Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»




Скачать 445.9 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
страница3/4
Дата конвертации09.02.2013
Размер445.9 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

18-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылау мүдделері, құқықтары мен еркіндіктері мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қозғалатын мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың (әлеуетті тұтынушылар), өзге де азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

Жария талқылауды мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың ұсыныстары мен ескертпелерін орналастыру мүмкіндігімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларын мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастыру арқылы жүзеге асыруға тиіс.

3. Жария талқылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеген мемлекеттік органның пысықтауына жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын әзірлеген мемлекеттік орган, жария талқылау барысында алынған осы ескертпелер мен ұсыныстардың мазмұны қысқаша баяндалған, олардың алынған көзін және олардың талқылануы мен есепке алынуы көрсетілген ұсыныстар мен ескертпелер тізбесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарламаны жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын жария талқылаудың аяқталуы туралы хабарламада жария талқылау нәтижелері бойынша енгізілген ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама жарияланған күннен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының пысықталған жобасы танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасын талқылау және пысықтау кезеңі тиісті мемлекеттік қызметтің Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілуін бекітетін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап, күнтізбелік он бес күн болады.

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕГЛАМЕНТІ
19-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымына қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің іс-әрекетінің (өзара әрекет етуінің) сипаттамасын, сондай-ақ, олардың мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелерін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің құрылымы:

1) жалпы ережелерді;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуге кететін уақыт шығынын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсету кезеңділігінің процесін;

3) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекет ету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі оның ақпараттық жүйелерінің пайдаланылу тәртібін;

4) композитті мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектілердің өзара әрекет ету тәртібін;

5) электрондық нысанда композитті мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет ету тәртібін;

6) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін;

7)  электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері осы заңнын 7-бабында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетудің сыныптамасын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптарды көздейді.

20-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қабылданғаннан кейін бір ай мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету регламенті орталық мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету регламенті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің нормативтік қаулысымен бекітіледі.

4. Электрондық нысанда жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті негізінде әзірленеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентін мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган мен ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бірлесіп әзірлейді.

6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТІЗІЛІМІ
21-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінің құрылымы
1. Қазақстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілуге жатады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі мынадай ақпаратты:

1) Осы Заңның 7-бабына сәйкес сыныпталған мемлекеттік қызмет көрсету тізбесін;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуші мемлекеттік органды;

4) мемлекеттік қызмет көрсететін субъектілерді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтерді көздейді.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫНЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
22-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегін жүзеге асырылады.

Ақылы негізде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының мемлекеттік баж немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде өзге де төлемдер төлеуін көздейді.

Тегін негізде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының мемлекеттік баж немесе өзге де төлемдер төлеуін көздейді.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету жүзеге асырылады.

23-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы, интернет-ресурстар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ақпараттық жүйелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара әрекет ететін өзге де мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетуші субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан мемлекеттік ақпарат жүйесінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпарат жүйесіндегі қолжетімді ақпаратты сұратуына жол берілмейді.

3. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық немесе ішінара автоматтандыруды көздейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық автоматтандыру мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының, мемлекеттік қызметті көрсететін субъектінің және өзге де адамдардың нақты қатысуынсыз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілуін көздейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін ішінара автоматтандандыру мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ішінара қағаз түріндегі құжат айналымын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының, мемлекеттік қызмет көрсететін субъектінің және де өзге адамдардың нақты қатысуы арқылы жүзеге асыруды көздейді.

4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жеке тұлға атынан жеке сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының заңды тұлға атынан бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде жүзеге асырылады.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, электрондық немесе қағаз түріндегі құжатты немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді беру мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нысанда жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат заңдық күші жөнінен мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің қол қойылып, мөрі басылған қағаз түріндегі құжатпен теңдей.

24-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және қайта жалғатыру
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет алдындағы міндеттемелерін өз еркімен орындамаған тұлға ретінде есепте тұрған, құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұрады.

2. Әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген жағдайларда әкімшілік мемлекеттік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға жол берілмейді.

8-тарау. ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
25-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ерекшеліктері


  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет жүргізу Қазақстан Республикасының осы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің негізгі мәні «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға өтініштер қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынуға өтініштер қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жүзеге асырады.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шарты негізінде өзінің қызметін (еңбек функциясын) жүзеге асыратын адам болып табылады.

  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен өзара әрекеттестігі тек Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдаған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделген тиісті құжаттар қоса берілетін өтініштерді мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне жөңелту және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына кері жеткізілуі Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі.

  1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мерзіміне кірмейді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жазбаша келісімі негізінде қызметтік мақсатта пайдалануға берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының сауалын куәландыру өкілеттігі беріледі.

  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, оның ішінде электрондық нысанда да жүзеге асырылады.

  4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді және олардың қызмет мәселелері жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  5. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

  6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін және өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.



26-бап. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының

функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шалғай елді мекендерге шығу арқылы қабылдауды;

2) өтініш берушілерге халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, рәсімдеуге қабылданған құжаттарды мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге жеке және заңды тұлғалардың орындау барысы туралы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты өзге де мәселелер жөнінде ақпарат беруді;

3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен өзара әрекеттесуді;

4) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шалғай елді мекендерге шығу арқылы беруді жүзеге асырады.

2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттар сұратуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге кедергісіз қол жеткізуіне;

3) тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтыну үшін берілген өтініштерді қабылдаудан бас тартуға құқылы.

3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын басшылыққа алуға;

2) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ақпараттық жүйелерінен қолжетімді ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан оны талап етпей пайдалануды қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, талаптары мен мерзімдері туралы мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға толық және өзекті ақпаратты ұсынуға;

4)  мемлекеттік қызмет көрсету барысында алынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік, коммерциялық немесе өзге қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеуге;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жеке басын сәйкестендіруге;

6) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда құжаттың электрондық көшірмесін жасауды және (немесе) оны куәландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №94 қаулысы
Аңы 27 бабы 2 тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы 9-1 бабына және...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңына
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon32 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon27/1 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon24а өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде нені басшылыққа алады?
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница