Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»




Скачать 108.9 Kb.
НазваниеБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Дата конвертации08.02.2013
Размер108.9 Kb.
ТипДокументы
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік мекеме Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жай бойынша орналасқан, «Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті» Балқаш, Кербұлақ, Панфилов, Саркан, Райымбек аудандық қазынашылық басқармаларының әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттаманы дайындауға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды.

Орындалатын жұмыстардың тізбесі:

1. Әкімшілік ғимараттында күрделі жөндеу жұмыстарға сметалық құжаттаманы дайындау мына мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 83 – орындау мерзімі – тамыз- қырқүйек 2008 ж.

2. Әкімшілік ғимараттында күрделі жөндеу жұмыстарға сметалық құжаттаманы дайындау мына мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Маметова көшесі, 1А – орындау мерзімі – тамыз- қырқүйек 2008 ж.

3. Әкімшілік ғимараттында күрделі жөндеу жұмыстарға сметалық құжаттаманы дайындау мына мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиева көшесі, 18– орындау мерзімі – тамыз- қырқүйек 2008 ж.

4. Әкімшілік ғимараттында күрделі жөндеу жұмыстарға сметалық құжаттаманы дайындау мына мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Саркан ауданы, Сарқан қаласы, Абай көшесі, 75 – орындау мерзімі – тамыз- қырқүйек 2008 ж.

5. Әкімшілік ғимараттында күрделі жөндеу жұмыстарға сметалық құжаттаманы дайындау мына мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген аулы, Райымбек көшесі, 33 – орындау мерзімі – тамыз- қырқүйек 2008 ж.
Орындалатын жұмыстардың көлемі: Әкімшілік ғимараттардың күрделі жөндеуі жұмыстарына сметалық құжаттаманы дайындау–5 ғимарат Балқаш, Кербұлақ, Панфилов, Саркан, Райымбек аудандық қазынашылық басқармаларына.

Орындалатын жұмыстардың орны:

1. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі;

2.Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Маметова көшесі;

3. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиева көшесі;

4. Алматы облысы, Саркан ауданы, Сарқан қаласы, Абай көшесі, 75;

5. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген аулы, Райымбек көшесі;

Ақы төлеудің мерзімі мен шарттары: Өнім берушімен қызметтер үшін төлем ақы Тапсырыс берушіге істелген жұмысы актісі бойынша жүргізіледі.

Әлеуетті өнім берушіге баға ұсыныстарына көрсетілетін қызметтерге байланысты барлық шығындарды енгізуі қажет.

Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың жобасы маңызды шарттармен тіркеледі.

Өнім беруші баға ұсыныстарын мөрленген конверт арқылы 2008 жылғы 21 тамызбен 28 тамыз аралығында: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132, 4 бөлме, мекен - жайы бойынша әкімшілік бөліміне табыс етуі қажет.

Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуге тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруында және жазбаша шақыруында көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиісті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;

3) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы.

Баға ұсыныстарын соңғы тапсыру мерзімі 2008 жылдың 28 тамызын қоса алғанда сағат 10-00 дейін.

Өнім беруші тапсырыс берушіден қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған уақытынан бастап 5 күннің ішінде қол қою қажет. Өнім беруші тек бір баға ұсынысын ғана береді.

Өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы (заңды тұлға үшін), лицензия, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген куәлігі, статистикалық карт., патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН-і және банктік деректемелері;

2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, атауы мен көлемі;

3) тауарлар жеткізілетін орыны мен мерзімі;

4) енгізілген шығыстар туралы мәліметтерді көрсете отырып тауарлардың бір бірлігінің құны.

Көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы

Талдықорған қаласы 2008 ж. ___ _____________



Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын мемлекеттік мекеме Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті__________ ______________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан ________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын __________________________________________________атынан

(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

______________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

_________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (баға ұсыныстары тәсілімен) қорытындылары негізінде _______ жылы ___ __________ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

217 ҚР Қаржы Министрлігі

Бағдарлама –001 – бақылау және орындауды қамтамасыз ету

Кіші бағдарлама – 008- мемлекеттік органдарының ғимараттарына, бөлмелеріне және құрылыстарына құрделі жұмыстар өткізу

431 Ерекшілік – ғимараттарға, бөлмелерге және құрылыстарға құрделі жұмыстар

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Қызмет көрсету» Тапсырыс берушінің қажеттілігін мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет;

4) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) «Тапсырыс беруші» – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

6) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

3. Өнім беруші тауарды беруге міндетті, ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

Ақы төлеу нысаны : аударым, 30 % алдын ала төлем ақы

4. Төлеу мерзімі: төлем кестесіне сәйкес,

5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

шот-фактура

Төлем кестесі:



Мерзімі

Сомасы

1

Тамыз 2008 жыл,

30 % алдын ала төлем ақы




2

Қыркүйек, 2008 соңғы төлеу







Барлығы:





Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі.

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

6. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немес ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

7. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда саналаманған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

8. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

9. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

10. Өнім берушіге көрсетілген қызметтерге берілген ақы төлеу осы Шарттың 3,4 және 5 тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

11. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Өнім берушінің көрсеткен баға ұсынысына сәйкес келуге тиіс.

12. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

13. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

14. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші Тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

16. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

17. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

18. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

19. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

20. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

21. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс

22. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс. .

23. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

24. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

25. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

26. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

27. Осы Шартта Тапсырыс беруші пен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

28. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өткізгеннен орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін енеді.

29. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

Тапсырыс беруші Өнім беруші

____________________________ ___________________________

(толық атауы) (толық атауы)

____________________________ ___________________________

____________________________ ___________________________

(мекен-жайы) (мекен-жайы)

____________________________ ___________________________

(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)

____________________________ ___________________________

(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)

____________________________ ___________________________

(қолы) (қолы)

______ ж. «___»_____________ ____ ж. «___» ______________
М.О. М.О.

Похожие:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
А сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан мемлекеттік мекеме «Алматы облысы бойынша қазынашылық...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Еттік мекеме, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментіне және аудандық (қалалық) қазынашылық...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алудың ұзартылуы туралы қайталап хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
П алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Лу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен-жайы бойынша орналасқан «Алматы...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңынын 32-бабынын 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасының...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚр мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚр мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница