Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы




Скачать 64.55 Kb.
НазваниеСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Дата конвертации16.11.2012
Размер64.55 Kb.
ТипДокументы


14.05.2012г. №157-ө

Сауда мақсаты үшін парниктік

газдар шығарындыларының

көміртегі бірліктері бойынша

мониторинг, есепке алуды және

есептілікті жүргізу қағидалары

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы «14» мамырдағы № 157-ө

бұйрығымен бекітілген

Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидаcы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасында сауда мақсатында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алу және есептілікті жүргізу тәртібін және олармен жүргізілетін операцияларды анықтайды және өзінің әрекетін белгіленген мөлшер бірліктеріне, квота бірліктеріне, шығарындылардың ішкі азайту бірліктеріне, шығарындылардың азайту бірліктеріне, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері мен сіңіру бірліктеріне қолданады.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. айналымнан көміртегі бірліктерін алып тастау - сауда бойынша операцияларды жүзеге асыруы тоқтатылған көміртегі бірліктері;

  2. есеп беру кезеңі - Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын қондырғы операторының парниктік газдарды түгендеу бойынша есеп ұсынатын күнтізбелік жыл;

  3. квоталар бірліктерін өтеу - Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылған қондырғы операторының көміртегі бірліктерін парниктік газдарды түгендеу туралы есепке сәйкес, есеп беру кезеңі бойынша осы қондырғы жөнінде парниктік газдар шығарындыларының көлеміне тең мөлшерде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінен айналымнан алып тастау шотына беру;

  4. көміртегі бірліктерін есепке алу - Қазақстан Республикасымен айналымға енгізілген көміртегі бірліктері, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде көміртегі бірліктерімен жасалатын операциялар жөніндегі ақпаратты есепке алу;

  5. көміртегі бірліктерін жою - айналымнан толық шығарылған көміртегі бірліктері;

  6. халықаралық көміртегі бірліктері - белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңірулер бірліктері және олардан туындаған басқа көміртегі бірліктері.

3. Халықаралық көміртегі бірліктерін және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы олармен жүргізілетін операцияларды мониторингтеу оларды операцияларды халықаралық тіркеу журналымен мақұлдау бойынша операциялар, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы шеңберінде белгіленген талаптарына сәйкес рәсімдер шеңберінде іске асырылады.

2. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг жүргізу тәртібі
4. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша және олармен көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы жүргізілетін операцияларға ішкі және сыртқы мониторинг жүзеге асырылады.

5. Парниктік газдар шығарындылары көміртегі бірліктерінің ішкі мониторингін көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы олармен жүргізілетін операцияларды автоматты түрде тексеру арқылы жүргізеді.

6. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторының жыл сайынғы есептерін қарастыру рәсімі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көміртегі бірліктерінің және олармен жүргізілетін операцияларға кезеңдік ішкі мониторинг жүргізеді.

7. Парниктік газдар шығарындылары көміртегі бірліктерінің және олармен жүргізілетін операциялардың ішкі мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны жүргізуге халықаралық сарапшылар мен тәуелсіз аккредиттелген ұйымдарды тарту арқылы ұйымдастырады.

3. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерін бойынша есепке алу тәртібі
8. Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есепке алу көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы жүзеге асырылады.

9. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы әр парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктеріне бірегей сәйкестендіру нөмірін береді.

10. Қазақстан Республикасымен айналымға енгізілетін және шығарылатын парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерін жеке есепке алу мақсатында көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы мынадай шоттардың түрлері бойынша операцияларды ашады және қызмет көрсетеді:

1) Қазақстан Республикасының шоты;

2) парниктік газдар шығарындыларына квоталар алған қондырғылар операторларының шоттары;

3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ішкі жобалар операторларының шоттары;

4) көміртегі бірліктерімен сауда жасауға қатысушылардың шоттары.

11. Қондырғы операторларымен өтелген парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерін есепке алуды көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы расталған есептер негізінде жүргізеді.

4. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есептілік тәртібі
12. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері және олармен жүргізілген операциялар бойынша есептерді ай сайын ұсынады.

13. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторының есептеріне мынадай ақпараттар енгізіледі:

  1. шоттардың нөмірлері;

  2. көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шоттар иелерінің атаулары мен байланыс деректері;

  3. шоттардағы көміртегі бірліктерінің түрлі типтерінің саны;

  4. тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктері тізілімі мен таза даму тетігі тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктері мен шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктерінің саны;

  5. тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктері тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктерінің саны;

  6. жойылған көміртегі бірліктерінің саны;

  7. айналымнан шығарылған көміртегі бірліктерінің саны.

14. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар алған қондырғылар операторларының квоталар бірліктері мен шоттарына қатысты есепке мынадай қосымша ақпарат енгізіледі:

1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар мен сертификаттардың нөмірлері;

2) квоталанатын қондырғылар бойынша сәйкестендіру деректері;

3) парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар бірліктерінің көлемі;

4) қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының көлемі (есептік жылдар бойынша);

5) қондырғылар бойынша өтелген квоталардың көлемі (есептік жылдар бойынша);

6) квоталанатын қондырғы шығарындылары бойынша мониторинг және есеп беруге қатысты талаптардың операторлармен сақталуы туралы ақпарат.

15. Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша ішкі жобалар операторлары мен бірлесіп жүзеге асыру жобалары операторларының шоттарына қатысты есепке мынадай ақпарат енгізіледі:

1) жобалардың атаулары мен олардың орналасқан жерлері, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша көміртегі бірліктерін қолданысқа енгізу күні;

2) шығарындыларды азайтудың ішкі бірліктері мен шығарындыларды азайту бірліктерінің айналымға енгізілген бірліктерінің саны.

16. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерімен сауда жасау жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы интернет-ресурста ай сайын жаңартылатын есептерді жариялап отырады.

Похожие:

Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconӘр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2 тармақшасына және 16-бабының...
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconӘскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және...
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы icon№1-жу нысанды мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алу карточкасы
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығарылған тұлғаларды есепке алуды жүргізу және пайдалану туралы Ережеге қоса берілген...
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 қараша №1259 Астана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы icon«1992 жылғы туған азаматтарды 2009 жылы Абай ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы» аудан әкімінің 23. 12. 2008 жылғы №41 санды шешімі
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» шілде 2005 жылғы №74 Заңының 11 бабына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер...
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы icon2012 жылғы 01 наурыз №25-03-01/82 Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница