Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар




НазваниеЖалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
страница5/5
Дата конвертации07.02.2013
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

               дайындау саласындағы қызметтi лицензиялау

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау үшiн лицензияның болуы талап етiледi. Z070258, P040392

      35-бап. Кеден iсi саласындағы қызметтi лицензиялау

      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жекелеген кедендiк режимдер шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметпен және кедендiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.

      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

      кедендiк қойманың кедендiк режимi шеңберiндегi қызмет;

      кедендiк тасымалдаушының қызметi;

      тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасының қызметi;

      кеден делдалының қызметi.

      36-бап. Этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi
               мен айналымы, темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi
               саласындағы қызметтi лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:

      1) этил спиртiнiң өндiрiсi;

      2) алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi.

      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

      арақтар мен айрықша арақтардың өндiрiсi;

      ликер-арақ өнiмдерiнiң өндiрiсi;

      шарап материалының өндiрiсi;

      шарап өндiрiсi;

      коньяк өндiрiсi;

      бренди өндiрiсi;

      сыра өндiрiсi;

      3) алкоголь өнiмдерiн өндiру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату; P070731

      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты;

      5) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi.

      37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
               қызметтi лицензиялау

      Бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету үшiн лицензияның болуы талап етiледi. Z050057, V064468,V053902

      РҚАО-ның ескертуi!
      37-1-бабы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн - ҚР-ның 2009.05.04. N 156-IV Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) толықтырылды.

      37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметтi
                лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      1) тауар биржаларының қызметi;
      2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметi.

4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

      38-бап. Жалпы ережелер

      1. Экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Жекелеген тауарлардың экспортын немесе импортын лицензиялау осы шектеулер енгiзiлген мақсаттарға қарағанда, тауарлардың экспортына немесе импортына мейлiнше шектейтiн немесе бұрмалайтын әсерi болмауға тиiс.

      2. Лицензия өтiнiш берушiге әрбiр жекелеген мәмiле бойынша жекелеген тауарлардың экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңiне берiледi.
      Тауардың келiсiм-шартқа енгiзiлген атауларының санына қарамастан, лицензия олардың бiр түрiне берiледi.
      Қызметтiң жекелеген түрлерiн бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшiн қызметтiң осы түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына лицензия қолданылу мерзiмiне (келiсiм-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлемiне) шек қойылмай берiледi.

      3. Өтiнiм берушiнiң дәлелдi өтiнiшi бойынша бiржолғы лицензияның қолданылу мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Бiржолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетiлген мерзiмге берiлген рұқсат болып табылады және өнiмдi кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.

      39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау

      1. Егер:

      1) iшкi нарықта сатылуы (өткiзiлуi) немесе пайдаланылуы лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар экспорт нысаны болып табылса;

      2) аталған тауарды өндiру және өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттiк монополияға жатқызылған болса, жекелеген тауарлар экспорты лицензиялануы мүмкiн.

      2. Тауарлар экспортына лицензиялық тәртiптi өзге негiздер бойынша, оның iшiнде тұтынушылардың мүддесiнде iшкi тауар және азық-түлiк нарығын қорғау және осыған байланысты тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеу себептерi бойынша енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      3. Тауарлар лицензияда көрсетiлген мемлекеттерге ғана шығарылады.

      40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау

      Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды мемлекеттiң, азаматтардың өмiрiнiң немесе денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi тұрғысынан және сандық шектеулердi қолданбай отандық тауар өндiрушiлер мен Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.

      41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде
               лицензиялау

      Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн импорттаушы мүшенiң заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтiнiш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленедi. Лицензия алуға өтiнiштi тауарлар кедендiк тазартылғанға дейiн кез келген жұмыс күнiнде беруге болады. Лицензия алуға өтiнiш пен қажеттi құжаттар тиiстi әрi толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ лицензияны беру мен ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI

      42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
               беру шарттары

      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.

      2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

      1) өтiнiш;

      2) заңды тұлға үшiн - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

      3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган да белгiлей алады.

      3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

      1) өтiнiш;

      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      3) бiлiктiлiк талаптарына (қызметтiң кiшi түрiне) сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

      4. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшiн лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды ұсыну жөнiнде сауал жiбередi.
      Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негiзiнде жиырма бес жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн жетi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және тиiстi лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды жiбередi.

      5. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар берудiң, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтатудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы  заңдарына cәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ойын бизнесi саласындағы қызметке лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңымен айқындалады.

      6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).

      43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру
               туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi

      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап - отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн (осы Заңның 19-бабы екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
      Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.

      2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтiнiш берушiнi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Заңда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн және (немесе) кiшi түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
      Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге мiндеттi.

      44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
               үшiн төленетiн лицензиялық алым

      Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген кезде алынады.
      Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленедi.
      Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
               беруден бас тарту

      1. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Заңға сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздер бойынша қаралады;

      3) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

      4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;

      5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлей алады.

      2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.

      46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
               беруден бас тартуға шағымдану

      Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСIМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ

      47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
               телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру

      1. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.

      2. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрiнiң және (немесе) қызметтiң кiшi түрiнiң атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрi шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол күнтiзбелiк отыз күн iшiнде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдейдi.

      48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
               қолданылуын тоқтату

      1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

      1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;

      2) жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

      3) лицензия алып қойылғанда;

      4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

      5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;

      6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi және (немесе) кiшi түрi алып тасталса;

      7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса тоқтатылады.

      2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңымен.

      49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      50-бап. Залалдарды өтеу

      Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
               заңнамасын бұзу

      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi
1   2   3   4   5

Похожие:

Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар icon11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар iconҚазақстан Республикасының
Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар iconЗаңы Лицензиялау туралы
Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар iconҚазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар iconI- тарау. Жалпы ережелер 1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы
«Тура би» бұл осы жарғыдағы нақтылы мақсаттарға жету үшін,студенттердің өз еркін білдіру арқылы құрылған дербес, студенттік ұйым
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар icon9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген...
Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница