Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті»




Скачать 104.42 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті»
Дата конвертации09.02.2013
Размер104.42 Kb.
ТипДокументы


М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С.Ж.

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «КАРТОЧКАЛЫҚ БИЗНЕСТІ» ЕНГІЗУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Тақырып бүгінгі күннің өзектілігімен, сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша айналысындағы тауар және басқа да төлемдерге есеп айырысуда «карточкалық бизнестің» қажеттілігі жылдан-жылға артуда. Қазақстандағы «карточкалық бизнес» банктік операциялардың ішіндегі сұранысқа жоғары ие болып отырған және банктердің қызмет көрсетуіндегі тиімді ақшалай төлемдік есеп айырысу қызметі.

Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын талқылау төрт бағытта қарастырылмақшы:

Бірінші. Пластикалық карточкалардың түрлері және артықшылықтары

Екінші. Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу.

Үшініші. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуына талдау жасау.

Төртінші: Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру.

Енді осы жоғарыда аталғандарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Біріншіден:

Пластикалық карточка – банк шотын басқаруға қол жеткізудің кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканың бетінде керсетіледі.

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өтімділік және табыстылық.

Пластикалық карточканы дүниежүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады.

Магниттi жолағы бар карточка – XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда.

Енді түрлерін қарастыратын болсақ, қазір елімізде карточкалардың бірнеше түрлері айналыста жүр:

Негізгі карточка – банк шотының иесіне өз шотына қол жеткізуге мүмкіндік беретін төлем карточкасы.

Қосымша карточка – жекелеген шоты болмайтын төлем карточкасы, негізгі карточка шотының белгілі бір лимитін басқару құқығын береді.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттан қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде та­уарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банк­тер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Маestro» және т.б. жа­тады. Пластикалық карточкалардың кең тараған түрлері.

  • Электрондық

  • Классикалық

  • Алтын

  • Платина

  • American Express

  • Жалақы карта

  • Зейнетақы карта

Пластикалық карточкалардың артықшылықтары.

Карточкамен есеп айырысу арқылы дүниежүзі бойынша ондаған миллион сауда нүктесі мен сервис орнының қызметін пайдалануға болады. Карточканы әмбебап валюта деуге болады.

Қай елде жүргеніңізге қарамастан, жасаған саудаңыздың ақшасы бірден сол елдің валютасына айырбасталады. Ақша айырбастауда қолданылатын бағам, әдетте, валюта айырбастайтын пункттердегі бағамнан төмен болады. Бүкіл әлем бойынша банкоматтардың кеңейтілген желісі тәулік бойы әрі демалыссыз қызмет көрсетеді. Олардың көмегімен барған елдің валютасына барынша жылдам қол жеткізе алады.

Екіншіден:Дамыған шет мемлекеттердегі халықаралық төлем карточкалары көптеген қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының маңызы зор.

Халықарылық Банктік карточкалар (несиелік, пластикалық, т.б.) –өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы – еврода кеңінен қолданыла бастады.

Банк жүйесіне ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде 1959 жылы әлемде ең алғашқы рет Сан-Франциско қаласындағы "Бэнк оф Америка" банкі чектерді өңдеу және ағымдағы шоттарды жүргізу үшін толық автоматтандырылған электрондық құрылымды банк ісіне енгізген. Кейін электронды-есептегіш машиналардың одан да жетілген түрлерін енгізу аралық құрылым – алып жүретін терминал-пульттің көмегімен оларға көптеген абоненттерді (клиент) қосуға мүмкіндік берді. Осы процесс АҚШ-тың барлық банктеріне және Еуропа мемлекеттерінде енгізілген. Нәтижесінде ақша – есеп айналымына электрондық пластикалық карточка енгізілді. Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

АҚШ – тағы ақшасыз айналыстың ерекше түрі үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді.

Үшінші бағыт: Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуына талдау жасау.

Қазірігі кезде коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларының көмегімен қол жеткізуге болатын операциялар:

  • Қолма-қол ақша алу;

  • Мобильдік байланыс, кәбілдік теледидар, Қазақтелеком қызметі үшін ақы төлеу, қалада қол жеткізуге болатын басқа да төлемдер;

  • Банктердің бір карточкасынан екіншісіне ақша аудару - «Card to Card»;

  • «Карточкалық депозитте» ақша жинақтау;

  • Карточка бойынша несие лимитін ашу;

Пластикалық карточкасын пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша сатып алынған шетелдік валютаның сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.

Төлем карточкаларын шығаруды 14 банк жүзеге асырады, бұл шамамен 3 мың терминалды, 2 мың импринтерлер мен 650 банкоматты пайдалану арқылы бір жарым мың ұйымға қызмет көрсетеді.

Төлемдік карточкалар Қазақстанда тез дамып кетті, көбі ондай болады деп ойлаған да жоқ, мәселен, 2008 жылы 167,4 миллиард теңгеге 12,9 миллион трансакциялар жасалды.

Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің негізінде төлем карточкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді. Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінің жалпы талаптарының және төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк несиелiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды.

Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1464 «Мемлекеттік бюджет есебінен еңбекақыны стипендияларды, зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіру туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер еңбекақыны, стипендияларды және өзге де ақшалай төлемдерді төлеуді тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар және белгіленген заңнама тәртібімен тендерді ұтып алған ұйымдар арқылы жүзеге асырады.

«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады.

Бүгінгі таңда Республикада орта есеппен 5 адамға бiр төлем карточкасынан келедi. 2008 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша айналыста 276 млн. төлем карточкасы бар, ал төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2,63 млн. адамды құрады. 2008 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қазақстандық эмитенттердiң төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізiлген транзакцияларының көлемi 380,6 млрд. теңгенi құрады.

Сондай-ақ, қызмет көрсетiлетін төлем карточкалары желiсiнiң одан әрi кеңеюi байқалып отыр. 2008 жылғы Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс iстейді. Бұл ретте, 2008 жылғы банкоматтар саны 1432 бiрлiктi, сауда терминалдарының саны 5152 бiрлiкті ал импринтерлер саны 1414 бiрлiктi құрады. 

Төртіншіден: Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дағдарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады.

Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.

Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құқықтық әдістермен, яғни плас­тикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардың материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтықтың (кардерлер – пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет.

Бірақта пластикалық карталар жаңадан бір проблемаларды алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында Қазақстан Республика­сының бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.

Қазақстан Республикасында қылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жа­сау арқылы бірқатар банктерге шабуыл жасады, 2004-2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санының өсе түсуі байқалады. [13, 6б.]

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы кағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайын­дау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 207-бабында белгіленген.
      Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiру үшiн мынадай iс-шараларды дәйектi түрде iске асыру қажет:

  • жүйенi құруға байланысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру;
    тұтынушылардың сұранымын, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау;

  • төлем карточкаларын пайдаланумен әлеуеттi қылмыстарды болдырмау әдiстерiн, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшiн салдарлар мен әлеуеттi тәуекелдердi анықтау.

Қорытынды:

Сонымен осы сіздер таныс болған ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымдамалар жасаймыз:

Яғни, жоғарыдағы айтылғандардан зерттелініп отырған ғылыми жұмыстың тақырыбының қазіргі кездегі өзектілігін және ағымдағы сараптамаға көп түсетіндігінен көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады. Оны біз күнделікті қоғамда тұрғындардың тауарлар сатып алғанда және басқа да төлемдермен есеп айырысқан кезінде көре аламыз.

Осыған байланысты ғылыми жұмыстың мақсаты пластикалық карточкалармен есеп айырысу және оның түрлері қарастыру болып табылады.

Алға қойылған мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Пластикалық карточкалардың мәні және мазмұнын ашу;

  • Пластикалық карточкалардың түрлерін анықтау;

  • Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

  • Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердегі пластикалық карточклар айналымы операцияларын жүргізу тәртібін қарастыру;

  • Пластикалық карточкаларды пайдаланудағы туындайтын қиындықтар мен мәселелерін анықтау;

  • Пластикалық карточкаларды пайдалануды жетілдіру жолдарын көрсету.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.-Алматы.-Экономика.-2000.-410б.

  2. Мақыш С. Банк ісі// Оқу құралы.-Алматы.-Қазақ университеті.-2004.-205б.

  3. Мақыш С. Коммерциялық банктер операциялары.-Алматы.-Маркет.-2004.-272б.

  4. Қазақстан Республикасында ақша төлемі және ақша аударымы туралы// заң мәліметтер қоры.-2004.-15-шілде

  5. Абылхасимов С. «БТА Банк» Казахстана переходит на чиповые платежные карточки//Банки Казахстана. 2006. № 5. 4б

  6. Брушковский К. Особенности исследования поддельных пластиковых карт //Правовая реформа в Казахстане. 2007. №3. 58б.

  7. Брушковский К. Особенности исследования поддельных пластиковых карт//Правовая реформа в Казахстане. 2006. №3. 61-бет



Похожие:

Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconҒылыми жетекші: Акишева Д. М. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Постдағдарыстан кейінгі қазақстан республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconҒылыми жетекші: Акишева Д. М. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Себебі, қазіргі кезде мемлекет акциз салығының ставкасын өсіре отырып, біріншіден, бюджеттегі қаржылық ресурстарды көбейтеді және...
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconҒылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға...
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconҒылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
Бұл тақырып қазіргі кезде мемлекет, тіпті әлемдік қаржыгерлер мен банкирлердің мазасын алып отырған актуальды тақырып болып отыр
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconҒылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі...
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» icon«компьютерлік жүйелердің СӘулеті»
Ержан Асел Ануаркызы, кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми педагогикалық стажы 5 жыл
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconПӘнді оқыту бағдарламасы
Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі: Зиятова Жадра Қадылбекқызы құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconЦелина. – 2012. №42. – 28 ноября Алфи Хайдар Әмед (С. Сейфуллин атындағы Қазату, философия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к.) Рухани тәрбие ұйытқысы
Алфи Хайдар Әмед (С. Сейфуллин атындағы Қазату, философия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к.)
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconКомпьютерлік технологиялар кафедрасы
Тергеусизова А. С., Кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық тәжірибесі 10...
Ғылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті» iconКомпьютерлік технологиялар кафедрасы
Тойғожинова Айнұр Жұмақановна, кт кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі 10 жыл. Аэжби қабырғасындағы оқытушылық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница