KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж




Скачать 180.35 Kb.
НазваниеKazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж
Дата конвертации09.02.2013
Размер180.35 Kb.
ТипДокументы
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы

____________ ШАРТ
______________қ. ”____”________________ 200__ ж.

Бір тараптан, №___________________________________________сенімхат негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Қоғам» деп аталатын «Қазпочта» акционерлік қоғамы атынан ______________________ ___________________________________________________________________________________________________________,

(лауазымы, аты-жөні)

және екінші тараптан, бұдан әрі «Карточка ұстаушы» деп аталатын _____________________________________________________________________________________, (жеке-жеке «Тарап», ал бірлесіп «Тараптар» деп аталып), төмендегілер туралы осы KazCard халықаралық төлем карточкаларын беру шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1.Осы Шартта қолданылатын ұғымдар

1.1. Авторластыру – Карточканы пайдалану арқылы Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға Қоғамның рұқсаты.

1.2. Карточканы жою – Карточканы жарамсыз деп тану және оны айналымнан алып тастау.

1.3. Банктік автомат-кассир (банкомат) – карточка бойынша қолма-қол ақшаны автоматты түрде беруге және қабылдауға, карт-шот бойынша ақпарат беруге, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға арналған электронды-механикалық құрылғы.

1.4. Карточканы тежеу - карточкаларды пайдалану арқылы карточкалық операцияларды жүзеге асыруға толық және уақытша тыйым салу (бастапқы жағдайда Карточканы қызмет көрсетуге ұсынған кезде алып қою қарастырылады).

1.5. Дебеттік карточка - карт-шоттағы клиент ақшасының сомасы шамасында оның ұстаушысына төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточка сондай-ақ, оның ұстаушысына эмитентпен берілген заем сомасы шеңберінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін көрсете алады.

1.6. Карточка ұстаушы – Қоғаммен осы Шартты жасаушы және Негізгі немесе Қосымша Карточканы пайдалану үшін алушы жеке тұлға.

1.7. Қосымша Карточка – Негізгі карточканы ұстаушының сенімді өкіліне негізгі карточканың карт-шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы.

1.8. Ай сайынғы үзінді көшірме - өткен күнтізбелік ай ішінде Карт-шот бойынша жүргізілген операцияларды көрсететін және Негізгі карточканы ұстаушының сұрауына байланысты Қоғаммен жасақталған Карт-шот бойынша үзінді көшірме. Ай сайынғы Қоғам Тарифтеріне сәйкес Негізгі карточканы ұстаушыға беріледі.

1.9. Өтініш – осы Шарттың талаптарында қарастырылған, Карточка ұстаушының Қоғамға жазбаша өтініші.

1.10. Карточка – төлем карточкасы – электронды терминалдар мен Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттары бар өзге де құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы. Карточка осы Шарттың мәтіні бойынша бірлесіп «Карточка» немесе тиісті түрде «Негізгі Карточка» және «Қосымша Карточка» деп аталатын, Негізгі немесе Қосымша болуы мүмкін.

1.11. Карточкалық операция – төлемдер, аударымдар, тауарлар мен қызметтерді төлеу, қолма-қол ақша алу, Карт-шот бойынша немесе оның деректемелерінің көмегімен ресімделген Карточканы пайдалану арқылы жүргізілетін басқа да операциялар.

1.12. Карт-шот – Карточкалық операцияларды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Карточка ұстаушыға Қоғаммен ашылған банктік шот.

1.13. Берешек - Қоғаммен белгіленген мерзімдерде клиентпен өтелмеген және халықаралық қолданыста жүретін төлем карточкасы арқылы есептесулерді жүзеге асыру салдарынан пайда болатын және карт-шотта клиенттің ақша сомасынан көп жұмсалған ақша сомасы бойынша берешек. Берешек шетелдерде операция жүргізу кезінде және/немесе халықаралық төлем карточкалары мүшелері арасындағы операциялар бойынша клирингтік есеп айырысулармен және жұмыс істеу ережелерімен белгіленген басқа жағдайларда айырмашылық бағамы салдарынан Қоғам тарифтеріне сәйкес комиссияны есептен шығарған кезде карт-шотта пайда болуы мүмкін;

1.14. Ұйым - Карточка ұстаушының карточкалық шотындағы төлемдерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.15. Негізгі Карточка – Карточка ұстаушының Карт-шоты бойынша ресімделген бірінші Карточка. Негізгі Карточканың қолданыс мерзімі аяқталған, сонымен қатар оны жоғалтқан немесе ұрлатқан жағдайда Негізгі карточканың орнына шығарылған Карточка да Негізгі карточка болып табылады.

1.16. ПИН-код – Дербес Сәйкестендірілген Нөмір, Негізгі және Қосымша карточкаларды ұстаушыларға берілген, оларды сәйкестендіруге арналған 4 таңбалы сандық құпия код.

1.17. Төлем жүйесі – Visa International немесе MasterCard International төлем карточкаларының халықаралық жүйесі.

1.18. Қағида – Қоғаммен әзірленген халықаралық төлем карточкаларын пайдалану қағидасы.

1.19. Наразылық шағым-талап - Карточка ұстаушыдан даулы карточкалық операция жөнінде Қоғамның қабылдаған өтініші.

1.20. Рұқсат етілген Карточкалық операция – жүзеге асыру кезінде төлем карточкасы тежелмеген, оның әрекет ету мерзімі аяқталмаған және төлем карточкасы Қағидаларға сәйкес оны Ұстаушымен төлемдерді жүзеге асыруда қолданылған Карточкалық операция.

1.21. Слип – төлем карточкасын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру кезінде қағаз бетінде жасалған эквайердің немесе кәсіпкердің төлем құжаты.

1.22. Тарифтер – Қоғамның Карточка ұстаушыға көрсеткен қызметтерінің бағасы.

1.23. Авторластыру орталықтары – Карточка ұстаушының атынан немесе Қоғам бастамашылығымен Карточканы тежеуді орындаушы және Авторластырушы Қоғамның құрылымдық бөлімшесі.

2. Шарттың мәні

2.1. Қоғам берген, Карточканы төлем құралы ретінде Карточка ұстаушының пайдалануына сәйкес және соған байланысты Қоғам мен Карточка ұстаушы арасында қалыптасқан құқықтық қарым-қатынас шарттың мәні болып табылады.

2.2. Қоғам Карточка ұстаушыға Карт-шот ашады, оған пайдалануға Карточка, дербес сәйкестендіру коды бар (ПИН-кодпен) хатқалта шығарып береді, Карт-шот пен Карточкаға Қызметтер көрсетеді.

2.3. Карточка ұстаушы Карточканы қабылдап алады және Тарифтерге сәйкес көрсетілген қызмет құнын Қоғамға төлейді.
3. Жалпы ережелер

3.1. Карточканы шетелдерде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да қолдануға болады. Карточка Қоғамның жеке меншігі болып табылады. Карточка онда көрсетілген жыл мен айдың соңына дейін жарамды. Мерзімі өткен Карточкалар мен қолдану мерзімі әлі басталмаған Карточкалар бойынша Карточкалық операциялар жүргізілмейді.

3.2. Карточка ұстаушының Карточканы пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Төлемдер жүйесінің ережелерімен және нұсқауларымен, Қоғамның ішкі құжаттарымен, сонымен қатар осы Шарттың талаптарымен реттеледі.

3.3. Даулы карточкалық операциялар бойынша наразылық шағым-талаптар тиісті құжаттардың (слиптер, чектердің) қосымшаларымен бірге 40 (қырық) күн ішінде қабылданады. Олай болмаған жағдайда жүргізілген Карточкалық операция бекітілді деп есептеледі және шағым-талаптарды Қоғам қабылдамауы мүмкін. Наразылық шағым-талаптар дәлелденген жағдайда Қоғам ақшаны Карт-шотта қалпына келтіреді және кассадан қолма-қол ақшада беріледі.

3.4. Карточка ұстаушының Карт-шоттан ақшаны шығарып тастау жөніндегі өтініш – тапсырмасының талаптарын орындау Карт-шотта орындайтын күні жеткілікті ақша қаражаттары болған жағдайда мүмкін болады.

3.5. Қосымша карточкалар бойынша Карточка ұстаушының жазбаша Өтініші негізінде карточкалық операцияларды жүзеге асыруға шек қоюлар мен лимиттерді белгілеу мүмкін болады.
4. Есеп айырысуларды жүргізу талаптары

4.1. Карт-шот теңгеде жүргізіледі.

4.2. Карт-шотты толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемде жүргізіледі.

4.3. Егер қызмет көрсету пункті Қоғамға қосылған болса, онда Карточкалық операциялар валютасы төлемдер жүйесінен Карточкалық шоттың дебеттелгендігі туралы хабар алынғанға дейін бір жұмыс күн бұрын белгіленген Қазақстан Қор Биржасының орташа өлшенген биржалық бағамы бойынша Карт-шот валютасына айырбасталады.

4.4. Қоғам қолданыстағы Қоғам Тарифтеріне сәйкес комиссияларды төлетеді.

4.5. Ай сайынғы үзінді көшірме бойынша шағым-талаптардың оның клиентпен алынған күнінен бастап 5 (бес) күн ішінде Қоғаммен алынбауы ондағы көрсетілген ақпараттардың дұрыстығын растау болып саналады.
5. Карточка ұстаушының құқықтары:

5.1. Осы Шарттың Қағидаларына мен талаптарына сәйкес карточканы пайдалануға;

5.2. Осы Шарттың қағидаларында, сонымен қатар ережелерінде қарастырылған тәртіпте Карточканы тежеу және тежеуді алып тастау туралы ауызша және жазбаша талап етулер арқылы Қоғамға өтініш білдіруге;

5.3. Қоғамға тиісті түрдегі Өтінішті ұсына отырып, Карт-шот бойынша Қосымша карточкаларды ресімдеуге және/немесе жоюға;

5.4. Дебеттік карточкалар бойынша Карт-шоттағы ақша қалдығы шегінде карточкалық операциялар жүргізуге;

5.5. Карт-шот бойынша операциялар жүргізілген күннен бастап 40 күн ішінде Қоғамға даулы операциялар бойынша наразылық шағым-талап жіберуге;

5.6. Карт-шот бойынша үзінді көшірмелер алуға.
6. Карточка ұстаушының міндеттері:

6.1. Осы Шарттың және төлем карточкалары қағидаларының талаптарын сақтауға;

6.2. Егер оны іске асырғанға дейін карточка тежелмесе, онда сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін ақшаның немесе ПИН-код жиынтығымен немесе Карточка ұстаушының қолымен куәландырылған карточкаларды пайдалану арқылы жүргізілген операциялар бойынша алынған қолма-қол ақшалардың орнын толтыруға;

6.3. Қоғам қызметтерін Қоғам тарифтеріне сәйкес төлеуге;

6.4. Карточканы жоғалтқан, ұрлатқан немесе рұқсат етілмеген карточканы пайдаланған жағдайда осы Шартпен және Қағидаларымен қарастырылған тәртіпте Карточканы тежеуді ауызша немесе жазбаша талап ету арқылы жедел түрде Қоғамға өтініш білдіруге;

6.5. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Карт-шот бойынша пайда болған қарызды уақтылы өтеуге;

6.6. Карточканың сақталуын қамтамасыз етуге;

6.7. Өтініште көрсетілген мәліметтерді өзгерту туралы өзгерістер енгізілген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Қоғамды жазбаша түрде хабардар етуге;

6.8. Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 1 (бір) күнтізбелік ай бұрын Карт-шот бойынша шығарылған Карточканы қайта шығаруға немесе жоюға өтініш беруге. Карточка ұстаушы Карточканы қайта шығаруға немесе жоюға өтініш уақтылы берілмеген жағдайда Карточканың жылдық қызмет көрсету бағасын төлеуге;

6.9. Қоғамнан немесе Ұйымнан тиісті түрдегі жазбаша хабарламаны алған жағдайда Карточканы пайдалануды тоқтатуға және осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Карточканы Қоғамға қайтаруға;

6.10. Карточка ұстаушының кінәсі бойынша немесе қолданыстағы Қоғам тарифтеріне сәйкес Карточканы тежеуге байланысты Қоғаммен өтелген шығындардың орнын толтыруға;

6.11. Карт-шоттан/қа қателікпен ақша алу немесе аудару анықталған жағдайда Қоғамды немесе Ұйымды жедел түрде хабардар етуге;

6.12. Карточканы пайдаланғаны үшін Қоғам алдында толық қаржылық жауапкершілік тартуға;

6.13. Карт-шот бойынша Берешектің пайда болуына жол бермеуге және Карт-шоттың жағдайын үнемі бақылап отыруға;

6.14. Салық органдарымен барлық есеп айырысуларды өздігінен жүргізуге;

6.15. Карточканы үшінші тұлғаларға бермеуге. Карточканы үшінші тұлғалардың пайдалануына рұқсат етілмейді. Осы талаптардың бұзылуы Карточканы алып қоюға, осы Шартты Қоғаммен бір жақты тәртіпте бұзуға және Карточка ұстаушының Қоғамның барлық тартқан зияндарының (шығындарының) орнын толтыруына әкеледі.

6.16. Карт-шотта берешек пайда болғандығы және Ұйыммен еңбекақының аударылмағаны туралы хабар алынған жағдайда Қоғаммен белгіленген мерзімдерде пайда болған берешекті өтеуге;

6.17. Ағымдағы күнтізбелік айдың 15-інен кешіктірмей Қоғамдағы өткен күнтізбелік ай үшін карточкалық шот бойынша ай сайынғы үзінді көшірмені сұрауға. Ай сайынғы үзінді көшірме Негізгі карточка ұстаушыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанда сенімхат негізінде әрекет етуші оның сенімді өкіліне тапсырылады. Ай сайынғы үзінді көшірме Негізгі карточка ұстаушының қолына Қоғам филиалдарында немесе қорғалған электрондық пошта арқылы жіберілуі мүмкін немесе курьерлік поштамен жіберіледі (почта шығындарын клиентпен төлеу талаптары жағдайында).

6.18. Жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың алғашқы айының 10 (он) күні ішінде ағымдағы жылдың 1-індегі жағдайы бойынша Карт-шоттағы ақша қалдығын растауға. Егер осы қалдықтың сомасы бойынша Қоғам мен Карточка ұстаушының арасында әркелкі оқылудың болуы туралы куәлік ететін Карточка ұстаушыдан жазбаша түрде шағым-талаптар болмаса, онда көрсетілген мерзімнің аяқталуына байланысты Карточка ұстаушының Карт-шотындағы ақшаның шығыс қалдығы әрбір ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші күнгі жағдайы бойынша расталды деп саналады.

6.19. Алаяқтық қаупі жоғары елде Карточканы пайдалану тоқтатылған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Қоғамға Карточканы тежеуге және жаңа карточканы жаңа нөмірмен және жаңа ПИН-кодпен қайта шығаруға өтініш білдіруге. Осы тармақтың талаптарын сақтамаған жағдайда Карточка ұстаушы алаяқтық қаупі жоғары елде (Алаяқтық қаупі жоғары елдердің тізімін Қоғамға өтініш білдіру арқылы немесе Қоғамның www.kazpost.kz сайтынан алуға болады) Карточканы пайдалану тоқтатылған күннен 3 (үш) банктік күн өткенде жүргізілген барлық рұқсат етілмеген карточкалық операцияларға толық жауапкершілік тартады.

7. Қоғам құқылы:

7.1. Көрсетілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Қоғамда және/немесе Қоғам сайтында хабарландырулар орналастыру арқылы Карточка ұстаушыны бұл туралы хабардар ете отырып, Қағидалар мен Тарифтерді бір жақты тәртіпте өзгертуге;

7.2. Карточка ұстаушының келісімінсіз (акцепсіз) Карт-шотынан төмендегілерді алып тастауға:

- карточкалық транзакция сомасын;

- Тарифтерге сәйкес Қоғам сыйақысын (мүддесін);

- берешек соманы;

- Карт-шотқа қате аударылған ақшаларды;

- Карт-шотқа жылдық қызмет көрсету және шығару комиссиясын;

- осы Шарттың 7.13. тармағына сәйкес ақша қалдығын.

7.3. Қазақстан Республикасынан тыс жүргізілген, оны жүргізгеннен бастап 40 (қырық) күн өткенде Карточка ұстаушы ұсынған Карточкалық операциялар бойынша шағым-талаптарды талқылауға қабылдамауға;

7.4. Карточканы тежеуді келесі жағдайларда жүзеге асыруға:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Карт-шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылған және/немесе Карт-шоттағы ақшаға тыйым салынған жағдайда;

- Карточканы жоғалтқаны, ұрлатқаны және/немесе рұқсат етілмегенді пайдаланғаны туралы Карточка ұстаушыдан хабарлама алған жағдайда;

- осы Шарттың және/немесе Қағидалардың талаптары, сонымен қатар Төлемдер жүйесінің талаптары оны соңынан алып тастау арқылы Карточка ұстаушымен бұзылған жағдайда;

- осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама Қоғамға түскен немесе осындай шешімді оны соңынан алып тастау арқылы Қоғам қабылдаған жағдайда;

- алаяқтыққа мүмкіндік туғызатын карточкалық операцияларды белгілеу кезінде және оны болдырмау мақсатында.

Карточканы тежеу сондай-ақ осы хабарлама алынған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде Карточка ұстаушының хабарламасы негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

7.5. Карточка дайындалған күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік айдан астам мерзімде Карточканы алу үшін Карточка ұстаушы Қоғамға келмеген жағдайда Карточканы жоюға және Карточка ұстаушыға жылдық қызмет көрсету құнын қайтармауға;

7.6 Карточка ұстаушының Қоғам алдында берешегі пайда болған жағдайда Карточка ұстаушының Қоғамда ашылған және сол сияқты өзге де қызмет көрсететін банктеріндегі банктік шоттарынан теңгеде акцепсіз түрде ақша алуды жүргізуге;

7.6.1. осы арқылы Карточка ұстаушы Қоғамда ашылған тиесілі шоттарының тікелей дебеттелуі арқылы Қоғам алдындағы Карточка ұстаушының міндеттемелері бойынша ақшаны акцепсіз алып қоюға Қоғамға сөзсіз және даусыз құқық береді;

7.6.2. өзге де қызметтер көрсететін банктерде ашылған банктік шоттардан акцепсіз ақша алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады;

7.7. Ұйымнан Карточка ұстаушы жұмыстан шыққан жағдайда карточканы жоюға және жылдық қызмет көрсетуге ұсталған комиссияны қайтармауға;

7.8. Карточка ұстаушының қаржылық мүмкіншілігі болмаған жағдайда Карточка ұстаушының Карточкасы бойынша қарызының орнын толтыру туралы сотқа қуыным ұсынуға және Карточка ұстаушының басқа банктермен және мүдделі тұлғалармен қаржы жөнсіздіктері туралы ақпаратты ұсынуға;

7.9. Карточкалық операцияның іске асырылғандығын растайтын факті, пайдаланылған құжаттар ____________________________ (төлемдер жүйесінен немесе процессингтік орталықтардан) алынғанға дейін жүргізілген карточкалық операциялар бойынша Авторластыру сомасындағы ақшаны Карт-шотта тежеуге. Растайтын құжаттар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде түспеген жағдайда тежелген сома тежеуден алып тастауға жатады;

7.10. Карточканы жою кезінде қолма-қол ақшаны алу үшін комиссия Карточка ұстаушының Карт-шотындағы қалдықтан асып кеткен жағдайда Қоғам осындай қалдық соманы Қоғам кірістеріне аударуға құқылы;

7.11. Тиісті түрдегі хабарлама алынған датадан 10 (он) күн өткенде Карточка ұстаушының карточкасы бойынша пайда болған берешек Карточка ұстаушымен өтелмеген жағдайда карточканы тежеуге;

7.12. Осы Шарт немесе Карточканың әрекет ету мерзімі бұзылған жағдайда ақша қалдығының сомасы осы Шарт бұзылған күнгі қолданыстағы Тарифтерге сәйкес карт-шоттан қолма-қол ақша беру бойынша немесе оларды Карточка ұстаушы көрсеткен банктік шоттарға аударудағы Қоғам қызметінің құнынан аспайтын немесе тең келетін жағдайда Карт-шоттағы ақша қалдығын өз кірісіне алып қоюға;

7.13. Негізгі Карточка жойылған жағдайда Карт-шот бойынша ресімделген Қосымша Карточканы жоюға;

7.14. Рұқсат етілмеген карточкалық операцияларды жүзеге асыру қаупін азайту мақсатында карточкалық операцияларды жүргізуге шектеулер мен лимиттер белгілеуге. Шектеулер мен лимиттердің ауқымын, сонымен қатар оларды белгілеудің талаптары мен тәртібін Қоғам өз бетінше анықтайды;

7.15. Орындайтын күні Карт-шоттағы ақша қаражаттары болмаған немесе жетіспеген жағдайда Карточка ұстаушы ұсынған шот бойынша өтініш-тапсырманың талаптарын орындамауға;

8. Қоғам міндеттенеді:

8.1. Карточка ұстаушыға Қоғам белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылған Карточканы шығаруға (қайта шығаруға) және Карт-шотты ашуға қажетті құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін Карт-шотты өздігінен ашуға және оған Карточка шығаруға (қайта шығаруға);

8.2. Қағидаларға сәйкес Карточка бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сонымен қатар осы Шартпен қарастырылған талаптарда Карт-шотқа есептесу қызметін көрсетуге;

8.3. Тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарын алған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Карточка ұстаушының пайдасына түскен ақшаны Карт-шотқа аударуға;

8.4. Жазбаша сұрауы бойынша Карточка ұстаушыға Қоғам тарифтеріне сәйкес Қосымша үзінді көшірме ұсынуға;

8.5. Қоғам бастамашылығы бойынша Карточка тежелген жағдайда тежелген күннен бастап 3 (үш) күн ішінде себебін көрсету арқылы Карточка ұстаушыны жазбаша түрде хабардар етуге;

8.6. Карточка ұстаушыны Берешектің пайда болғандығы туралы оның пайда болған датасынан бастап 3 (үш) күн ішінде ауызша және жазбаша түрде хабардар етуге;

9. Берешек

9.1. Берешек пайда болған жағдайда Карточка ұстаушы Қоғамға Берешек сомасынан ______% көлемінде Өсімпұл төлейді. Өсімпұлды есептеу Берешек пайда болған күннен бастап оның нақты өтелген күні аралығындағы нақты күндерге жүргізіледі. Карточка ұстаушымен Берешекке жол берілген әрбір жағдай осы Шартты Қоғаммен бұзуға негіз болып табылуы мүмкін.

9.2. Осы Шарт бойынша берешек пайда болған сәттен бастап Карт-шотқа түскен ақшалар ағымдағы күнгі берешектің жалпы сомасын өтеуге жіберіледі, бұл ретте Қоғам бірінші кезекте Өсімпұлды, сонан соң Берешекті өтейді.

9.3. Қоғамнан тиісті түрдегі ауызша және жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 10 (он) күн ішінде мерзімі өткен Берешек өтелмеген жағдайда Карточка тежеледі және әрі қарай жою үшін алып қоюға жатады.

9.4. Егер Берешекті өтеу күні Жұмыс күніне түспесе, онда өтеу келесі Жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

9.5. Төмендегілер Карточка ұстаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады:

1. ___________________________ жылғы банктік салым кепілі туралы №____________(төлем карточкалары бойынша сақтандыру депозиті) шартқа сәйкес Карточка ұстаушының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын банктік салым шотындағы (сақтандыру депозитінде) _________________________________________________ақша сомасы (санмен және жазбаша);
2. _________________ жылғы кепілдік туралы №___________ шартқа сәйкес кепілдік (Қоғам алдындағы Карточка ұстаушының міндеттемелері бойынша ұсынылған қамтамасыз ету түріне байланысты толтырылады).
10. Тараптардың жауапкершілігі

10.1. Қоғам жауапкершілік тартады:

- банктік құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;

- Карт-шот бойынша қате жүргізілген операциялар үшін. Бұл жағдайда Қоғам жауапкершілігі қате жүргізілген операцияларды болдырмаумен шектеледі;

- Карточка ұстаушының пайдасына Қоғамға түскен ақшаны Карт-шотқа кешіктірілген әрбір жұмыс күні үшін уақытында аударылмаған сомадан________ % көлемінде аударуды кідірткені үшін;

10.2. Қоғам жауапкершілік тартпайды:

- үшінші тараптардың карточка бойынша қызмет көрсетуден бас тартуына;

-Карточканы пайдалану арқылы сатып алынған тауарлар мен қызметтердің сапасына;

- Карточка ұстаушының мүддесіне ықпал етулері мүмкін үшінші тұлғалармен белгіленген Карточка бойынша лимиттер, шек қоюлар және қосымша сыйақыларға;

- жоғалған / ұрланған Карточканы Тежеу туралы талаппен Қоғамға Карточка ұстаушының уақытында өтініш білдірмеу салдарына;

- Карточка ұстаушы мен Қосымша карточканы ұстаушының арасындағы даулар және келіспеушіліктерді реттеуге; егер Қоғам осы Шарттың талаптарын орындау үшін өз тарапынан барлық қажетті шараларды қолданса, онда осы Шарттың талаптарын Қоғамның орындауына кедергі келтіретін Қоғам контрагенттері – үшінші тұлғалардың әрекеттеріне/әрекетсіздіктеріне.

10.3. Клиент жауапкершілік тартады:

- жоғалған/ұрланған Карточканы тежеу туралы талаппен Қоғамға уақытында өтініш білдірмеу салдарынан – Қоғамға келтірілген залалдың толық көлемінде;

- тиісті түрдегі жазбаша хабарламадан кейін Карт-шотқа қателікпен аударылған ақшаның Қоғамға қайтарылмағанына – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес.

- егер Карточка ұстаушының және/немесе Қосымша карточка ұстаушының әрекеті және/немесе әрекетсіздігі рұқсат етілмеген Карточкалық операцияларды жүзеге асыруға әкелген жағдайда Карточкалық операцияларды жүзеге асыру үшін Қоғам көрсеткен қызметтердің бағасын есептегенде рұқсат етілмеген Карточкалық операциялардың сомасындағы рұқсат етілмеген Карточкалық операцияларға;

- осы Шарттың талаптарын Карточка ұстаушының және/немесе Қосымша карточка ұстаушының бұзуына.

10.4. Тараптар міндеттемелерін толық және жартылай орындамағандары үшін жауапкершіліктен босатылады, егер ол дүлей күш жағдайының салдарынан болса.

10.5. Дүлей күш жағдайлары басталған жағдайда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау тиісті салдарларды жоюға қажетті осындай жағдайлар мен уақытқа мөлшерлес мерзімге созылады.

11. Дауларды шешу тәртібі

11.1. Осы Шартты орындау кезінде туындаған барлық даулар және келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.

11.2. Келісіммен шешілмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қазақстан Республикасының соты арқылы шешілуге жатады.

11.3. Тараптар дауларды шешу кезінде дәлел ретінде ақпаратты электрондық таратушыдағы операциялар туралы мәліметтерді тануға келіседі.

11.4. Жазбаша хабарлама басқа Тараппен алынды деп есептелінеді, егер олар қолхат арқылы оған тапсырылса немесе осы Шарттың 14 тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хатпен жіберілсе (пошта түбіртегі бар болса).

12. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі, оны бұзу мен өзгертудің талаптары

12.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және осы Шарт бойынша Карточка ұстаушының ақшалай міндеттемесі болмаған жағдайда кез-келген Тараптың бастамашылығы бойынша бұзылғанға дейін қолданыста болады.

12.2. Карточка ұстаушының ақшалай міндеттемесі болмаған жағдайда осы Шарттың болжамдалған бұзу датасына дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын осы Шарттың шеңберінде шығарылған барлық Карточкаларды Қоғамға беру және тиісті жазбаша хабарламаны Қоғамға жіберу арқылы бір жақты тәртіпте Карточка ұстаушы осы Шартты бұзуға құқылы.

12.3. Қоғам осы Шартқа және Карточка ұстаушының Карт-шотына орындалмаған талап етулер болмаған жағдайда болжамдалған бұзу датасына дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Карточка ұстаушыға тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

12.4. Осы Шартпен қарастырылған міндеттемелерді Карточка ұстаушы орындамаған жағдайда Қоғам карточканы тежейді және Қоғам Тарифтеріне сәйкес тежегені үшін Карточка ұстаушы сыйақы (мүдделер) төлейді.

12.5. Осы Шартты бұзу кезінде:

- Карточка бойынша қызмет көрсетудің жылдық бағасы қайтарылмайды;

- Карт-шот бойынша қалдық ақша Карточка ұстаушыға қолма-қол ақшамен беріледі немесе Карточка ұстаушыдан түскен жазбаша нұсқауға сәйкес оның банктік шотына аударылады.

12.6. Осы Шарт Тараптар арасында өзара есептесулер толық аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады және өз әрекетін тоқтатады.

12.7. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың талаптарына сәйкес Қоғаммен бір жақты тәртіпте енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есептемегенде, оларды жазбаша түрде іске асырған және екі Тарап қол қойған кезде жарамды.

12.8. Осы Шарт әр Тарапқа әр тілде бір-бір данадан берілетін, орыс және қазақ тілдерінде екі данадан төрт данада жасалды. Осы Шарттың барлық даналарының заңдық күштері бірдей.
13. Қосымша талаптар

13.1. Карточка ұстаушының Авторластыру орталығына карточканы тежеу туралы өтініш білдірген ауызша өтініші жағдайында Карточка ұстаушы Авторластыру орталығы мен Карточка ұстаушының арасындағы телефонмен сөйлесулердің жазбасын жүзеге асыруға келіседі. Авторластыру орталығы мен Карточка ұстаушының арасындағы дыбыстық жазба Карточканы Тежеу туралы талаппен Карточка ұстаушының Авторластыру орталығына ауызша өтініш білдіруін растайтын дерек болып табылады.
14. Қосымша:

14.1. «Қазпочта» АҚ Халықаралық төлем карточкаларын пайдалану қағидасы

14.2. Қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

15. Тараптардың орналасқан жері мен деректемелері:

«Қоғам»

Акционерлік қоғам

Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі,152
СТН 600700100437

БСК 190501563

ЖСК 687078675

БЕК 16

ТМК 190 (өзге аударымдар)


«Карточка ұстаушы»

___________________________

___________________________

___________________________

(Аты-жөні)

__________________________

___________________________

___________________________

___________________________

(жеке басын куәландыратын құжат)


Тараптардың қолдары:

«Қоғам»
_____________

_____________
М.О.

«Карточка ұстаушы»
______________

______________



Похожие:

KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж icon«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
«Шарт» «Казкоммерцбанк» АҚ american express халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж icon«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
«Шарт» «Казкоммерцбанк» АҚ american express халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconОсы Шарт (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ақысы алдын ала төленген карточкаға ақша қабылдау бойынша қаржылық қызмет көрсету және Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт
Клиентке Банкте ақысы алдын ала төленген карточканы беру туралы шарт. Осы Шарт Қосылу шарты болып табылады. Клиенттің алдын ала төленген...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconMasterCard International /Visa International халықаралық төлем жүйелерінің және Smart Alem жергілікті Төлем жүйесінің төлемдік карточкаларын шығару туралы шарт
Жеке тұлғамен «бта банкі» АҚ эмитацияланған төлемдік карточкалар бойынша ережелерге №1 қосымша
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconVisa төлем карточкаларын пайдалану ережелері жалпы ережелер
Карточканы пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында, visa international ассоциациясында, АҚ еб «Альфа-Банк» Visa халықаралық...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconХалықаралық Төлем жүйесінің MasterCard және Visa, жергілікті Smart Alem Төлем жүйесінің
Карточка Ұстаушының Өтінішінде және/немесе оның қосымшасында анықталады. Осы Шарт Банк шығаратын Төлем Карточкаларын пайдалану, Банктің...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconЭлектрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді
Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconРегистрационный №165-1 200 ж. №
«Клиент» деп аталатын 200 ж. № «Internet Office» сервисін пайдаланып, банктік қызмет көрсету шартына (заңды тұлғалар үшін) (бұдан...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconНҰСҚаулар «Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп» №17-тб нысан бойынша сұратылатын ақпарат төлем балансын, Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясын қалыптастыруға және оларды талдауға арналған
«Резидент еместерге берілген кредиттер туралы есеп» №17-тб нысан бойынша сұратылатын ақпарат төлем балансын, Қазақстанның халықаралық...
KazCard халықаралық төлем карточкасын беру туралы № шарт қ. ” ” 200 ж iconАҚ еб "Альфа-Банк" visa халықаралық корпоративті төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы келісім акционерлік Қоғам Еншілес Банк «Альфа-Банк»
К» деп аталып, атынан, негізінде әрекет етуші және, бұдан ары «Клиент» деп аталып, негізінде әрекет етуші, екінші тараптан, бұдан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница