Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы




Скачать 229.68 Kb.
НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
страница2/3
Дата конвертации07.02.2013
Размер229.68 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      Жергiлiктi атқарушы органдар арқылы:
      лицензияны беру үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) мемлекеттiк қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – заңды тұлға үшiн;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi – жеке тұлға үшiн;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi – дара кәсiпкер үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      6) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      7) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      3) лицензияның көшiрмесi;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн:
      1) лицензияны жоғалтқаны не бүлдiргенi туралы өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      портал арқылы:
      лицензияны беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) жарғы (заңды тұлға үшiн) – сканерленген көшiрмесi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      3) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшiрмелерi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi – жеке тұлға үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерi – заңды тұлға үшiн;
      6) мемлекеттiк қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң мәлiметтерi – дара кәсiпкер үшiн;
      7) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      8) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi;
      4) лицензияның деректерi (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензияның сканерленген көшiрмесi түрiнде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса берiледi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерiнен ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерiнен не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурстарында алуға болады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
      13. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде құжаттар жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызмет:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы ықылас бiлдiргенде, мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнiң» порталына ескерту жiберiледi – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiмдi қабылдағаны жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет нәтижесi туралы есеп.
      15. Қызмет жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттiк қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрiнде берiледi.
      Портал арқылы өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне жолданады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:
      1) осы субъектiлер санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
      7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетiнде электрондық құжат түрiнде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органдарының заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым тиiстi Әкiмнiң атына мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша:
      1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне;
      2) жергiлiктi атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурсында орналасқан Әкiмнiң блогына;
      3) портал арқылы өтiну жолымен берiледi.
      Шағымды жергiлiктi атқарушы органдардың кеңсесiне тапсырған кезде шағым жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым тиiстi әкiмнiң атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi.
      Портал дұрыс жұмыс iстемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне ие лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Шағым жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне берiлген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағым портал арқылы жөнелтiлген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткiзiлгенi, тiркелгендiгi, орындалуы, қарау нәтижесi туралы белгi) мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде қол жетiмдi болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

«Пестицидтердi (улы химикаттарды)
сату жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыруға лицензияны беру,  
қайта ресiмдеу, лицензияның 
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с


Жергiлiктi атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерiнiң мекенжайы

Байланыс деректерi

Интернет-ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Көкшетау қ-сы, Абай к-сi, 85-үй

тел.: 8(7162)25-07-72, 25-55-11, электрондық поштасы: economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Талдықорған қ-сы, Тәуелсiздiк к-сi, 38-үй

тел.: 8(7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сi, 77-үй

тел.: 8 (7122)35-45-03;
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтөбе қ-сы, Әбiлхайыр хан д-лы, 40-үй

тел.: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Өскемен қ-сы, М. Горький к-сi, 40-үй

тел.: 8 (7232)26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электрондық поштасы: ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Тараз қ-сы, Абай к-сi, 119-үй

тел.: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31,
ф.: 45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Орал қ-сы, Достық к-сi, 179-үй

тел.: 8 (7112)51-35-41, 45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қарағанды қ-сы, Мир бул-ры, 39-үй

тел.: 8 (7212)42-10-80, электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй

тел.: 8 (7142)57-50-03, электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay.

www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қызылорда қ-сы, Ы.Жақаев к-сi, 76-үй

тел.: 8 (7242)26-26-44, электрондық поштасы: sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй

тел.: 8 (7292)31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сi, 49-үй

тел.: 8 (7182)32-25-67, электрондық поштасы: kense.dsh@pavlodar. gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сi, 58-үй

тел.: 8 (7152)46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@sko.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сi, 6-үй

тел.: 8 (7252)53-03-33, электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

15.

«Астана қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Астана қ-сы, Бейбiтшiлiк к-сi, 11-үй

тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85, электрондық поштасы: usx@astana.kz

www.astana.kz

16.

«Алматы қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй

тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89, электрондық поштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru

www.almaty.kz

«Пестицидтердi (улы химикаттарды)
сату жөнiндегi қызметтi жүзеге
асыруға лицензияны беру,  
қайта ресiмдеу, лицензияның 
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына      
2-қосымша           
1   2   3

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЕнбекшілдер ауданының өзін-өзі басқару бөлімдерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерінің тiзiлiмi

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №273 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница