«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Название«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/9
Дата конвертации17.11.2012
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




Шығыс Қазақстан

облысы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсандағы

700 қаулысына 1 қосымша

Шығыс Қазақстан

облысы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсандағы

700 қаулысымен бекітілген

«Шығыс Қазақстан облысы

жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны

1. Миссиясы және пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының даму беталысын талдау

2.1. 1 Стратегиялық бағыт «Шығыс Қазақстан облысы көлік инфрақұрылымының дамуы»
2.1.1 Реттелетін сала немесе қызмет саласы дамуының негізгі параметрлері
2.2. Экономиканың және тұрғындардың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын көлік-коммуникация кешенін дамыту

2.2.1. Көлік



2.1.2 Негізгі мәселелерді талдау
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4. Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы

5. Ведмствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік шығыстардың жиынтығы

1. Миссиясы және пайымдауы
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі – басқарма) миссиясы – бұл қоғам экономикасының қол жетерлік және сапалы көлік қызметтеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында көлік және коммуникация саласында тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.

Пайымдауы - бәсекеге қабілетті, әлемдік стандартқа сай, көлік үрдісі қатысушылары үшін қауіпсіз жоғары сапалы көлік қызметтері.

2 Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының даму беталысын талдау
2.1. 1 Стратегиялық бағыт «Шығыс Қазақстан облысы көлік инфрақұрылымының дамуы»

2.1.1. Реттелетін сала немесе қызмет саласы дамуының негізгі параметрлері

Жолдар

Шығыс Қазақстан облысы 11 841,8 шақырымды құрайтын Республикадағы ең ұзын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісіне ие, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3420 шақырым (29%); облыстық маңызы бар – 3186 шақырым (26,9%); аудандық маңызы бар – 5235,8 шақырым (44,1%).

Олардың ішінде, жамылғы түрі бойынша асфальт-бетон жамылғаны – 669 км, қара қиыршықтасты – 6 415,8 км, қиыршықтасты-шағылтасты – 3986 км және топырақты – 771 км, бұл ретте оларда 507 көпір және 6616 су өткізу құрылғылары орнатылған.

1 кесте. 2008-2010 жылдардағы жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы


Техникалық-пайдалану жағдайының өзгеру динамикасы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

км

%

км

%

км

%

Пайдалану жағдайы бойынша

 

Жақсы

468,5

6

578,1

7

673,76

8

Қанағаттанарық

4 677,40

56

4 594,80

55

4716,3

56

Қанағаттанарлықсызы немесе бұзылу кезеңіндегісі

3 263,70

39

3 249,00

39

3031,7

36


Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының 2008 – 2010 жылдар кезеңіндегі техникалық пайдалану жағдайына жүргізілген талдау және мониторингке сәйкес техникалық пайдалану көрсеткіштерінің арақатысы мынадай өзгерді:

техникалық жағдайы жақсы жолдардың ұзындығы 468,5 км-ден 673,76 км-ге дейін, яғни 8 %-ға дейін өсті;

қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ұзындығы - 4 677,4 км-ден 4 716,3 км-ге дейін, яғни 38,9 км артты;

техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жолдардың ұзындығы - 3 263,7 км-ден 3031,7 км- ге дейін, яғни 232 км қысқарды.
2 кесте. 2008-2010 жылдар аралығындағы кезеңде автожол саласынының негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Салалық бағытты қаржыландыру, млн. теңге

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Барлығы

Қаржыландыру көзі бойынша

БАРЛЫҒЫ

5 834,50

9 361,10

4 719,39

19 914,99

Республикалық бюджет

1 799,00

5 820,90

1 854,57

9 474,47

Облыстық бюджет

316,5

941,3

0,00

1 257,80

Өзге көздер

 

 

299,75

299,75

Қалалық /аудандық бюджеттер

3 718,90

2 599,00

2 565,07

8 882,97

Жұмыс түрлері бойынша

Құрылыс, қайта жаңарту

1 187,80

600,7

1 822,47

3 610,97

Күрделі жөндеу

1 366,40

1 582,30

1 753,20

4 701,90

Орташа жөндеу

1 352,80

3 756,60

2 518,85

7 628,25

Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау

1 927,40

3 421,60

-1 375,13

3 973,87

3 кесте.

Жөнделген, км

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Барлығы

Жөндеу түрлері бойынша

БАРЛЫҒЫ

263,2

256,4

285,96

805,56

Құрылыс, қайта жаңарту

4,5

6,6

15,96

27,06

Күрделі жөндеу

50,4

54

114,8

219,20

Орташа жөндеу

208,3

195,8

155,2

559,30

Автомобиль жолдарын топтастыру бойынша

Көше-жолдар жүйесі

53,6

95,2

59,9

208,70

Облыстық маңызы бар

132,2

133,2

126,4

391,80

Аудандық маңызы бар

77,4

28

99,7

205,10


Облыстың жол саласына бөлінген бюджеттік инвестицияның жалпы сомасы 2007 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде 19,9 млрд. теңгені құрады.

Осы қаражат есебінен барлық жөндеу жұмыстары түрлерімен 805,56 км автомобиль жолдары және елді мекендер мен қалалар көшелері жөнделді, соның ішінде жұмыс түрлері бойынша:

құрылыс, қайта жаңарту – 27,06 км (3,4%);

қүрделі жөндеу – 219,2 км (27,2%);

орташа жөндеу – 559,3 км (69,4%)

Құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеуге жұмсалатын қаражаттың бірнеше жылдар бойы сақталып келе жатқан оң беталысы жағдайында жолдардың мерзіміне жетпей бұзылуын тежеуді қолдаудың негізгі факторы болып табылатын ағымдағы жөндеу мен жолдарды күтіп ұстауға қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін көрсеткен жөн. Қаражаттың жетпеуіне шектеулігіне байланысты автомобиль жолдарын күтіп ұстау және профилактикалық жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілмейді, бұл жол төсемесінің, жолдың топырақ қабатының және жасанды құрылғылардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеледі. Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын механикалық өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі, ал жаңа ағаш отырғызу және баптау жұмыстары жүргізілмейді.

Ағымдағы жағдайға сүйене отырып, алға қойылған нәтижелерге жету үшін басым бағыттар болып мыналар анықталған:

алдыңғы кезеңде басталған нысандардың құрылысын аяқтау және қалпына келтіру;

облысішілік көлік байланысын қамтамасыз ететін ауыр жүк тасымалданатын бағыттардағы бұзылған учаскелерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

аппатты көпірлерді қайта жаңарту;

перспективалық және транзиттік бағыттардағы жолдардың жеке учаскелерінің құрылысы;

автомобиль жолдарын профилактикалық жөндеу, сондай-ақ қысқы кезеңде күтіп ұстау бойынша жұмыстар көлемін арттыру.
2.2. Экономиканың және тұрғындардың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын көлік-коммуникация кешенін дамыту

Көлік.

Облыста теміржол, автомобиль, электр, әуе және су көлігі дамыған.

2010 жылы темір жол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1248,5 млн. адам тасымалданды, ал жолаушы айналымы 11258,6 млн. жолаушы шақырымын құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден тиісінше 13,5 және 17,2%-ға жоғары (4 және 5 кестелер). Жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 318,7 млн. тонна, ал жүк айналымы 6967,4 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 14,4 және 15,3%-ға жоғары (6 және 7 кестелер).
4 кесте. 2008-2010 жылдары барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалдау санының өзгеру динамикасы


Жылдар


Көліктің барлық түрлерімен (т/ж көлігін есепке алмағанда) тасымалданған жолаушылар, млн. адам

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушылар, млн. адам

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Электр көлігімен тасымалданған жолаушылар, млн. адам

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар, мың. адам

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Су көлігімен тасымалданған жолаушылар, мың. адам

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

2008

1100,0

101,8

1086,6

101,7

13,4

98,5

13,4

75,3

3,1

-

2009

1142,0

103,8

1128,5

103,8

13,5

100,7

11,3

84,3

3

93,5

2010

1248,5

109,3

1236,8

109,6

11,6

85,9

16,4

141,6

6,7

223,3


5 кесте. 2008-2010 жылдардағы жолаушы айналымы өзгеруінің динамикасы


жылдар

Көлік жолаушы айналымы (т/ж көлігін есепке алмағанда) млн. жолаушы.км

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Автомобиль көлігі жолаушы айналымы млн. жкм.

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Электр көлігі жолаушы айналымы млн. жкм

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Әуе көлігі жолаушы айналымы мың. жкм

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

Су көлігі жолаушы айналымы мың. жкм

Алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, %

2008

9610,2

102,2

9536,2

102,2

66,9

98,1

12

78,4

-

-

2009

9869,3

102,7

9792,3

102,7

67,4

100,7

9,6

80

-

114,3

2010

11258,6

113,3

11185,3

114,2

57,8

85,7

14,1

146,9

1,4

-


Жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі көлік түрлерінің үлес салмағы талданып отырған кезеңде іс-жүзінде өзгерген жоқ. 2009 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігімен тасымалдау үлесі - 98,8 %, теміржол көлігімен -1,2%, әуе көлігімен - 0,01% және су көлігімен тасымалдау үлесі - 0,003% құрады.

Облыста қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 344 тұрақты бағытта жүзеге асырылады, соның ішінде 156 - қалаішілік, 155 - облысішілік қалааралық және қала маңындағы бағыттар, 15 – облысаралық және облыстың елді мекендерін Ресей Федерациясының – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск, ҚХР – Үрімші, Монғолияның – Баян Үлгі, Қырғыз Республикасының – Бішкек қалаларымен байланыстыратын 18 - халықаралық бағыт.

2010 жылы облыстың автомобиль көлігімен 1236,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2008 жылғы деңгейден 13,8% жоғары. Көлік жолаушы айналымы 11185,3 млн. жолаушы км. құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 17,3 % жоғары.

Ішкі қалалық жолаушы тасымалдауды диспетчерлік басқаруды Өскемен және Семей қалаларының мамандандырылған басқару орталықтары, облысішілік қалааралық тасымалдау автобекет және автостанция қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта облыста 5 автобекет (Өскемен қаласында – 2, Семей қаласында – 2, Жарма ауданының Қалбатау ауылында – 1) және тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан 30 автостанция жұмыс істейді.

Диспетчерлік басқаруды одан әрі жетілдіру және облысішілік жолаушылар тасымалдау сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9.2.1 тармағына сәйкес 2008 жылы Семей қаласында жаңа халықаралық автобекет ашылды, Жарма ауданының Қалбатау ауылында автостанция ғимараты жөнделді, 2009 жылы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында автостанция ғимараты жөнделді, Аягөз қаласында барлық бүгінгі заман талаптарын есепке ала отырып салынған жаңа автостанция ашылды.

Сонымен қатар, шешімін таппай отырған мәселелердің бірі су көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы тасымалдаудағы үлесі 0,003% және жүк тасымалдаудағы үлесі 0,001% құрайды. Дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол - көлік кемелерінің және тиісті инфрақұрылымның жоқтығы.
6 кесте. 2008-2010 жылдары барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы


Жылдар

Автомобиль көлігі, млн. т.

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Әуе көлігі, тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Су көлігі, мың тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Жүк тасымалдау, млн. тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

2008

287,3

103

-

-

292,2

72

278,6

103,1

2009

279,2

97,2

-

95,7

329,4

112,7

279,5

97,2

2010

318,4

114,4

-

-

266,6

89

318,7

114



7 кесте. 2008-2010 жылдары жүк айналымының өзгеру

динамикасы

Жылдар

Автомобиль көлігі, млн. т.

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Әуе көлігі, тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Су көлігі, тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

Жүк айналымы, млн. тонна

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы қарқын, %

2008

6026,1

101,4

9,3

68,9

17,0

59,0

6043,1

101,2

2009

5988,8

99,4

н.д.

-

18,5

108,8

6007,3

99,4

2010

6948,1

116,0

-

-

19,3

104,3

6967,4

115,3


Жүк тасымалының жалпы көлеміндегі көлік түрлерінің үлес салмағы талданып отырған кезеңдегі уақытта іс-жүзінде өзгерген жоқ. 2009 жылдың қорытындылары бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су көлігінің үлесі – 0,01 % және әуе көлігінің үлесі – 0,000004% құрады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жүк тасымалында 840 жүк автомобилі қызмет атқарады.

2010 жылы автомобиль көлігімен 318,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 10,8% артық. Мұнда жүк айналымы көлемі 6948,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2005 жылдың деңгейінен 15,3 % артық.

Халықаралық транзиттік дәліздерде жол маңындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында Зайсан ауданындағы «Омск – Майқапшағай» тас жолында қонақ үй, автотұрақ және дәмханадан тұратын жол кешені пайдалануға берілді, Риддер қалаларында, Шемонаиха ауданында транзиттік көлікке арналған автотұрақ, Семей – Павлодар тас жолында мотель құрылысының жұмысы басталды, Ұлан ауданында Алматы – Өскемен тас жолында кемпинг салынды.

2009 жылы «Омск - Майқапшағай» республикалық маңызды автомобиль жолында екі, «Өскемен - Семей» жолында бір жаңа жанармай құю стансалары іске қосылды.

Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚС, 121 тамақтану пункті, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚС, 11 тамақтану пункті және 1 жылыту пункті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚС, 3 тамақтану пункті, 1 қонақүй, 2 кемпинг жұмыс істейді.

Облыстың темір жол желісінің ұзындығы – 1 243 км құрайды, онда 26 теміржол бекеті және 14 жолаушы платформасы орналасқан. Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық: Защита - Алматы, Лениногор - Астана, Лениногор - Барнаул (бір тіркелген вагонмен Новосібірге дейін және бір тіркемемен Бийскіге дейін), Семей - Қызылорда, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк – Семей - Бішкек, Новосібір – Семей - Алматы, Новосібір – Семей - Ташкент, Павлодар – Семей – Алматы, Павлодар – Семей – Қарағанды бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы қаулысына сәйкес облыста темір жол көлігімен: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Шығыс Жолсерік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бекітілген «Защита - Зырян», «Защита - Лениногор» және «Защита - Серебрянск» әлеуметтік-маңызды ауданаралық қатынастар анықталды.

2008 жылы 162 мың жолаушы тасымалданып, 167,03 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді.

2009 жылы 193,3 мың жолаушы тасымалданып, 163,0 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2008-2010 жылдары «Шығыс Жолсерік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 32,7 млн. теңге сомаға 9 жолаушы вагонының деполық жөндеуін және 79,9 млн. сомаға 7 жолаушы вагонының күрделі жөндеуін жүргізді.

Өңірдегі транзиттік әлеуетті іске асыру мақсатында, 2005 жылы тамызда басталған, ұзындығы 151 км құрайтын «Шар станциясы - Өскемен» теміржол құрылысы 2008 жылы аяқталды. 2008 жылы 11 желтоқсанда жолдың салтанатты ашылуы болды. 2009 жылғы 18 маусымнан бастап жаңа жол арқылы жолаушылар поезы жүре бастады.

1995 жылға дейін облыстың: Катонқарағай, Зырян, Үлкен Нарын, Күршім, Самар, Ақжар, Тұғыл, Теректі, Бобровка, Боран, Зайсан, Карагужиха, Рахман қайнарлары, Үржар, Аягөз, Ақсуат, Қарауыл, Бестамақ, Қайнар, Баршатас, Жорға, Емелтау, Жарбұлак елді мекендерінде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болды.

Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» мәртебесі бар екі әуежай - Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары, сонымен қатар «Д» санатындағы - Зайсан қаласындағы, Катонқарағай, Үржар, Күршім ауылдарындағы төрт әуежайы уақытша сызба бойынша жұмыс істейді.

Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян Үлгі қалаларына әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалалырына әуе рейстері ұшырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңір тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру жұмыстары жүргізілді.

Ан-24 әуе кемесімен «Өскемен – Зайсан – Өскемен», 4 қыркүйектен бастап Ан-2 әуе кемесімен «Өскемен - Катонқарағай», «Өскемен – Күршім» бағыттарындағы ішкі облысаралық маусымдық әуе рейстері қайта жанданды. 2008 жылғы 4 тамызда «Өскемен – Семей – Үржар» бағыты ашылды.

Тасымалданған жолаушылар саны 2008 жылы 4 785, 2009 жылы 5 414 адамды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 13% артық. Тұрғындар үшін жолаушы және жүкті тұрақты ішкі әуе тасымалдаудың қол жетімді тарифін сақтау және бағыттардың тиімді жұмыс істеуі үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын тиісінше қаржыландыру жүргізіледі. Мысалы, 2008 жылы – 159,4 млн. теңге, 2009 жылы – 111,1 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялауға 120,9 млн. теңге көзделді.

2009 жылғы желтоқсанның аяғында Азаматтық авиация комитеті құраған комиссия сәйкестік тұрғысында бақылау тексеру жүргізді, оның нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтарында Зайсан қаласы және Үржар ауылының әуежайларының 2010 жылғы 11 маусымға және 06 қазанға дейінгі жарамдылығы туралы сертификат берілді.

2.1.2 Негізгі мәселелерді талдау

2000 жылға дейін автожол саласын қаржыландыру көлемінің жетіспеушілігі және олардың төмен деңгейде сақталуы жол жағдайының өте нашарлауына әкеліп соқты, бұл мәселе қазіргі күнде де толық шешімін тапқан жоқ.

Жол саласын қаржыландыру шектелген кезеңде аралық жөндеу бойынша тиісті 2-3 орташа (5 жыл) және күрделі (15-16 жыл) жөндеу жүргізілмеген, бұл өз кезегінде автожолдардың көп бөлігінде жол төсемесінің бұзылуына әкеліп соқты. Сөйтіп, 1993 жылмен салыстырғанда, жүру бөлігінің негізгі элементінің ақаулары бар автожолдардың ұзындығы үш есеге артып, 2009 жылғы тексеру мәліметтері бойынша 50%-дан артықты құрайды. Осьтік жүктеменің ұлғайуына және ауыр салмақты автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты жамылғының бұзылу жылдамдығы айтарлықтай артуда.

Автожол көпірлерімен жол өткелдерінің көліктік-пайдалану жағдайы күрделі және маңызды мәселеге айналып отыр, олардың 50% артығының әр түрлі ақаулары бар және пайдалану параметрі талаптарына сай емес (7 кестеге қараңыз).
8 кесте. Инженерлік құрылғылардың көліктік – пайдалану жағдайы


Жалпы қолданыстағы автожолдардың маңызы

Көпірлер және жол өткелдері

Су өткізу құбырлары

Да-на

Қм

Пайдалану параметрі талаптарына сай емес

%

Да-на

Қм

Әр-түрлі ақаулары бар

%

Облыстық маңызы бар

140

2 354

35

25

2 077

25 880

1 048

50

Аудандық маңызы бар

113

3 444

58

51

1 900

25 784

880

46

Барлығы:

253

5 798

93

37

3 977

51 664

1 977

50


Құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеуге жұмсалатын қаражаттың бірнеше жылдар бойы сақталып келе жатқан оң беталысы жағдайында, жолдардың мерзіміне жетпей бұзылуын тежеудің негізгі факторы болып табылатын ағымдағы жөндеу мен жолдарды күтіп ұстауға жеткіліксіз қаражат бөлінетінін айта кету қажет. Қаражаттың жетпеуіне байланысты, автомобиль жолдарын күтіп ұстау және профилактикалық жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілмейді, бұл жол төсемесінің, топырақ қабатының және жасанды құрылғылардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкеледі. Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын механикалық өңдеу жұмыстары ғана атқарылады, ал жаңадан ағаш отырғызу және оларды күту жұмыстары мүлдем жүргізілмейді.

Практикалық бақылаулардың көрсетуінше жыл сайын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының орта есеппен алғанда 200 км бұзылады екен, бір жылда орта есеппен жөндеудің барлық түрлерімен 150 км жол жөнделеді. Қайта жаңартуды және жөндеуді талап ететін желі ұзындығы қазіргі таңда 5,9 мың км құрайтынын ескерсек, қаржыландырудың қазіргі деңгейі сақталатын болса, барлық жолдар желісін қайта қалпына келтіру үшін 25 жылдан артық уақыт қажет болады.

Мерзімінен бұрын бұзылу процесін тек күтіп ұстау нормаларын қатаң сақтаған кезде ғана тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта жаңарту және оңалтудан өткен учаскелерге қатысты. Сонымен қатар қаржы жетіспеушілігі орташа және күрделі жөндеу мерзімдерінің сақталмауына әкеледі. Осының салдарынан толық жөнделмеген жолдар жылдан-жылға көбейе түсуде, ал бұл мұнан кейін оларды толық қайта жаңартуды талап етеді.

Қаржы салымының шектелуі мамандандырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаласының жетіспеушілігіне де әсер етеді. Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын орындауға арналған негізгі мащиналар және механизмдердің жетіспеушілігі жолдардың маңызына қарамай сезіледі. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды қысқы уақытта күтіп ұстаумен айналысатын ұйымдардың қар тазалау техникасымен қамтамасыз етілуі тек 48% құрайды, осының өзінде аталған техниканың 50%-нан астамы қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда, себебі олар 80-ші жылдардан бастап пайдаланылып келеді және ұдайы қатардан шығады.

Бүгінгі таңдағы автожол саласын мемлекеттік реттеуді бақылау және мониторинг жүргізу жүйесі жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының шынайы көлік пайдалану жағдайы туралы декертердің жеделдігі және нақтылығы сияқты бүгінгі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Жергілікті мемлекеттік органдардың функциялары тек әр-түрлі нұсқадағы ақпараттарды есептіліктің әр-түрлі нұсқаларында үсті-үстіне қайталаудан тұрады, бұл нақты жағдайға тиімді ықпал ету әсерін төмендетеді. Ведомствоаралық өзара іс қимылмен және озық инновациялық технологияларды енгізу бөлігінде нақты шаралар қабылданбай жүргізіліп отырған әкімшілік реформа басқару нысаны ретіндегі автожол саласын мемлекеттік реттеу жағдайын сөзсіз қиындатады, ал бұл өз кезегінде жоспарлау және жобалаудан құрылыс пен пайдалануға дейінгі жолдардың пайдалану айналымының барлық кезеңдерінде басқарманың қабылдаған шешімдерінің нәтижесін кемітіп жібереді.

Аймақтың теміржол саласында жолаушы қозғалыс құрамының, локомотив паркінің және Защита стансасынан Зырян стансасына дейінгі темір жолының қатты тозуы байқалады. Бұл жолаушы поезінің қозғалыс жылдамдығына және вагондардың доңғалақ жұптарының тозуына әсер етеді. Сонымен қатар, теміржол көпірлерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және шағын стансалардағы қосымша жолдардың жетіспеушілігі байқалады.

Бүгінгі таңда облыстың барлық теміржол вокзалдарының жағдайы өткір мәселе болып отыр (орташа пайдалану мерзімі 50 жылдан жоғары), Шемонаиха қаласындағы (1936 жылы салынған), Аягөз (1930 жыл салынған) қаласындағы вокзалдардың апатты жағдайына байланысты тез арада күрделі жөндеу жүргізу қажет, бұған 81 252 мың теңге қаражат қажет (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеу жүргізуге Аягөз стансасына - 50706 мың теңге, Шемонаиха стансасына - 30546 мың теңге).

Вокзалдардан кірістері шығыстарын жаппайды, себебі вокзалдарды ұстау бойынша кіріс бөлігінің негізгі көзі мүлікті жалға беруден түсетін кіріс қана болып табылады. Заңнамалық нормалардың болмау себебінен, бекеттерді күтіп ұстауға мемлекеттік кәсіпорындарға қаржы бөлу мүмкін емес.

Аталған мәселені ретке келтіру мақсатында теміржол вокзалдарын күтіп ұстау бойынша қаржыландыру көзін және шығындарды жабу тетігін заңнамалық түрде анықтау керек.

Облыс орталығы мен аудандардың елді мекендерінің көлік байланысы ауданаралық автомобиль бағыттарын сондай-ақ, транзиттік облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етілген.

Конкурсқа қойылған ауданаралық бағыттардың негізгі бөлігі қажет етілмеген қалпында қалады, бұл ауданаралық бағыттардың тиімсіздігінің салдары.

Сондай-ақ, ауданішілік жолаушылар тасымалының дамуына елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы әсер етеді.

Облысішілік тасымалдың дамуына тұрақты бағыттарды қайталайтын және рұқсат құжаттары жоқ заңсыз, жасырын тасымал қызметімен айналысатын жеңіл автомобильдерғ шағын автобустардың кері әсерін тигізетінін атап өту қажет. Бүгінгі күні жасырын тасымалмен айналысатындар саны айтарлықтай жоғарылаған, бұл туралы Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының филиалы бірнеше рет хабардар етілген.

Семей қаласындағы әуежайдың инфрақұрылымы, осының ішінде қону-ұшу жолағы өте қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Қазіргі уақытта Семей қаласының әуежайының қону-ұшу жолағы ескірді және қайта жаңартуды талап етеді. Сонымен қатар, әуежайдың барлық қоршауы қайта жаңартуды және арнайы техника сатып алуды қажет етеді. Семей қаласындағы әуежайдың қайта жаңарту жобасының болжамды құны - 8,7 млрд. теңге.

Өскемен қаласындағы әуежайдың қону-ұшу жолағын ұзартып қайта жаңартуды және метео жабдықтарын ауыстыруды, жолаушылар терминалын қайта жаңартуды, моральдық және табиғи ескірген арнайы көлікті ауыстыруды қажет етеді. Өскемен қаласы әуежайын қайта жаңарту жобасының болжамды құны - 7,3 млрд. теңге.

«Семейавиа» АҚ және «Өскемен әуежайы» АҚ «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаня» АҚ меншігінде.

Зайсан қаласы, Катонқарағай, Үржар, Күршім ауылдарындағы әуежайлары жолаушыларға, қол жүгі мен жүкке қызмет көрсетуге арналған арнайы техника мен жабдықтарды жаңартуды қажет етеді.

Тиісінше, оны Республикалық бюджеттік комиссиясына енгізу үшін Зайсан қаласы мен Күршім ауылының әуежайларына арнайы техника және құрал-жабдық сатып алу мәселесін азаматтық авиация комитетімен пысықтау қажет.

Аталған мақсатқа жету үшін қажетті қаражатты бөлу міндеттерін әуежайлардың меншік иелерімен бірігу жолымен шешу жоспарланған.

Облыста жолаушыларды су көлігімен тасымалдаудың болмауының негізгі себебі жолаушы кемелерінің жетіспеушілігі болып табылады.

Бұл мәселені шешудің бір шешімі тасымалдаушының шығындарын субсидиялау болып табылады алайда, Ертіс өзенімен жолаушылар тасымалын қайта жандандыру үшін қаржылай инвестициялар қажет, себебі, қатынас жолы бойынша жолаушыларды отырғызатын, түсіретін, түнгі уақытта кемелер тұрақтайтын айлақтар (Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарымен жүзу ережесіне сәйкес тунгі уақытта қозғалуға тиым салынған) және оларды орналастыратын орындар жоқ. Транзиттік жолаушыларға арналған инфрақұрылымды, соның ішінде тунгі демалысқа арналған мейманхана номерлерін абаттандыруды, бар негізгі қорларды қалпына келтіру және оларды жаңартуды қоса, жайластыру қажеттілігі туындайды. Су инфроқұрылымы Ертіс өзенінің бүкіл бойында жеке меншікке қарайды, сондықтан да бұрынғы өзен вокзалдарын меншік иелері қайта бейімдеген. Сондай-ақ Ертіс өзенімен кемелердің қауіпсіз жүзуі үшін суды жұмсаудың кепілді қорына байланысты қиындықтар туындайды. Ресей Федерациясы аумағын қоса, бұл бағытта кемелерді шлюздеу және отынмен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет.

Жасалған есептер бойынша, «Полесье» түріндегі кемесі 50% толтырылған жағдайда Өскемен қаласынан Омск қаласына дейінгі жол жүру билетінің құны 20540 теңгені, жолда жүру уақыты 27 сағат құрайды. Мұны салыстырмалы түрде алғанда, автобуспен Омск қаласына дейін жол жүру құны 6000 теңге, жолдағы уақыты 21 сағатты құрайды, сондай-ақ, Өскемен қаласынан Семей қаласына дейін жол жүруге есептеу жүргізілген, «Полесье» түріндегі кемесі 50% толтырылған жағдайда Өскемен қаласынан Семей қаласына дейінгі жол жүру билетінің бағасы 4565 теңгені, жолда жүру уақыты 6 сағат құрайды. Салыстыру үшін алсақ, тәулігіне 10 жөнелтілімде автобуспен Семей қаласына дейін жол жүру құны 850-ден 1150 теңгеге дейін, жолда жүру уақыты 3,5 сағатты құрайды.

«Иртыштранс» ЖШС 1 ай бойы «Өскемен – Семей» бағыты бойынша «Полесье» түріндегі кемесімен су көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асырды, алайда 500 мың теңге көлемінде шығынға ұшырап, кәсіпорын бұл бағытта қызмет көрсетуден бас тартты.

Осылайша, тиімсіздігіне және басқа балама тасымалдау түрлерінің (автомобиль, теміржол) бар болуына байланысты, су көлігімен жолаушылар тасымалын қайта жандандыруды қазіргі уақытта мақсатқа лайықсыз деп санаймыз.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны 1 бөлім. Миссия және пайымдау 3 2 бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Ағамдағы жағдайға талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет басқармасының пайымдауы – облыс мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық...
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Курчатов қаласы
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс – шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница