Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың




Скачать 224.79 Kb.
НазваниеҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Дата конвертации16.11.2012
Размер224.79 Kb.
ТипДокументы


Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011ж. "____"____ №________хатына 2-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің

2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың

2011 жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша

талдау жазбасы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған жылдарға арналған стратегиялық жоспарына (2011 ж. 01.07. өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес Министрлік қызметі келесі стратегиялық бағыттар бойынша атқарылады:

1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту.

2. Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуына көшу.

2011 жылдың бірінші жарты жылына стратегиялық жоспарында 17 көрсеткіштерінің құрды (5 – нысаналы индикаторлар, 12 – тіке нәтиже көрсеткіштері), оның ішінде 16 көрсеткіштерінің орындалды (94,1%), бір көрсеткіш бойынша келісім-шарт жасалмаған (5,9 %).

Стратегиялық жоспардағы басқа көрсеткіштердің қорытындылары жыл соңына дейін анықталады.

Жаһандық бэсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) көрсеткіштері стратегиялық жоспарда қарастырылмаған

2011 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындылары бойынша талдау келесіні көрсетеді
1- стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру

және жақсарту

1.1-мақсат. Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және ластаушы заттар төгінділеріне байланысты нысаналы индикаторлары жыл соңына дейін орындалатын болады және осы көрсекіштер стратегиялық жоспардың көрсеткіштерінің мазмұныларынан аспайды деп күтуліде .

Қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеудің үлесі алдын ала деректер бойынша 21,2% құрады.

1.1.1-міндет. Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту

Қалдықтарға байланысты көрсеткіші орындалды. Жалпы 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша түзілген 388,2 млн. тонна қалдықтардың 82,61 млн. тоннасы кәдеге жаратылған, ол жоспарланған деректерден 18% жоғары.

.

Негізгі эмиссия бойынша мониторинг Қазақстанның 42 ірі кәсіпорындарына жүргізілтіп болады, олардың үлесіне барлық эмиссиялардың 80 % аса құрайды.

Қарастырылатын рұқсат алу өтінімдерінің шеңберінде эмиссиялар лимиттері бекітілетін кезде кәсіпорынмен алдыңғы жылғы нақты өндірісі берілген лимиттерді игеруін зерттеумен ескеріледі. Осыған сәйкес кәсіпорынның алдыңғы жылғы табиғат қорғау шараларын орындауының тиімділігі де ескерілетіндігін атап өту қажет.

Кәсіпорындармен әзірленетін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары экологиялық жағдайды жақсартудың техногендік жүктемесін төмендетуге бағытталған табиғат қорғау шараларын енгізу талабымен келісіледі.

Өндіріс қуатын күшейтетін кәсіпорнына қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге бағытталған шаралардың тиімділігін де арттыру ұсынылады.

2011 жылғы Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті мен аумақтық Экология департаменттеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға 426 құжаттар топтамасы түсті. Осы уақыт аралығында барлығы 465 рұқсат беріліп, 90 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тартылды. Қазіргі кезде қарастыруда барлығы151 өтінім қаралуда.

Экологиялық заңнаманың сақталуына 4501 тексеру жүргізіліп, 3125 бұзушылық анықталды. 2907 нұсқама беріліп, олардын 1 921 орындалған жалпы сомасы 1153 млн.- теңге 2829 әкімшілік айыппұл салынды, 1 937 айып пұл жалпы сомасы 612 млн тенге төленген. табиғатқа келтірген залалы үшін жалпы сомасы 12 272 млн. тенге құрайтын 551 талап-арыз қойылған, 312 талап – арыз жалпы сомасы 5 682 млн. тенге төленген.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатының күшін жою бойынша 8 ұсыныс, қызметін тоқтату бойынша 54 ұсыныс жасалған.

Экологиялық рұқсат алу үшін талап етілген құжаттардың санын және оларды қарастыру мерзімін қысқарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Парламентінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралуда, олар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және «Лицензиялау туралы» ҚР Заңына мынадай өзгерістер енгізуді көздейді.

1) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындау және қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды алып тастау (тек І санат үшін лицензияланады);

2) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия алуға өтінімді ұсынылған материалдардың толықтығына қарау мерзімін қолданыстағы 30 жұмыс күнінен 2 күнге дейін қысқарту;

3) қоршаған ортаға әсерін бағалау деңгейінің сатысын 5-тен 3-ке қысқарту;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімін 3 айдан
І санат объектілері үшін 2 айға және ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін 1 айға дейін қысқарту;

5) алдын ала мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімін қолданыстағы екі аптадан бір аптаға дейін қысқарту;

6) қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімін қолданыстағы 3 айдан екі аптаға дейін қысқарту;

7) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтінім материалдарын қарау мерзімін қолданыстағы 4 айдан І санат объектілері үшін 2 айға дейін және ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін 1 айға дейін қысқарту;

8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға өтінімді ұсынылған материалдардың толықтығына және Кодекстің талаптарына сәйкестігіне қарау мерзімін қолданыстағы бір айдан 15 күнтізбелік күнге дейін қысқарту;

9) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар тізбесін қысқарту (пайдаланылатын технологиялық шешімдердің қысқаша сипатын, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобасын, міндетті экологиялық сақтандыру шартының нотариалдық расталған көшірмесін алып тастау);

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын келісу рәсімін алып тастау;

11) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу мерзімін 1 айға дейін белгілеу;

12) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың қолданылу мерзімін І санат объектілері үшін қолданыстағы 3-тен 5 жылға дейін ұзарту.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулы жобасы әзірленді, оның мақсаты кешенді экологиялық рұқсаттар алу рәсімін оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылады.

Қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) үлесі бар.

2010 жылы 18 ҒЗЖ бекітілді, олардын қорытындылары ке»бір министрліктеріне, және жергілікті орғандарға жіберілді

Зерттеу нәтижелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (www.eco.gov.kz) және Қазақстан Республикасының Орхус орталығының (www.aarhus.kz) сайттарында орналасқан және мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және үкіметтік емес ұйымдарының өтінімдер бойынша беріледі.

2011 жылда 19 жалғастыратын тақырып бойынша ҒЗЖ жүргізуі жоспарланған. Бірақ 2011 жылының бірінші жарты жылында ҚР Қоршағанортаминінің ҒТК отырыстарында 13 ҒЗЖ бойынша есептер бекітілмеген және қаржыландыруын жалғастыруға ұсынылмаған. Қазіргі уақытта жабдықтаушыларымен шарттарды бұзу бойынша тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр.

2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым бойынша» Қазақстан Республикасы заңына және Ғылыми мен ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру жаңа ережелеріне сәйкес, осы 13 тақырып бойынша зерттеулерінің жалғастыруы конкурстан тыс рәсімде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру түрде жоспарланған.

Осы мақсатында «2011-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер» Ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленген, ол ҚР Үкімет жаңындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясына қарау үшін ұсынылатын болады.

1.1.2-міндет. «Тарихи» ластануларды жою, табиғи ортаны қалпына келтіру

Ақтөбе облысының «Илек» өзеніне жанасатын аймақта алты валентті хроммен ластанған жерасты суларын тазарту жоба бойынша көрсеткіші жылдың аягында орындалатын болады. Қазіргі кезде «Ақтөбе облысының Елек өзеніне жанасатын аймақта алты валентті хроммен ластанған № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскенің жерасты суларын тазарту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді және ведомстводан тыс сараптама жүргізуге жолданған.

Облыстық бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансфертті бойынша бюджеттік бағдарламасының шегінде 6 жалғастырылған және 4 жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып отыр.

1.1.3-міндет. Халықаралық экологиялық ынтымақтастықты тереңдету, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін халықаралық конвенцияларды іске асыру

Жоспарланған қөрсеткіштер орындалды. 2 келісімге қол қойылды

2011 жылғы 22 ақпанда Бейжіңде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау туралы келісімге қол қойылды.

2011 жылғы 13 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2 хаттама бекітілді. Министрлiкпен қоршаған ортаның қорғаудың төңiрегiдегi халықаралық конвенцияларына 2 халықаралық хаттамаларын бекiту жоспарлаған. 2011 жылғы сәуiрде қиратушы озон қабатының Монреалдiк хаттамасына екi түзетулер бастауы бекiтiлген.

Мемлекет басшысы «1992 жылғы 23-25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монераль хаттамасына Түзетуді және 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте Монеральда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монераль хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы» Заңға 2011 жылы 6 сәуірде қол қойды.

Халықаралық экологиялық конвенциялардың iске асыруы 6 ұлттық баяндамалар шеңберiнде дайындауға бойынша электрондық мемлекеттiк сатып алулары өткiзiлді. 2 талапкер табылды ЖШС «Денсаулық сақтау орталығы және экожобалау» РМК «ИАЦ». Ұлттық баяндамалардың әзiрлеуiн мерзiмі 2011 жылдың желтоқсан айы анықталып отыр.

Жоспарланған іс-шаралар орындалды. «Еуропа үшін қоршаған орта» қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 7-ші жалпыеуропалық конференциясы 23-25 қараша аралығында өткізілетіндігі жоспарланып отыр. Аталған Конференция жасыл өсу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы Еуропа-Азия-Тынық мұхиты бастамашылығын орнатудың «Жасыл көпір» Астаналық Бастамасын ұсыну негізіндегі тұрақ болып табылады.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы мүдделі тараптармен бірлесе отырып, Астананың «Жасыл көпір» Бастамасының іске асыру бойынша Серіктестік Бағдарламасын әзірлеп жатыр. Серіктестік Бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласында және «жасыл өсу» Еуропа-Азия-Тынық Мұхиты ынтымақтастығын тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Серіктестік Бағдарламасын ұсынып, оның жоспарланған 7-ші Министрлер «Қоршаған орта үшін Еуропа» Конференциясында қолдау табуына сенімі зор.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасында өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылды.

2010-2014 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша бірлескен әрекеттердің кешенді жоспарын әзірленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың VII форумының қорытындылары бойынша берілген тапсырмасы бойынша аталған кешенді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне одан әрі талқылау үшін жолданды.
1.2-мақсат. Агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру

Метеорологиялық станциялардың агрометеорологиялық бекеттердің бақылау пункттерінің санын ұлғайту туралы нысаналы индикаторлары орындалды. 006 «Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу» бюджеттік бағдарлама бойынша гидрологиялық бекеттердің саны 2011ж. 10.01. № 05-03-02 техникалық тапсырысқа сәйкес 2011т жылдың екінші жартыжылдықта ұлғайтылынады.

1.2.1-міндет. Мемлекет пен халықты гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етудің сапасын арттыру

«Метеорологиялық болжамның көбеюі» индикаторы бойынша: ауа – райының метеорологиялық болжамдарының көбею саны 3 бірліктен құралды. Есептік мерзімде Ақмола облысының Қорғалжын, Целиноград және Аршалы аудандары бойынша ауа-райының метеорологиялық болжамын құрастыру басталды.

"Гидрологиялық болжамдарды арттыру" индикаторы бойынша: 2011 жылға жоспарланған 5 мақсатты индикаторға қол жетткізілді. Есеп беру кезеңде Алматы облысының Көксу, Лепсі, Басқан, Қаратал, Тентек өзендері бойынша болжамдар жасалды.

«Агрометеорологиялық болжамдардың санын көбейту» индикаторы бойынша: 2011 жылы жоспарланған 3 мақсатты индикаторларға бірінші жартыжылдықта қол жеткізілді – Қостанай облысының Жетіқара ауданы, Ақмола облысының Ақкөл және Есіл аудандары бойынша болжамдар дайындалды, қалған 2 көрсеткіштер бойынша ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында қол жеткізу қарастырылған.

Бақылау пунктерін қайта жарақтандыру және қайта жабдықтау бойынша іс-шаралар жұргізілді.

Шульбин су қоймасының жанама ағынына болжаудың жаңа әдістерін ендірілді.

1.2.2-міндет. Мемлекет пен халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету сапасын арттыру

Атмосфералық ауадағы;судағы;топырақтағы ластаушы заттардың анықталатын көрсеткіштер спектрін кеңейту көрсеткіштер 2010 жылдың деңгейінде қалып отыр.

Химиялық-талдау зертханаларын құралдармен және жабдықтармен толықтырылды – 3 дана сұйықтық аналазаторларын, 2 дана сұйықтық хроматографын, 3 дана жылжымалы мобилдік зертханаларын сатып алуға келісім-шарттар жасалынды.

Сонымен бірге, атмосфераны мониторингілеудің «СКАТ» автоматтық кешендерін жасақтауға келісім-шарттар жасалынды. Экологиялық мониторингіне арналған құрал-жабдықтар мен қондырғыларды жеткізу және орнату ағымдағы жылдың екінші жарты жылында жоспарлануда.

2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында қоршаған ортаны қорғау жағдай бойынша 6 бюллетеньдер шығарылды Гидрометеорологиялық қызметті жаңғыртудың шенберінде Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы кентінің жер учаскесінде Гидрометеорология бойынша республикалық оқу орталығын салу аяқталуда. А.ж. 6-ай ішінде құрылыс жұмыстары атқарылды.

1.2.3-міндет. Қазақстан аймақтары бойынша қоршаған ортаның ластануынан халықтың денсаулығы үшін қауіпті бағалау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жетуге арналған іс-шаралар жұргізілді.

Есепті кезеңде дала жасақтарын қалыптастыру, күнтізбелік график, жұмыстарды жүргізу бағдарын және әдістемесін нақтылау жүргізілді, дала жұмыстарының бағдарламасы әзірленді. Картографиялық негіз дайындалды, зерттеу аймақтардағы қоршаған ортаны ластау көздерін сипаттайтын мәліметтерді жинақтау жүргізілді.
2- стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуына көшу.

2.1-мақсат. Парниктік газдар квоталарын сату үшін нарықтың жұмыс істеуіне жағдай жасау

Бұл мақсаттың индикаторын жету үшін Парниктік газдардың (ПГ) көздерінен шығатын антропогендік шығарындылардың кадастры туралы ұлттық баяндама әзірленді және Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік Конвенциясы Хатшылығына жіберілді. Парниктік газдардың (ПГ) көздерінен шығатын антропогендік шығарындылардың кадастры туралы ұлттық баяндама әзірленді. 2011 жылғы 15 сәуірде Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік Конвенциясы Хатшылығына электрондық есептің кестелері жіберілді. 25 мамырда Кадастр жөніндегі Ұлттық баяндама жіберілді.

Инвентаризацияның деректеріне сәйкес 2009 жыл бойынша парниктік газдар шығарындылардың көлемі 267,1 СО2 эквивалентіндегі млн. т құрады.

2.1.1-міндет. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық құралдарын ендіру

Парниктік газдар шығарындыларын төмендету және квоталар саудасына қатысу мақсатында парниктік газдар шығарындыларын паспорттаумен қамтылған кәсіпорындар санының артуы қөрсеткіші орындалды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік кадастрге 930 кәсіпорын паспорттардың мәліметі енгізілді.

Көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімін құру және квоталарды сату жүйесін әзірлеу үшін Seringas бағдарламалық қамтамасызды қолдану туралы шешім шығарылды. Seringas 6 жыл бойы пайдалану үшін CDC Climat компаниясымен келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, сервистік қызмет көрсету бойынша шартқа қол қойылды. Серверлер алынып, «Экология және климат жөніндегі қазақ ұлттық зерттеу институты» РМК негізінде серверлік бөлме ұйымдастырылды.

. Парниктік газдар шығарындыларын төмендету және Қазақстанның энергетикалық балансқа жаңартылған энергия көздерін енгізу бойынша жобалардың тізімін жаңартылып, толықтырылуда. 25 мамырда Кадастр жөніндегі Ұлттық баяндама жіберілді.

2.2-мақсат. «Жасыл» экономика қағидаттарын қалыптастыру үшін жағдай жасау

Нысаналы индикаторы 2014 жылға жоспарланған.

2.2.1-міндет. «Таза» технологияларды ендіру және ресурс үнемдеу жүйесін құру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жетуге арналған іс-шаралар орындалды

ҚР Қоршағанортамині БҰҰ Даму бағдарламасымен бірігіп, 2050 жылға дейін Қазақстан Республикасының төменкөміртекті дамуға көшу жоспар жобасы әзірленді. Қазіргі кезде, Жоспар жобасы ҚР құзыретті мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

Ағымдағы жылы 3-4 мамыры күні IV Астаналық экономикалық форумының шеңберінде «Жасыл даму – пост – Киотолық келешегі» сессиясы ұйымдастырылды.

Осы сессиясының мақсаты жасыл төменкөміртекті экономиканы дамыту, қоршаған ортаның мен денсаулықтың антропогендік құрылымдық әсер етуін төмендету, табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортадағы сапасының басқару жүйесін дамыту болып табылды.

Сессиясының отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас хатшысының орынбасары, Азия мен Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер ханым басты спикер ретінде болды. Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылымдары, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының, халықаралық ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің және табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.

Ведомствоаралық іс-қимыл бойынша талдау

2011 жылға ведомствоаралық өзара әрекеттестіктер бойынша 11 шара жоспарланған. Мүдделі мемлекеттік органдармен саларалық ұйлестіруді қажет ететін шаралар өз құзыреттері шегіндегі шаралар орындалды.

Ақпарат бөлек қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік органға функционалдық мүмкіндіктерді

дамытуды талдау
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК арасында қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы келісім жасасу 2011 жылғы 2 жартыжылдықта жоспарланып отыр.

«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК жанындағы Кадрлардың біліктілігін арттыру орталығы 2011 жылғы 1-ші жартыжылдықта табиғат пайдаланушыларға және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне біліктілік арттыру жөнінде «Экологиялық аудит», «Экологиялық кодексі. Құқық қолдану», «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару», «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануын реттеу» тақырып бойынша 6 курс ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы: 150 адам, онын ішінде: 113 табиғат пайдаланушылар және 27 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілік арттыру семинарларында - 5 қызметші, басшылық лауазымға тағайындалған - 2 қызметші, мемлекеттік қызметке қайта қабылданған - 2 қызметші оқып шықты. Барлығы: министрліктің 9 қызметшісі оқып шықты.

Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін 30 пайыздан төмен емес көрсеткішке жеткізу көрсеткіші қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде әйелдер саны -6 кісі .

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ АЖ) ендірілгеннен бастап Министрлікте мемлекеттік органдармен, құрылымдық бөлімшелермен және Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен (бұдан әрі –Комитет) электрондық ақпаратпен (қағазбен қатар) алмасу үлесі едәуір артты.

Алайда, Министрлік қызметшілерінің ЭҚАБЖ АЖ жұмыс жасау дағдыларының деңгейі орташа болып қала беруде. Сонымен қатар, а.ж. 1 наурыздан бастап ЭҚАБЖ АЖ интерфейсі өзгерді.

ЭҚАБЖ АЖ қолдану сапасын кұшейту мақсатында Министрліктің орталық аппаратының және Комитеттің қызметкерлері арасында оқыту семинарлары өткізілді:

Сондай-ақ, Департаменттің Құжат айналымы басқармасымен Министрлікте Деректер базаларының бұзылуы және серверлік құрал-жабдықтардың істен шығуы кезінде ЭҚАБЖ АЖ жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру үдерісін өтеу бойынша оқытуларды өткізу жоспарын «ҰАТ» АҚ келісілді. Оқытуды «ҰАТ» АҚ қызметкерлерімен Құжат айналымы басқармасының, «ҚОҚАТО» РМК қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

ЭҚАБЖ АЖ және Мемлекеттік органдардың интранет-порталы ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МОИП АЖ) жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру үшін Департаменттің Құжат айналымы басқармасымен Министрліктің және Комитеттің қызметкерлері үшін оқыту семинарлары да қарастырылған. ҚР Қоршағанортаминінде ЭҚАБЖ АЖ толық пайдалану бойынша іс-шаралар жоспары және МОИП АЖ жұмыс жоспары әзірленді .

МОИП АЖ жұмысты қамтамасыз етуге қатысты тоқсан сайын «Мемлекеттік қызметкерлер санының мониторингі» модулі арқылы мемлекеттік қызметкерлер санының мониторингі бойынша ақпарат мемлекеттік қызметкерлер істері жөнінде Агенттікке жіберілді.

Бюджеттік бағдарламалары бойынша талдау
2011 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі көлемі 22 360 768 мың теңге болатын нақтыланған 11 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады және оның ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жоспар 9 444 122,5 мың теңге, бюджеттің атқарылуы 8 952 188,4 мың теңге немесе 94,8% құрайды, соның ішінде орталық аппараттың орындалуы 8 416 839,9 мың теңге немесе 95,3% құрайды. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы 413 862,7 мың теңгені құрады.

Жоспарда орындалған бюджеттік бағдарламалар бөлігін мыналар құрайды:

- 001-000 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2 114 991,0 мың теңге қарастырылған.

2011 жылғы 1 шілдеге 993 737,7 мың теңге жоспардан игеру 841 038,8 мың теңгені немесе 84,6% құрайды, оның ішінде орталық аппараттың жоспары 393 403,8 мың теңге, игерілуі 309 860,3 мың теңге немесе 78,8% құрайды. Игерілмеудің себебі орындалған жұмыстардың актілерін ұсынбауына байланысты және 149, 139 ерекшеліктері бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуіне орай.
- 002-000 «Сапалы және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер мен талаптар) әзірлеу» бағдарламасына 2011 жылы 42 975,0 мың теңге қарастырылған, оның 2011 жылғы 1 жартыжылдық жоспары 12 892,5 мың теңге құраса игерілім 0% құрайды. Келісім-шарттар жасалды, қазынашылық бөлімде тіркеуде. Қалған лоттар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.
- 003-000 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша игерілім 11 382,8 мың теңге немесе 10,3% 2011 жылғы 1 жартыжылдық жоспарына 110 634 мың теңге құрады.

2010 жылғы келісім-шарттарға 4 жабдықтаушымен қосымша келісім-шарттар жасалды, Ғылыми-техникалық кеңестің қорытындысы бойынша басқа да жабдықтаушылармен қосымша келісім – шарттар жасау жұмыстары жүргізілуде.
- 004-000 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша игерілім 100% 356,9 мың теңге 1 жартыжылдық жоспарға құрады. Осы бағдарламаны іске-асыруға 2011 жылы 2 800 000 мың теңге Щучинск-Бурабай курортты аймағының су айдынын (Щучье,Бурабай,Қарасы көлдерін) тазартуға жоспарланған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

- 006-000 «Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу» бағдарламасы бойынша игерілім 1 546 894,0 мың теңге немесе 100% 2011 жылғы 1 жартыжылдық жоспарына құрайды. 2011 жылы республикалық бюджеттен 2 832 289,0 мың теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша Қазақстан аймақтары бойынша апталық гидрометеорологиялық бюллетень шығарылды, қолданыстағы бақылау тораптарында гидрометеорологиялық мониторинг жүргізілді, қауіп-қатерлер және т.б. туралы ескертулер құрастырылды.
- 008-000 «Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу» бағдарламасы бойынша жоспардағы 448 383,9 мың теңге 100% игерілді. 2011 жылы республикалық бюджеттен 846 233,0 мың теңге бөлінген. Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша атмосфералық ауының жай-күйі туралы мәліметтер алынды, қоршаған ортаның жай-күйі туралы айлық, тоқсандық бюллетендер шығарылды.
- 009-000 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша жоспардағы 5 231 281,0 мың теңге немесе 100% игерілді.

2011 жылы республикалық бюджеттен 11 инвестициялық жобаны қаржыландыруға 10 828 329 мың теңге бөлінген, оның ішінде:

- «Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі кәріздік тазарту құрылыстарын қайта құруға» - 656 916 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 227 926 мың теңге;

- «Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі тазарту құрылыстарының кешенін қайта құруға (қысымдық кәріздік коллектор мен сыйымдылықты реттейтін торапты)» - 1 488 890 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 730 732 мың теңге;

- «Орал қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) қайта құруға» - 271 134 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 271 134 мың теңге;

- «Атырау қаласының сол жақ жағалаудағы бөлігі үшін кәріздік тазарту құрылыстары кешенін салуға» - 4 043 245,0 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 2 264 174 мың теңге;

- «Ақтау қаласының тазарту құрылыстары (КОС-2) кешенін салуға» - 792 781 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 366 661 мың теңге;

- «Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосының (КОС) кәріздік тазарту құрылыстарын қайта құруға және кеңейтуге» - 748 849 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 315 921 мың теңге;

- «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының өнімділігі 21,5 мың м3/тәулік болатын қолданыстағы кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және қайта құруға» - 1 100 680 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 509 064 мың теңге.

- «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Комендантка өзенінің түбін тазалау жұмыстарын жүргізуге» - 518 318 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 278 496 мың теңге;

- «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Туғыл поселкісінде кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту және қайта құруға» - 100 368 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 55 311 мың теңге;

- «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Пионерская» өзенін жаңғырту» - 472 871 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 211 862 мың теңге;

- «Павлодар облысы Щарбақты ауданы Щарбақты селосының кәріз жүйелерін жаңғырту» - 634 277 мың теңге, 1 жартыжылдық жоспары 0 мың теңге.
- 010-000 «ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің капиталдық шығындары» бағдарламасы бойынша 14 724 мың теңге жоспарланған. 2011 жылдың 1 жартыжылдығына Министрлікпен игерілім 5 236,4 мың теңге немесе 35,5%, оның ішінде Орталық аппараттың орындалуы 1 066,8 мың теңге немесе 65,1% 2011 жылғы 1 жартыжылдық жоспарына 1638 мың теңге.

3 жұмыс станциясын – 372 мың теңгеге алуға келісім-шарт жасасып, қазынашылық бөлімінде тіркеуде.
- 012 «Тарихи» ластануларды жою» бағдарламасы бойынша 2011 жылы құжаттамаға 885 890 мың теңге қарастырылған.
- 014-000 «Гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 1 757 530 мың теңге қарастырылған.

2011 жылдың 1 шілдесіне 1 083 945,0 мың теңге жоспарына, игерілім 867 614,5 мың теңге немесе 80,0% құрады.

- 015-000 «1 категория объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша жоспарда 4 245 мың теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына 1273,5 мың теңге жоспарына игерілім 0% құрады. АТО РМК келісім шарт жасасып қазынашылық бөлімінде тіркеуде.

ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов пен Қоршаған ортаны қорғау министрі

арасында қол қойылған 2011 жылға арналған Меморандумның орындалуы барысы туралы бірінші жарты жылының есебі
«Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығы» деген Жаһандық бэсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштері бойынша келесі шаралар орындалды:

Министрліктің сайтында үздіксіз негізде мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жайғастырылады, соның ішінде

- ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылға арналған мемлекеттік сатып алулар жоспары (өзгерістер мен толықтыруларымен.

- Мемлекеттік сатып алулар жабық конкурстар туралы хабарландыру, конкурска қатысушылардың өтінімдерімен конверттің ашылымы туралы хаттамасылары, конкурска қатысуға рұқсат туралы хаттамалары, конкурстың мемлекеттік сатып алулар қорытындылары туралы хаттамалар;

Бір қайнар қөзбен өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындылары туралы хаттамалары

Министрліктін www.eco.gov.kz сайтына түскен сұрақтары бойынша мониторинг жүзеге асырылады. Бірінші жартыжылдықта 138 түскен сұрақтардан айтылмыш 134 жауаптар берілді.

Blogs.gov.kz веб-порталындығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің блогына 166 сұрақ түсті, 156 сұраққа ҚОҚМ қызметкерлерімен жауаптар беріліп, 10 - орындауда.

Бұкаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) жарияланған мақалалар саны 21 кұрды, оның ішінде министрліктің ағымдық қызметі және экологиялық проблемаларға қатысты сұрақтар көтерілді.

Министрліктің негізгі қызметіне байланысты Меморандумдағы жоспарлаған көрсеткіштерінің жету үшін дәрежесіне талдау келесіні көрсетті:

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және ластаушы заттар төгінділеріне байланысты нысаналы индикаторлары жыл соңына дейін орындалатын болады және айтылған көрсеткіштерінен аспайды деп күтуліде .

Қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеудің үлесі алдын ала деректер бойынша 21,2% құрады. Жалпы 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында республика бойынша түзілген 388,2 млн. тонна қалдықтардың 82,61 млн. тоннасы кәдеге жаратылған.

Басшылық лауазымдағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 30 % құрды. А.ж. 1-ші шілдеде министрлікте және ведомстводағы басшылық лауазымдағы әйелдердің саны 6 кісі болды.

Бекітілген Меморандумдағы «Түзілген қалдықтардың қайта өңдеудегі үлесі» және «Өндірістің кәдеге жаратылған қалдықтары және оларды тұтыну көлемі» міндетті көрсеткіштеріне жету жөнінде Қоршаған ортаны қорғау жасалған келісімдері Министрі мен мүдделі мемлекеттік органдар басшылары арасында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінен келісім жасалған.

Құрылыс агенттігінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (бұдан әрі – ТКШ ҚазОрталығы) Петропавл қаласының әкімдігі, қоқыс шығаратын ұйымдар «МюльСервис» ЖШС мен ТКШ ҚазОрталығы арасында жасалған ынтымақтастық және қызметті кіріктіру туралы меморандумның шеңберінде «Петропавл қаласында ТҚҚ бөлек жинау жүйесін ендіру» пилоттық жобасын (бұдан әрі – жоба) тіркеу жұмыстарын жүргізуде.

Мынадай: Жеке жинаған кезде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу әдістемесі;

Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі;

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға арналған тарифтерді есептеу әдісі нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізуде.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен жоғарыда көрсетілген келісім шеңберінде техногендік минералдық түзілімдердің (ТМТ) қалдықтарын және олардың жинақталған көлемін қалыптастыратын кәсіпорындардың тізбесі анықталды.

Қазіргі уақытта Республикада қатты пайдалы қазбалар бойынша 245 өндіру келісімшарттары бар, жер қойнауын пайдаланушылар іске асыру процесінде үйінділер, қалдық қоймалар, шлак үйінділері, күл үйінділері, тұндырғыштар, жинақтаушы-карталар және т.б. құрады.

Негізгі кәсіпорындар мыналар: «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, ««Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Алел» ФИК» АҚ, Белоусов ТБК.

ТМТ түзетін көлемінің жыл сайынғы өсуі пайдалы қазбаларды өндіру және оларды өңдеу көлемінің өсуінің нәтижесі болып табылады.

Пайдалы компоненттерді шығару, ТМТ қолданудың паызын арттыруға ықпал етіліп жатыр.

«Минералдық шикізатты кешенді өңдеу бойынша ұлттық орталығы» РМК өндіру, байыту және өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарын (баланстан тыс кен, өңдеу қалдықтары, байыту қалдықтары, шлактар, металлургиялық және басқа металлургиялық қайта бөлу газдары) табиғи шикізаттардың бағалы компоненттерін кешенді пайдалану, қоршаған ортаға кері әсерін төмендету бағытындағы өңдеу технологияларын әзірлеу және игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған тау-кен металлургиялық салаларын дамыту бағдарламасы шеңберінде ТҚҚ тасымалдауға арналған темір жол тарифтерін, сондай-ақ олардың өнімдерін төмендету бойынша мәселесі пысықталуда, оларды кәдеге жарату және қайта өңдеу көлемдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Қалдықтардың аз көлемде түзілуіне және жинақталған қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған экономикалық тау-кен өндіруші, металлургиялық және жылу энергиялық кәсіпорындарына озық технологияларды тартуға және енгізуге ықпал ету бойынша ірі кәсіпорындары бойынша мониторинг жүргізіледі.

Осы туралы ақпарат Ведомствоаралық іс-қимыл бойынша осы есептін қосымшасында көрсетілді.



Похожие:

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconЖоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Егемен Қазақстан 2011 жылғы 14 маусымдағы №249-250 (26648); Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 18, 215-құжат
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың icon«зырян ауданының Әкім аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Стратегиялық жоспардың құрылымы
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс- шаралары және қорытынды көрсеткіштері
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың icon2011-2015 жылдарға арналған «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм стратегиялық жоспары Стратегиялық жоспардың құрылымы
Стратегиялық бағыттардың іс-әрекеттері, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және қорытынды көрсеткіштері
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconЖамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары тараз 2010 Стратегиялық жоспардың құрылымы
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және 8
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы «08» шілдедегі
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің 2011-2015 жылдарға арналған ведомстволық жоспарын әзірлеу, оны ҚОҚМ ресми сайтында жариялау және...
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың iconҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница