Скачать 1.28 Mb.
|
1 Жалпы ережелерПарниктік газдар шығарындыларын мемлекеттiк есепке алу және реттеу қажеттiлігі Қазақстан Республикасының БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясына (БҰҰ КӨНК) және Киото хаттамасына қатысуымен анықталады. 1995 жылғы 4 мамырда ҚР Президенті БҰҰ КӨНК ратификациялау туралы Жарлыққа қол қойды. 1999 жылғы 12 наурызда ҚР Президентінің БҰҰ КӨНК Киото хаттмасына қол қою туралы Жарлығы шықты. 2000 жылғы 23 наурызда Қазақстан Үкіметі БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ КӨНК 4-бабының 2 а) және 2 в) тармақтарындағы міндеттемелерді сол баптың 2 g) тармағына сәйкес орындауға өз ниетін білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылғы 26 наурызда «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы» № 144-IV Заңына қол қойды. 2009 жылғы 17 қыркүйекте Киото хаттамасы Қазақстан Республикасы үшін ресми түрде күшіне енді және Марракеш (Морокко) қаласында Жетінші Тараптар Конференциясының шешіміне, сондай-ақ, Киото хаттамасының 1-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Киото хаттамасының мақсаттары үшін БҰҰ КӨНК 1 қосымшасының Тарапы болып есептелді. Бұрын халықаралық деңгейде үш маңызды шешім қабылданды: Киото хаттамасының мақсаттары үшін бізді 1 Қосымшаның елі ретінде анықтайтын Марракеш шешімі; Қазақстан үшін 1992 жылды негізгі деп анықтайтын Найробий шешімі; Қазақстан өзіне 2008-2012 жж. Киото хаттамасы бойынша есепті кезеңге шығарындылар деңгейін 1992 жылғы деңгейден асырмауға ерікті сандық міндеттемелерін алатын Познань шешімі. 1-қосымшаға қосылған БҰҰ КӨНК тарабы ретіндегі Қазақстан Республикасы мiндеттемелерiнiң бiрi парниктік газдардың ұлттық шығарындылары және Ұлттық хабарламасы жөнінде есеп ұсыну болып табылады. Барлық тараптар БҰҰ КӨНК 4-бабының 1-тармағына (а) сәйкес өздерінің ортақ, бiрақ дифференциалдалған жауапкершiлiгін және өздерінің нақты ұлттық және аймақтық басымдылықтарын, мақсаттарын және даму шарттарын есепке ала отырып: а) 12-бапқа сәйкес Тараптар Конференцияларына Тараптар Конференциясымен келісілетін салыстырмалы әдістемелерді қолдана отырып, Монреальдік хаттамамен реттелмейтін көздерден және барлық парниктік газдарды жұтқыштардың абсорбцияларынан антропогендік шығарындылардың ұлттық кадастрларын әзірлейді, жаңартады, жариялайды және ұсынады. Әрбiр Тарап БҰҰ КӨНК Хатшылығы арқылы Тараптар Конференциясына өз мүмкіндіктері шегіндегі дәрежеде антропогендік шығарындылардың және ПГ жұту ұлттық кадастрын ұсынатыны 12-баптың 1 а) тармағында нақтыланады. Киото хаттамасының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «1-қосымшаға қосылған әрбiр Тарап 3-бабқа сәйкес шығарындыларды шектеу және қысқарту бойынша өздерінің белгіленген сандық мiндеттемелерiн орындау кезінде орнықты дамуды көтермелеу мақсатында: a) өзінің ұлттық шарттарына сәйкес мынадай саясат мен шараларды жүзеге асырады және/немесе одан әрi әзірлейді: i) ұлттық экономиканың тиiстi секторларында энергияны пайдаланудың тиiмдiлiгін арттыру; ii) тиiстi халықаралық табиғатты қорғау келiсiмдері бойынша өз мiндеттерiн есепке ала отырып, Монреальдік хаттамамен реттелмейтін парниктік газдар жұтқыштарының және жинаушыларының сапасын қорғау және жоғарылату; тұрақты негiзде орман шаруашылығын жүргізу, ормандандыру және орманды қайта жаңартудың ұтымды әдістеріне ықпал ету;...» ПГ шығарындыларын қысқартуға бағытталған саясатты және шараларды әзірлеу және жүзеге асыру қажеттiлiгінен шыға келе, Қазақстанда кәсiпорындар деңгейiнде ПГ шығарындыларын түгендеу жүргiзiлуде. Кәсiпорындар деңгейiнде ПГ түгендеудi өткiзу мынадай мемлекеттiк мәселелерді шешуге мүмкiндiк береді:
Кәсiпорындарға арналған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдiстемесi мынадай мақсатпен жасалған: а) Киото хаттамасының 2-бабына сәйкес шығарындыларды реттеу және ПГ шығарындыларын төмендету жөніндегі саясатты және шараларды iске асыру; б) БҰҰ КӨНК хатшылығына халықаралық деңгейде ұсынылатын, ПГ түгендеу жөніндегі ұлттық есептерге арналған есептеулерді нақтылайтын, кәсiпорындар деңгейiнде ПГ шығарындыларын түгендеудi жүргізу және шығарындылар туралы қосымша мәлiметтердi алу; в) ПГ шығарындылар квоталарының iшкi саудасын ұйымдастыру үшін шығарындыларды қысқарту жөніндегі саясатты және шараларды iске асыру нәтижесiндегi кәсiпорындардың ПГ шығарындыларын қысқарту есептеулерін жүргізу. Кәсiпорындарға арналған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдiстемесiнiң негiзiне БҰҰ КӨНК 1-қосымшасының қатысушы елдері оның хатшылығына ұсынатын парниктік газдардың шығарындылары және ағындары туралы есептер, барлық ел үшiн қабылданған болып табылатын әдiстеме, ұсыныстар және қағидаларға сәйкес келуi тиіс, 1996 және 2006 жылдардағы КӨҮСТ парниктік газдардың ұлттық түгендеулерiнің басты қағидалары қойылған. Әдiстемені (3-5 бөлiмдері) «Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың және азайтудың ережелерiне» сәйкес жыл сайынғы түгендеудi өткізу кезінде парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін, сондай-ақ, атмосфераға парниктік газдар шығарындыларына квота беруге өтінімді қалыптастыру кезінде пайдалануға болады. Кәсіпорындардың парниктік газдарды түгендеудің паспорттары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Уәкілетті орган паспортты тіркеп, оған тиісті тіркеу нөмірін береді. Уәкілетті орган паспорттың сараптамасын (тексеруін) жүргізуге құқылы. Тіркеу нөмірі негізінде кәсіпорындардың парниктік газдарын тіркеу паспортының мәліметтері парниктік газдардың мемлекеттік кадастріне енгізіледі, оны Уәкілетті орган анықтайтын ведомстволық бағынысты ұйым жүргізеді. |
![]() | Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны Нормативтік сілтемелер | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі... | ![]() | Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының... |