Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
страница7/16
Дата конвертации08.02.2013
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

3.3 Отынды автомобиль көлігімен отынды жағудан болған парниктік газдар шығарындыларын бағалау


Автомобильдік көлік көміртектің қос тотығы (CO2), метан (CH4) және азот шала тотығы (N2O) сияқты елеулі көлемде ПГ шығарындыларын шығарады. КӨҮСТ әдістемесі бойынша автомобиль көлік ПГ эмиссиялары көздерінің бірі ретінде «Энергетикалық қызмет» модульіне кіреді, себебі автоколіктен шыққан ПГ шығарындылар отынды жағуымен сабақтас. ПГ шығарындыларын бағалған кезде КӨҮСТ Анықтама кiтабында ұсынылған шығарындылардың ұлттық факторлары немесе ПГ шығарындыларының факторларын үндестік бойынша пайдалануға болады.

Осы бөлiмде автомобиль көлiгінің отынды жағуының нәтижесінде пайда болатын тікелей парниктік әсері бар – CO2, CH4 және N2O газ шығарындыларын есептеу әдiстемесi келтірілген.

Көлiк құралдарынан шығатын шығарындылардың есептеулерi отынды жалпы тұтыну жөніндегі мәлiметтерге негiзделген. Отынның әрбiр түріне арналған жанудың үлес жылуы және шығарындылар коэффициенттерi Қазақстанда пайдаланылатын отын ерекшелiктерін есепке алуымен жартылай есептелген.

Автомобиль көлігінің отын жағуынан болған шығарындыларды есептеу әдiстемесi екi бөлiкке бөлшектенедi: көмiртектiң қос тотық шығарындыларын бағалау және өзге де газдар шығарындыларын бағалау. CO2 шығарындыларын бағалауды бәрінен де жанатын отын саны мен түрінің және оның құрамындағы көмiртек негізінде жақсы есептеледі. Көмiртектiң тотықтанған саны тәжірибе жүзінде, қолданылатын отынды жағу технологиясына байланысты өзгермейдi. Парниктік әсері бар өзге де газдар шығарындыларын бағалау күрделірек болып табылады, себебі ол автокөлік түріне, отынға, көлік құралын пайдалану сипатына, пайдаланылған газдарды бақылау технологиясының түріне тәуелдi.

3.3.1 Көміртектің қос тотығының шығарындыларын бағалау



Iшкi жану қозғалтқыштарындағы жанған отыннан болатын көмiртектiң қос тотық шығарындыларын есептеуді отын түрлерiн және қозғалтқыш түрлерін есепке алу негізінде жүргізу ұсынылады. Осы әдiс бойынша көмiрқышқыл газының шығарындылары мынадай тәсілмен бағаланады. Бірінші көлiк (жеңiл, жүк таситын, автобустар, арнайы машиналар) түрлерi бойынша отынның әрбiр түрiнiң тұтынылуы бағаланады. Содан кейін формула бойынша отынның әрбiр түрi және көлiктiң түріне арналған шығарындылар факторына тұтынылған отын санын көбейтуi жолымен жалпы СO2 шығарындылары бағаланады.

(3.3)

мұндағы: Е - салмақты бірліктегі (тонна/жылына) СО2 жылдық шығарындылары;

М - бір жылда іс жүзінде тұтынылатын отын (тонна/жылына);

К1 - отындағы көмiртектiң тотығу коэффициенті (жанып кеткен көмiртектiң үлесін көрсетедi), 3.4-кестесі;

ЖНМ - жылушығару нетто-мәні (Дж/тонн), 3.4-кестесі;

К2 - көмiртек шығарындыларының коэффициентi (С/Дж тонналары), 3.4-кестесі;

44/12 – С көміртек эмиссиясын СО2 көмiртек тотығына қайта есептеуге арналған коэффициент.

Автокөлiк секторынан шығатын пайдаланылатын отын түрлеріне (бензин, дизельді отын, сұйылған мұнай газы, сығылған табиғи газ) арналған көмiртектiң қос тотық шығарындыларын бағалау үшін «КазНИПИЭнергопром» мамандары жанған отынды СО2 шығарындыларына (жылу шығару нетто-мәндер, көмiртек шығарындыларының коэффициенттерi, тотықталған көмiртек фракциясы) қайта есептеу аймақтық коэффициенттерiн есептеген. 3.4-кестесінде көрсетiлген қайта есептеуге арналған коэффициенттерiнiң есептерi мынадай мәлiметтер көздері негiзiнде отынның құрамы және олардың физикалық сипаты бойынша жүргiзiлген: отынның әр түрлi түрлерiнiң МСТтарының мәліметтері; анықтама мәлiметтерi; кейбiр мұнай және газ кен орындарынан алынған мәлiметтер.
3.4-кестесі - автокөлiк үшін жағылған отынды СО2 шығарындыларына қайта есептеуге арналған коэффициенттер


Отынның түрi


Жылушығару төменгі нетто –мәні, ЖНМ Тдж/өлшем бірлігі


К2, тС/ТДж көмiртек шығарындыларының коэффициентi

К1 тотықталған көмiртек фракциясы


Бензин


44,21


19,13


0,995


Дизель отыны


43,02


19,98


0,995


МГЖ


47,17


17,91


0,99


Табиғи газ


34,78


15,04


0,995



3.3.2. Метан және азот шала тотығының шығарындыларын бағалау


Автокөлiктен болған СН4 және N2O шығарындыларын есептеу бір жылда жанған автомобилдiк отынның жалпы саны туралы мәлiметтердiң негiзiнде 4 сатыда жүргізіледі:

  1. Әрбір кәсіпорын үшін автомобиль бірліктері (4.5-кестесі) бойынша жағылатын автомобиль отынының жыл сайынға санын, отынды энергетикалық бірліктің – (Дж) джоуль, (ТДж) терраджоуль және т.б. нақты қалпына ауыстыру жолымен анықтау;

  2. Отынның әрбәр түрі үшін метан және азот шала тотығының шығарындылары коэффициентіне көбейту;

  3. Әрбiр газдың шығарындыларын анықтау;

  4. Әрбiр газдың ЖЖӘ көбейту жолымен СО2 баламаға шығарындыларына өзгерту.

  5. Қадамдардың әрқайсысы әрбiр газ үшін (СН4, N2O) қайталанады.


Есептеу формуласы:
Е = М х ЖНМ х К3 (3.4)

мұндағы:

Е - парниктік газдың жылдық шығарындылары (тонна/жылына);

М - бір жылда жағылатын автомобиль отынының саны (тонна/жылына);

ЖНМ - отынның жанатын түріне арналған жылу шығару нетто-мәні (Дж/тонн), 3.2-кестесі;

К3 - парниктік газдар СН4 немесе N2O, (тонн/Дж) шығарындыларының коэффициенттерi, 3.6-кестесі.

Метан немесе азот шала тотығының шығарындыларын СО2 баламаға аудару СН4 үшін 21-ге және N2O үшін 310-ға көбейту жолымен жүргізіледі.

Автомобиль көлiгінен болатын метан және азот шала тотығының шығарындыларын есептеу үшiн Қазақстанның барлық автомобиль паркі 3.5-кестесінде көрсетілген топтарға бөлінеді.

3.5-кестесі. Автомобильдерді түрлері бойынша бөлу

Автомобиль дәрежесі

Өндiрiс орны

Автомобильдің параметрлерi

КӨҮСТ бойынша автомобильдер дәрежесі

қозғалтқыштың көлемi (Vh),l

толық масса, (Мп), т

Жеңiл автомобильдер

ТМД

Vh <1.4




Жеңіл автомобильдер

1.4< Vh <2.0

2.0< Vh

Алыс шетел

Vh <1.4

1.4< Vh <2.0

2.0< Vh

Автобустар

ТМД




Мп<3,5

3, 5 т дейiнгі жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар

3,5< Мп<17,0

Автобустар

17,0< Мп

Алыс шетел




Мп<3,5

3, 5 т дейiнгі жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар

3,5< Мп<17,0

Автобустар

17,0< Мп

Жүк таситын автомобиьдер

ТМД




Мп<3,5

3, 5 т дейiнгі жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар

3,5< Мп<8,0

3,5 т артық жүк көлiктері

8,0< Мп<12,0

12,0<Мп

Алыс шетел




Мп<3,5

3, 5 т дейiнгі жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар

3,5< Мп<8,0

3,5 т артық жүк көлiктері

8,0< Мп<12,0

12,0<Мп


Тұтынылған отын сандарын есептегеннен кейін автомобильдер 4 топқа біріктірілді. Автокөлiктi топтарға бөлуді «Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ККҒЗИ АҚ) мамандары жүргiзген.

Әрбiр дәреже өз алдына қолданылатын отын түрлерi бойынша бөлінедi.

1. Жеңiл жолаушылар автомобильдері – 12 немесе одан кем жолаушыларды тасымалдауға арналған жалпы номиналды салмағы 3500 кг кем автомобильдер.

2. Жеңiл жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар – басты түрде жүктi немесе бiрден 16 жолаушыларға дейін тасымалдауға арналған немесе жолдан тыс қызмет мүмкiндiктермен арнайы жабдықталған жалпы номиналды салмағы 3500 кг кем автомобильдер. Жүк таситын пикаптар, жолаушылар және жүк таситын фургондардың көпшiлiгi, 4 доңғалағы тартатын автомобильдер және олардың модификациялары осы дәрежеге кіреді;

3. Ауыр жүк таситын автомобильдер – салмағы 3500 кг артатын «үлкен» өндіріс автомобильдері. Оларға үлкен пикаптар, фургондар және әсіресе пикаптар мен фургондар шассилерін пайдаланатын жүк машиналары, сондай-ақ жалпы салмағы сегiз қысқа тонна немесе одан көбiрек болатын үлкен ауыр жүк машиналары кіреді;

4. Автобустарға, микроавтобустардан басқа, отырғызатын орындары 16 артық, автобустардың барлық түрлері кіреді. Микроавтобустар жеңiл жүк таситын автокөлiктер дәрежесіне қосылған.

Автомобиль көлiгiнен болған метан және азот шала тотығы шығарындыларының коэффициенттерiн есептеу автокөлiк құралдардың негiзгi дәрежелерi бойынша жүргiзiледi. Автокөлiк құралдарды дәрежелер бойынша бөлу КӨҮСТ Анықтама басшылығының ұсыныстары және ККҒЗИ РМК есептеулерi негізінде жасалды.

Пайдаланылған газдарды бақылау технологиялары бойынша барлық автокөлiк құралдары «бақыланбайтын» бір топқа біріктірілді, екі себептермен: бiрiншiден, каталитикалық бейтараптандырулармен жабдықталған машиналар елемейтіндей аз және екiншiден, осы уақытта каталитикалық бейтараптандырулармен жабдықталған машиналардың есебі жүргізілмейді. Эмиссия коэффициенттерiнiң мәндерi 3.6-кестесінде ұсынылған.
3.6-кестесі. Автокөлiк жаққан отыннан болған метан және азот шала тотығы эмиссияларының коэффициенттерi

Өлшем бiрлiктерi

Шығарындылар коэффициенттерi

CH4

N2O



Жеңiл жолаушылар автомобильдері, отын - бензин

г/МДж

0,006

0,1

Жеңiл жолаушылар автомобильдері, отын - дизель

г/МДж

0,006

0,6



3, 5 тоннаға дейiнгі жүк таситын автомобильдер және микроавтобустар, отын - бензин

г/МДж

0,006

0,1

3, 5 тоннадан артатын жүк таситын автомобильдер, отын - бензин

г/МДж

0,006

0,1

Жүк таситын авто мобильдер ,отын - дизель

г/МДж

0,006

0,6

Жүк таситын автомобильдер,отын - СМГ

г/МДж

0,006

0,6

Автобустар, отын - бензин

г/МДж

0,006

0,1

Автобустар, отын - дизель

г/МДж

0,006

0,6
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница