Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!




Скачать 168.21 Kb.
НазваниеҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Дата конвертации11.07.2014
Размер168.21 Kb.
ТипДокументы


Құрметті Григорий Васильевич!
Құрметті депутаттар, шақырылғандар!
Құрметті шемонаихалықтар!

Өткен жыл барлық қазақстандықтар үшін жеңіл болған жоқ. Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз ықпалын жеңілдетуге мүмкіндік берді, сондықтан халықтың көп бөлігіне қатты әсерін тигізген жоқ.

Біздің еліміздің Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауында Біріккен Ұлттар Ұйымының жыл сайынғы баяндамасында өткен жыл нәтижелері бойынша Қазақстан жоғарғы адами потенциалды деңгейлі елдер қатарына енгізілгенін мемлекет басшысы атап өтті. Президент 2030 жылға дейінгі Қазақстан стратегиясын орындау бойынша 21 ғасырдың бірінші онжылдығында қызметтің қорытындыларына талдау жасады. Мемлекет Президентпен пен Үкімет тұлғасында барлық уәделерді орындады. 2009 жыл – бұл дұрыс шешімдер қабылданған уақыт: біз елдің қаржы жүйесін қорғадық, шағын және орта бизнесті қиындықта қалдырмадық, мемлекеттік сатып алуда «қазақстандық мазмұнның» өсуіне қол жеткіздік, агроөнеркәсіп кешенін қолдадық, «Жол картасы» бағдарламасын іске асыруды жақсы өткіздік.

2009 жылы аудан әкімдігінің жұмысы Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерді, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін, облыс әкімінің тапсырмаларын жүзеге асыруға, 14 аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған болатын.

Аудан әкімінің және округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде берілген ұсыныстар мен мәселелерді орындау жөніндегі жұмысқа басты назар аударылды.

Өткен жылғы есеп беру кездесулер уақытында халықтан 86 сұрақ түсті, оның 70-не түсіндірулер сол жерде берілді, 16 сұрақ аудан әкімінің бақылауына алынды, осы бойынша оларды жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары бекітілді. Толық көлемде 12 іс-шара орындалды, 2 сұрақ ұзақ мерзімді орындауда.

2009 жыл әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығымен аяқталды: жұмысшылардың жаппай босатылуы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтап қалуы, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың айтарлықтай қысқаруы болған жоқ. Әлеуметтік көрсеткіштер жақсарды: еңбек ақы 8% өсті, жұмыссыздар саны 19% төмендеді.

Біздің ауданымыздың экономикасының негізі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы болып табылады.

Аудан кәсіпорындарымен өнеркәсіп өнімі 15 млрд.теңгеге өндірілді. Жағымсыз экономикалық жағдай ауданның экспорттық бағыттағы кәсіпорындар қызметтеріне неғұрлым көп әсер етті: жыл қорытындысы бойынша Мыс-химиялық комбинатында өнім көлемі 10% төмендеді, «Ертіс химиялық-металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы 2008 жылғы сәуірден өнім шығаруды тоқтатты, «Ертіс сирек жер компаниясы» ЖШС-гі 2009 жылы өнім шығаруды үштен бірге азайтты, бұл жұмыс орындардың қысқаруына әкелді. «Исток 1», «Орман Алтай» кәсіпорындары өз мүмкіндіктерінен төмен жұмыс істеді. Сондықтан, біздің басты міндетіміз осы жылы - өнеркәсіп өндірісінің құлдырауын болдырмау, әрбір кәсіпорынмен бірге дағдарысқа қарсы іс-шараларды өткізу, бірінші кезекте-еңбек құқықтарын және жұмысшылар кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімдерді орындау.

Аудан облыстың егістікпен айналысатын ірі аудандарының бірі болып табылады.

Дәнді және бұршақ дәнді дақылдарының ауданы 2,5 мың гектарға ұлғайды. 2008 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жыл сайын ылғалды сақтау технологиясы бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру ауданы 6 гектарға өсті және ауданның барлық егістік көлемінен 24,5% құрайды, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарында картоп отырғызу аумақтары өсті. Бидай өндіру 3 есеге, күнбағыс 38%, картоп өндіру 3,7 есеге ұлғайды.

Күн сайын шарттарды орындау мақсатында ауданның және облыстың өңдеу кәсіпорындарына (Исток 1, Восток-Молоко, Эмиль, Риддер қ. жеке кәсіпкері Агеев) ауданнан қысқы уақытта сүт 50 тоннаға дейін, жазғы кезеңде 90 тоннаға дейін түседі. Бірақ өкінішке орай мал өсіруді дамытудың деңгейіне біз жеткен жоқпыз, біз өткен жылғы деңгейге жетпедік, ал осы саланың бар потенциалы жақсы нәтижелерге ие болуға мүмкіндік береді. Сондықтан ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдеріне округ әкімдерімен бірге істейтін жұмыс бар.

Мал өсіруді қолдауға бюджет қаражатынан 310 млн.теңге, көктемгі-дала және жинастыру жұмыстарын өткізуге 205 млн.теңге бағытталды. Бұл біздің шаруашылықтарға мемлекеттің көрсеткен үлкен қолдауы.

Осы жылы біздің алдымызда міндеттер тұр, оларды орындау ауданның ауыл шаруашылық өнімі саласының сапасын арттыру үшін негіз болып табылады және бірінші кезекте ол жерлерді оңтайлы пайдалану, картоп отырғызуды кеңейту және жақын болашақта оны өңдеу, мал басын өсіру, сервистік-дайындық орталықтарын құру, бұл шағын шаруа қожалықтарының іріленуіне әкеледі. Бұл тапсырма облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевпен аудан басшылығына және ауылдық округ әкімдеріне берілді.

Үкімет бағдарламасында маңызды рөл шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінген. Ауданда бұл салада 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Іс-әрекеттегі шағын бизнес кәсіпорындарының саны 3% өсті.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ арқылы өндірісті дамытудың және қызмет көрсету саласын кеңейтудің 11 жобасы қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша облысты индустриализациялау картасына 3 бизнес-жоба енгізілді.

«Заря» шаруа қожалығымен «Исток 1» ЖШС бірлесіп жалпы сомасы 300 млн.теңгеде екі сүт-тауарлық ферманы салуда.

«Триумф» ауылдық тұтынушы кооперативімен «Майлы және бұршақ дақылдарын өндіру, өңдеу». Өсімдік майын, ұн тарту-жарма және қоспажем өнімін өндіру-инвестицияның жалпы сомасы 300 млн.теңге, оның 172 млн.теңгесі «Ертіс ТАНур плюс» ЖШС Өскемен қ. көкөніс қоймасын салу -40 млн.теңге. Өз бизнесін ұйымдастыруға және нығайтуға тілек білдірген бастама ұсыныстар болса, осындай жобалар көп болар еді.

Бүгінгі күні міндеттердің бірі іс-әрекеттегі кәсіпорындар санын көбейту болып табылады. Мұндай тапсырма кәсіпкерлік бөліміне және округ әкімдеріне берілді.

Жыл бойында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 213 келісім орындалды, жалпы сомасы 66 млн. теңгеден астам 533 іс-шара жүзеге асырылды.

Жасалған келісімдер шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету, елді мекендерді көріктендіру, жолдарды жөндеу және ұстау, аудандық және облыстық іс-шараларға спортшылардың және шығармашылық ұжымдардың қатысу мәселелері шешілді.

Өткен жылы аудан экономикасына 4 млрд.теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 95% кәсіпорындардың өз қаражаттары құрайды. Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 28% өсті. Негізінде ол жеке үйлерді салу және пайдалануға енгізу.

Инфляциялық процестерді ұстау мақсатында аудандық штаб қызмет атқарады, бағалардың күнделікті мониторингі жүзеге асырылады. Сауда кәсіпорындарымен азық-түлік өнімдеріне сауда үстемелерін тұрақтандыру бойынша келісімдер жасалған, дүкендерде және дәріханаларда әлеуметтік бөлімдер жұмыс істейді. «Демалыс күні» жәрмеңкелері өткізіледі. Біздің алдымызда тұтыну тауарларына 10% аспайтын сауда үстеме бағаның өсуіне жол бермеу міндеті тұр. Бұл инфляциялық процестерді ұстау жөніндегі облыстық штабтың тапсырмасы, оны құрметті Григорий Васильевич Сіз басқарасыз, біз толық көлемде орындауға тырысамыз. Аталған тармақ барлық меморандумдарға енгізілді.

2009 жылғы бюджет шығындары өткен кезеңмен салыстырғанда қарсы 33% өсті немесе 513 млн.теңге, оның ішінде 498 млн.-«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға шығындар. Жеке меншік кірістерден 763 млн.теңге түсті, облыстық бюджеттен субвенция-705 млн., яғни аудан дотациялық болып табылады. Аудан бюджетіне қосымша салық қорларын анықтауға бағытталған салық басқармасының нақты жұмысының арқасында аудан бюджетіне қосымша 31 млн.теңгеден астам түсім түсті.

Аудан бюджеті әлеуметтік бағытты сақтап қалды: 2008 жыл деңгейінен білім беруге шығындар 12%, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға 37% өсті. Бюджеттік ұйымдарға кепілді еңбек ақыны және барлық әлеуметтік төлемдерді төлеу толық көлемде қамтамасыз етілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу қарсаңында іс-шаралар өткізіледі, олар тек қана соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне бағытталмаған, сондай-ақ, жас шемонаихалықтарда аға буын өкілдерінің жауынгерлік және еңбек ерліктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған. Ауданда 119 соғыс ардагері және 1595 тыл еңбеккері тұрады. Сізбен біздің мақсатымыз-бұл жұмысты кезекті науқанға айналдыру емес, оны абыройлы ұйымдастыру. Жеңіс күніне бюджет қаражатынан біржолғы төлемдер жүргізіледі және мұқтаж соғыс ардагерлері баспанамен қамтамасыз етіледі. Біржолғы төлемнің жалпы сомасы 27 млн.теңгені құрайды. 65 мың теңгеден соғысқа қатысушылар мен мүгедектер алатын болады. 127 адам-қатысушыларға теңестірілген тұлғалар, 25 мың теңгеден, тыл еңбеккерлері-10 мың теңгеден ынталандырылады. Білім беру бөліміне және мектептерге қандай болмасын қолдан келетін көмек көрсету үшін «тимур командаларын» жаңғырту қажет.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша жұмыс айтарлықтай күшейтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жылда мүгедектік, асыраушыны жоғалту, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 28 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек 1766 отбасына көрсетілді.

260 жаңа жұмыс орны құрылды, оның есебінен жұмыссыздар саны азайды, тұрақты жұмысқа 715 адам орналастырылды. 45 кәсіпорында 450 жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 36% орналасты. Тек қана төрт кәсіпорын ортақ қаржыландыруда жұмыс істеді. Бұл өте аз, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аталмыш бағыттағы жұмысты күшейту керек.

14 мамандық бойынша 438 адам кәсіби оқытудан өтті, оның ішінде тұрақты жұмысқа 85% орналасты. 322 адам әлеуметтік жұмысқа қатысты.

Биылғы жылы жаңа мамандықтарға оқыту және қайта оқыту жалғасады және барлық тілек білдірушілер жұмыспен қамту бөліміне тапсырыс бере алады.

Тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылым саласында қомақты жұмыс атқарылды. Мұндағы басымдықтар орын алған проблемалар және халық өтініштері бойынша анықталды.

Шемонаиха қ., № 3 ықшам аудан, № 8 «А»-үй мекен жайындағы тұрғын пәтерлерге жатақхананы қайта жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленді, Жуков көшесіндегі 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу аяқталды, оның сметалық құны 168 млн.теңгені құрайды. Жасанды жабынмен спорт алаңы ашылды.

Первомайский кентінде екі тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша 43,2 млн.теңгеге жұмыс жүргізілді: 248 теплофон орнатылды, трансформаторлық шағын станция жөнделді, қарттар үйіндегі кабельді ауыстыру, пәтерлер, шатырлар, үйдің кіреберістері жөнделді, 2 сорғы станциясының және таза су резервуарларының құрылысы басталды (коммуналдық жеке меншікке қабылдағаннан кейін). 2009 жылы біздің байланысшылар біршама жұмыс атқарды. Сымсыз технология бойынша 2128 телефон орнатылды.

2009 жылы ауданның атқарушы органдарымен дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды, олар көріністі «Жол картасының» 20 жобасында тапты.

Жолдарды жөндеуге 244,3 млн.теңге бағытталды. «Рулиха а. кірме жол» және «Шемонаиха-Усть-Таловка» көлік жолдарына орташа жөндеу, «Шемонаиха-Октярьское-Луговое», «Шемонаиха – Волчанка – Большая Речка», Пруггерово а. кірме жолы, Камышинка, Белый Камень, Зевакино, Убинка көлік жолдарына ағымдық жөндеу және жолдарды жазғы ұстау жүргізілді.

242,4 млн.теңге сомасына Шемонаиха қаласының, Первомайский кентінің және Рулиха ауылының коммуналдық меншігіне қабылданған электр желілері жөнделді, сумен қамтудың ішкікварталдық желілерін жөндеу және жер телімдерін қайтадан тегістеу, Первомайский кентіндегі бұзылған көп қабатты үйлердің құрылыс қоқыстарын шығару жүргізілді, Зевакино ауылында су құбыры жөнделді, Шемонаиха қаласында Мәдениет үйі аумағындағы парк, аула аумақтарын, Астафьев көшесіндегі парк және «Восточный» дүкені жанындағы алаңды көркейту жүргізілді.

Әлеуметтік сала нысандарын жөндеуге 100 млн.теңгеден астам бағытталды. Шемонаиха қаласындағы және Первомайский кентіндегі екі аурухананың, балалар туберкулез шипажайының, Зевакино интернат үйінің жөндеуі жүргізілді.

Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. 14 нысанда жөндеу жұмыстарын өткізуге 175 млн.теңге жоспарланған. 400-ге жуық адам жұмысқа тұратын болады. «Жол картасының» барлық орындалу барысы менің қатаң бақылауымда, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, бақылаушы органдардың және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалының бақылауында тұрғанын атап өту керек. Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде партия постарының мүшелері қойылған міндетке сауатты және жауапты қарады, мұқият тексерулерден кейін қолданысқа нысандарды қабылдаудың соңғы актілеріне өз қолдарын қойды. Аталмыш бағытта біз нақты тәжірибе алдық, ағымдағы 2010 жылы бірлескен жұмыс жалғасатынына сенімдімін (мердігерлерден кепілдеме хаттары алынды).

Ауданда 3 бала бақша, оның ішінде 2 мемлекеттік, 28 мектеп, 4 мемлекеттік мектептен тыс ұйым, 1 балалар панасы, 1 кәсіби лицей және 2 колледж жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын №5 орта мектептің ұжымы оң нәтижелермен тұрақты жұмыс істеуде (директоры Мағиза Қақашқызы Мұқанова).

Оқушылардың жалпы саны 6000 жуық, орта кәсіби мекемелер студенттері-1150 адам. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жөндеуге Жол картасынан тыс 29 млн.теңге бөлінді.

Ауданның жалпы білім беретін мектептері жанында 500-ден астам бала тәрбиеленетін 16 шағын-орталық қызмет атқарады. Шемонаиха қаласында балабақшаларда қосымша 3 топ ашылды. Усть-Таловка кентіндегі «Дошкольник» балабақшасы қазақ және орыс тілдерінде тәрбиелеу және оқытумен аралас балабақша мәртебесіне ауысты. Шемонаиха қаласында 280 орынға бала бақша салу жоспарланған, ол мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұруды қысқартуға мүмкіндік береді.

12 жылдық оқытуға көшудің міндетті шарты мектеп алды даярлығымен қамтылған барлық 5-6 жастағы балалар болып табылады.

Бастауыш мектеп балаларын, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-11 сынып оқушыларын және жетім балаларды тегін тамақтандырумен қамту бойынша облыс әкімінің тапсырмасы орындалды.

Аудан бойынша ҰБТ нәтижелері -70,2 құрады, ол 2008 жылғы көрсеткіштен жоғары, бірақ облыспен салыстырғанда біз 4,3 ұпайға қалып отырмыз. Сондықтан аудан педагогтарына ағымдағы жылы облыс көрсеткіші деңгейінен төмен емес нәтиже алуға барлық күшті салу керек.

Менің ерекше бақылауымда оқушыларды сауықтыру, демалысын және еңбегін ұйымдастыру тұр. Жазғы кезеңде демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтудың барлық түрімен 5600 оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін мектептер жанында 23 жазғы мектеп жанындағы алаң ұйымдастырылды. Киров орта мектебі базасындағы «Экспресс» лагерінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан 125 бала демалды. Бірақ, аталмыш мәселе бойынша жұмысты ұйымдастыру жеткіліксіз, сондықтан қанағаттанарлық жағдайда және қазіргі уақытта қолданылмайтын Зареченская мектебі базасындағы оқушыларды сауықтыру және демалыс үшін жазғы лагерьді жөндеуге тапсырма бердім.

Ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарының желілері мемлекеттік меншік нысанындағы «Шемонаиха ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК және жеке ұйымдармен ұсынылған: Мыс-химиялық комбинаттың медициналық-санитарлық бөлімі, 5 стоматологиялық кабинет. Халыққа бірінші медициналық-санитарлық көмекті көрсету үшін Шемонаиха қаласында 2 дәрігерлік емхана, 8 ауылдық дәрігерлік емхана, 17 медициналық пункт, жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді. Ауданға 4 жас маман келді, оның ішінде 3 ведомствалық баспанамен қамтылды. Бірақ нақты іспен айналысатын мамандар жеткіліксіз. Мен мектеп директорларына ауданға аса қажетті медициналық мамандарды және педагогтарды алуға түлектермен кәсіби бағытталған жұмысты күшейтуге өтініш жасаймын.

Халықтың жалпы өлім көрсеткіштері төмендеді, ана өлімі жоқ, туберкулезбен ауру және туберкулезден өлу азайып келеді. Бірақ бізді қатерлі ісік ауруларының, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен аурушаңдықтың өсуі мазалайды.

Құрметті шемонаихалықтар! Бүгін денсаулық сақтау жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр: 1 қаңтардан ауыруларды тіркеу мен тұру орнына қарамастан сырқаттарға қызмет көрсету жүйесі енгізіледі. Құрметті Түсіпхан Мусинұлы, медициналық бірлестіктің басшылығы, жалғасып жатқан реформалау біздің азаматтардың денсаулығына теріс әсерін тигізбес үшін бұл жағдайларды түсіндіруді ұйымдастыруы керек.

Ауданда 33 мәдениет нысаны жұмысын жалғастыруда.

Есепті жылы 6 ауылдық клуб мекемелеріне ағымдық жөндеу жүргізілді. Аудандық мәдениет үйін материалдық-техникалық нығайту және жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда.

105 шығармашылық ұжым белсенді жұмыс істейді. Өскемен қаласында «Туған жер-алтын бесігім» атты ауданның мәдениет күнін өткізу аса маңызды оқиға болды. Ольга Звонникованың басшылығымен Усть-Таловка кенті өнер мектебінің «Камертон» балалар ансамблінің әнді тамаша орындауы, Н.А.Островский атындағы №1 көп салалы орта мектебі сән театрының жоғарғы шығармашылық дизайны, Петр Валовтың көркемдеу шеберлігі және оның Шемонаиха мектебі оқушыларының эстрадалық-аспаптық ансамблі Өскемен қаласының көрермендерін таң қалдырды. Жас әртістер Семей және облыс орталығының кәсіби әртістерімен тең дәрежеде 2009 жылғы желтоқсанда облыстың қорытынды гала-концертінде аудан атынан қатысты. Шемонаиха қаласының өнер мектебі және Усть-Таловка кентінің өнер мектебі ұжымдарына, ауылдық мәдениет қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Ауданда Шемонаиха қаласының тарихи және ескерткіш орындары бойынша туристік бағыт ашылды. Біз өз өлкеміздің тарихын мақтан тұтамыз, Жеңістің Мемориалдық кешеніне, Анатолий Иванов атындағы саябаққа, танымал Марья жартасына адамдардың келуі жиілеп келеді.

Мен мына мінбеден шемонаихалықтардың мәдени мұрасын сақтауға көмек көрсеткендерге алғыс айтқым келеді. Ол Руслан Азгиреевич Доев, Борис Михайлович Пак, Владимир Иосифович Акулов, Қайыпқан Медеуұлы Әмірзақов, Александр Васильевич Белкин, Айткен Каменұлы Шұрманов, Николай Николаевич Воробьев, Василий Николаевич Колесников, Иван Иванович Наумбетов, Павел Павлович Висмер, Галина Савельевна Андронова, Берік Тоқтарұлы Игіліков, Әділқан Оразалыұлы Баяндинов, Павел Павлович Кондратенко, Ержан Ахтанұлы Нұрбаев, Мұхтар Серікұлы Тойбазаров және басқалары.

Шемонаиха қаласында үшінші жыл мемлекеттік органдардың 142 қызметкері оқитын 13 топта мемлекеттік және басқа тілдерге оқыту орталығы қызмет атқарады.

Әкімдік спортты дамытуда оның құқықбұзушылықты төмендетуге ықпалы барын түсіне отырып белсенді жұмыс істейді. 2009 жылы ғана Шемонаиха қаласында 2 футбол алаңы салынды, оның біреуі жасанды жабынмен, баскетбол алаңы, Шемонаиха қаласындағы спорт залы жөнделді. Аудан спортшылары облыстық және аудандық жарыстарға белсенді қатысты. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (бастығы А.А.Кириченко) жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысатын халықты, бірінші кезекте балаларды қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты ұйымдастырсын. Спорт имараттары мен алаңшаларын спортпен айналысу үшін 100% тарту қажет.

Аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірге қылмыспен және жемқорлықпен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бойынша бағдарламаны орындауда жұмыс жүргізеді. Ауданда жалпы қылмыстың, орта және кішігірім қылмыстың, пәтер тонаушылық, автокөлік ұрлау, топтық қылмыстардың азайғаны байқалады. Негізгі қылмыс түрлерінің ашылуы 100% жетті.

Алайда, тіркелген қылмыстың жалпы санынан өте ауыр қылмыс түрлері ұлғайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың өсуі бар. Бізді кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар мазалайды. АІІБ жеке құрамының алдында қылмыстың алдын алу және азайтуға барынша күш салу міндеті тұр.

Ауданда тұрақты қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдай сақталуда.

Бүгін ауданда достықпен және келісіммен 52 халықтар мен ұлттар өкілдері тұрып жатыр. 5 үкіметтік емес ұйым, аудандық ардагерлер кеңесі, екі саяси партия филиалдары, 8 этно-мәдени орталық, «Қазақ тілі» қоғамы, 13 діни ұйым белсенді жұмыс істейді. Олармен бізде тығыз серіктестік өзара қарым-қатынас жасалған.

Мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттық-насихаттау топтары, жастар клубтары және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары-ЛЗ Сегодня, Уба-Информ, Шемонаихинское время арқылы жүзеге асырылады. 2009 жылы мемлекеттік тілдегі газет «Шемонаиха шұғыласы» шығарыла бастағанын атап айту керек.

Мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 11 съезінде «Қазақстанның гүлденуі және қазақстандықтардың салауаттылығы үшін: мемлекеттің әрбір азаматының өмірін біз қалай жақсартамыз» атты партияның халықтық платформасының бағдарламасы бекітілді.

Экономиканы және қоғамды дамыту бойынша ондағы айтылған бағыттар 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрекет жасау бағдарламасының негізіне, сәйкесінше біздің де аймақтық бағдарламалардың негізіне жатты.

Жалпы саны 1626 адам болатын 53 алғашқы ұйымнан құрылған аудандық партиялық ұйымның нысаналы бағытталған жұмысы ерекше мәнді.

Партия филиалының жанында қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет атқарады, ондағы қабылдауды аудан басшылары, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс, аудан мәслихатының депутаттары өткізеді. 2009 жылы шамамен 60 ауызша және жазбаша өтініш түсті.

Құрметті шемонаихалықтар!

Осы 2010 жыл Қазақстан үшін ерекше болды - бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық бойынша ұйымдағы төрағалық. 2010 жылғы бірінші қаңтардан біз Белоруссия және Ресеймен бірге Кеден одағында тұрамыз және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға көшеміз, бұл біздің экономиканы айтарлықтай күшейтеді, барлық қазақстандықтардың өмір деңгейінің сапасын арттырады. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті жыл сайынғы Жолдауында барлық қазақстандықтарға жалпы міндеттер қойды:

- серпінді индустриализация және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу,

- адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашақты үнемі инвестициялау,

- қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету,

- ұлтаралық келісімді нығайту,

- ұлттық қауіпсіздікті арттыру,

- әрі қарай халықаралық қатынастарды дамыту.

Осы жылы біз барлық қазақстандықтар үшін айтулы мерекені атап өтеміз - бұл Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы және Конституцияның 15 жылдығы. Біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына дайындық басталды. Біз бірге мерейтойлық іс-шараларды өткізуге абыройлы үлес қосатынымымызға сенімдімін.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Астанадағы Президенттің Жолдау бойынша өткізілген іс-шараларға қатысып келгеннен кейін дүйсенбіде қала және аудандардың активімен селекторлық кеңес өткізді. Облыстың экономикалық потенциалы ең алдымен индустриализация аймағы ретінде өте жоғары, бірақ біздің өлкенің ерекшелігі-ол барлық салалардың даму мүмкіндігі, яғни балық шаруашылығы, ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, туризм, халық кәсібі және тағы басқалары деп облыс әкімі баға берді. Екінші ақпанда облыстық газеттерде облыс әкімі есебінің тезистері жарияланды, онда ағымдағы жылы қызметтің барлық бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету бойынша міндеттері нақты ойластырылып белгіленген, өткен жылы жүргізілген кешендік шараларға.талдау берілген, ол дағдарыс сәттерін жеңуге мүмкіндік жасады. Көбінде-бұл Президенттік «Жол картасы» бағдарламасы.

Сондықтан үстіміздегі жылғы негізгі міндет экономиканың нақты секторында тұрақты жұмысты сақтау, ауыл шаруашылығында өндіріс көлемін арттыру, еңбекке жарамды халықты жұмыссыз қалдырмау, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мен аудан халқының әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Өкілетті және атқарушы билік органдарының күші ағымдағы жылы ауданның неғұрлым өзекті мәселелерін шешуге бағытталатын болады:

  • «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін орындау;

  • Жол картасын жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты игеру (175 млн. облыс әкімінің сеніміне алғыс айтамын);

  • Уба өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу (167 млн.теңге);

  • Теміржол көлігімен Артемьевский кенінен кенді тасымалдау туралы мәселені біржолата шешу;

  • «Ертіс химиялық-металлургиялық зауыты» АҚ өндірісті жаңғырту бойынша мәселені шешу керек;

  • Орталық аудандық аурухана жанында бөлек тұрған перзентхана бөлімінің ғимараты жоқ. Аталмыш мәселені шешу және санитарлық нормаларды сақтау үшін нысан салу қажет;

  • және басқалары.

Өзімнің есепті баяндамамды аяқтай келе, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың бірлескен күшімен ғана біздің мемлекетіміздің Президенті Н.Назарбаевпен қойылған міндеттерді шеше алатынымызға сенімділік артамын. Есеп беру кездесулері, оларды өткізу кезінде қарапайым адам өз проблемасын айтуға мүмкіндігі болатындығы және әділ жауап алатынын дәлелдеді. Барлығы ауданда қала, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің 28 есеп берулері өткізілді, мен 10 есеп беруді өткіздім. Қатысушылардың жалпы қамтылуы 1200 адам. 129 сұрақ қойылды, негізінде тұрмыстық сипаттағы, жол қызметтерінің жұмысын жақсарту, медициналық қызмет көрсетудің сапасы, су құбырларына жөндеу жүргізу. 2010 жылы өткен жылға қарағанда жұмыс аз болмайды, ол үшін басты бағыттарға барлық күштің шоғырлануы қажет. Біздің салауаттылығымыз, гүлденуіміз және мүмкіндіктеріміз бәрінен бұрын өзімізге және аудан экономикасын дамытуға қосқан үлесімізге байланысты.

Құрметті жерлестер!

Біздің ауданның табиғаты жомарт, әрі бай, шемонаихалықтарға тек қана белсенді жұмыс істеп, туған жерінің барлық әлеуетін ашу керек. Сіздермен бірге біз оны істей аламыз, оған мен сенімдімін.



Похожие:

Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті Төраға! Құрметті депутаттар!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Бұл бағыттар жеңіс стратегиясы болып табылады, өйткені инновациялар енгізу, еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыру елімізге әлемде...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессия отырысына қатысушылар!
Аудан әкімдерінің мәслихат алдында жартыжылда бір есеп беруі Ел Басының 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығымен белгіленген және заманауи...
Құрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница