Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница10/16
Дата конвертации08.02.2013
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

5.4. Жынысты үйінділерінің ішкітектік өрттерінен болған парниктік газдар шығарыдылары


КӨҮСТ басшылығы осы кіші санаттың көздерінен шығарындылар шығатынын мақұлдайды, алайда, оларды есептеудің ешқандай да тиiстi әдiстерiн көрсетпейдi. Бұл шығарындылар маңызды болуы мүмкін, алайда оларды бағалау өте қиын. Осыған қарамастан көмiр өндiрумен байланысты, ҚР кәсiпорындары осы санаттамадан болатын ПГ шығарындыларын есептеу үшін барлық қажетті мәліметтерді ұсынуға және бағалауға тиiстi.

Iшкiтектiк өрттерден болған ПГ шығарындыларын есептеу үшін көмiр өндiру және резервуар немесе бассейндер бойынша аршу жұмыстары жүргізу көрсеткiштерi алынады.

Көмiрөндіру және қорықтандыру қалдықтарынан болған зиянды газтәріздес заттар санын есептеу жөніндегі әдiстемелiк ережелерге сәйкес сыртқы жынысты үйінділерге ішкі ашылған жерлерді жинау олардың тұтануына әкелуі мүмкін, ол атмосфераға ПГ босатумен қосталады.

Сонымен қатар Екiбастұз бассейні бойынша ішкі ашылған жердің 47 % үйінділерде сақтау процесінде ішкітектік өртке әкелетін және толық жанып кететiн көмiр құрайды, сонымен бiрге, ішкі ашылған жерді шығару процесінде де метан және көміртетің қос тотығы бөлінеді. Жану процесінде, сондай-ақ ПГ бөлінеді, олардың есебі жанатын заттың жылу шығару қабiлеттiлiгi жөніндегі мәлiметтерге негізделеді. Біздің жағдайда ішкi ашылған жердiң Q 2562,5 ккал/кг немесе 8,87 TДж/мың.тонна.

Iшкiтектiк өрттерiмен байланысты процестерден болған ПГ жалпы шығарындыларының есебi 1-қосымшада 9-жұмыс парағында көрсетілген.

6. Өнеркәсiптiк процестер

6.1 Шойын және болат өндірісі



Металлургиялық өнеркәсiпте іс жүзінде құрамында көмiртек бар түгел өндіріс қалдықтары, қоқыс үйінділерін қоса алғанда, өндіріске қайтадан қайтарылады.

Кейбір бастапқы материалдар құрамында көмiртек аз болатынын есеріп, ПГ шығарындыларының көлемін тек қана, құрамында көміртек неғұрлым көбіректерден анықтау ұсынылады. Мұндай құрамында көмiртек бар материалдардың қатарына: шойын, әк тас, болат, электродтар және доломит қосылған.

Шекті шойын, темір-тотықты кендерден балқыту жолымен жасалады, басты түрде домна пештерінде, бұнда әдетте көміртек кокс немесе ағаш көмірінде (кейде тас көмірмен немесе мұнай өнiмдерiмен толықтырылатын) отын ретінде және қалпына келтiргiш ретінде де пайдаланылады. Пештердiң көбінде бұл процеске карбонат флюстерін (әк тас) қолдану көмектеседі. Домна пешінде шойынды балқытқан кезде әк тас немесе доломит флюсі CO2 бөлуіне қарай қосымша шығарындылар пайда болады.

Шекті шойында ұсталатын көміртектің бiраз санын қоспағанда, кокс және флюстердегі барлық көмiртек жану өнiмі және кальцилеу ретiнде шығарылады.

Сонымен бiрге, болат өндірісі кезінде шығарындылар анағұрлым аз көлемде пайда болады, ол негізінде шекті шойын құрамындағы көміртектің басым бөлігін (басты түрде тотығу жолымен) жою процесі болып табылады.

Көмiртек отын және қалпына келтiргiш реттегі екi түрлі рөлдi атқарады.

Кокс немесе өзге де қалпына келтiргiштерді тұтынуда көміртекті екі рет есепке алмау маңызды, егер ол энергетикалық шығарындыларды есептегенде отын ретінде есептелген болса. Темір-тотықты кеннен шекті шойынды балқыту көмiртек тотығының негізгі мақсатын құрғандықтан, бұл шығарындылар технологиялық болып есептеледi.

Металлургияда нақты кәсiпорын деңгейде парниктік газдар шығарындыларының көлемдерiн анықтау кәсiпорынның құрылым макетiн қалыптастыру металлургиялық өндiрiстiң, онда өндірілетін өнiмдер және отын түрлерінің әртүрлi өртеулеріне арналған жылу агрегаттары түрлерінің барлық шектеулерін тізуден басталады.

Парниктік газдар шығарындыларының ұсынылатын әдiстемесі бойынша тек қана әртүрлі отын және құрамында көмiртек бар материалдардың (шойын, болат, әк тас, графитті электродтар) түрлері тікелей шығысталатын мақсаттарында (технологиялық процестерде, шектерде) анықталады.

Кәсiпорында отын жағу кездегі энергетикалық шығарындыларды есептеу үшiн 3-бөлiмді қараңыз.
Технологиялық шығарындылар
Флюсты қолдану кездегі CO2 шығарындылары.

Құрамында көмiртек бар материалдардың химиялық реакцияларындағы көмiртектiң тотығуы кездіндегі «технологиялық» шығарындылардан болатын СО2 шығарындылары мынадай формуламен анықталады:
(6.1)
Мұндағы:

Ет - әк тасты (тонналар) күйдiруден болатын СО2 жылдық шығарындылары;

Т – шикізаттың жылдық шығындары (тонналар);

F1 - флюсқа арналған шығарындылар коэффициенттері

Әдетте әк тасты күйдіру кезінде әк тасты алумен болатын реакция жүреді:

СаСО3 > СаО + СО2.

Әк тасты қолдану кездегі стехиметриялық қатынас

СО2 : СаСО3 = 0,44

шығарудың нақты коэффициенті болады (К1)

Доломитті қолдану кездегі стехиометриялық қатынас

СО2:СаСО3 х MgCO3 = 0,447

Егер шикiзаттағы (f ) кальций карбонат фракциясының тазалығы белгiлi болса, онда коэффициентке түзету енгiзуге қажет: (әк тас үшін) 0,44 х f ); (долмит үшін) 0.447 х f
6.1- кестесі. Флюсты өндiру кездегі үндестік бойынша шығарынды коэффициенті (F1)

Әк тасты күйдіру кезінде

0,44

Доломиттi күйдiру кезінде

0,447

Қалпына келтiргiштердi қолдану кездегі СО2 шығарындылары

СО2 шығарындыларын есептеу әдiсi өндiрiс процесi барысында шикiзат және дайын өнiмдердегі көмiртектi бақылауға негiзделген.
Шойын өндiрiсi

Шойын өндірісі кезінде СО2 шығарындылары қалпына келтiргiштердi қолданудан пайда болады. Кокс, көмiр және мұнай коксi қалпына келтiргiштер болуы мүмкін.

Шойын өндірісі кезінде қалпына келтiргiштерден болған шығарындылар мынадай 6.2-формуласымен есептеледі::

(6.2)

Мұндағы:

ЕЧ – шойын (тонналар) өндірісі кезінде қалпына келтiргiштен болатын СО2 жылдық шығарындылары;

F - қалпына келтiргiш үшін шығарындылар коэффициенті (СО2/т тоннасы) (6.2-кестесі);

Мв – қалпына келтiргiштiң массасы (т);

Мр - кендегi көмiртек массасы (т);

Мч - көмiртекті (т) көмірқышқыл газына қайта есептеу коэффициенті (молекулярлық салмақтар мынаған тең: көмiртек = 44 г/моль, СО2 = 12 г/моль немесе = 44 : 12 = 3,667).

Кен (Мр) құрамындағы көмiртек нөлге тең, ал шектi шойын құрамындағы көмiртек шамамен 4%, яғни шекті шойындағы (Мч) көміртек массасын алу үшін өндірілген шойын (т) санын 0,04-ке көбейту қажет.
6.2-кестесі. Болат (қалпына келтiргiш СО2/ т т ) өндірісі кездегі үндестік бойынша СО2 (F) шығарындылар коэффициенті

Қалпына келтiргiш

Шығарындылар коэффициенті

Көмір

2.5

Көмiр коксi

3,1

Мұнай коксі

3,6


Болат өндiрiсі

Болат өндірісі кезінде шығарындылар (мысалы, оттекті конверторларды (К) немесе электр доғалы пештерін (ЭДП) пайдалану) шойын (3-5 %) және болат (0,5-2%) құрамындағы көміртек айырмашылықтарымен анықталады. Бұдан басқа, электр доғалы пешінде балқытылатын болат үшін, сондай-ақ электродтар жануы кезінде босайтын көміртек қосылады:

(6.3)
Мұндағы:

Ес – болат өндірісі (тонналар) кезіндегі СО2 жылдық шығарындылары;

FДЭО – электроболат (тоннадағы СО2/т электроболаты) үшін шығарындылар коэффициенті;

МДЭО – ЭДП өндірілген болат массасы (т);

Мч – шекті шойындағы көмiртек массасы (т);

Мр – болаттағы көмiртек массасы (т);

44/12 - көмiртектi көмiрқышқыл газына қайта есептеу коэффициентi (молекулярлы салмақтар мынаған тең: көмiртек = 44 г/моль, СО2 = 12 г/моль немесе = 44 : 12 = 3,667).

ЭДП балқытылған болат үшін шығарындылар коэффициенті үндестік бойынша элетродтың тотығуы үшін ЭДП балқытылған болат тоннасына 5 кг CO2 құрайды.

Шойын және болат өндiрiсі бойынша әлеуетті кәсiпорыннан болатын СО2 шығарындыларын коэффициенттерді пайдаланумен есептеу мысалдары үндестік бойынша 2-қосымшада көрсетілген.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница