Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері




Скачать 40.58 Kb.
НазваниеМұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Дата конвертации08.02.2013
Размер40.58 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы «__» _____ № _____ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының

2011 жылғы «__» _____ № _____ бірлескен бұйрығымен бекітілді

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1. Осы Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Осы өлшемдерде мына ұғымдар пайдаланылады:

1) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

2) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;

3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;

4) тексерiлетiн субъекті – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өндіруші;

5) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға.

3. Бастапқы кезде барлық тексерiлетiн субъектілер болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:

тексерiлетiн субъектілермен құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру – 2 балл;

екі және одан да көп тексерiлетiн субъектілермен мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы – 2 балл;

тексерiлетiн субъектілермен шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдау – 2 балл;

шұғыл түрде авариялық жағдайды болдырмау қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату және аз қуатты технологиялық қондырғылармен мұнай өнімдерін өндіру – 2 балл;

тексерiлетiн субъектілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуі – 2 балл;

тексерiлетiн субъектіде өндіріс паспортының болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектіде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілерде дербес сәйкестендіру нөмір-кодының болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілерде Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсынбауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есеп жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбауы – 1 балл;

тексерiлетiн субъектілердің мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген ең аз көлемін орындамауы – 2 балл.

5. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.

Тексеру кезеңінде 4 балдан 6 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Тексеру кезеңінде 6 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 2 балға дейін жинаса, орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Жоғары тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде заңнамалар талаптарын бұзбаса болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

Орташа тәуекел дәрежесi тобына кіретін тексерілетін субъектілер тексеру кезеңінде 1 балдан 3 балға дейін жинаса, болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.

6. Жоспарлы тексерулер тәуекел дәрежесіне байланысты:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкте жүргізіледі.



Похожие:

Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЖеке кәсіпкерлік аясындағы табиғи монополиялар аяларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Осы Табиғи монополиялар аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЕсірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Не «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоспарлы тексерістер жүргізу...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconБілім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерийлер)...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері icon№ исх: от: 05. 04. 2011 15: 21: 43 Қазақстан Республикасы
Медициналық қызметтерді көрсету айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі 2011 жылғы 28 наурыз №70-од астана қаласы
Жерді пайдалану мен қорғау, геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
Осы жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconГеодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
Ау Критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Мемлекеттік бақылау және...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылғы 05 тамыз №25-03-02/459 Астана қаласы
Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік...
Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері iconЖерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
У критерийлері (бұдан әрі Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница