Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»




Скачать 445.9 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
страница4/4
Дата конвертации09.02.2013
Размер445.9 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
27-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету

сапасын бағалау, мемлекеттік қызмет көрсету

сапасына бақылау және мемлекеттік

қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг

жүргізу қағидаттары
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) объективтілік;

2) бейтараптылық;

3) жан-жақтылық.
28-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету

сапасына бағалау жүргізу тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
29-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету

сапасына бақылау жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Заңда және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын көздейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізудің ерекшеліктері осы Заңда айқындалады.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызметі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау объектісі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нысанасы:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің болуы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері талаптарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасын бұзу фактілерінің болуы;

3) мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері талаптарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасында анықталған бұзушылықтардың себептері;

4) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдары болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасаудың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар орналастырады.

30-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың,

тәуелсіз сарапшылардың және азаматтардың

бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету

сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг коммерциялық емес ұйымдардың, тәуелсіз сарапшылардың және азаматтардың бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызметі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг объектісі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нысанасы:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы өзге де заңнамасын сақтау;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және олардың көрсетілу тәртібіне қанағаттану деңгейі;

3) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдары;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің талаптарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасын бұзу фактілері болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің нысанын, тәртібін, мерзімін және кезеңділігін коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар айқындайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарау рәсімдерін сақтауының мониторингін және талдамасын;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарауды;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін оңталайтандыру жөнінде, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді,

4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша қолданылған шаралардың мониторингін және талдамасын;

5) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасын бұзғаны үшін (анықталған жағдайда) лауазымды адамдарды және/немесе қызметкерлерді жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтиды.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын коммерциялық және өзге де мемлекеттік құпиялар болып табылатын құжаттар мен ақпараттарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметіне қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты олар белгілеген мерзімде сұратуға және алуға құқылы.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар:

1) тиісті мемлекеттік қызмет көрсету субъектісін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына алдағы уақытта қоғамдық мониторинг жүргізілетіні туралы оның жүргізілетінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;

2) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің нәтижелерін ұсыныстарымен бірге жіберуге міндетті.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар қорытынды жасайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы талдамалық ақпаратты;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері туралы мәліметтерді (анықталған жағдайда);

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілерін жою жөнінде және анықталған фактілердің қайталануын болдырмауға бағытталған шаралар қолдану жөнінде ұсыныстарды;

4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының талаптарын бұзылғаны үшін бұзу фактісі (анықталған жағдайда) лауазымды адамдарды және/немесе қызметкерлерді жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстарды;

5) зерттелетін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындылары шығарылғаннан кейін бір ай ішінде қағаз және/немесе электрондық түрде коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар адресаттың кеңсесінде міндетті түрде тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындысын:

1) қызметі қоғамдық мониторинг объектісі болған мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің объектісі болған қызмет саласы құзыретіне кіретін немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің зерттелетін субъектісі ведомстволық бағынысты болып табылатын мемлекеттік органға;

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

10. Коммерциялық емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды қамтамасыз етеді.

11. Қызметі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің объектісі болған мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, оның құзыретіне зерттелетін қызмет саласы кіретін және/немесе оған мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі ведомстволық бағынысты болып табылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органды хабардар ете отырып:

1) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг барысында анықталған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзылуын жою және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды;

2)  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасының бұзылуына (анықталған жағдайда) кінәлі лауазымды адамдарды және/немесе қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапқа тарту бойынша шаралар қолданады.

31-бап. Азаматтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету
1. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеген және қабылдаған мемлекеттік орган және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган, өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар азаматтарға және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы (мемлекеттік қызмет көрсететін жекелеген субъектілердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың нәтижелері, тексеріс актілері, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің рейтингі және өзге де ақпарат) туралы ақпаратты ұсынуды:

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

тиісті мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің интернет-ресурсында міндетті түрде орналастыру;

мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері орналасқан үй-жайларды ақпарат көздерімен жарақтандыру. Ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі жұмысының кестесіне қарамастан онымен танысуға мүмкіндік беретін, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар еркін қол жеткізетін орындарда орналастырылады;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға жіберу;

азаматтардың және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша аталған тұлғаларға өтеусіз пошта шығыстарын есептемегенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы ақпаратты жіберу арқылы тегін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі мүдделі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының жеке өтініш жасауы кезінде қажетті түсіндірулермен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және тәртібі туралы ақпарат әрбір адамға оның мемлекеттік қызмет көрсетуді алу құқығына қарамастан ұсынылады.

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарау тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарау Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдарын қарау ерекшеліктері осы Заңда айқындалады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының құқықтары, бостандықтары немесе заңдық мүдделері бұзылған және мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жол берілген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісіне;

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлеген мемлекеттік органға,

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құқылы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының шағымы он жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.

4. Шағымды қарау 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:

1) шағымның мәніне қосымша зерделеу жүргізілген;

2) шағымның негізділігіне тексеру немесе қайта тексеру, оның ішінде тексерілетін жерге бару арқылы жүргізілген;

3) өзге де мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінен, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің лауазымды адамдарынан қосымша ақпарат алынған жағдайда ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімнің басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды берген мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға жазбаша түрде (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың шағымдары бойынша іс жүргізу іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек іс жүргізу жөніндегі ішкі регламентке сәйкес жүргізіледі.

33-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік

қызмет көрсету туралы заңнамасын

бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

34-бап. Осы Заңды қолданысқа

енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №94 қаулысы
Аңы 27 бабы 2 тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңы 9-1 бабына және...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңына
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon32 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon27/1 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» icon24а өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Қосымша шаруашылықтың бар болуы жөнінде анықтама беру. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы №98 Заңы...
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде нені басшылыққа алады?
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» iconМемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница