Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау




НазваниеҚазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
страница1/35
Дата конвертации08.02.2013
Размер5.41 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 16:04:54
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу

мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 300 Қаулысы

(2009.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР ҚҚА  Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 қаулысымен күші жойылды

 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА  Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 тіркелген), «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының» Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4299 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 222 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда № 4479 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

қосымшада:

3 және 4-тармақ алынып тасталсын.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

6. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Ережеге сәйкес «Статистика» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.

7. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2006 жылғы

25 желтоқсандағы № 300

қаулысының 1-қосымшасы

 

 

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру туралы

 ережесі

 

Осы ереже «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.11. № 258 (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 18 (2008 жылғы 1 маусымда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Банк өзінің филиалдары бойынша деректерді қоса алғанда, уәкілетті органға банктің қаржылық жай-күйі және оның қызметінің нәтижелері туралы деректері бар есебін беруді осы ережесінің 1-28 қосымшасына сәйкес ұсынады.

2. Банк уәкілетті органға электронды тасымалдағыш арқылы есеп беруді есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады. Төртінші тоқсанның есебін беру (ішкі банк операциялары бойынша қорытынды айналымды ескеріп) есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей ұсынылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.11. № 258 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 18 (2008 жылғы 1 маусымда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.28.04. № 59 (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10 № 149  (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 186 (бұр.ред.қара) қаулылармен 2-1-тармақ өзгертілді

2-1. Банк есептілігін уәкілетті органға осы Ереженің 1, 3, 7, 9, 11, 14, 17, 18, 18-1,19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 -қосымшаларына сәйкес электронды тасымалдауышта ай сайын есеп беру айынан кейін келетін айдың жетінші жұмыс күнінің Астана қаласының сағаты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей ұсынады.

3. Тоқсан сайын жасалатын қағаз тасымалдағыштағы есеп беруге бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, банктің бас бухгалтері қол қояды, мөрмен расталады және банкте сақталады. Банк уәкілетті органның талабы бойынша сұранымды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы есеп беруді ұсынады.

4. Электронды тасымалдағыш арқылы ұсынылатын есеп беру деректері құпиялылықты және түзетілуді болдырмауды қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін қолдану арқылы ұсынады.

5. Электронды тасымалдағыш арқылы ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банктің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.

6. Электронды тасымалдағыш арқылы ұсынылған есеп беруде толық емес және сенімді емес ақпарат табылған кезде уәкілетті орган бұл туралы банкке хабарлайды. Банк уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып жетілдірген есеп беруді электронды тасымалдағыш арқылы ұсынады.

7. Осы есеп берудегі деректер мың теңгемен көрсетіледі. Есеп берудегі 500-ден кем сан нөлге дейін, 500 саны және одан көп сан мыңға дейін дөңгелектенеді.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 18 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2008 жылғы 1 маусымда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 

                           Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі

                           банктерінің есебінің тізбесі, нысандары

                           және ұсыну мерзімдері туралы ереженің

                                          1-қосымшасы

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие:

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconЕкінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы №136...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconҚРӘМ №5755 20. 08. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconҚРӘМ №5231 05. 06. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconҚРӘМ №6763 01. 02. 2010 ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconОрталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconҚРӘМ №4602 05. 04. 2007 ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconЕкінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconЕкінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  iconБанктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы»
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница