Нысан Жалпы ережелер




Скачать 119.72 Kb.
НазваниеНысан Жалпы ережелер
Дата конвертации09.02.2013
Размер119.72 Kb.
ТипДокументы




Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (130.00-нысан) қосымша

Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (130.00нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акционерлік қоғамдарды, мекемелер мен Салық кодексінің 134–бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын пәтер (үй–жайлар) иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнен басқа, тұтыну кооперативтерiн қоспағанда коммерциялық емес ұйымдар жасайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (130–нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей–тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01–ден 130.03–ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және салық төлеушінің не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар оның көлінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны беру кезінде:

1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.

БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс

2. Декларацияны жасау (130.00 нысан)

 

15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) БСН – салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;

3) салық кезеңі (жыл) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) Декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер Салық кодексінің 63–бабында көрсетілген Декларацияны салық есептілігі түріне жатқызуды ескере отырып белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4)–тармақшасында көрсетілген Декларация түрін тапсырған жағдайда белгіленеді;

7) валюта коды.

туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Шешім) «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) қоса берілген қосымшалар.

Қоса берілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

9) 100.00–нысан бойынша декларация.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрcетілген қызметтен жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар болған жағдайда белгіленеді (100.00–нысан);

10) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс кірістерді алу кезінде шығыстарды шегерімдерге жатқызу әдісі. Таңдаған әдіске байланысты сәйкес торкөз белгіленеді.

«Барабарлық» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімдерге жатқызудың барабарлық әдісін таңдағанда белгіленеді.

«Бөлек есептеу» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімдерге жатқызудың бөлек есептеу әдісін таңдағанда белгіленеді.

16. «Табыстар» бөлімінде:

1) 130.00.001 жолда сыйлық берулер түрінде депозиттер бойынша алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

2) 130.00.002 жолда грант түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

3) 130.00.003 жолда өтеусіз мүлік түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 130.00.004 жолда кіру жарналары түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

5) 130.00.005 жолда мүшелік жарналар түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

6) 130.00.006 жолда кондоминиумның қатысушыларының жарналары түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

7) 130.00.007 жолда қайырымдылық көмек түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 130.00.008 жолда демеушілік көмек түрінде алған табыстарының сомасы көрсетіледі;

9) 130.00.009 жолда өтеусіз негізде аударымдар түрінде алған ақшаның сомасы көрсетіледі;

10) 130.00.010 жолда алған қайыр–садақа берулер түрінде алған табыстарының сомасы көрсетіледі;

11) 130.00.011 жолда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға келісім–шарт бойынша алған табыстың сомасы көрсетіледі;

12) 130.00.012 жолда 130.00.001–ден 130.00.011 дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

13) 130.00.013 жолға Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда (100.00–нысан) 100.00.027 жолда көрсетілген басқа табыстардың сомасы көшіріледі;

14) 130.00.014 жолда 130.00.012 және 130.00.013. жолдардың сомасы ретінде анықталатын табыстардың жиынтық соммасы көрсетіледі.

17. «Шығыстар» бөлімінде:

1) 130.00.015 жолда коммерциялық емес ұйымды ұстау шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.02.004 жолда көрсетілген сома көшіріледі;

2) 130.00.016 жолда шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.03.001 жолда көрсетілген сома көшіріледі;

3) 130.00.017 жолда ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 130.00.018 жолда келісім–шарттың талаптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңі үшін төлеген (төлеуге жататын) сыйақының сомасы көрсетіледі;

5) 130.00.019 жолда қайырымдылық көмек түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

6) 130.00.020 жолда демеуші көмек түріндегі шығыстарының сомасы көрсетіледі;

7) 130.00.021 жолда кіру жарналары түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 130.00.022 жолда мүшелік жарналар түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

9) 130.00.023 жолда заңды және жеке тұлғалардың тегін тапсырған мүлкі бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

10) 130.00.024 жолда өтеусіз негізде аударымдарға арналған шығыстардың сомасы көрсетіледі;

11) 130.00.025 жолда заңды және жеке тұлғалардың қайыр–садақа берулер түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

12) 130.00.026 жолда 130.00.015–тен 130.00.025 дейінгі жолдардың сомасы ретінде анықталатын табыстардың жиынтық соммасы көрсетіледі.

18. «Барабарлық әдіс бойынша шегерімдерді есептеу» бөлімінде:

1) 130.00.027 жолда 130.00.013 жолдың сомасы мен 130.00.014 жолдың сомасының қатынасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасында Салық кодексінің 134–бабы 4–тармағына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстардың үлес салмағы көрсетіледі;

2) 130.00.028 жолға Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда (100.00–нысан) 100.00.058 I жолда көрсетілген сомасы көшіріледі;

3) 130.00.029 жолда Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда (100.00–нысан) шегерімдерге жатқызуға жататын шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.00.027 және 130.00.028 жолдардың туындысы ретінде айқындалады.

19. 130.00.029 жолдың шамасы 100.00.058 ІI жолға көшіріледі.

20. «Бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерді есептеу» бөлімінде:

130.00.030 жолда бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерге жатқызуларға жататын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.026 жолдың сомасы көшіріледі.

21. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Басшының аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (ол бар болғанда) көрсетіледі;

2) декларацияны өткізу күні.

Декларацияны салық органына өткізген күн көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушілердің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, есімі, әкесінің (оның бар болғанында) аты көрсетіледі;

5) Декларацияны қабылдау күні.

Салық кодексінің 584–бабы 2–тармағына сәйкес Декларацияны беру күні көрсетіледі;

6) кіріс құжаты.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошталық немесе өзге де байланыс ұйымның қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

3. Өтеусіз алған (берген) мүлік (қайырымдылық көмек, демеуші көмегі, қайыр–садақа беру, өтеусіз негіздегі аударымдар), мүшелік және кіру жарнасы 130.01 нысанын жасау

 

22. Осы нысан коммерциялық емес ұйымдардың табыстар сомасын айқындауға арналған.

23. «Есеп» бөлімінде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі – заң немесе жеке тұлға тегін берген (алған) мүліктің, алған (төлеген) мүшелік немесе кіру жарналары көрсетіледі;

3) С бағанында заңды тұлғаның бизнес–сәйкестендiру нөмірі немесе В бағанында көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмірі көрсетіледі.

Жол 2007 жылғы 12 қантардағы «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның сәйкестендiру нөмірі болған жағдайда толтыруға жатады;

4) D бағанында осы Ережелердің 28–тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;

5) Е бағанында резидент еместің мүлікті өтеусіз тапсырған (алған), мүшелік немесе кіру жарнасын алған (төлеген) оның резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) F бағанында өтеусіз алған (тапсырған) мүлік түрінің коды, алған (төлелген) мүшелік немесе кіру жарналары көрсетіледі. Декларацияны толтырғанда, мүлікті өтеусіз тапсырған (алған), мүшелік немесе кіру жарнасын алған (төлеген) мүлік түрлерінің мына кодтарын қолдану керек:

1 – қайырымдылық көмек;

2 – демеуші көмек;

3 – қайыр–садақа беру;

4 – өтеусіз негіздегі аударымдар;

5 – өтеусіз алған қалған мүліктер;

6 – кіру жарналары;

7 – мүшелік жарналар;

8 – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша табыстар, депозиттер бойынша сыйақы және кондоминиумға қатысушылардың жарналары;

7) G бағанында осы Ережелердің 29–тармағына сәйкес өтеусіз алған мүліктінің коды көрсетіледі. Осы баған өтеусіз негіздегі аударымдар алған жағдайда толтырылмайды;

8) Н бағанында мүлікті өтеусіз алу (беруді), мүшелік немесе кіру жарналарын алуды (төлеуді) растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;

9) І бағанында өтеусіз алған мүліктің (құны), алған мүшелік немесе кіру жарналарының сомасы көрсетіледі;

10) J бағанында өтеусіз алған мүліктің (құны), төлеген мүшелік немесе кіру жарналарының сомасы көрсетіледі.

4. Коммерциялық емес ұйымды ұстау 130.02 нысанын жасау
24. Осы нысан коммерциялық емес ұйымды ұстауға кеткен шығыстардың сомасын айқындауға арналған.

25. «Коммерциялық емес ұйымды ұстау» бөлімінде:

  1. 130.02.001 жолда 130.02.001 І–ден 130.02.001 XVІІ–ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстау шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  2. 130.02.001 І жолда электр қуатына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  3. 130.02.001 ІІ жолда жылулық қуатына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  4. 130.02.001 ІІІ жолда қаржы қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  5. 130.02.001 ІV жолда жалдау төлемі шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  6. 130.02.001 V жолда көлік қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  7. 130.02.001 VІ жолда байланыс қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  8. 130.02.001 VІІ жолда аудиторлық (кеңес беру) қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  9. 130.02.001 VІІІ жолда күзет қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  10. 130.02.001 ІX жолда адвокаттық қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  11. 130.02.001 X жолда нотариалдық қызметтері шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  12. 130.02.001 XІ жолда негізгі құралдарды жөндеу шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  13. 130.02.001 XІІ жолда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар және өсімақылар сомасы көрсетіледі;

  14. 130.02.001 XІІІ жолда Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдардың сомасы көрсетіледі;

  15. 130.02.001 XІV жолда айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының сомасы көрсетіледі;

  16. 130.02.001 XV жолда сақтандыруға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  17. 130.02.001 XVІ жолда жарнамаға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  18. 130.02.001 XVІІ жолда қалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  19. 130.02.002 жолда қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалатын және 130.02.002 І және 130.02.002 ІІ жолдарды қосуымен айқындалатын әлеуметтік төлемдерге және оқытуға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  20. 130.02.002 І жолда еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  21. 130.02.002 ІІ жолда әлеуметтік төлемдерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  22. 130.02.003 жолда 130.02.003 жолында ескерілмеген, 130.02.003 І, 130.02.003 VІІ, 130.02.003 VІІІ жолдарын қосуымен айқындалатын, коммерциялық емес ұйымды ұстауға кеткен барлық басқа да шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  23. 130.02.003 І жолда 130.02.003 ІІ–ден 130.02.003 VІ–ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын іссапар шығындарының жалпы сомасы көрсетіледі;

  24. 130.02.003 ІІ жолда бронь үшін төлеуді қоса алғанда, іссапар орны мен кері жол жүруге іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  25. 130.02.003 ІІІ жолда бронь үшін төлеуді қоса алғанда, тұрғын үй жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  26. 130.02.003 ІV және 130.02.003 V жолдарда Қазақстан Республикасы шегі мен одан тыс жерлерге іссапарлар бойынша төленетін тәуліктіктің тиісті сомасы көрсетіледі;

  27. 130.02.003 VІ жолда салық төлеуші кіру визасын ресімдеуде (бұрыштаманың құны, консулдық қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру) жұмсаған шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  28. 130.02.003 VІІ жолда көрнекі шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  29. 130.02.003 VІІІ жолда келешек мерзімдердің шығыстарының салық кезеңінің шығыстарына әкетілетін сомасы көрсетіледі;

  30. 130.02.004 жолда 130.02.001, 130.02.002 және 130.02.003 – жолдарды қосуымен айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалған шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі;

  31. 130.02.005 І жолда салық кезеңі үшін іссапарлардың жалпы саны көрсетіледі;

  32. 130.02.005 ІІ жолда салық кезеңі үшін іссапарлар күндерінің жалпы саны көрсетіледі.

130.02.004 жолдың шамасы 130.00.015 жолға көшіріледі.

5. Шараларды ұйымдастыру және өткізу 130.03 нысанын жасау
26. Осы нысан коммерциялық емес ұйымның қызметіне қатысты әр түрлі шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шығыстардың сомасын айқындауға арналған.

27. «Шараларды ұйымдастыру және өткізу» бөлімінде:

130.03.001 жолда шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.03.001 І–ден 130.04.001 XІ дейінгі жолдарда шаралар түрлері бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.

28. 130.03. 001жолдың шамасы жолға 130.00.016 жолға көшіріледі.

6. Елдер кодтары

 

29. Резидент емес – салық төлеушінің резиденттік елінің кодын толтыру кезінде Шешімнің «Әлем елдерінің жіктемесі» 22–қосымшаға сәйкес елдердің әріптік кодталуын пайдалану қажет.

7. Мүлік кодтары

 

30. Мүлік кодын толтыру кезінде мынадай кодтауды пайдалану қажет:

01– ақша;

02 – қаржы инвестициялары;

03 – тауарлық– заттық қорлар;

04 – негізгі құралдар;

05 – материалдық емес активтер;

06 – қызметтер;

07 – жұмыстар;

08 – өзгелері.

_____________________________________________

Похожие:

Нысан Жалпы ережелер iconКоммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (520. 00–нысан)
Нысан Жалпы ережелер iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі
Нысан Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Нысан Жалпы ережелер icon300. 00-нысан Жалпы ережелер
Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)...
Нысан Жалпы ережелер icon912. 00-нысан Жалпы ережелер
...
Нысан Жалпы ережелер icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Декларацияның өзінен (110. 00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу...
Нысан Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Нысан Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Нысан Жалпы ережелер iconПайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (590. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы...
Нысан Жалпы ережелер icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница