13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер




Скачать 114.32 Kb.
Название13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер
Дата конвертации17.11.2012
Размер114.32 Kb.
ТипДокументы
13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ

50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      365-бап. Салық төлеушiлер

      1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
      1) жалпы меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:
      двигателінің көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;
      1:1 қатынасты сақтай отырып двигателінің шекті жиынтық қуаты 1000 гектар егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері.
      Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшекті мәнімен біреуден көп бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
      Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен аз болған жағдайда, двигателінің қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатқызылады.
      2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
      сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
      ветеринария қызметінің автомобильдері,
      автозообиологиялық зертханалар,
      автожемтасығыштар;
      автотиеуіштер,
      дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
      тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
      ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер;
      тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
      автоулыжемшашқыш;
      пәлекжинағыш машиналар;
      а/ш АН-2 әуе кемесi;
      өздiгінен жүретiн дестелегiштер;
      астық жинағыш комбайндар;
      доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
      мал азығын жинағыш комбайндар;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;
      өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар;
      маялағыштар;
      жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
      3) мемлекеттік мекемелер;
      4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
      5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
      6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
      366-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

      367-бап. Салық ставкалары

      1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:      

Рет
N

Салық салу объектiсi

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):




1100-ге дейiн қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

5

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

8

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):




1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер

3

4.

Автобустар:




отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса
алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателінің қуаты:




55 кВт-ға дейін қоса алғанда

1

55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең):


 

160-қа дейiн қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi

8.

Мыналарды:
магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргізу үшін;
магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кірме жолдарда маневр жұмыстарын жүргізу үшін;
өнеркәсіптік теміржол көлігі және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын темір жолдың тарту қозғалмалы құрамы;

көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті

Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам

көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті

      Бұл ретте салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
      2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады. P100682 қараңыз
      3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
      1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 3,0;
      2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 0,5;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 0,3.
      4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.


      368-бап. Салықты есептеу тәртiбi

      1. Салық төлеуші салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
      2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) беруші тарап үшiн:
      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.

      3. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңі ішінде беруші тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемі тараптардың келісімі бойынша сатып алу-сату шартының талаптарына негізделіп сатып алатын тараптың берілетін салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
      4. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.
      5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
      Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:
      1) көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      2) салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
      тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;
      3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
      Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын табыс етпейді. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.
      369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi

      1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
      2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
      3. Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады.
      Салықты төлеу салық салу объектісінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.
      Көлік құралдарын тіркеуден, қайта тіркеуден немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткізген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықты есептейді және бюджетке төлеуді жүргізеді.      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

      370-бап. Салық кезеңi

      Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.

      371-бап. Салық есептiлiгi

      Төлеушілер - заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.




Похожие:

13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon700. 00-нысан Жалпы ережелер
Салық кодексі 12, 13, 14-бөлімдеріне сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің жер салығын, көлік құралдары салығын және мүлік салығын...
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon1. жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген...
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (540. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Декларацияның өзінен (110. 00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу...
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесі
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon300. 00-нысан Жалпы ережелер
Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)...
13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер icon1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница