2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері




Скачать 85.44 Kb.
Название2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері
Дата конвертации09.07.2014
Размер85.44 Kb.
ТипДокументы
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс

жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің

2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен

бекітілген

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.09.2010 жылғы №1004 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жж. арналған Қазақстан Республикасында Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2011 жылғы №329 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жж. арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыру мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

2. Ереже тұрғын үй сатып алушылардың – Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген жеке тұлғалардың пулын қалыптастыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

    1. Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және оның филиалдары;

    2. ЖАО – облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқару органы;

    3. Өтініш беруші – Банктен алынған тұрғын үй заемы есебінен (Банк қаражаттары жеткілікті болған жағдайда – аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй заемдарының есебінен) салынған тұрғын үйді сатып алу жолымен Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген Банк салымшысы;

    4. Құрылыс объектісі – оның құрылысына жобада көзделген, оған қатысты барлық жабдықтармен, инженерлік коммуникациялармен, қосымша және қосалқы құрылыстармен және құрылғылармен салынып жатқан құрылыс немесе ғимарат;

    5. Тұрғын үй сатып алушылардың пулы – Комиссия бекіткен әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй сатып алушылар тізімі;

    6. Жүзеге асырылатын тұрғын үй – Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында салынатын тұрғын үй;

    7. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы – Банк талаптарын орындаған (балл санына жету және төлем қабілетін растау бойынша) және тұрғын үй сатып алушылар пулына енгізілген өтініш беруші.


2-бөлім. Тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру тәртібі
2.1. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімін қалыптастыру тәртібі
4. Тек Банк салымшылары ғана Бағдарлама аясында салынатын тұрғын үй сатып алушылар пулының қатысушысы бола алады.

5. Тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру үшін балл жүйесі қолданылады. Тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру 2 кезеңде жүзеге асырылады:

№1 кезең – тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімін құрастыру;

№2 кезең – құрылыс объектілері бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларды қалыптастыру.

6. Нақты құрылыс объектісі бойынша ЖАО-мен Келісімге қол қойылғаннан кейін Банк құрылыс объектісін жүзеге асыру туралы республикалық баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру орналастырады.

7. Әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштер қабылдауды Банк республикалық баспасөз басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде іске асырады (хабарландыруда міндетті түрде өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні көрсетіледі).

Қосымша құрылыс объектісін жүзеге асыру туралы хабарландырулар Банктің веб-сайтында немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы мүмкін.

8. Әрбір құрылыс объектісі және бөлме санына қарай пәтерлердің типі бойынша өтініш берушілер тізіміне кіргізу үшін Өтініш берушілерді іріктеу Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес балл есептеу негізінде жүргізіледі.

9. №1 кезеңде өтініш берушілер саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштер қабылдау Банк Басқармасының шешімі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың қажетті санын толтыруға қажет мерзімге ұзартылады.

10. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштер қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарландыруды Банк мемлекеттік және орыс тілдерінде республикалық баспасөз басылымдарында орналастырады (өтініштер қабылдаудың аяқталуының күнін жаңадан көрсете отырып).

11. Өтініш беруші бір елді мекенде бір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға бір өтініш бере алады.

12. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізіміне кіргізу үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге Банкке Ереженің №1 Қосымшасына сай нысанда өтініш береді.

13. Өтініш берушінің әрбір өтінішіне дербес нөмір тағайындалады, ол бойынша кейін оның сәйкестігі іске асырылады.

14. Өтініш берушінің өтінішін тіркеу және оған дербес нөмір тағайындау тәртібі Бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін реттейтін Банктің ішкі құжатына сәйкес іске асырылады.
2.2. Балл есептеу және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларды қалыптастыру тәртібі

15. Өтініштер қабылдау аяқталған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде Банк Ереженің №2 Қосымшасына сәйкес Жүзеге асырылатын тұрғын үйде бөлме санына қарай әрбір пәтер типі бойынша өтініш берушілер тізімін құрастырады және Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес критерийлеріне сәйкес әрбір өтініш беруші бойынша балл есептеуді жүргізеді.

Балл есептеу өтініш берушілердің өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жүргізіледі.

16. Өтініш берушілердің тізімі жиналған балл санының «ең жоғарғы мәннен ең төменгі мәнге» ұстанымы бойынша құрылуы және Банктің тиісті филиалының басшылығымен бекітілуі тиіс.

Дербес нөмірлері және есептелген балл саны көрсетілген Өтініш берушілердің бекітілген тізімі Банктің веб-сайтына орналастырылады.

Берілген өтініштің дербес нөмірі бойынша өтініш беруші Банктің веб-сайтында өзіне тағайындалған балл санымен таныса алады.

17. Жүзеге асырылатын тұрғын үйдегі пәтер санын және бөлме санына қарай пәтер типін ескере отырып, жиналған балл санына сай, Банк төлем қабілетін растауы тиіс өтініш берушілер санын анықтайды.

18. Өтініш берушілерге тағайындалған балл саны бірдей болған жағдайда, Банкке берген өтініші бірінші тіркелген өтініш берушіге артықшылық беріледі.

19. Банк өтініш берушілердің тізіміне сай әрбір құрылыс объектісі және бөлме санына қарай пәтер типі бойынша таңдап алынған ең жоғарғы балл саны бар өтініш берушілерге 5 жұмыс күні ішінде Банктің ондай хабарлама жіберген күнінен бастап бір ай мерзімде өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау үшін талап етілетін құжаттарды Банкке беру қажеттілігі туралы Бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін реттейтін Банктің ішкі құжатында көзделген нысан бойынша жазбаша хабарлама жібереді (өтініште көрсетілген мекенжай бойынша).

20. Олардың төлем қабілетін бағалаудан өтулері үшін Өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау, қарау ішкі кредиттік саясатқа және басқа Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

21. Әрбір құрылыс объектісі және бөлме санына қарай пәтер типі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулы өздерінің төлем қабілетін растаған өтініш берушілер ішінен құрылады. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуда және пәтер таңдауда (қабаттылығы, орналасуы) балл саны жоғары салымшылар артықшылыққа ие болады. Балл мәні бірдей Өтініш берушілерді пулған кіргізу тәртібі ереженің 18-тармағында реттелген.

22. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін құрамы, өкілеттігі және жұмыс тәртібі Бағдарламаны жүзеге асыру тәртібін реттейтін Банктің ішкі құжатында көзделген Комиссия бекітеді.

23. Жүзеге асырылатын тұрғын үйдегі пәтерлерді бөлумен бірге тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін Ереженің №4 Қосымшасына сәйкес Банк құрастырады.

24. Комиссия тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін бекіткеннен кейін аталған қатысушыларға Бағдарлама қатысушысы мәртебесін тағайындай отырып, Банк олармен тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келісім жасайды.

25. Құрылыс объектісі аяқталғандығы туралы ЖАО хабарламасын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Банк Комиссия бекіткен тізімге сай тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларға Жүзеге асырылатын тұрғын үйден пәтер сатып алуға заем алу үшін кредиттік өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Мұндай жағдайда, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар хабарламада көрсетілген мерзімде олардың төлем қабілетіне қайталап бағалау жүргізу (тұрғын үй сатып алушылар пулына кіргізілген кезде төлем қабілетін растау мерзімінен бастап 6 ай өткен жағдайда) және тұрғын үй сатып алуға заем алу үшін кредиттік өтінімді қарау үшін талап етілетін құжаттарды Банкке беру қажет.

26. Кредиттік өтінімдерді қабылдау, қарау және заем беруді Банк Қазақстан Республикасының 07.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңына, ішкі кредиттік саясатқа және заем беру мәселелерін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Жүзеге асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға Банкке қамтамасыз ету есебінде мәндетті түрде Бағдарлама аясында сатып алынған тұрғын үй қабылданады.

27. Банк Ереженің №4 Қосымшасына сәйкес жүзеге асырылатын тұрғын үйде пәтерлерді бөле отырып құрастырған тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың ең соңғы тізімі Банк Жүзеге асырылатын тұрғын үйдің пайдалануға берілгендігі туралы хабарламаны алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ЖАО-ға жіберіледі.

28. Банк берген тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың тізіміне сай, ЖАО Серіктестік туралы келісімде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылармен тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасайды және уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген Жүзеге асырылатын тұрғын үйдегі пәтерге құқық белгілеуші және басқа құжаттарды Банкке береді.

29. Жүзеге асырылатын тұрғын үйден пәтер сатып алуға берілген заем(дар)/жинақталған қаражат/меншікті қаражаттар сомасын тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы пәтер құнының шегінде тұрғын үйге төлем жасау үшін ЖАО-мен серіктестік туралы келісімде немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына аударады.
2.3. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімінде және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімінде өтініш берушілерді тізімнен шығару және ауыстыру тәртібі мен талаптары, Бағдарламаға қатысудан бас тарту
30. Өтініш берушінің тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өзі таңдаған пәтердің параметрлері бойынша өз төлем қабілетін растауы мүмкін болмаған жағдайда, ондай Өтініш берушінің Банкке берілген ерікті нысанда жазылған қосымша өтінішіне сай Жүзеге асырылатын тұрғын үйден ауданы кіші пәтер таңдауына (бос пәтерлер болған жағдайда) мүмкіндік беріледі. Ауданы кіші пәтер таңдаған кезде тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға Өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау оның Банкке бұрынғы берген құжаттары негізінде іске асырылады.

31. Өз төлем қабілетін растаған Өтініш берушінің Банкке берілген ерікті нысанда жазылған қосымша өтінішіне сай Жүзеге асырылатын тұрғын үйден ауданы үлкен пәтер таңдауына (бос пәтерлер болған жағдайда) мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға Өтініш берушінің төлем қабілетін есептеу оның Банкке бұрынғы берген құжаттары негізінде іске асырылады.

32. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы Жүзеге асырылатын тұрғын үйден пәтер сатып алудан бас тарту туралы өтініш беру жолымен тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысудан бас тарта алады. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыны Ереже талаптарына жауап беретін өтініш берушілер ішінен Бағдарламаның басқа қатысушысына ауыстыру Комиссия шешімі бойынша іске асырылады.

33. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаға берген жағдайда немесе ол тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзуға өтініш берген болса, оған Бағдарлама қатысушысының мәртебесі тағайындалған қосымша келісім және Бағдарлама қатысушысының мәртебесі автоматты түрде жойылған болып есептеледі.

34. Егер тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша ұсынылған кестеге сәйкес салымға 3 (үш) және одан артық рет жарна енгізбеген болса, Банк Комиссия шешімі бойынша оны тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімінен шығаруға және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімінде көрсетілген өтініш берушілер ішінен Бағдарламаның басқа қатысушысына ауыстыруға құқылы.

35. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу құқығын үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
3-бөлім. Қорытынды ережелер

36. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Ережеде келісілмеген және оған қайшы келетін жұмыстардың тәртібі мен талаптары Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республиасынң заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Похожие:

2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconТұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін балл тағайындау критерийлері
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconҚазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 9 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері icon«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ
ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconТұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы шарттары Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартының Жалпы шарттары (бұдан әрі – Жалпы шарттар) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Салымшы мен Банк арасында және/немесе салымшы, Банк және үшінші тұлғалар арасында, сондай-ақ Банктің агенттері арқылы жасалған, Жалпы...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері icon2011 жылғы 5 желтоқсан №471 Астана қаласы Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
Республикасы Құрылыс жәнетұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бұйрығы
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconТалон жүйесі бойынша аи 92 мұнай өнімдерін сатып алу-сату туралы № Шарты Алматы қаласы 2011 ж
«Сатып алушы» деп аталатын, негізінде әрекет ететін, келесі тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс...
2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің
Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница