Скачать 465.57 Kb.
|
Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2007 жылы 12 желтоқсандағы №4-31 шешімімен бекітілді. Батыс Қазақстан облысын басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Орал қаласы, 2007 жыл МАЗМҰНЫ
Батыс Қазақстан облысын басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2007 жылдың 27 қарашасындағы Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы №1286 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы №995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жоюдың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сай жасақталды. Бағдарламада жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесінің нәтижелілігін дамыту арқылы қажетті жағдайларды қалыптастыру процесін сатылап жүзеге асыру, азаматтардың жергілікті ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құқығын жүзеге асыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде облыс қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолдары көзделген. Бағдарламада мемлекеттік бағдарламаның негізгі қағидалары ескеріледі және мемлекеттік басқару мен экономикадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаппай таратылуы мен дамуындағы жергілікті басқару органдарының қызметін үйлестіруге бағытталған. 3. Батыс Қазақстан облысының ақпараттандырылу жағдайын талдау Жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың ақпараттандырылуын бағалай отырып, облыс пен мемлекеттік құрылымдардың ақпараттандырылу деңгейін көтеруге бағытталған белгілі бір жұмыс көлемінің атқарылғанын атап өткен жөн. Тағы бір айта кететін жайт, облыста жергілікті есептеу желісіне көшу іске асырылды, сонымен қатар бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға қажетті мәліметтер банкі мен базалары жасақталуда. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің 92,5% компьютерлік техникамен, ал мемлекеттік департаменттер мен басқармалар 100% жергілікті есептеу желісімен қамтылған. Аудандық әкімдіктерде компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 99,6% құрап отыр. Жергілікті желі барлық аудан әкімдіктерінде орнатылған. 1 сурет. 2004-2007 жж Батыс Қазақстан облысы департаменттері мен басқармаларының компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі ![]() 2 ![]() сурет. 2004-2007 жж Батыс Қазақстан облысы аудан әкімдері аппараттарының компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі. Соңғы 4 жылда мемлекеттік мекемелерде, атап айтқанда, департамент, басқарма және облыстың аудан әкімдері аппараттарында компьютерлік парктер саны артуда. 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы компьютерлер саны 2 есеге, принтерлер саны 1,9 есеге көбейіп отыр (1,2 сурет). Бұл жергілікті атқарушы органдардың «электрондық үкімет» инфрақұрылымының компоненттерін енгізуге дайын екендігін көрсетеді. Жалпы алғанда жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі мен сапалық құрамын жақсы деп санауға болады. Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің 90% қалалық телефон нөмірлерімен қамтылған. Облыс әкімдігі мен басқа да ведомстволарға қарасты мемлекеттік мекемелер ішкі шағын АТС-термен қамтамасыз етілді. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің ақпаратты компьютерлік өңдеу ісіне дайындығы салыстырмалы түрде орташа деп бағалануда. Қызметкерлердің 60% компьютерді қолданушы деңгейінде меңгерсе, 10% сауатты пайдаланушылар қатарында, 27% компьютер тілін меңгеру деңгейі орташадан төмен, тек 3% ғана компьютерлік техниканы мүлдем меңгермегендер. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерін бірыңғай желіге біріктіретін, кез-келген нүктеден (қаладан 60 км қашықтыққа дейінгі) қол жеткізілуге мүмкіншілігі бар мәліметтер берудің бірлескен жүйесі құрылды. Бұл желіге жергілікті есептеу желісі жасақталған облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, облыстық департаменттер мен басқармалар қосылған. Нысандар өзара RED-LINE құрылғысы мен WI-FI протоколының бекітілген жиілігінің байланысымен жалғанған. Бұл мемлекеттік департаменттер мен басқармалардың тығыз байланыста жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 2006 жылы облыстық департаменттер мен әкімдікте лицензиондық жүйелік бағдарламалық жасақтамалары бар 22 сервер орнатылды. 2007 жылы аудан әкімдіктері және Орал қаласы әкімдігін мәлімет берудің бірлескен желісіне қосу аяқталмақ. Осының негізінде Батыс Қазақстан облысының бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымын құру аяқталатын болады. Серверлерде вирустардан және теріс пиғылды бұзу әрекеттерінен қорғайтын арнайы қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Облыс әкімдігінде 4 сервер орнатылды: - жергілікті қауіпсіздік сервері; - DNS сервері мен домендік бақылаушы (контроллер); - резервтік сервер; - облыс әкімдігінің Lotus сервері. Бүгінгі таңда жергілікті есептеу желісі облыс әкімдігінде, облыстық мәслихат, облыстық әкімдікке қарасты мемлекеттік департаменттер мен басқармаларда, аудандық әкімдіктер мен Орал қаласы әкімдігінде орнатылды. Ішкі нормативтік құжаттармен резервтік көшірмелер жасау бекітілді. Ақпараттар стандартты тасымалдаушыларда резервтеледі. Мемлекеттік мекемелер арасында Red Line құрылғысы және WI-FI технологиясы негізінде мәлімет берудің бірлескен жүйесі құрылды. Мәлімет берудің сымсыз жүйесінің қауіпсіздігін мәліметтерді шифрлеу жүйесі қамтамасыз етеді. Мәлімет беру жүйесі Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі табыс еткен 5775-5795 МГц бөлінген жиілігінде жүзеге асады. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» МКК-де мәлімет берудің бірлескен жүйесі жағдайының мониторингін жүргізетін Red Access 2.0 бағдарламалық жасақтамасы қондырылған. Мәлімет берудің бірлескен жүйесі Достық-Дружба даңғылы, 186 мекенжайында орналасқан орталық тораптан басқарылады. Достық-Дружба даңғылы, 186 мекенжайында орналасқан орталық торабында және Достық-Дружба даңғылы, 179 мекенжайындағы Интранет (ішкі Интернет) арқылы қаланың негізгі көшелеріндегі жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін 3 Web-камера орнатылған. Бейне камералардың көрсету бұрышы 270 градус. Мәлімет берудің бірлескен жүйесі жоғарыда баяндалған мекемелерді бір желіге біріктіріп, электронды құжат айналымы жүйесіне енгізуге, қажетті ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге және мәлімет беру режимі мен электронды пошта арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті ақпараттық трафикті бір шектен шығармауға және Батыс Қазақстан облысы аумағында ақпарат алмасу жылдамдығының нәтижелілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мәлімет берудің бірлескен желісі ақпаратты қорғаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 965 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысында мәлімет берудің бірлескен жүйесінің тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында IP VPN технологиясы бойынша байланыстың резервтік каналдары ұйымдастырылды. Облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер HDSL және ADSL модемдері арқылы байланыстың резервтік арналарына қосылған. Батыс Қазақстан облысында бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін басқарудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс әкімі аппаратында және оған қарасты мемлекеттік мекемелерде электронды құжат айналымы жүйесі енгізілді. 600-ден аса қолданушы электронды құжат айналымы жүйесі бойынша оқытылды. Электронды құжат айналымы жүйесі облыстық әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасауда, сонымен қатар параллельді түрде құжат айналымының жаңартулары бойынша оқыту жүргізілуде. 2007 жылы электронды құжат айналымы аудандық әкімдіктер мен Орал қаласы әкімдігі жұмыстарына енгізілуі аяқталмақ. Осылайша, электронды құжат айналымы әрбір мемлекеттік қызметкерге жеткізілмек. Қазіргі таңда облыс әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде негізгі мақсаты мәліметтерді өңдеудің жекелеген технологиялық буындарын автоматтандыру болып табылатын автономды жүйелер (ААЖ - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер немесе АЖО – автоматтандырылған жұмыс орындары) қолданылады. Шалғай аудандардағы қолданушыларды қосуға мүмкіндік беретін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәліметтер базасы жасақталды. Қазіргі таңда бағдарлама мәліметтер енгізуге, есептерді қарауға, кесте және диаграммалар шығаруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ұсынылатын есептер, ақпаратты жан-жақты сараптауға арналған кубтар санын көбейту қажет. Инвестициялық жобалар және олардың пайдалылығын сараптайтын, аудан, ауылдық округ және елді мекендер, аумақтық объектілер бойынша жиынтық ақпарат беретін «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының электрондық үздік-жоспары» бағдарламасы жасақталды. Қазіргі таңда Үздік-жоспарға барлық елді мекендер туралы ақпараттар және 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламалар енгізілді. Уақыттың шектеулілігіне байланысты жобаларды генерациялау модулі жасақталып үлгермеді. Модульді жасақтаумен қоса инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімдірек әдістемесін жасақтау қажет. «Батыс Қазақстан облысының электронды-ақпараттық картасы» қосымшасынан бейнелі түрде елді мекендерді, олардың аумақтық объектілерін, осы елді мекендерге арналған инвестициялық жобаларды көруге болады. Жоғарыда аталған ақпараттық жүйелер ішкі қажеттілікке байланысты және әртүрлі мәлімет беруді басқару жүйелерінде жасалғанын айта кеткен жөн. Бұл автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден басқа жүргізілуі республикалық құрылымдарға берілген басқа да базалар жасақталды. «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» МКК жүзеге асырған жобалар салыстырмалы қысқа уақытқа есептелгендіктен алғашқы ақпаратты сақтауға арналған негізгі, бірінші кезекке қажет ақпараттық жүйелер ғана жасақталды. Бұлардың негізінде аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерін нақты кезеңге және келешекке жоспарлайтын, өзара байланысты, интеграцияланған кешенін құруға болады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтер базаларынан басқа, Internet желісінде орналасқан облыс бойынша жалпы ақпарат, шаруашылық салалары, тарихы, облыс картасы, фотоальбом және тағы басқа мәліметтер бар ресми Web-сервер қызмет жасайды. Көлемі бойынша бұл сервер шағын Web-сайтқа сай келеді. Қазіргі таңда Web-сайтты кеңейту, оның дизайнын өзгерту және жаңа материалдармен толықтыру мақсаты қойылып отыр. 2007 жылы аудандық әкімдіктерді бірыңғай мәлімет беру жүйесіне қосу аяқталмақ. Бұл өз кезегінде сыртқы республикалық және ауқымды телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелерге шығу мүмкіндігіне ие, өзара тығыз байланысқан облыстық телекоммуникациялар инфрақұрылымын (облыстық, қалалық, аудандық) құруға, облыс аумағындағы өз абоненттерін ақпараттық қызметтердің толық сервисімен қамтуға, аудан әкімдіктерінде электронды құжат айналымы жүйесін енгізуге, қалаларалық байланыс шығындарын төмендетуге, көлік, интернетті пайдалану мен кеңсе тауарлары шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шешім қабылдауды талап етеін ақпараттың өңделуіне қажетті уақытты айтарлықтай үнемдемек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер жұмысына сертификатталған электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу және үкіметтік электрондық құжат айналымы жүйесімен біріктіру жоспарлануда. Қосымша құжаттар, көрсеткіштер жүйесін, формалар, көп өлшемді сараптама құралдарын енгізу арқылы Region.net облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәліметтер базасы әрдайым кеңейтіліп отырады. Сонымен қатар «Электрондық мәслихат» жобасы дамуда: «Батыс Қазақстан облысының электрондық мәслихаты» порталы жасақталып, тәжірибелік пайдаланудан өтті, Батыс Қазақстан облысының 4 ауданында және Орал қаласында электрондық қоғамдық қабылдаулар (ЭҚҚ) құрылды. Облыста «Қоғамдық қол жеткізу пункттері» желісін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінен қоғамдық орындарда орнату үшін 43 ақпараттық киоск (қоғамдық қол жеткізу пункттерінің 1 деңгейі) және 2 компьютер және принтер жиынтығы (қоғамдық қол жеткізу пункттерінің 2 деңгейі) алынды. Барлық ақпараттық киоскілер Орал қаласы және облыс аудандарына таратылып берілді. Ақпараттық киоскілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің электрондық порталына және БҚО әкімдігінің ресми сайтына кіру мүмкіндігін беруге арналған. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҚО әкімдігінің «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» МКК базасында халықты және бюджеттік сала қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқу бөлмелері дайындалды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінен 264 компьютер алынып, оқу бөлмелерін ұйымдастыру үшін аудандарға таратылды. Жазғы кезеңде Батыс Қазақстан облысында келесі санаттар бойынша 7362 адам оқытылды: балалар үйі тәрбиеленушілері, бюджеттік және бюджеттік емес сала қызметкерлері. Батыс Қазақстан облысының ақпараттандырылу жағдайын бағалай отырып, облыста бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық кеңістік құруға, «электрондық үкімет» компоненттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың қолға алынғанын айту қажет. «Электрондық үкімет» жұмысының тиімділігін арттырып, оның компоненттерін мемлекеттік орган, бизнес-құрылымдарға енгізу және басқа да халыққа көрсетілер мемлекеттік қызметтердің маңызды санаттарын ұсыну үшін облысты ақпараттандырудың келесі сатысын жүзеге асыру қажет. Міне осындай маңызды міндеттер Бағдарламаға жүктелуде. Облыстың ақпараттандыру деңгейіне талдау жасау үшін Ресейдің кейбір аймақтарындағы тәжірибемен салыстыруға болады. Татарстан Республикасында «2005-2010 жылдарға арналған «Электронды Татарстан» атты ақпараттандыруды дамытудың кешенді бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның негізгі іс-шараларына Тартарстан Республикасының ақпараттандырылуын дамытудың бағдарламалы-концептуалды және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; ақпараттық-коммуникациялық секторды кадрлармен қамту; Татарстан Республикасындағы ақпараттандырылу процестерін қаржыландыру тетіктерін шыңдау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі; интеграцияланған байланыс желісін дамыту мен мемлекеттік билік органдарының өзара мәлімет алмасуы; электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдау арқылы Татарстан Республикасының билік органдары арасында қорғалған құжат айналымын жүргізу; мемлекеттік билік органдарында «электрондық үкімет» жүйесін дамыту; республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін электронды сатып алу жүйесін дамыту және жүзеге асыру; Татарстан Республикасында бірыңғай ғылыми-білім берудің ақпараттық ортасын дамыту; денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; көлік саласы және жолдар шаруашылығында автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін дамыту; мәдениет саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; кәсіпкерлікті қолдау, қаржы-банк саласы инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен қызметтер өндірісін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әлеуметтік салаларда қолдану және ақпараттық теңсіздікті жеңу; Татарстан Республикасында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды Татарстан Республикасы тұрғындары мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, апат салдарын жою кезінде қолдану жатады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстар көлемі 3270,1 млн. рубль немесе 16023,49 млн.теңгені құрайды. Бұған Татарстан Республикасының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы көздері жатады. Бұдан басқа Ресейде «2002-2010 жылдарға арналған электронды Ресей» федералды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Башқұртстан Республикасында 2003-2010 жылдарға арналған «Башқұртстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын ақпараттандыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады: Башқұртстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының өзара ақпараттық-коммуникациялық байланыс жүйесін дамыту; Башқұртстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық ресурстарын дамыту; түрлі бағыттар бойынша басқару шешімдерін қабылдауға қолдау көрсетудің автоматтандырылған бағдарламалы-техникалық жүйесін құру және енгізу; Интернет желісінде Башқұртстан Республикасының ресми ақпараттық порталын дамыту; Башқұртстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының ведомствоаралық электронды құжат айналымын дамыту; мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті өнімдерді сатып алудың автоматтандырылған жүйесін құру; мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау; кәсіби қызмет барысында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білетін мемлекеттік қызметкерлерді жүйелі түрде қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру. Келтірілген ақпараттардан мынадай қорытынды шығаруға болады: ақпараттандырылу процесі ұзақ мерзімді, көп ресурстарды жұмсауды, қомақты қаржылай шығындарды, кадр ресурсын тартуды талап етеді. Тұжырымдаманы салыстырмалы талдау «электрондық үкіметтің» Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы аймақтарында қалыптасуы мен дамуы бірдей сатымен өтіп жатырғанын көрсетеді. Тек Ресей аймақтарында ақпараттандыру тұжырымдамасының орындалу уақыты ұзақ және қаржыландыру көздері ірі. |