Скачать 1.28 Mb.
|
3. Кәсіпорындардың энергетикалық қызметінен болған (отынды жағу) парниктік газдарын есептеуОсы бөлімде отын жағумен байланысты энергетикалық қызметтен болған парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдiстемесi келтірілген. Кәсiпорынның энергия (тоқ және жылу) өндiру мақсатында және меншiктi қажеттіліктері үшін отын жағуынан болған парниктік газдар шығарындыларын түгендеу жүргізу кезінде тікелей парниктік әсері бар газдардың –көмiртектің қос тотығы (СО2), метан (СН4) және азот шала тотығының (N2O) шығарындылары бағаланады. Отын жағу процестерінде көмiртектiң басым бөлігі тікелей CO2 түрiнде шығарылады. Өзге де газдар да (СН4 и N2O ) солай бағаланады. Барлық босаған көмiртек CO2 шығарындылары ретiнде қарастырылады. Қатты бөлшектер, күйе немесе күл түрінде қалатын тотықталмаған көмiртек отындағы көмiртектiң тотығуын (жанып кеткен көмiртек үлесін көрсететін) коэффициентке көбейту жолымен парниктік газдар шығарындыларының жалпы көрсеткiштерiнен шығарылады. 3.1 Көміртектің қос тотығының шығарындыларыТұрақты отын жағу кезіндегі көмiртек қос тотығының шығарындылары оның жану барысындағы отыннан көмiртектiң бөліну нәтижесi болып табылды және отын ішіндегі көмiртекке тәуелдi болады. Отын ішіндегі көміртек отынның нақты әрбір түріне тән физико-химиялық сипаттама болып табылады және отын жағу процесінен немесе шарттарынан тәуелсіз.
Есептеулер үшiн отынның мынадай физикалық масса өлшем бiрлiктерi немесе көлемі пайдаланылады: қатты және сұйық отындар үшiн - тонна, газ сияқты отынға - мыңдаған текше метрлерi. Физикалық бiрлiктерді – (1-бокс ) джоульдер (Дж), мегаджоульдер (МДж), гигаджоуль (ГДж) немесе тераджоуль (ТДж) жалпы энергетикалық бірліктеріне аудару үшін әрбір отын санатына төменгі жылужасаушы мәні (жану жылулығы немесе жылужасаушы нетто –мәні ЖНМ) қолданылады. Әрбір отын, жануға әсер ететін ЖНМ және көміртек бар мәнділігімен белгілі физико-химиялық сипатқа ие болады. Отын құрамындағы көмiртек кәсiпорынның зертханасында анықталынады, ол көміртектің қос тотығының меншікті шығарындылар коэффициентін есептеуге және шығарындылардың неғұрлым дәлірек мәнін алуға мүмкiндiк береді. Меншікті шығарындылар коэффициенттерiн пайдалану әдiстемеде көрcетiлген орташаланған коэффициенттерінен гөрі тиімдірек. Отынды жағу кезіндегі СО2 шығарындыларының есебі мынадай қадамдарға бөлінеді: 1) натуралды бірліктегі (т, м3 ) әрбір орнатулар бойынша отынның әрбiр түрiнiң iс жүзiнде тұтынылған саны өнiмнің тиісті түріне арналған оның жылусақтау ЖНМ (Тдж/т, м3 ) коэффициентіне көбейтіледі; 2) алынған шығарма (Тдж - энергетикалық бiрлiктерiндегi отын шығыны) көмiртек шығарындыларының коэффициентiне (т C/ТДж) көбейтіледi; 3) алынған шығарма отынның толық емес жануына түзетіледi - көмiртектің тотығу коэффициентіне (СО2: СО қатысты) көбейтіледі; 4) көмiртек шығарындыларын СО2 шығарындыларына қайта есептеу түзетiлген көмiртекті 44/12-ге көбейту жолымен жүргізіледі. Жеке көздер үшін әрбір отын түрлеріне СО2 шығарындылар есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі: Е = М х К1 х К2 х 44/12 (3.1) мұнда: Е - салмақтық бірліктегі (тонна/жылына) СО2 жылдық шығарындылары; М - іс жүзінде жылына тұтынылатын отын (тонна/жылына); К1 – отындағы көміртектің тұтынылу коэффициенті (жанып кеткен көміртек үлесін көрсетеді ), 3.1-кестесі; ЖНМ - жылушығаратын нетто-мән (Дж/тонна), 3.2-кестесі; К2 - көміртек шығарындыларының коэффициенті (тонн/Дж), 3.2-кестесі; 44/12 – көміртекті көмірқышқыл газ коэффициентіне қайта есептеу (тиісті молекулярлық салмақ: көміртек = 44 г/моль, СО2 = 12 г/моль немесе = 44 : 12 = 3,667). Кәсіпорынның тұтынылған әр түрлі отыны жөнінде есептелген деректер негізінде іс жүзінде тұтынылған отынды анықтауды жүргізу. Отынды ондағы бар барлық көміртекті жағу кезінде СО2 дейін тотығады. Отынның толық жанбау есебін көміртектің К1 тотығу коэффициенті көмегімен жүргізеді. К1 орташа мәндері 3.1.-кестесінде көрсетілген. 3.1- кестесі . Көміртектің (К1) тотығу коэффициенті
Тұтынылғын отын санын энергетикалық бірліктерге ауыстыру үшін оның салмағы оның жылушығару нетто-мәніне (ЖНМ) көбейтіледі. Көміртек эмиссиясын алу үшін алынған тұтынылған отын саны көміртек шығарындыларының коэффициентіне көбейтіледі. Қазақстанда пайдалынылатын отын түрлері үшін ЖНМ және көміртек эмиссиясының коэффициенті 3.2.-кестесінде көрсетілген. 3.2- кестесі. - жылушығару нетто-мәнінің –ЖНМ төменгі коэффициенті және Қазақстандағы отын түрлері үшін көміртек эмиссиясының коэффициенті2
|
![]() | Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны Нормативтік сілтемелер | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы | ![]() | Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын |
![]() | Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі... | ![]() | Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының... |