«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама




Скачать 179.6 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
Дата конвертации16.11.2012
Размер179.6 Kb.
ТипДокументы




№ исх: 07-03/1905-В от: 05.07.2012

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама


  1. Заң жобасының атауы


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.


  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар мерзіміне арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген, оның 3.1-тармағында мемлекеттің құқық қорғау қызметінде басты басымдылықтары: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа жауап әрекетінің бұлтартпаулығын қамтамасыз ету, қылмыстарды жылдам әрі толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара іс-қимылдар жасасу.

Осы бағыттарда тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, соның ішінде ойын бизнесі мәселелері бойынша жетілдіру талап етіледі.

Сонымен қатар, заң жобасын әзірлеудің негіздемесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ. Әбдірахымовтың 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 23-20/128 (4120) тапсырмасы болып табылады, аталған тапсырмға сәйкес заңсыз жұмыс істейтін ойын мекемелерінің қызметін анықтай және әшкерелеу, сонымен қатар, заңсыз ойын бизнесіне жеке адамдардың қамқорлық жасауын тоқтату жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында, қазіргі тәжірибені есепке ала отырып, ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы заңнаманы оңтайландыру қажет.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы ақпан айы жағдайында ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік тізілімдемеде берілген лицензиялар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында 71 ойын мекемесі жұмыс істейді: казино – 19, ойын автоматтар залы – 10, букмекерлік кеңсе – 30, тотализатор – 12. Ұтыссыз ойын автоматтарының жалпы саны 359 автоматты құрайды.

2011 жылы лицензиялық алымдардың жалпы сомасы: казино және ойын автоматтары залы бойынша – 29 068 200 теңге, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар бойынша – 7 741 440 теңгені құрады. 2009-2010 жылдары құмар ойындарын және бәс тігу ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 3 млрд. 058 млн. 007 тыс. теңге ден 9 млрд. 274 млн. теңгеге дейін өсті және 2011 жылдың 9 ай қорытындылары бойынша 8 млрд. 954 мың. 595 теңге құрайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарлауы бойынша 2010 жылы 158 заңсыз жұмыс істейтін казино, ойын автоматтар залдары анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 190-тармағының 1-бөліміне сәйкес 5 қылмыстық іс қозғалған, 14 ойын мекемесін ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 мәлімет Қаржы полициясына айыпкерлік бойынша жолданған.

Ойын бизнесі саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелетініне қарамастан, жекелеген нормалардың ережелерінің кемшіліктері бар, соның салдарына ойын бизнесінің субъектілері тарапынан бұзушылықтарды тудырады.

Айталық, Құқық қорғау органдары ойын бизнесі субъектілерін тексеру іс-шараларын жүргізу барысында ойын автоматтарын қосалқы жерлерде сақтау себебімен, тексеріс кезінде уақытша өшіріп қою арқылы, орнату және қолдану фактілері көптеп кездеседі. Аталған факт ойын мекемелердің бюджетке міндетті салықтық төлемдерден жалтарып жатқанын куәландырады. Қазіргі таңда заңсыз ойын мекемелерінің қызметін тоқтату кезінде жабдықтарды жалға беру шарты негізінде ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын ойын автоматтарын тәркілеу мүмкін емес. ҚР ӘҚК 50-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық бойынша тәркілеуге тек қана бұзушының мүлігі болып саналатын зат жатады. Ойын бизнесі туралы заңның 13-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес өтініш берушіге ойын бизнесі саласында қызметпен айналысуға лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптарының бірі меншігінде ойын жабдықтарының болуы болып табылады. Заң жобасында ойын жабдықтарды мүліктік жалға беруге тыйым салуды қарастыруға жоспарланып отыр.

Осыған орай, өтінім берушіге лицензия алу үшін қойылатын мүлік құқығында бар ойын жабдықтар жайында талап (2-т) 1-т 13-т, Заң) заң жобасында Ойын бизнесі Заңының 11-тармағы 1-тармақшасына сәйкес ойын бизнесін жүргізу үшін белгіленген жерлерден басқа ойын жабдықтарды құру, қолдану және сақтауға тыйым салуды ұсынылып отыр, сонымен қатар, Заңның 11-тармағы 1-тармақшасына сәйкес мүліктік жалға беруді, ҚР ӘҚК 338-1-тармақта қарастырылған құқықтық бұзуларды және қосымша санкцияларды анықтаумен жүзеге асыру.

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 – бабы 2- тармағына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызмет өтінім берушіге әрбір ойын мекемесіне он жыл мерзімге берілетін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 6-тармағына сәйкес лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

Бұл баптың 9-тармағында мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын қызметті қоспағанда, лицензиялау талап етілетін қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға немесе белгілі бір іс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі деп белгіленген.

Сонымен қатар, бүгінгіде ойын бизнесі саласында аталған ережелері бұзылған жағдайлар бар.

Мысалы, «Букмекерская контора «Гол+Пас» ЖШС-гі (бұдан әрі - «Гол+Пас» БК) мен дара кәсіпкер К.Г. Мусинов (бұдан әрі – агент) арасында «Гол+Пас» БК-ның пайдасына ақырғының қабылдау және халықтың төлемдерін өндеу бойынша қызметтерін көрсетуге келісім - шарт (агенттік келісім) жасалған.

Аталған келісім-шарттың негізінде агентпен барлық ел аймақтарында спорттық оқиғаларға ақша түрде ставкаларды қабылдайтын және ұтыстарды төлейтін «Гол+Пас» атаулы 50 шақты төлем қабылдау пунктері ашылған. Бұл ретте, бұл пункттерде салық органдарының қызметкерлеріне көбінесе «Гол+Пас» БК-ің атына берілген лицензияның көшірмесі көрсетіледі.

Сондықтан, жоғарыда аталған қабылдау және төлемдерді өндеу бойынша қызметтерін көрсетуге келісім-шарттардың (агенттік келісімдердің) жасауы қолданыстағы лицензиялау туралы заңнамасын айналып шығуға бағытталған деп санаймыз.

«Гол+Пас» БК-да Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің берген ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы куәлігі бар екенін атап өткен жөн (қоса берілген).

Жоғарыда аталған келісім-шартқа сәйкес агент ақпараттық файлдарды өндеу жүйесі арқылы «Гол+Пас» БК-ын тіркеу нөмірі, қолма-қол ақшаның сомасы бар электронды хат жіберу арқылы жеке тұлғалардан қолма-қол ақша қабылданғаны туралы хабарлайды. Яғни, «Гол+Пас» БК-сы нақты ойын бизнесі салығын әрбір төлемдер қабылдау пунктілеріне төлемей, тек бір электронды касса кеңсесіне ғана төлеуде (материадар қоса берілген).

Салық кодексінің 412-бабына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19)-тармақшасына сәйкес тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы - аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін орын деп танылған.

Осы баптың 19-1)-тармақшасына сәйкес тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе.

Яғни, букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - құмар ойнын және (немесе) бәс тігуге қатысушы ставканы осы не басқа оқиғаға қашықтық арқылы «электрондық» ақшамен жасай алатын ақпараттық жүйе (Интернет), ал букмекер кеңсесінің кассасы – жеке тұлғаның - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушының тікелей қатысу кезінде ставкалар қабылдау және ұтыстарды ақша түрінде төленетін орын.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қандай болса да ақпараттық жүйені пайдалануына қарамастан ставкаларды қабылдау және ұтыстарды ақша түрде төлеуді жүзеге асыратын пунктер электрондық касса болып табылмайды деп санаймыз.

Салық кодексінің 574-бабы 1-тармағына сәйкес ойын бизнесін жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркеу болып табылады. Осылайша, ақша түрінде ставкалар қабылдау, оның ішінде агенттік орын салық органында бөлек букмекер кеңсесінің кассасы ретінде (ойын бизнесін ұйымдастырушыда тиісті лицензия болған кезде) тіркеу есебіне қоюға жатады.

Тиісінше, аталған келісім-шарттарды жасау салық салудан бас тарту схемасы болып табылады, сондай-ақ «Лицензиялау туралы», «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдардың, Салық кодексінің нормаларын бұзу деп санаймыз.

Қазіргі таңда, бәс тігу ұйымдастыру барысында ойын бизнесін ұйымдастырушымен шартты жасау негізінде ставкаларды ойын бизнесін ұйымдастыруға лицензиялары жоқ жеке кәсіпкерліктің басқа субъектілері қабылдайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің («Салық кодексі») 412-бабына сәйкес букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына ойын бизнесінің объектілері ретінде салық салынады, алайда, ставкаларды қабылдау пункттері салық салынатын ойын бизнесінің объектілері ретінде белгіленбеген. Осылайша, ойын бизнесінің субъектілері тиісті салықтарды төлемей ставкаларды қабылдау қызметін жүзеге асырады.

Аталған фактілерді жою үшін заң жобамен тотализатор және букмекер кеңселерді ойын мекеменің аумағында міндетті түрде орналастыруды және олардың қызметін, оның ішінде тотализатор, букмекер кеңселердің кассалары (электрондық кассалар), үшінші тұлғаларға беруге тыйым салуға қарастыруды ұсынылады.

Ойын бизнесі туралы заңда (1-баптың 17)-тармақшасы) «аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ойын мекемесі және нақты уақыт тәртібінде құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу жалғыз қолданушы немесе көп қолданушылар тәртібінде ұтыс алу қарастырылған» «онлайн-казино» анықтамасы бекітілген. Аталған анықтау интернет жүйесіндегі құмар ойындардың маңызды сипаттамаларын толығымен қамтылмайды, мысалы, «Ойын бизнесі туралы» заңда ойын мекемесі - ұтыс алуды көздейтін, лицензия негізінде құмар ойындар және (немесе) бәс тігу өтетін ғимарат, үй-жай, құрылыс мәнін білдіреді. Сонымен қатар, онлайн казинода қатысушы құмар ойындарды интернет арқылы рас немесе виртуалды ақшаға компьютерлік бағдарламамен ойнайды, осыған орай осы анықтаудың пысықталуы ұсынылады.

Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қолданумен құмар ойындарын жүзеге асыруды тыйым салынса да, интернет клубтарда онлайн казинолардың қызметтерімен қолдану іске асырылады. Аталған қызметтердің ұйымдастырушылар құмар ойыдардың өткізілмейтіндігінен бас тартады және ақылы интернет қызметтерін қолдануында тұрады, онлайн ойындарды қоса. Қолданыстағы заңнама осындай оқиғаларды шығару механизмдерді қарастырмайды.

Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешендер онлайн-казиномен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналаса алады. Осы жағдайды пайдаланып, ойын бизнесінің кейбір субъектілері өз кызметтерін аппараттық-бағдарламалық кешендер арқылы Интернет жүйесі бойынша бүкіл Қазақстан аумағында лицензиясыз, ойын бизнесі үшін салықты төлеусіз, және Қазақстан Республикасының уәкілетті, құқық қорғау, салық органдарының бақылауынсыз жүзеге асыра алады.

Интернет казино үш бөлімнен тұрады:

  • веб-сайт казино – әдеттегі казино туралы ақпараты бар сайт. Казино туралы ақпаратты (иленуші, лицензия, байланыс ақпарат), ойындар, бонустар, ережелер, ақша салу және шешу жолдары. Егер казино жүктелген болса, бағдарламаны жүктеуге болады, ал болмаса – сайтта бірден ойнауға болады. Кейбір казинолар ойнаушының жеке бетіне кіруді қамтамасыз етеді, онда ойнның нәтижелерін көруге болады.

  • ойын бағдарламасы (софт) – Софт казинолардың ойындары ойнауға рұқсат беретін программа, оларды екі үлкен категорияға бөлуді болады: жүктеулі (download) және жүктелмейтін (no-download). Жүктелетін софтты интернеттен жүктеу және компьютерде орнату керек, ол өзі Windows программасы сияқты болып шығады. Жүктелмейтін казинолар тек қана интернет-браузер қолданумен ғана ойнауға болады. Ойнау үшін үнемі интернетке жалғанып тұру керек.

  • банк (немесе касса) - (Bank, Cashier) қолданумен ойнаушы казинода шотқа ақша сала алады, сонымен қатар, шеше алады – осы әрекеттер транзакциялар деп аталады.

Онлайн казино қызметтерін реттейтін құқықтық механизмдерді жасау үшін онлайн-казино қызметі бойынша сілтемелерге блок салу және банктерге ақшаны онлайн казино шоттарына аударуды, интернет клубтардың илеушілердің сайттарды бақылау міндетті атқаруды және провайдерларға сот өкімі негізінде ойын серверлеріне рұқсат бермеу және үндеуші ретінде прокурорды немесе құзыретті органды белгілеу.


  1. Заң жобасының мақсаты


Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының нормаларын ойын бизнесі мекемелерінің қызметін бақылау жүйесін өзгерту және күшейту арқылы одан әрі жетілдіру, сонымен қатар, заңнамалық шектеулерді айналып өту ережелерін алып тастау болып табылады.


  1. Заң жобасының реттеу мәні


Заң жобасының реттеу мәні ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.


  1. Заң жобасының құрылымы


Заң жобасының құрылымы екі бапты қамтиды:

1-баппен Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі;

3) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  1. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2-баппен аталған заңның қолданысқа енгізілу тәртібі айқындалады.


  1. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар


Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар тудырмайды.

Оң әлеуметтік-экономикалық салдарға мыналарды жатқыруға болады:

- тотализаторлар және букмекерлік кеңселер кассаларын тіркеусіз ставкалар қабылдауды жүзеге асыратын, нәтижесінде ойын бизнесін ұйымдастырушыларға ойын бизнесі салығынан жалтару мүмкіндігін тудыратын субъектілердің қызметін тоқтату;

- Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс тыс жерлерде онлайн-казино қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмау;

- 21 жасқа толмаған тұлғаларға ойын бизнесі саласында қызмет жасауға тыйым салу.

- онлайн казино қызметін шектейтін механизмді жүзеге асыру.

Заң жобасын қабылдау жалпы ойын бизнесі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған, аталған саладағы заңнаманың нормаларын тиімді қолдануға ықпал етеді, заң жобасын қабылданған жағдайда, теріс құқықтық салдар жойылады.


  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасына сәйкес бір мезгілде (кейіннен) келтіру қажеттілігі


Талап етілмейді.


  1. Заң жобасы мәнінің басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелуі

Аталған заң жобасының мәні Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының ережелерімен реттеледі.


  1. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

Әлемнің бүкіл елінде ойын бизнесі салықтық және бақылау органдарындың қатаң қадағалауында. Салық салудан жалтару және заңсыз ойын бизнесін жүргізу мүмкіндігін тұрақты түрде қысқартылып келеді.

АҚШ-та лицензиялау жүйесі қатаң түрде бақыланады екенін атап өткен жөн, оның басты мақсаты орынсыз бәсекелестікке жол бермеу. Аймақта 95% аса ойын бизнесін 25 отбасылық және корпоративтік кландар бақылайды. Сонымен қатар, ойын мекемелерінде бейнетүсірілім on-line-тәртіпте салық қызметіне (IRS) жолданып тұрады.

«Gaming Compliance» (Ұлыбритания) мәліметі бойынша, ойын мекемелеріне талаптарды қатайту жалпы еуропалық үрдіс болып табылады. Мысалы, Эстонияда лицензиялардың бағасы 120 мыңнан 1 млн. еуроға дейін өсірілді, Латвияда ойын мекемелері орналасқан жерлерден тыс жерде оларды жарнамалау қызметін жүргізуге тыйым салынады. Мексикада, Сауд Аравиясында, тағы басқа мұсылман елдерінде ойын бизнесіне тыйым салынған.

1997 жылы Түркия Үкіметімен казино индустриясын мүлдем жою туралы шешім қабылданды. Бұдан соң, жартылай кейбір жерлерде туристтерге арнап казино қызметі мақұлданды.

Қытайда ойын бизнесін жүргізуге Макао ерекше аумағынан басқа жерлерде тыйым салынған, осы кедергіні бұзу үшін үлкен көлеміндегі штраф және үш жылға бостандықтан айыру айып қарастырылған.

Литвада барлық лицензияларды Құмар ойындарын қадағалау жөнінщдегі комиссия береді және шектеусіз мерзім қолданылады. Алайда, тек қана лицензия алумен ойын кәсіпорнын ресімдеу тәртібі таусылмайды. Мысалы, тотализаторды немесе бәс тігуді ұйымдастыруға лицензиясы бар субъект Қадағалау жөніндегі комиссия ойын регламентін бекіткеннен кейін ғана ойын қызметін жүзеге асыра алады. Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыратын субъектілер басқа шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналасу құқығынан айырылады, ал олар жалға алған мекемелер тек қана құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қолданыла алады.

Ал, ойын жабдықтарын пайдалануға тек қана сертификат немесе таңбалау болғанда рұқсат етіледі. Қызметшілерді даярлаудан басқа құмар ойындарын ұйымдастырумен байланысты емес мақсатта ойын жабдықтарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Ойын жабдықтарын бөлшектермен жинау және жасау, жөндеу, құмар ойынның алгоритм бағдарламаларын жаңадан жасау және қолданыстағыларды өзгертуге тыйым салынады. Сонымен қатар, «Б» категорияның автоматтарын «жинау қорының» (прогрессивтік джекпот) жүйесіне қосуға рұқсат етілмейді.

Литвада казиноларға, бинго салондарына және ойын автоматтары залдарына қойылатын басты талаптпардың бірі жеке кірісі бар бөлек үй-жайдың болуы. Сонымен бірге, казиноларда, бинго салондарында орналасқан жабдықтар ойынның үздіксіз процесін, тұрақты жарықтандыру және ойын барысында үздіксіз жұмыс істейтін бейнетүсірілімнің цифрлы жүйесін қамтамасыз етуі керек. Ойындарды казинода ұйымдастыру жағдайында, бейнетүсірілімнің цифрлы жүйесі әрбір үстелге орнатылуы керек. Қазіргі таңда, Литвада ойын бизнесінің дамуы бизнестің және мемлекеттің арасындағы мәдени диалог шеңберінде жүзеге асырылады, бұл - мемлекеттің ойын индустриясының болашақтағы табыс кепілі.

Венгрияда заңнама өте қатал. Ойын бизнесі елде мынадай нормативтік актілермен реттеледі: 1991 жылғы «Құмар ойындар туралы» қолданыстағы 34-ші заңға жиі-жиі заңнаманы қатайту үшін өзгерістер енгізіледі, 1991 жылғы «Концессиялар туралы» 16-шы заң (мемлекет құмар ойындарына өзінің монополиялы құқығын концессия шарты негізінде жүзеге асыруға рұқсат береді), 1991 жылғы «Кейбір құмар ойындарына рұқсатнамалар туралы» Қаржы министрлігінің қаулысы. Құмар ойындарын заңсыз ұйымдастыру үшін жаза қарастыратын Венгрияның Қылмыстық кодексінің (1978 жылғы 4 заң) қызметі де зор. «Ойын бизнесін ұйымдастыру туралы» Заңның 2-бабының 7-тармағына сәйкес Венгрияда шетелде ұйымдастырылатын құмар ойындарында қызығушылық мақсатында делдалдық қатысу, оларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және шетелдегі құмар ойындарын жарнамалау, насихаттауға рұқсат етілмейді.

Қазіргі таңда Ресейде ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру үшін қылмыстың арнайы құрамын енгізуді қарастырылып жатыр. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының қарауына букмекерлік кеңсенің (тотализатордың) ставка қабылдау жерлеріне салық салу туралы тиісті заң жобасы ұсынылды.

Дүниеде құмар ойындардың даму жаңа кезеңі - интернет казино болып жатыр. Қазіргі таңда, ойын автоматтары және казино өз рөлін онлайн ойындарына беріп отыр, олар бүкіл процесті қайталаумен ойнаушыға толығымен тәуелсіздік береді, ал ол жолда болса да онлайн казиноға кіре алады.

Осылай, АҚШ-та 2006 жылдан бастап интернет ойындар заңсыз деп жарияланған, ал қаржы мекемелеріне онлайн ойындармен байланысты төлемдерді өндеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Сауда Ұйымымен аталған оқиға саудалық әділетсіздік деп саналды.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап, жүйені Қытайда анимациалы полиция әр жарты сағат сайын Қытайдағы 13 ең үлкен олардың ішінде Sohu және Sina порталдарына кіретін ойыншылардың экранына шығады. Аталған полиция интернет ойыншыларды заңсыз қызмет жасайтын сайттарға (порнография, құмар ойындар, саяси немесе діни насихаттау) кіруден бас тартқызады және пайлаушылардың әрекеттерін өкімет қарайтынын назар аударады. Егер пайдаланушы құқықтық қорғау органдардың көмегі керек болса ол полиция суретіне баса алады және үндеу полицияның сайтына бірден жеткізіледі. Сонымен, Қытай интернет-желісінде (заңсыз провайдерлер және операторлар) ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке ғана емес (үлкен айыппұл қарастырылған), сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке де тартылады, себебі көрсетілген түзетулерге сәйкес қытай заңнамасы санкция ретінде он жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Қытайдың 1997 жылы күшіне енген қылмыстық кодексінде компьютерлік қылмыс жасау үшін қылмыстық жауапкершілік ретінде бес тармақ қарастырылған. Қытайдың ВСНП комитетінің 2000 жылғы компьютерлік жүйелерді қорғау туралы қаулысымен 15 компьютерлік қылмыстарға жауапкершілік қарастырылған оның ішінде құмар ойындар онлайн ортада.

2004 жылы вьетнамдық полиция арнайы құрылым жасады, осы құрылымның басты мақсаты «жоғары технологиялық қылмыстарды қарастыру» - интернет арқылы жасалған қылмыстар. Жаңа құрлымның қызығушылығына жүйедегі құмар ойындар мен көптеген спамерлар, сканерлар және т.б. мемлекеттің халқын мазалайтын жүйелік қызметтер.

Германияда онлайн ойын бизнесіне тыйым салу мақұлданды. 1 қаңтардан бастап онлайн құмар ойындарының, көптеген түрлеріне, инертент-казино сайттарына және желістердегі құмар ойындарына ақы рұқсат етілмейді. Онлайн ойындарына қатысты жаңа ережені қолдау үшін желтоқсанның орта кезінде заң шығарушы 16 федералды жерлердің 13 дауыс берді.

Осыған байланысты Интернет-провайдерлер өкіметінің талаптары бойынша онлайн құмар ойындарына ақы қабылдайтын инернет-сайттарды блоктау, ал, осы ресурстарға төлем аударатын банктерді тоқтату қажет.

Сондай-ақ, Германия аумағында, оның шегінен тыс орналасқан компаниялардың көмегімен ғалам тор арқылы ақыны қабылдау заңсыз болып саналады.

Еуропа елдерінің көбінде, әсіресе Еуропалық одақ (ЕО) шеңберінде ғалам тор арқылы сүзу мөлшері болып табылады. Сүзу, соның ішінде ұлттық ғалам тор желістерінің сегменттеріндегі заңсыз мазмұндарға мемлекеттік тыйымдар, рубеждер арқылы қабылданатын заңсыз мазмұндарды блоктау, сондай-ақ, заңсыз мазмұндарға қатысты іздеулердің нәтижесін сүзу нысандарда жүзеге асырылады.

Виртуалды гемблинг Польшада да рұқсат етілмейді. Жаңа ережеге сәйкес онлайн-гемблингтің барлық түрлері заңнан тыс жарияланды. Маңызды факторлардың қатарында осы тыйымды өзімен бірге алып кеткен, сондай-ақ, соңғы екі жылда виртуалды казиноларда аккаунаттарды пайдалана отырып, ақшаны жылыстатқан кезде және салық төлеуден бас тартқан жағдайда әлеуметтік ойын құмарлардың теріс салдары деп аталып кеткен.

Норвегия Үкіметі қолданыстағы ойын заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Өзгерістер ойын транзакцияларына тыйым салудан тұрады, олар: мемлекеттік қаржы мекемесі құмар ойыншылар интерактивті ақшалай төлемдерін жүргізе алмайды. Түзету коммерциялық кәсіпорындар мен ойын қызмет көрсету тұтынушылары және олардың провайдерлері арасындағы делдалдық заңсыздығын анықтайтын заңнама бөлігін айқындауға шақырады.

10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Аталған заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама icon«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница