Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы




Скачать 41.52 Kb.
НазваниеМемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы
Дата конвертации07.02.2013
Размер41.52 Kb.
ТипДокументы
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1251 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 619-құжат


      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының  5-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тiзбесi;
      2) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      2. Аса маңызды объектiлердi өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi оны ұстауға көзделiп бекiтiлген штат санының лимитi мен қаражаты шегiнде қорғайды деп белгiленсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1251 қаулысымен    
бекiтiлген      

       Ескерту. Тiзбенiң тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

  Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану
аумақтарының тiзбесi

      Осы Тiзбемен елдi мекеннiң мыналарды орналастыруға бөлiнген қоныстану аумағының бөлiгi айқындалады:

1. Тұрғын-үй қоры

      Тұрғын үй ғимараттары.

2. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар

      1. Бiлiм беру, тәрбиелеу және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:
      жалпы үлгiдегi, мамандандырылған, сауықтыру және бастауыш мектеппен бiрiктiрiлген мектепке дейiнгi балалар мекемелерi;
      жалпы бiлiм беретiн және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндiрiс комбинаттары;
      жұмысшы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған кәсiптiк-техникалық училищелер мен оқу орындары;
      орта арнайы оқу орындары;
      жоғары оқу орындары;
      мамандарды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға арналған оқу орындары;
      мектептен тыс мекемелер.
      2. Ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқармаларға арналған ғимараттар:
      ғылыми-зерттеу институттарына арналған ғимараттар (iрi арнайы құрылыстарды қоспағанда);
      жобалау және конструкторлық ұйымдардың ғимараттары;
      ақпарат орталықтарының ғимараттары;
      басқару органдарына арналған ғимараттар;
      қоғамдық ұйымдарға арналған ғимараттар;
      кредит беру, сақтандыру және коммерциялық мақсаттарға арналған ғимараттар;
      мұрағаттарға арналған ғимараттар.
      3. Денсаулық сақтау және дем алуға арналған ғимараттар мен құрылыстар:
      стационары бар емдеу, перзентханалар, амбулаториялық-
емханалық, дәрiханалар, сүт тағамдары ас үйi, бальнео және балшықпен емдеу орындары;
      санаторийлар, санаторийлар-профилакторийлар;
      демалыс және туризм мекемелерi.
      4. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мен
құрылыстары:
      ашық спорт-дене шынықтыру құрылыстары;
      ғимараттар мен жабық құрылыстар;
      дене шынықтыру-спорт және сауықтыру кешендерi.
      5. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiнiң ғимараттары:
      кiтапханалар;
      мұражайлар мен көрмелер;
      клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет үйлерi мен сарайлары, бос уақыт өткiзуге арналған орталықтар және т.б.);
      ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерттiк залдар, кинотеатрлар, цирктер және т.б.).
      6. Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған ғимараттар:
      бөлшек сауда кәсiпорындарына арналған ғимараттар;
      қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына арналған ғимараттар (өнеркәсiптiк кәсiпорындардың қосалқы ғимараттары мен үй-жайларына жататын қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен үй-жайларын қоспағанда);
      халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған (өндiрiстiк емес сипаттағы) тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының ғимараттары.
      7. Халыққа тiкелей қызмет көрсететiн көлiкке арналған ғимараттар:
      көлiктiң барлық түрлерiнiң вокзалдары;
      жолаушыларға қызмет көрсету кеңселерi мен көлiк агенттiктерi, кассалық павильондары.
      8. Коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қойма және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа):
      азаматтық ғұрыптарға арналған ғимараттар, жерлеу бюролары;
      тұрғын үй-пайдалану;
      қонақ үй кәсiпорындарының, мотелдер мен кемпингтердiң ғимараттары;
      қоғамдық дәретханалар;
      моншалар мен монша-сауықтыру кешендерi.
      9. Әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қамтитын көп функциялы ғимараттар мен кешендер.

3. Өнеркәсiптiк объектiлер

      "Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 8 қыркүйектегi N 781   қаулысымен  бекiтiлген мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiне енгiзiлмеген объектiлер.
       Ескерту. 3-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008 жылғы 13 қарашадағы N 1050 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 1251 қаулысымен     
бекiтiлген          

       Ескерту. Тiзбенiң тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068, 2011.12.30 № 1697 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын
мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң
тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциялары.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараты.
      3. Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының және
Мәжiлiсiнiң әкiмшiлiк ғимараттары.
      4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы.
      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкiмшiлiк ғимараты.
      6. Орталық мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары.
      7. Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы.
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мұрағаты.
      9. Орталық Мемлекеттiк мұрағаттың ғимараты.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң әкiмшiлiк ғимараты.
      11. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы.

Похожие:

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлiлiгi нормаларын бекiту
Ескерту. Тақырыптағы, 1-тармақтағы және көрсетiлген қаулыға қосымшалардың атауларындағы
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайту және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница