Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары




Скачать 28.31 Kb.
НазваниеРеспубликалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары
Дата конвертации08.02.2013
Размер28.31 Kb.
ТипДокументы
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен

2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары
8 сынып
1. Қорытпа массасы 2,92 кг қалайыдан және массасы 1,13 кг қорғасыннан тұрады. Егер қорытпаның көлемі оны құраушы бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болса, қорытпаның тығыздығы қандай?

2. Әрқайсының ұзындығы 360 м-ге тең екі поезд түзу параллель жолдармен бір-біріне қарама-қарсы, 54 км/сағ-қа тең бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Поездар кездесіп, олардың соңғы вагондары бір-бірінен ажырағанға дейін қанша уақыт өтеді?

3. Қабырғасының ұзындығы а =10 см кішкентай болат куб сынап бетінде жүзіп жүр. Сынапқа кубтың жоғарғы қырымен бірдей етіп су құяды. Су қабатының H биіктігі қандай?

4. x0=1 см-ге сығу үшін F0=100 H тең күш қажет болатын серіппені х =10 см-ге сығу үшін атқарылатын жұмысты анықтаңдар.

9-сынып
1. Суға батырылған қылтүтітіктің суға батпай қалған бөлігі l = 0,2 м. Су түтік бойымен l/2 = 0,1 м биіктікке көтерілді. Осы қалыпта түтіктің жоғарғы ұшын саусақпен қысып басқанда ондағы судың деңгейі ыдыстағы судың деңгейімен теңескенше бата береді. Осы қалыптағы түтіктің судан шығып тұрған бөлігінің h биіктігін табу керек. Сыртқы қысымы 105 Н/м2 -қа тең.

2. Алюминий кубты мұзға салғанда толығымен батып кетуі үшін оны қандай температураға дейін қыздыру керек? Мұздың балқу температурасы 0 0С, алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы с =836 Дж/(кг∙К), мұздың тығыздығы ρ1=9,2∙102 кг/м3, алюминийдің тығыздығы ρ =2,7∙103 кг/м3, мұздың меншікті балқу жылуы λ= 3,3∙105 Дж/кг.

3. Тор бірдей буындардан тұрады (1-сурет). Тордың әр буынының кедергісі R = 1 0м. А және В нүктелерінің арасындағы кедергіні табыңдар.

1-сурет.

4. Қабырғаға вертикаль (тік) бекітілген айнадан адам басының қалпын өзгертпей, бүкіл бойының кескінін көруі үшін, жазық айна қандай ең кіші биіктікте болуы қажет? Айнаның төменгі шеті еденнен қанша қашықтықта болуы керек?
10-сынып
1. Кішкентай шар тығыздығы жасалынған материалының тығыздығынан төрт есе үлкен болатын сұйықтан тұрақты жылдамдықпен қалқып шығады. Кішкентай шар қозғалған кездегі сұйықтың кедергі күшін тұрақты деп есептей отырып, осы күшті анықтаңдар. Кішкентай шардың массасы 10 г.

2. Екі электрон бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан. Бастапқыда бір электрон қозғалмайды, ал екіншісі оған бастапқы жылдамдықпен электрондарды қосатын түзудің бойымен бағыттала жақындайды. Олар қандай ең аз қашықтыққа жақындайды? Жан-жаққа қандай жылдамдықтармен ұшып кетеді?

3. Жарық сәулесі шыны призмаға α бұрышымен кіріп, призмадан ауаға β бұрышымен шығады. Сонымен қатар бұл сәуле призмадан өткенде бастапқы бағытынан γ бұрышына ауытқиды. Призманың сындырушы бұрышы φ-ді және призма жасалынған материалдың сыну көрсеткішін табыңдар.

4. Цилиндр пішінді қатынас ыдыстарға сынап құйылған. Егер әр ыдыстың көлденең қимасының ауданы S = 0,3 см2, ал сынаптың массасы m = 484 г болса, сынаптың тербеліс периодын табыңдар. Сынаптың тығыздығы ρ=13,6 г/см3

Похожие:

Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары iconРеспубликалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары 8-сынып
Республикалық сырттай оқу мектебінің химия пәнінен 2012 2013 оқу жылына арнал-ған қабылдау тапсырмалары
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon2012-2013 оқу жылына арналған Республикалық сырттай оқу мектебінің қабылдау тапсырмалары. 8 сынып
Акср кезеңіндегі 1920 жылғы және межелеуден кейінгі 1924 жылғы карталарын салып беріңіз
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon2012-2013 учебный год Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер)
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon2012-2013 оқу жылна арналған қабылдау тапсырмалары 8 класс
Прокариоттардың көбею ерекшелiктерi қандай? Бактериялар -ортаның қатал жағдайларынатөзімді,бұлнеге негізделген?
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon«Бекітемін» Мектеп директоры: Ш. Байжанова №148 қазақ орта мектебінің 2011-2012 оқу жылына арналған
Атап айтатын болсақ 5-11 сыныптардағы білім сапасының қорытындысы өткен оқу жылында 69,4 болса, биыл 71,1% болып отыр
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары iconҒылыми кеңестің 2011-2012 оқу жылына арналған
Университеттің 2011-2012 оқу жылына арналған стратегиялық даму жағдайы мен міндеттері туралы
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары iconИстория казахстана
«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon2012-2013 оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің ЖҰмыс жоспары
Химия, биология-география, физика-техникалық, математика және ақпараттық технологиялар факультеттері мамандықтарын өзін өзі аттестаттау...
Республикалық сырттай оқу мектебінің физика пәнінен 2012-2013 оқу жылына арналған қабылдау тапсырмалары icon2012 -2013 оқу жылының қабылдау тапсырмалары. 8 – сынып
Мына гиперболаның диаграммасын тұрғызыңыз. Мұндағы х [0,1; 5,1] аралығында =0,25 қадаммен өзгеріп отырады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница