Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ




Скачать 157.54 Kb.
НазваниеТақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ
Дата конвертации07.02.2013
Размер157.54 Kb.
ТипДокументы
ҚММУ Ф 4/3-07/01

ҚММУ БЕ 4/01



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ
Микробиология пәні

5В110400 - Медико-профилактикалық іс мамандығына арналған




Курс II
Құрастырғандар: доц. Филатова Л.Г.
Аударған: оқытушы Сайлау Ж.С.



Қарағанды 2011 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«25» 04. 2011 ж. №9 хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ

Мақсаты: Грам оң және грам теріс кокктар, бактериальді ішек инфекциялары, патогенді вибриондар,коринебактерия, бордетелла, микобакетрия, клостридия, спирохета, хламидия, риккетсия,зоонозды инфекция қоздырғыштарының патогенезін, клиникасын, патогенді факторын, биологиялық қасиетін, микробиологиялық диагностика принциптері бойынша студентердің білім деңгейін бағалау.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

- грам оң және грам теріс кокктар, бактериальді ішек инфекциялары, патогенді вибриондар,коринебактерия, бордетелла, микобакетрия, клостридия, спирохета, хламидия, риккетсия,зоонозды инфекция қоздырғыштарының дақылдық биохимиялық қасиеттерін, морфологиясын, жіктелуін;

- осылар тудыратын аурулардың патогенезі және клиникасы, зақымдалу механизмі және көзі;

- зертханалық диагностика әдістері;

- осылар тудыратын аурулардың арнайы алдын-алуы мен емі.

Студент істей алуға тиіс:

- жұғынның морфологиялық қасиетін сипаттау және микроскопиялау ( Грам әдісі бойынша бояу);

- клиникалық материалды анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізу;

- алынған дақылдың идентификациясын жүргізу, антимикробты препараттарға сезімталдықты анықтау.

Коллоквиумды өткізу түрі – тәжірибелік дағдыларды бағалау, тесттер, ауызша сұрау, жағдайлық есептер

Тақырып бойынша сұрақтар:

Демонстрациялық микропрепараттар арқылы биохимиялық, дақылдық, морфологиялық қасиеттерін сипаттау, дақылдардың қоректік ортада өсуі,кестелер.
Әдебиеттер

  1. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

  2. Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

  3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

  4. Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

  5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

  6. Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

  7. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

  8. Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

  9. Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

  10. Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.


Бақылау

Сұрақтар:

1.Клиникалық материалды алу және жеткізу. Аса қауіпті қоздырғыштармен жұмыс жасау ерекшелігі.

2.Стафилококк және стрептококк. Негізіг түрлері.Жіктелуі. Биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Стафилококкалы инфекцияның зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

3. Гонококк және менингококк. Биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.

4. ЖІИ қоздырғышының таксономиялық жағдайы. Морфологиясы және басты биохимиялық қасиеті.

5.Энтеробактериялардың патогенді факторлары.

6. ЖІИ патогенез ерекшеліктері және клиникасы.

7.ЖІИ зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

8.Vibrio туысының биологиялық сипаттамасы. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.

9.Дифтерия қоздырғышының биологиялық қасиеті, дақылдандыру ерекшелігі, патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы.

10.Көкжөтел таяқшасының биологиялық қасиеті, дақылдандыру ерекшелігі, патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы.

11.Микобактериялардың тинкториальді қасиеті және таксономиясы, морфологиясы.

12.Туберкулез және алапес қоздырғыштарының дақылдық, ферментативті және патогенді қасиеттері.

13.Қоршаған ортада микобактерияның тұрақтылығы. Ошақта залалсыздандыру. Микробиологиялық диагностика принциптері. Иммунитет ерекшелігі. Емі және арнайы алдын-алуы.

14.Анаэробты іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғыштарын атаңыздар.

15.Спора түзбейтін бактериялардың биологиялық қасиеті (бактероидтар). зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

16.Спора түзетін бактериялардың биологиялық қасиеті: ботулизм клостридиясы, сіреспе, газды гангрена. зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

17.Оба қоздырғышының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

18.Сібір түйнемесінің қоздырғышы. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

19.Туляремия қоздырғышының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

20.Бруцеллез қоздырғышының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

21.Лептоспироз қоздырғышының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері. Арнайы алдын-алуы мен емі.

22.Риккетсия, коксиелла, боррелийдің биологиялық қасиеті. Жалпы сипаттама. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.

23.Трепонеманың биологиялық қасиеті. Жалпы сипаттама. Патогенді факторы. Зертха-налық диагностика принциптері.Вассерман реакциясы. Туа пайда болған мерез.

24.Көкіріңді таяқшаның биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертха-налық диагностика принциптері.

25.Биологическая характеристика рода Proteus туысының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.

26.Клебсиелла туысының биологиялық қасиеті. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.

27.Кампилобактердің микробиологиялық диагностика принциптері.

28.Хеликобактердің микробиологиялық диагностика принциптері.
Тесттер:

1.Стафилококкты инфекцияға күдіктенгенде зерттелетін материалды қайда егеміз:

а) СТА және ҚА

в) өт сорпасы

с) Эндо ортасы

д) сарысулы агар

е) теллуритті орта

2.Эксфоллиатині бар стафилококктар тудырады:

а) скарлатина

в) тамақтан улану

с) энтерит

д) нәрестенің күлдіреуі

е) сепсис

3. Стафилококкалық сепсистің микробиологиялық диагностикасы үшін қолданады:

а) қанның тікелей микроскопиясы

в) қанды Эндо ортасына егу

с) агглютинация реакциясы

д) иммунофлюоресцентті әдіс

е) қанды қантты сорпаға егу

4.Қандай стрептококкалы этиологиялы аурудан кейін қарқынды иммунитет дамиды:

а) ревматизм

в) созылмалы тонзиллит

с) гломерулонефрит

д) скарлатина

е) флегмона

5.Клебсиелла:

  1. грам теріс иілген бактериялар

  2. грам оң түйреуіш тәрізді таяқшалар

  3. грам теріс элипсоидты бактериялар

  4. грам оң элипсоидты таяқшалар

  5. грам оң кокктар

6.Энтеробактерия тұқымдастығының қай өкілінің қозғалмайтын қалың полисахаридті ка

суласы бар:

Echeirichiа

  1. Shigella

  2. Salmonella

  3. Klebsiella

  4. Erwinia

7. Энтеробактерия тұқымдастығының ішінен қайсысы жиі ауруханаішілік инфекцияны

тудырады:

  1. Echeirichiа

  2. Shigella

  3. Salmonella

  4. Klebsiella

  5. Erwinia

8. Көкіріңді таяқша жататын туыстастық:

  1. Clostridium

  2. Escherichia

  3. Pseudomonas

  4. Klebsiella

  5. Staphylococcus

9. Ps.aeruginosa-ң клиникалық белгілерін көрсетіңіздер:

А) жарадан жағымсыз иістердің шығуы

В) іріңнің болмауы, аздаған серозды бөліністің болуы

С) тіннің түсі "піскен ет"тәрізді

Д)"күйген тері" симптомы

Е) жарада жасминнің иісі тәрізді көкжасыл іріңнің болуы

10.Бозғылт спирохета тудыратын ауру:

А) соз

В) көкжөтел

С) мерез

Д) тұмау

Е) күл

11.Мерез қоздырғышының морфологиялық қасиеті:

А) иілген таяқша, 5-6 біркелкі емес орамдары бар

В) S торша, пішіні С-тәрізді

С) біркелкі спираль 8 – 12 орамды

Д) ірі спора түзетін таяқшалар

Е) кокктар,тізбектеліп орналасқан

12.Екіншілік мерез көрінісі сипатталады:

А) торшалық типті аллергиялық реакция

В) құсулар

С) жүйке жүйесінің зақымдалу симптомдары

Д) теріде және шырыштарда бөртпелердің болуы

Е) қатты шанкрдың түзілуі

13. Хламидияның негізгі патогенді факторы:

А) торша қабырғасының липополисахариді

В) қышқылға тұрақтылығы

С) антифагоцитарлы белсенділігі

Д) мембрананы зақымдаушы әсері бар токсин

Е) энтеротоксин

14.Хламидияның жұқпалылығын қандай құрылым атқарады:

А) қосындылар денешігі

В) гликогенді денешік

С) элементарлы денешік

Д) агрегирленген денешік

Е) инициальді денешік

15.Bacillus antrasis-ң морфологиясы :

А) ұзын бұтақталған қышқылға төзімді таяқшалар

В) ұсақ грам теріс таяқшалар

С) спиральді-имектелген торшалар

Д) ірі грам оң таяқшалар

Е) тізбектеліп орналасқан грам оң кокктар

16.Yersinia pestis-ң тығыз қоректік ортада өсу ерекшелігі:

А) температуралық оптимумы 43°С

В) ЕПА өспейді

С) 10% тұз қосылған ортада өседі

Д) температуралық оптимумы 25-28°С, ЕПА өседі

Е) глицериннің қосылғанын қажет етеді

17.Yersinia pestis-ң биохимиялық белсенділігінің ерекшелігі:

А) уреаза ферменті бар

В) күкірт сутегін түзеді

С) лактозадан қышқыл мен газ түзеді

Д) индол түзеді

Е) глюкоза және арабинозадан қышқылсыз газ түзеді

18. Бруцеллезбен алиментарлы жолмен зақымданғанда қауіпті болып табылады:

А) су

В) сүт, брынза

С) көкөністер

Д) балық өнімдері

Е) құстар

19.Сібір түйнемесінің диагностикалық әдісі:

А) бактериоскопиялық

В) бактериологиялық

С) молекулярлы-генетикалық

Д) серологиялық (Аг анықтау)

Е) аталғандардың барлығы

20.Адамға патогенді бруцелланың түрі:

А)В.bovis

В)В.melitensis

С)В.ovis

Д)В.canis

Е)В.neotomae

21. Сібір түйнемесінің қоздырғышы сипатталады:

А) грам теріс таяқшалар

В) спора түзбейді

С) полипептидті капсула түзеді

Д) қоректік ортада бөлінбейді

Е) облигатты анаэроб болып табылады

22.Оба қоздырғышының негізгі патогенді факторы болып табылады:

А) эндотоксин

В) адгезия

С) экзотоксин, тышқан токсині

Д) микроколонизация

Е) инвазия

23.Күл қоздырғышы дақылдандырылады:

А) ЕПА

В) өт қосылған ортада

С) Эндо ортасында

D) қанды-теллуритті агар

Е) СТА

24.C.diphtheriae-ң анилинді бояумен біркелкі боялмауының себебі:

А) спора түзуі

В) капсула түзуі

C) талшықтардың болуымен

D) жоғары құрамды липидтер

Е) волютин дәнінің болуымен

25.Bordetella туысы бактерияларының антигендік құрылысы анықталады:

А) Н-антигенінің болуымен

В) Vi- антигенінің болуымен

С) К- антигенінің болуымен

D) О-термостабильді антигеннің болуымен

Е) А- антигенінің болуымен

26. Туберкулез кезінде микроскопиялық әдіс жүргізгенде қолданылады:

А) ЕПА-ға егу

В) нейтрализация реакциясын қолдану

С) Циль-Нильсен әдісі бойынша жүғын-препаратты бояу

Д) Райт реакциясы

Е) Манту сынамасын қолдану

27.Туберкулез таяқшасының таза культурасын алу үшін қолданылады:

А) ЕПА

В) ҚА

С) Левин ортасын

Д) Левенштейн-Йенсен ортасын

Е) СТА

28. Туберкулез таяқшасына тән:

А) сыртқы ортада спораның түзілуі

В) грам теріс бояуы

С) сыртқы ортадағы жоғарғы тұрақтылық

Д) экзотоксин өнімі

Е) капсуланың түзілуі

29.Сіреспенің алдын-алуы үшін қолданады:

а) сіреспе анатоксині

в) тірі аттенуирленген вакцина

с) өлі вакцина

д) генді-инженерлік вакцина

е) антибиотиктер

30.. Анаэробты бактерияларды дақылдандыру үшін қолдануға болады:

а) анаэростат

в) эксикатор оттегінің химиялық адсорбенттімен

с) ұзын бағаналы агар

д) аталғандардың барлығы дұрыс

е) аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес

Жауап кілттері:

1. А, 2.Д 3 Е, 4. Е, 5. C, 6.D, 7.D, 8.C, 9.E,10.С, 11 С, 12.Д, 13.А, 14.С,15.Д, 16.Д,17.Е ,18.В 19.Е, 20.В ,21.С,22.С, 23.D, 24.E, 25. D, 26.С, 27.Д, 28.С,29.А,30.Д.

Жағдайлық есептер

1.Лабораторияға созылмалы фурункулезбен ауырған науқас жіберілді. Инфекцияның себебін анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізуге болады?

2.Стафилококк инфекциясымен ауырған науқасты пенициллинмен емдеген.Ем нәтижелі болмаған.Себебі қандай.Дұрыс ем қолдану үшін не ұсынасыз?

3.Әйелдер босанатын үйде стафилококк инфекциясынан өршу болған. Тез арада инфекция көзін анықтау керек.Оны жүргізу үшін қосымша қандай тесттер қажет?

4.Созылмалы стафилококк инфекциясының арнайы емінде антибиотиктерден басқа қосымша не тағайындауға болады?

5.Ауруханаға келесі симптомдармен бала келіп түсті: ангина, лимфаденит, теріде және шырышты қабаттарында ұсақ нүктелі бөртпелер, жалпы интоксикация.Бактериологиялық зерттеу барысында А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк анықталған. Қандай диагноз қоюға болады?

6.Скарлатинаның иммунитетін анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін қолдануға болады?

7.Ауыз қуысында жайылған қатты шанкрдың бөліндісінен жасалынған препаратта иілген бактериялар табылды.Ауыз қуысының шырышында болатын сапрофитті трепонеманы бозғылт трепонемадан қандай белгілері бойынша ажыратамыз?

8.Мерезге жоспарлы тексеру кезінде тексерілгендерден кардиолипидті антигенмен микропреципитация реакциясы оң нәтиже берді. Осы қорытындыға қарап, диагноз қоя аламыз ба? Диагнозды тұжырымдау үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізуге болады?

9.Мерезбен ауырған әйел бала туды. Жаңа туған нәрестеде осы инфекцияны анықтау үшін қандай диагностикалық әдістер қолданады?

10.Урогенитальді хламидиозға күдіктенгенде зерттеуге қырынды алынды. Диагнозды болжау үшін қандай әдістер қоолдануға болады. Хламидияны анықтау үшін қандай бояу әдісін қолданады ?

11.Жатыр мойнының шырышының эпителиальді торшаларынан алынған қырынды препараттады цитологиялық зерттеу барысында цитоплазматикалық қосындылар– микроколониялар анықталды. Микроскопия нәтижесін қалай тұжырымдауға болады?

12.Науқас мынандай шағымдарымен қызба және жалпы әлсіреу, дәрігерге қаралды, мамандығы малшы, шағымдары қызба және жалпы әлсіреу. Теріні қарау барысында білек аймағында карбункул табылды.

а) науқасқа қандай препараттар тағайындауға болады?

13.Науқас мынандай шағымдарымен қызба, басының және бұлшықеттерінң ауыруымен дәрігерге қаралды. Мал шаруашылығында жұмыс істеген және сүт өнімдерін шикі күйінде ішкен.

а) Бұл ауруды қандай микроорганизмдер шақыруы мүмкін?

б) Қорытынды диагноз қою үшін қандай микробиологиялық зерттеулер жүргізу керек?

в) Бұл аурудың емі мен алдын-алуы үшін қандай препараттар тағайындауға болады?

14. Аңшы аңнан келгеннен соң бірден дене қызуы 390 С дейін көтеріліп, басының ауыруы пайда болған, сонымен бірге қолтық асты лимфа түйіндерінің ісінуі байқалған ( бубон).

а) Бұл ауруды қандай микроорганизмдер шақыруы мүмкін?

б) Қорытынды диагноз қою үшін және инфекция көзін табу үшін қандай микробиологиялық зерттеулер жүргізу керек?

15. Бруцеллезбен ұзақ уақыт ауырған науқаста әр кезекті рецидиві организмнің айқын арнайы сенсибилизациялық симптомдарымен өтеді.

а) Организмнің арнайы сенсибилизациясын қандай диагностикалық әдіспен анықтауға болады.?

б) Бұндай жағдайда қандай терапия әдісін қолдануға болады?

Похожие:

Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
Кафедра меңгерушісі, доцент Ахметова С. Б. Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconҚмму ф 4/3-07/01 Қмму бе 4/01
Кафедра меңгерушісі, доцент Ахметова С. Б. Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconҚмму ф 4/3-07/01 Қмму бе 4/01
Кафедра меңгерушісі, доцент Ахметова С. Б. Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ. Органикалық химия пәні 051103 – «Фармация»
Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың табиғаты, олардың негізгі сипаттамасы
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconМу «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ (Моно-, олиго- және полисахаридтердің қасиеттері және сапалық реакциялары. Гетероциклды қосылыстардың...
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Зат алмасу, жасуша мембранасының және жасушалық органелла өзгерістерін,өткізгіш механизімінің жоғарлауы механизімін білу
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconМу «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ. ((Алкандар, алкендер, арендер.Қасиеттері. Азо- және диазоқосылыстар.Қасиеттері. Оксоқосылыстар.Қасиеттері....
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Бөлім бойынша соңғы сабақ»
Мақсаты: Студенттердің білімін талдағыштар физиологиясы, жнқ физиологисы бойынша білімдерін бағалау
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Бөлім бойынша соңғы сабақ»
Мақсаты: студенттердің білімін тыныс алу, ас қорыту, сыртқа бөліп шығару, жылу реттелу физиологисы бойынша бағалау
Тақырыбы: Бөлім бойынша соңғы сабақ iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Бөлім бойынша соңғы сабақ»
Мақсаты: Студенттердің білімін қан жүйесі, ішкі секреция бездері, қан айналу жүйесінің физиологиясы бойынша білімдерін тексеру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница