Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница12/16
Дата конвертации08.02.2013
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

6.3 Цемент өндірісі



Кәсiпорын қызметiнiң әртүрлi түрлерi өндірістің әрбір сатыларында – отынды жағу, өнімді өндіру технологиялық процесі, өндiрiс қалдықтары, өнеркәсiптiк сарқынды сулар, шикiзат және дайын өнiмді тасымалдау және т.б. ПГ шығарындыларына алып келеді.

Алайда, әдетте кәсіпорынның жалпы шығарындыларының 95% астамын құрайтын үлесін қосатын энергетикалық (өндіріс кезіндегі отынды жағу) және технологиялық (өндірістік технологиялық процестермен байланысты шығарындылар) процестер бастапқы көздер болып табылады.

Ірі кәсіпорындарда нақ бастапқы көздерден болған шығарындыларды бағалау мағыналы.

Кәсiпорында отынды жағу кездегі энергетикалық шығарындыларды есептеу үшін 3-шi бөлiмді қараңыз.

Технологиялық шығарындылар

CO2 шығарындылары клинкер өндiрiсi кезінде пайда болады, ол цемент жасау процесіндегі аралық компонент болып табылады. Негізінде кальций карбонатынан (CaCO3) тұратын әк тас, клинкер өндiрiсi кезінде ұқсас өнiм ретiнде әкті (CaO) және CO2 түзе отырып қызады (кальциленедi). Содан кейін CaO шикiзат құрамында болатын кремний, алюминий және темiр тотықтарымен клинкердiң негiзгi минералдарын құрастыра отырып, реакцияға түседі, бірақ бұл реакциялар қосымша CO2 бөлмейді.

Ең толық әдiс төмендегі теңдеуге сәйкес клинкердiң жиынтық өндiрiсi туралы мәлiметтердi және клинкер құрамындағы CaO туралы мәлiметтерді қолданудан тұрады:

(6.6)

мұндағы: ЕТ – клинкер өндірісі кезіндегі СО2 жылдық шығарындылары (тонналар);

П - клинкердiң өндiрiс көлемi (тонналар);

CaO – клинкер құрамындағы CaO (салмақты фракция);

ЦШ - Цемент шаңына түзету коэффициенті;

Коэффициент (0.785) бұл шикізатты минералды кальциттегі (СаCO3) молекулалық CO2 және CaO салмақтарының қатынасы, оған клинкердегі CaO құрамының басым бөлігі жатады.

Клинкер құрамындағы орташа CaO, әдетте, жылдық негізде елеулі өзгеріске ұшырамайды, сонымен байланысты бағалау мерзімді жүргізілуі мүмкін (мысалы, 5 жылда бір рет). Егер CaO құрамы туралы мәлiметтер алынбаған жағдайда 0.65 көлемдегі үндестік бойынша бекітілген салмақ коэффициенті пайдаланылуы мүмкін.

6.6-теңдеуі клинкердегi барлық CaO CaCO3 алынған жорамаға негiзделген. Әк тас және тиiстi карбонат материалдары клинкер үшін CaO негiзгi көзi болып табылады, бiрақ кейбiр кәсiпорындарда CaO қосымша көздерi (мысалы, қара металл қоқыстары) қолдануына болады. Егер пешті жүктеген кезде CaO өзге де көздерi елеулі көлемде қолданылса, онда клинкер құрамындағы CaO жалпы фракция салмағы азайтылуы тиісті.

Цемент шаңы жартылай немесе толық пешке қайтарыла алады. Айналымға қайтарылмайтын кез келген ЦШ, CO2 шығарындылары жағынан жүйе үшiн жоғалтылған болып есептеле алады. Жоғалтылған CO2 саны әдетте, 1,5%-дан қазiргi кәсiпорын үшін шамамен 8% аралығында болады.

ЦШ үндестік бойынша бекітілген түзету коэффициенті 1.02 болып табылады.

Мәлiметте жоқ болғанда кәсiпорында мәндерді үндестік бойынша қолдану мүмкін болады.

6.7-кестесі – Клинкер өндірісі кезінде СО2 шығарындыларын есептеуге арналған үндестік бойынша коэффициенттер

Клинкер құрамындағы CaO

0,65

ЦШ түзету коэффициенті

1,02


Цемент өндiрiсi бойынша әлеуетті кәсiпорыннан СО2 шығарындыларын есептеу мысалы 3-қосымшада келтірілген.

6.4 Алюминий өндірісі



Алюминий өндiрiсiнде отынды энергетикалық қажеттіліктерге жағу, кальциленген соданы және қалпына келтiргiштерді пайдалану кезінде СО2 негiзгi шығарындылары пайда болады. Сондай-ақ анодтық әсер кезінде CF4 және C2F6 шығарындылары есептелуі тиісті.

Кәсiпорында отынды жағу кездегі энергетикалық шығарындыларды есептеу үшін 3-шi бөлiмді қараңыз.

Технологиялық шығарындылар

СО2 шығарындыларын есептеу әдiсi өндiрiс процесi барысында шикiзат және дайын өнiмдердегі көмiртектi бақылауға негiзделген.
(6.7)
мұндағы: Ем – алюминий өндiрiсi кезіндегі қалпына келтiргiштен болатын СО2 жылдық шығарындылары (тонналар);

F - Қалпына келтiргiш үшін (тонн СО2/т) шығарындылар коэффициенті;

Мв – қалпына келтiргiш массасы (т);

Кокс, көмiр, және мұнай коксi қалпына келтiргiштер бола алады.
6.8-кестесі. Металл (қалпына келтiргiш СО2/ т т) өндірісі кездегі үндестік бойынша СО2 (F) шығарындылар коэффициенті

Қалпына келтiргiш

Шығарындылар коэффициенті

Көмір

2.5

Көмiр коксi

3,1

Мұнай коксі

3,6



Кальциленген соданы қолдану кездегі СО2 шығарындылары
СО2 шығарындыларын есептеу әдiсi өндiрiс процесi барысында шикiзат және дайын өнiмдердегі көмiртектi бақылауға негiзделген.
(6.8)

мұндағы: Еc - кальциленген соданы қолданудан болған СО2 жылдық шығарындылары (тонналар);

Т - кальциленген соданың жылдық шығындылары (тонналар);

К1 - соданы қолдану кездегі шығарындылар коэффициенті;

Кальциленген соданы қолдану кездегі шығарындылар коэффициенті (К1) үндестік бойынша соданың 415 кг СО2/т құрайды.
CF4 және C2F6 шығарындылары

Алюминий өндiрiсі кезінде CF4 және C2F6 шығарындылары анодтық әсері кезінде болады.

Осындай шығарындыларды есептеуге арналған қарапайым тәсіл өндірілген (Al т) алюминийдің әрбiр тоннасына анодтарды көлденең беру кезінде 1 кг CF4 немесе анодтарды тiк беру кезінде 2 кг CF4 шығарындылары тең келетiнін жорамалдайды.

Сонымен қатар, C2F6 шығарындылары CF4 шығарындыларының 1/10 құрайды деп есептеледі.

Түрлi газдардың шығарындыларын және олардың көлемдерiн салыстырмалы үшін ЖЖӘ (жаһандық жылыну әлеуеті) қолдана отырып, СО2-баламаға келтірілетінін атап өту қажет. C4 және C2F6 үшін ЖЖӘ тиісінше 6200 және 9500-ді құрайды.
Үндестік бойынша коэффициенттерді пайдаланумен СО2 технологиялық шығарындыларын есептеу мысалы төменде көрсетілген.

6.9- кестесі – Фероқоспалар өндірісі кезіндегі технологиялық шығарындыларды есептеу мысалы

Қалпына келтіргіштің шығындары, т

Қалпына келтiргiш үшін шығарындылар коэф-ті

Қалпына келтiргiшті қолданудан болған CO2 шығарындылары, т

1

2

3 (1*2)

1 000 көмір коксы

3,1

3100

6.10 - кестесі – Соданы пайдалану кезіндегі технологиялық шығарындыларды есептеу мысалы

Сода шығындары,т

Әк тас шығарындыларының коэф-ті (СО2 СаСО3), СО2/т

Соданы қолдану, СО2 технологиялық шығарындылар, т

1

2

3

1 000

415

415


6.11 - кестесі – Аноттарды көлденең беруден болған технологиялық шығарындыларды есептеу мысалы

Алюминий өндірісі, т

CF4 шығарындылары,т

C2F6 шығарындылары,т

CF4 шығарындылары, т СО2 -балама

C2F6 шығарындылары, т СО2 -балама

1

2

3

4

5

1000

1

0,1

6200

950

Кәсіпорынның жалпы шығарындылары отынды «жағу» шығарындылары және процестер бойынша «технологиялық» шығарындылар сомасымен анықталады.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница