды тұтынушыларды электрмен жабдықтау,
алыс қашықтықтағы обьектілерге, жолдарға қызмет көрсету.


4.2 Релелік қорғаныс және автоматика


Релелік қорғаныстың мақсаты және оның энергожүйедегі алар орны. Элементтік базаның конструктивті дамуының кезеңдері және оның даму тенденциясы. Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар және негізгі қасиеттері.

Энергожүйенің магистралді желілерінің және тарату тораптарының негізгі қасиеттері.

Энергожүйенің қалыпсыз жұмыс режимдері және зақымдану түрлері.

Релелік қорғаныстың элементтік базасы. Өлшеуіш, логикалық, сигналдық және

орындаушы мүшелері. Оперативті ток көздері.

Тарату тораптарының релелік қорғанысының сұлбалары. Жоғары және аса жоғары

кернеудегі күштік және коммутациялық құралдардың конструкциялық ерекшеліктері.

Жоғарыжиілікті қорғаныстар туралы жалпы түсінік. Жоғарыжиілікті трактіні қосу және

өңдеу қондырғылары. Релелік қорғаныс және автоматика техникасы.

Апатқа қарсы автоматика көмегімен апаттық бүлінулердің дамуын алдын алу, апатқа

карсы автоматиканың қызметтік мақсаты.

Апатқа қарсы автоматгы басқару жүйесінің құрылымы. Апатқа қарсы автоматиканың

техникасы, ЖЖ арна бойынша апатқа қарсы автоматиканың командаларын жеткізетін аппаратура туралы жалпы түсінік.


    1. Электрмен жабдықтау


Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың анықтаушы сапасы,

көрсеткіштері, тербелісі, ауытқуы және кернеу бейсимметриясы, электрмен жабдықтаудың сенімділігі. Электр энергиясы тұтынушыларының әртүрлілігі, өнім шығару кезінде энергия шығынын нормалау, заводтың жалпы құнындағы электр
жабдықтау құны, өнім құнындағы энергетикалық компонентінің шамасы. Реактивті қуатты өтемдеу.

Сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау сұлбасы. Өндіріс кәсіпорындары тораптарының кернеу режимдері. Кернеу деңгейі, кернеу ауытқуының себептері. Өндіріс көсіпорындарының электр тораптарында кернеуді реттеу.

Ауылшаруашылық өндірісін электрлендіру және автоматтандыру.


    1. Электр энергия жүйелері және тораптары


Электр энергия жүйелері жекелеген элементтердің өзара байланысы, ол дегеніміз электрэнергиясын өндіру, түрлендіру, жеткізу, тарату және пайдалану үшін арналған. Бірлескен энергожүйенің техникалык және экономикалық артықшылықтары. Электр тораптарының мақсаты және оларға тән ерекшеліктер.

Электрэнергетика жүйелерінің элементтерінің негізгі конструктивті

орындалуы және жұмыс принциптерінің негіздері. Электрэнергияны жеткізуге байланысты көкейкесті мәселелер. Электр желісінің қалыпты жұмысы, электр энергиясын алыс қашықтыққа жеткізу. Озық технологияларды қолдану негізінде энергияны жеткізудің жаңа тәсілдерін жобалау және іске асыру. Тұрақты токты тасымалдау туралы негізгі түсініктер, өткізгіштік қабілеті, жоғары компактілі желілер, электр энергиясын өткізгішсіз жеткізу.

Энергожүйенің режимдерін басқару. Электрлік жүйе және
электрлік тораптарды автоматты басқару жүйесі (АЖДВ) электр
энергетикалық жүйелерде және тораптардағы апаттың сипаттамасы және
себебі. Электр энергиясын жеткізудегі экологиялық проблемалары,
қоршаған ортаға әсері. Қазақстан республикасы және шет елдегі электр энергетикалық
және тораптардың даму перспективалары және күйі.


    1. Электрлік станциялар және қосалқы станциялар


Электрэнергияның ерекшеліктері, тауар ретінде және оны өндіруге байланысты көкейкесті мәселелері. Электрэнергияны алудың негізгі тәсілдері, электрстанциялардың типі және электр станциялардың электр энергиясын өндіру үрдісінің технологиялық ерекшеліктері.

Отын-энергетикалық кешендері, олардың қызмет атқару ерекшеліктері.

Электр станциялар энергожүйенің негізгі элементі. Электр станциялардың энергожүйеде параллелді жұмыс істеу шарты.

Электр станциялардың негізгі қондырғылары, конструкциялық
ерекшеліктері. Негізгі қондырғыларды пайдаланудағы негізгі мақсат. Электр
станциялар және қосалқы станцияларлардың коммутациялық және қосымша
қондырғылары, олардың жұмыс жөне пайдалану ерекшеліктері.

Электр станцияларын жобалау және есептеудің негізгі сұрақтары.
Электр станцияларын салу және пайдалануда туындайтын экологиялық
проблемалар.

Жылу электр станциялары, атомдық энергетика, суэнергетикасы және
Қазақстан Республикасы және әлемдегі электр энергиясын өндірудің басқа да
тәсілдерінің күйі және даму перспективалары.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.- М.: Высшая
    школа. Электрэнергетика, 1988. - 239 с.

  2. Васильев А.А. Электрическая часть станций и подстанций.-М.:
    Энергоатомиздат, 1990.

  3. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть станций и подстанций.-М.:
    Энергоатомиздат, 1986.

  4. Электрическая часть станций и подстанций / под ред. Усова С.В, -
    Ленинград. Энергоатомиздат, 1987.

  5. Блок В.М. Электрические сети и системы.- М.: Высшая школа, 1986.

  6. Идельчик В.И. Электрические системы и сети.: Учебник для ВУЗов.-
    М.: 1989.

  7. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для
    электрэнергетических специальностей. - СПб: Издательство Сизова М.П., 2001.

  8. Болотов А.В., Шепель Г.А. Электротехнологические установки.- М.:
    Высшая школа, 1988.- ЗЗбс.

  9. Липкин Б.Ю. Электроснабжение промышленных предприятий и
    установок. -М.: Высш. шк., 1990.

  10. Шабад М.А. Расчеты РЗ и А распределительных сетей: Монография.-
    СПб.: ПЭИПК,2003.- 350с.

  11. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. "Релейная защита энергетических
    систем: Учебное пособие для техникумов".- М., Энергоатомиздат, 1998.-798с.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconМекеменің мекен-жайы, байланыс телефондары
Тиісті профилі бойынша жоғарғы білім, энергетика мекемелерінде жұмыс жасау ережелерінен хабардар болу. Мамандығы бойынша жұмыс өтілімі...

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Энергетика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша icon5В0 718 00 электр энергетикасы
Бітірушіге «5В071800 Электр энергетика» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconХимия мамандығы бойынша Ғбк студенттерге арналған «Физика» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Физика сол сияқты техниканың барлық салаларындағы революциялық түрленулердің басты себептісі болып табылады. Мысалы, энергетика,...

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша icon6D050600- экономика мамандығы бойынша phd доктарантураға түсушілерге арналғАН мамандығЫ БОЙЫНШа түсу емтихан бағдарламасы алматы 2012

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconЖарияланған сәттен бастап 60 күнде
Айналатын электрлік машиналар. Электрлік мінездемелер, параметрлер (иврит, 6 б., ағыл., франц., 140 б.)

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconЖарияланған сәттен бастап 60 күнде
Айналатын электрлік машиналар. Электрлік мінездемелер, параметрлер (иврит, 6 б., ағыл., франц., 140 б.)

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...

6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша iconМамандығы бойынша магистранттар үшін бастапқы мемлекеттік емтихандар бағдарламасы
М070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтиханы пәндерінің тізімі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница