Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша




Скачать 111.48 Kb.
НазваниеШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Дата конвертации16.11.2012
Размер111.48 Kb.
ТипДокументы




Шарбақты аудан әкімдігінің

2009 жылғы «28» қазандағы № 228/8 қаулысына қосымша



Шарбақты ауданының

2010-2014 жылдарға арналған

әлеуметтік экономикалық даму болжамы
Кіріспе
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге арналған негізгі әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштердің болжамын, бюджет саясатының негізгі бағыттарын, үш жылдық кезеңге арналған өңірлік бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемдерін қамтиды.

Әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлерлердің болжамы аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, сондай-ақ 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттің стратегиялық жоспарларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.


  1. 2007-2008 жылдарға арналған экономикалық даму үрдістері


Ауылшаруашылық өндірісте 2000 жылдан бері байқалған тұрақтылық сақталады. 2008 жылы өндірілген ауылшаруашылық жалпы өнім 6,0 млрд. теңгені құрады және 2007 жылға қарағанда 6,6%-ға ұлғайды.

2008 жылы астықтың жалпы өнімі 24,8 мың тонна құрады немесе 2007 жылға қарағанда 48,4%, күнбағыс 1,4 мың тонна (50,0%-ға), картоп-6,2 мың тонна (21,6%-ға) кем.

Ауа райының күрделі жағдайына байланысты өсімдік өнімін жинауына зиянын тигізіп, толығымен 2008 жылғы ауылшаруашылық дамуы көрсеткіштері сақталды. Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығындағы малдың негізгі тұқымы және өндіру көлемінің қарқыны жағымды динамика байқалады. 2008 жылдың соңына ірі қара мал саны 31,8 мың (103,6 %), қой және қозы -26,0 мың (102,3%), жылқы -3,1 мың (101,7%), құс-406,3 мың (294%), шошқа-15,8 мың (2007 жылғы сәйкес кезеңге 100,6%-ды) құрайды.

Ауылшаруашылық құрылмындағы асылтұқымды субьектілердің мәртебесі бар екі «Победа» және «Түгелбай» ЖШС-рі тұқым сапасын жақсарту мақсатында асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысуда. Ауданда асыл тұқымды малдың жалпы салмағы 3,5 %-дан 3,8%-ға дейін өсті.

Ауданда ауыл шаруашылық өндірушілер мал және құс еті (тірідей салмағы) 6129,5 тонна немесе 2007 жылға қарағанда 105,6%, сүт-34980,7 тонна (102,3%), жұмыртқа 46185,9 мың дана (4,4 есе артық) өндірілді.

Кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс істейтін өндірістерді техникалық жабдықтау және қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2 жыл ішінде қайта өңдеу 7 жаңа обьектілер қолданысқа енгізілді, лабороториялық жабдықтаумен, сүт тасушы машина және сүт суытатын қондырғы, сүт өндіретін екі ауылдық кооператив ашылды, ауысымда 25 бас мал соятын цех қолданысқа тапсырылды.

Шарбақты құс фабрикасында шет елдік инвестиция есебінен құс фабрикасын қайта жөндеу жұмыстары жасалынды, күш қуаты сағатына 3 тонна құрама жем шығаратын жаңа цех қолданысқа енгізілді.

2008 жылы қолданыстағы бағалар өнеркәсіп өнімдері көлемін 603,3 млн теңгені құрады. Жеке тұлғалар көлемінің индексі -72,4%. Өңделетін өнеркәсіптің жалпы көлемі 98,7%-ды құрайды, электроэнергияны, газ және суды бөлу-1,3%.

Қайта өңделетін өнеркәсіпте өнімдердің нақты түрлерін шығару көлемі төмендегені байқалады (жарма, ет, нан және ұннан жасалған тағамдар, ботқа тағамдары).

Өңдеу объектілерімен нан және нан өнімдері 1556 тонна (98,7%), ұн 910 тонна (177,7%), жарма 4974 тонна (72,8%), ет және ботқа тағамдары 603 тонна (2007 жылға қарағанда 78,3%), күнбағыс майы 20 тонна (166,7%) өндірілді.

Қаржылық дағдарыс шарттары шегінде автомобиль транспортымен тасымалдау көлемі төмендеді. Өткен жылы жүк тасымалдау көлемі 43,5%-ға төмендеді, 2007 жылға қарағанда жүк айналымы-35%-ға төмендеді, 44,3 мың тонна және 4,2 млн ткм –ді құрайды.

Негізгі капиталға 1411,5 млн. теңгеге инвестицияландырылды 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 3,2 есе жоғары. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында бюджеттік қаржы (77,8%) 1098,5 млн теңгені құрады.

Бюджеттік инвестиция есебінен 2 елді мекенді кенттерде қуаттылығының жобасы 54,3 км су жүйесін жаңартуы, денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысы аяқталды.

2008 жылы жан басына шаққандағы орташа кіріс 21214 теңге, 2007 жылға қарағанда 32,6%-ға жоғары. Айлық орташа еңбекақы 28777 теңге көтерілгенді есептегенде 7,9%.

2008 жылы жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,9 мың адамды құрады, 2007 жылға қарағанда 2,2% жоғары.

Еңбектің ашық нарығында 2007 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 5,5%-ға өсіп және 811 адамды құрады. Сонымен сәйкес жұмыссыздар саны 2007 жылы 4,7%-дан 2008 жылы 4,9%-ға өсті.
2009 жылы әлеуметтік-экономикалық

даму үрдістері
2009 жылы аудан экономикасы экономикалық дағдарыс шарттарында дамуды жалғастырды.

Дағдарысқа қарсы қолданып жатқан шаралар өнеркәсіп өндірісінің төмендеу қарқының бәсеңдеуіне ықпал етті. Қаңтардан-маусымға дейін өндіріс өткен жылдың сәйкес айына 4-4,5 %-ға дейін, шілде айында 2,5%-ға, тамыз айында 19%-ға өзгерді. Нан және ұннан жасалған тағамдар өндірісінің көлемінің төмендеуі сақталады. Қолданыстағы бағалар өткен жылдың сәйкес мерзіміне қаңтар-желтоқсан айларына 520,09 млн. теңгені немесе 103,2%-ды құрайды.

Ауа райының қолайлы жағдайлары жаңа заманғы техника қолданудан, өндіру технологиясы деңгейін жоғарылату бойынша шаралар қолданғаннан егіншіліктің өсуін қамтамасыз етуге 1,5 есе әсер етті. Егістіктің ең жоғары деңгейі нәтижесінде соңғы 7 жыл ішінде астықтың жиыны (1 га-дан 15,3 центнер) 109,8 мың тонна немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 81,3 мың тоннаға артық.

Шарбақты құс фабрикасында құс санының көбеюі есебінен, мал шаруашылығы өнімділігін 1,5%-ға ұлғайтты.

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемін былтырғы жылға қарағандағы бағасы 16,6% және 7,0 млрд. теңгені арттырады.

Астық өнімінің және ауданның экономикасының жағымды өзгерістері жүк тасымалдау және қызметтерді қолдануда жағымды ықпал көрсетті. 2008 жылды биылғы жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау 8 ай ішінде 50,8%-ға, байланыс қызметі -5,3%-ға өсті. Тұтыну және іскер белсенділік төмендеуінен ағымдағы жылдың 9 ай ішінде 4,9%-дан-1,9%-ға дейін жеке кәсіпкерліктің баяндауына әсерін тигізді, жұмыспен қамтылғандар 10,6%-дан 2,9%-ға дейін, товарларды өндіру көлемі, жұмыс және қызмет көрсету 14,6%-дан 2,9%-ға дейін төмендеді.

2009 жылғы 1 қазанға 633 жеке кәсіпкерлер субьектісі, оның ішінде 360 жеке кәсіпкерлер, 231 шаруа қожалықтары, 42 заңды тұлғалар.

2008 жылды аяқтау нәтижесінде 3 инвестициялық жобаның, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінде негізгі капиталға 46,5% немесе 606,2 млн. теңгеге қысқарды.


  1. 2010-2014 жылдардағы экономиканың

даму факторлары мен шарттары
Даму шарттары.

Аймақтың дамуына ауылшаруашылық бағыттардың есептегенде табиғи –ахуал ықпал етеді.

Егін шаруашылығына ауа райының қолайсыз жағдай жасаған уақытта, астық төмен деңгейде орылып, астық және басқа дәнді-дақылдар көлемі төмен болады. Өнімдерді өндіру, жүк тасу көлемі төмендейді.

Келесі фактор-өнімдерді тұтыну және әлемдік және ішкі нарықта астық бағасының өзгеруіне байланысты. Ағымдағы жылда өткен жылмен салыстырғанда астықтың көтере сатып алу бағасы және сату көлемінің төмендегені байқалады.

Аудан экономикасының дамуына егіншілік шаруашылығы салалары және өндіру кәсіпорындары, Шарбақты құс фермасы және сүт-тауарлары фермаларын дамытуды әртараптандыру жағымды ықпал көрсетеді.

Аймақты дамытуға монополияның табиғи қызмет көрсету және өнімдерге бағаның көтерілуі кері ықпал етеді.
3.2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық

дамудың нысаналы индикаторлары және болжамы
Келешекте ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндіріс жүк тасымалдау және байланыс қызметі өнімдер көлемінің өсу қарқыны болжамданады.
Әлеуметтік –экономикалық

дамуының маңызды мақсатты индикаторлары
(алдыңға жылға қарағанда %-бен)

Индикатор

2009 жыл

бағалау

Болжам

2010

жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

45,4

178,8

32,7

147,7

88,7

53,5

Өнеркәсіп өндірісінің өнімі

99,0

101,5

102,0

102,2

102,5

103,5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

116,6

101,5

101,8

102,4

103,0

103,7

Жүк тасымалы

118,0

101,3

101,3

101,7

101,7

102,7

Байланыс қызметі

108,4

107,7

106,6

106,8

106,6

106,6

Орташа номиналдық еңбекақы

111,5

115,7

115,3

108,0

107,1

106,8

Халықтың жан басына шаққандағы кірісі

112,7

113,5

116,6

108,3

107,8

107,0


Алдағы кезеңде ауданның экономикалық дамуы:

астық, ет, сүт, жүн бағасының серпіні;

қайта өндеу обьектілеріне шикізат ресурстары бағаларының серпіні;

аудан экономикасына дағдарысқа қарсы шаралардың ықпал етуі нәтижесі.

Алдағы кезеңде экономикалық дамудың негізгі қатерлері астық бағасының серпіні мен ауыл шаруашылыққа ауа райының келеңсіз жағдайларынаықпал ету нәтижелілігі факторларының ықпалынан қалыптасатын болады.

2010-2014 жылдары негізгі күш дамуы агроөнеркәсіп кешені, қайта өңдеу, көлік инфрақұрылымына шоғырланады.

2010-2014 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсуі 2,5%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің қолданыстағы обьектілерін жетілдіру және жаңадан (сүт-тауар фермаларын, құс фабрикасын қайта құру және дамыту) енгізу есебінен дайындау пунктерінің желісін дамытуға қолдау көрсету қамтамасыз етіледі.

2010-2014 жылдары өнеркәсіп өндірісі 2010 жылы 15%-ға, 2014 жылы 3,5%-ға өсуі жоспарланады. Ауысымына 0,5 тонна қуаты бар жарма жарғыш және «Абай» ЖШС ауысымына қуаты 1 тоннаға жуық күнбағыс майын өңдейтін, Шарбақты құс фабрикасында жұмыртқа ұнтағын өндіретін, «Победа» ЖШС сүтті өңдеу бойынша цехтар барынша күш қуатын қолдану есебінен өңдейтін өнеркәсіптердің өсуіне қол жеткізеді. Өндірістік және ауыл шаруашылық өнеркәсіптердің көбеюінен көлік және байланыс қызмет көрсету көлемі арта түседі.

Жоба бойынша көлік қызмет көрсетуі жылына орташа 1,7%-ға, байланыс қызметі 6,8%-ға өседі деп жоспарлануда.

2010, 2012 жылдары инвестициялардың жағымды өсу қарқыны сақталады. 2010 жылы Шарбақты-Галкин-Мақпал автомобиль жолын қайта жөндеу инвестициясын іске асыру жобасы бойынша 2011 жылы инвестициялар көлемі төмендейді.

Басымдықтар ретінде экономикалық өсудің орнықты қарқынын қалпына келтіру саясатын жүргізу және келешекте оған қолдау көрсету халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруды болжайды.

2010 жылы номиналдық жалақының 15,7%-ға, 2011 жылы -15,3%-ға, кейінгі жылдары -7,3%-ға өсуі болжануда.

2014 жылы номиналдық жалақы 52875 теңге көлемінде болжанып отыр және 2009 жылмен салыстырғанда 64,8%-ға өседі.

2010 жылы жан басына шаққандағы орташа кіріс 13,5%, соның ішінде зейнетақы-18,2%-ға (ең төменгі -25,0%, базалық зейнетақы -6,1%), жәрдемақы- 9,0%-ға, стипендия-25,0%-ға өседі деп жоспарлануда.

2011 жылы еңбекақының 15,3%-ға, зейнетақы 31,4%-ға өсуі есебінен тұрғындардың кірісі 16,6%-ға (ең төменгі -30,0%-ға, базалық -34,4%-ға) стипендия -30,0%-ға өседі.

2012-2014 жылдары жан басына шаққандағы кірістің -7,8%-ға-7,0%-ға, оның ішінде базалық зейнетақы 6,0-7,0%-ға өсуі болжанып отыр.

2014 жылы тұрғындардың жан басына шаққандағы номиналдық орташа кірісі 474297 теңге, немесе айына 39525 теңге сомасында 2009 жылға қарғанда 65,3%-ға жоғары болатыны болжанып отыр.

Жыл сайын жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, бұл жұмыссыздық деңгейін 2014 жылға қарай 4,6%-ға немесе 2009 жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымшада берілген.
4. 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы
Кіріс түсімдерінің болжамы. 2009-2012 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірісі Салық кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілерережелерін ескере отыра, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық параметрлердің болжамды базасында анықталды.

Кірістер есеп айырысуында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік сала қызметкерлер еңбекақысына 25%-ға, 2011 жылы 1 қаңтардан бастап 30%-ға және 2010 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымды және жеке табыс салығын 5%-ға дейін ұлғайту нәтижесінде салық түсімінің төмендейтіні ескерілді.
(млн.теңге)

Көрсеткіштердің атауы

2010 жылы

2011 жылы

2012 жылы

Кірістер

232,4

245,8

246,1

Салықтық түсімдер

229,5

242,7

242,7

Салықтық емес түсімдер

2,4

2,5

2,6

Неізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер

0,5

0,6

0,8



2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджетке бағытталған түсімдер көлемдерінің болжамы орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде салық, бюджеттік заңнамаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілер ережелері ескеріліп жасалды.

Салық төлеушілерден түскен әлеуметтік салық аударымдары аудан бюджетінің негізгі кіріс көзі болып табылады, олар кірістің жалпы сомасы -2010 жылы -46,8%, 2011 жылы-47,3%, 2012 жылы 47,3%-ды құрады.

Аудан бюджетінің болжамы.

2010 жылдан бастап жергілікті деңгейде мемлекеттік жоспарлау нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісіне көшу жүзеге асыратын болады. Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің базасы үш жылдық болады, оны енгізу бюджет үдерісінің сабақтастығы мен тиімділігін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейін оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету бюджетті орта мерзімді кезеңге жоспарлаудың негізгі мақсаты болып табылады.

2010-2014 жылдары жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымды бағыттарын іске асыруға, бюджеттік шығыстарды, оларды түпкілікті нәтижеге бағдарлау тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

2010-2012 жылдары аудан бюджетінің шығыстары басымдықты тәртіпте білім беруге бағытталатын болады.

Орта мерзімді кезеңде бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталатын болады. Бюджетте әлеуметтік салаға арналған шығыстар үлесі 2010 жылы -80,5%, 2011 жылы -80,8-%, 2012 жылы -80,5%-ды құрайды.

Алдағы орта мерзімді кезеңде шығыстар саясаты бірқатар шектеулер ескертіле отырып, анықталатын болады:

бюджет шығыстарының теңгерімін қамтамасыз ету;

бюджеттік қаражатты орынды тұтыну және үнемдеу;

тұрғындарды әлеуметтік қорғау кепілдігін сақтау.

Аудан бюджетінің шығыстарын болжаған кезде Мемлекет Басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты жыл сайынғы Жолдауларында берілген тапсырмаларын іске асыруға арналған шығыстар ескерілді.

Орта мерзімді кезеңде бюджет тапшылығы болжанбайды.

2010-2012 жылдарға арналағна аудан бюджетінің шығыстар болжамы қосымшада келтірілді.



Похожие:

Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мазмұны –аудан халқының өмір сүруінің сапа деңгейін жақсарту мақсатында...
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconАудан әкімдігінің 2011 жылғы наурыздағы № қаулысына 2 қосымша
«Ертіс-Орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің ғимараты Ленин көшесі, 60 (келісім бойынша)
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы №
Маңызы. Шарбақты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маңызы Мемлекеттік, облыстық және аудандық дене шынықтыру және спортты...
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша icon2009 жылғы 19 ақпандағы аудан әкімдігінің №20/2 қаулысымен бекітілген Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде айтылған сұрақтар мен өтініштерді орындауға арналған іс-шаралар
Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша icon«2009 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №3 санды қаулысы Қарауыл ауылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«2009 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №3 санды қаулысы
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
«Шарбақты ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өңірлік деңгейдегі басты идеологиялық орган болып саналады. Бөлімнің қызмет...
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша icon«Шарбақты аудандық оқу бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша құнды ұсыныстарға жұмыс және қызмет етуде сұраныс тәсілімен, мемлекеттік сатып алынған тауарларды жүзеге асыру жөніндегі электрондық хабарландыру
Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 2009 жылғы Шарбақты аудан мектептеріне күрделі жөңдеу жүргізу
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconШарбақты аудандық оқу бөлімі мемлекеттік мекемесі бойынша құнды ұсыныстарға жұмыс және қызмет етуде сұраныс тәсілімен, мемлекеттік сатып алынған тауарларды жүзеге асыру жөніндегі электрондық хабарландыру
Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 2009 жылғы Шарбақты аудан мектептеріне күрделі жөңдеу жүргізу
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы
Міндетті – еліміздің болашақ интеллектуалдық әлеуеті ретінде өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге қол жеткізу
Шарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша iconҚала әкімдігінің 2012 жылғы қаңтардағы № қаулысына қосымша
«Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница