Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы




Скачать 51.07 Kb.
НазваниеҚазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы
Дата конвертации17.11.2012
Размер51.07 Kb.
ТипДокументы
Кушебаев Ж.Т.

Туризм, 3курс, 303топ
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады. Ол табыстылығы жөнінен әлемде мұнай мен автомобиль экспортынан кейін үшінші орын алады. Мемлекетке келген бір туристің беретін табысы сол мемлекеттің нарыққа 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна жоғарғы сапалы мұнай, немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидайды сатқан пайдасымен тең. Туризм – ел мен елді табыстырып, салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттаудың бірден бір жолы. Сондай-ақ туризм бірқатар елдер экономикасының басты табыс көзі болып табылады. Осы тұрғыда табиғи байлығы, тарихи қазынасы мен мәдени мұрасы жағынан ешбір елден кем түспейтін Қазақстанның туризмі қаншалықты дамыған деген сұрақ туындайды. Өткен жылдың наурыз айында, өздеріңіз білетіндей, Елбасы Н.Назарбаевтың бекітуімен туризм мәселесі 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енді. Бұның өзі – отандық туризм мәселесі үшін үлкен жетістік. Бұрындары ол министрліктің жеке салалық бағдарламасы ретінде қаралып келсе, қазір үкімет бұл мәселеге оң көзқарас танытып, ұлттық бағдарламадан орын бөліп отыр. Өзіңіз айтып өткендей, барлық өркениетті елдерде туризм экономиканың маңызды құраушысы болып табылады. Демек, Қазақстан да сондай өркениетті дамыған елдердің қатарына қосылуға талпыныс жасап жатыр деген сөз.

2010 жылы әлем бойынша 800 млн адам саяхат жасап олар әлемдік экономикаға 500 млрд доллар қаражат тастаған. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша туризм жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын және әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризм жалпы мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

  1. Шетел валютасының құйылуына

  2. Халықты жұмыспен қамтиды. Туризм тура және жанама түрде экономиканың 32 саласын дамытады.

  3. Елдің инфрақұрылымын дамытады.

Сол себепті әлемнің көптеген елдері туризмге көп көңіл бөліп, мол қаражат табады. Атап айтатын болсақ 2010 жылы Испания туризмнен 41 млрд доллар, Италия 36 млрд доллар, АҚШ 32 млрд доллар, Жапония 31 млрд доллар,Франция 30 млрд доллар табыс түсірген. Ал өзіміздің Отанымыз Қазақстан 2010 жылы туризмнен бар болғаны 78 млрд теңге немесе 0.5 доллар пайда тапқан.

Қазақстан соңғы екі жыл қатарынан ITB-Berlin дүниежүзілік туристік индустрия жәрмеңкесінде туристік әлеуеті бойынша оған қатысқан екі жүзге тарта елдердің арасынан оқ бойы озып, бірінші орын алды. Бұл – мақтануға тұрарлық жағдай. 2010 жылы Қазақстан Азия, Аустралия және Океания континенттері бойынша І орынға ие болса, 2011 жылы тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай Қазақстан тағы да екі ірі жүлдеге қол жеткізді. Былтырғы жетістігін қайталаған еліміз биыл континет арасында ғана емес, көрмеге қатысқан барлық 188 елдердің арасында үздік деп танылып, “Үздіктердің үздігі” (Best of the best) атты бас жүлдені қанжығасына байлады. Бұл дүниежүзілік олимпиада да бірінші орын алғанмен тең. Әрине, онда бас жүлдені біздің әдемі көздеріміз үшін бере салған жоқ. Күрделі іріктеулердің нәтижесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін мойындап, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сыйлап, географиялық ерекшеліктеріміз бен бай табиғатымызға көз жеткізіп, соны көрсете білген біздің еңбектерімізді бағалап берді. Сонда да Қазақстанға 2010 жылы бар болғаны 3.5 млн турист келеді. Ал Испанияға, Францияға жылына сәйкесінше 70-60 млн турист барады. Неге?

Оның себебі көп:

  1. Қазақстанда туризм инфракструктурасы нашар деңгейде. Туристтік обьекттерге апаратын жолдың нашарлығы, обьектердің бір бірінен шалғай орналасқандығы, қонақүйлердің сапасының төмендігі туристердің көңілінен шықпайды. Сәйкесінше туристерді қызықтырмайды.

  2. Қазақстан туризмі туралы әлемде жарнама деңгейі төмен. Бізді шетелде тек мұнай және Борат арқылы танитынын жасырудың қажеті жоқ. Келу туризмін көтеретін турагенттердің жұмысы да көңілден шықпайды. Елімізде 1000 астам турагенттер бар солардың ішіндегі тек 15 пайызы ғана шетел туристерін елге тартады. Қалған 85 пайызы тек шетел нарығына ғана жұмыс істейді. Елге турист тасумен мүлдем айналыспайды. Жарнаманың аздығынан отандастарымыз Қазақстанның қай түкпiрiнде ыңғайлы әрi арзан бағаға демалуға болатынын бiлмейдi. Есесiне, бұқаралық ақпарат құралдарынан көздiң жауын алатын түрлi жарнамалар шет елдердiң туристiк салаларын жарнамалауға жанталасуда.

  3. Отандық турөнімдердің бағасы тым қымбат. Мысалға алатын болсақ еліміздегі Бурабайға бару үшін 60 мың тенгең болуы керек. Сол 60 мың теңгеге Қытайға немесе Ыстықкөлге барып келуіне болады. Халықтың көбісі соған сәйкес екінші нұсқасын таңдайды.

  4. Еліміздің «Туристік қызмет туралы» заңын реформалау қажет. Ол заңнын қазіргі таңда кемшіліктері көрініп жатыр. Атап айтатын болсақ заңда тек туристердің құқығы, сыртқы туризм мен коммерциялық туризм туралы жазылған. Заңда қазіргі таңда даму мүмкіндігі жоғары туризм түрлері: ішкі туризм, экологиялық туризм, спорт және экстремальді туризм туралы мүлде қарастырылмаған.

  5. Мемлекет тарапынан көмектің және инвестицияның болмауы туризмнің дамуына кедергі болып отыр. Қазақстан осы күнге дейін экономикасына барлығы 120 млрд доллар инвестиция тартқан соның бір теңгесі де туризм саласына бармаған.

Міне осындай себептердің әсерінен отандық туризм саласының дамуы кешеуілдеп келеді. Бұл себептерді шешудің бірнеше жолы бар. Нақтылап көрсететін болсақ:

  1. Еліміздің туризм инфракструктурасын шетел инвесторларына жасату керек. Оларға нақты талап қоятын уақыт жетті. Шетелдің Қазақстандағы мұнайды игеріп жатқан компанияларына өзіміздің жолымызды, сапалы қонакүйлерімізді, инфракструктурамызды салдыртуымыз керек. Егер ондай талапқа келіспейтін болса, онда Қазақстанның мұнайын игеруге жол бермеу керек. Сол кезде ғана олар мәжбүрлі түрде бізге инфрақұрылым салып береді.

  2. Отандық туристтік объектілер: Шарын, Бурабай, Көлсай, Балқаш т.б туралы жарнамалар түсіріп, оны әлемге таныту мақсатында бейнероликтерді СNN, BBC, Евроньюс, Дискавери сияқты әлемнің атақты каналдарынан көрсету керек. Сонымен қатар қазіргі кезде әлем жастарының 80 пайызы әлеуметтік желілерді қолданады. Сәйкесінше отандық бейнероликтерді Facebook, Twitter, Мой мир сияқты әлеуметтік желілерге енгізсек одан да ұтарымыз көп. Бұл істердің бәрі де уақыт өте келе Отандық туризмді әлемге жарнамалауға үлкен көмегін тигізеді.

  3. Еліміздің келу және ішкі туризміне жұмыс істейтін турфирмаларды мемлекет тарапынан салықтан босатуымыз керек. Бұл отандық туризм саласындағы бизнесмендерге үлкен көмегін тигізері анық. Және де салықтан босата арқылы біз отандық турөнімдердің бағасын айтарлықтай арзандата аламыз. Сәйкесінше турөнімдердің бағасы арзандаса онда ішкі туризмнің дамуы қарқын алатыны сөзсіз.

  4. «Туристік қызмет туралы» заңды қайтадан қарастырып оған толықтырулар мен өзгертулер енгізуіміз керек. Атап айтатын болсақ, ішкі туризм, экологиялық туризм, т.б туризм түрлерін заңға енгізіп олардың жұмыс істеуін, дұрыс дамуын қадағалауымыз керек.

  5. Мемлекет тарапынан көмектесудің шетелдің озық тәжірибелерін пайдаланған дұрыс. Мысалға Франция тәжірибесі: онда басқа да батыс еуропа елдеріндегідей туризм жеке министрлік және де Францияда туризм министрлігінен басқа он министрлік жыл сайын қосымша өз бюджеттерінен туризм дамуына, туризм индустриясына ақша бөліп отырады.

Міне осындай әлемнің озық тәжірибелері мен тың идеяларды пайдалана отырып отандық туризмды болашақта айтарлықтай дамытуға болады. Әрине ең бастысы мемлекеттің көмегі және отандық туризмды көтере алатын жас мамандар керек. Сонда ғана біз болашақта әлемнің озық елдері секілді туризмнен жыл сайын 30 млрд доллар тауып, Қазақстанды гүлдендіріп, халқымыздың сапалы демалуына және жағдайының жақсаруына септігімізді тигізетінімізге сенімдімін.

Похожие:

Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconМағжан Сәуле Мағжанқызы Ф.ғ. к., доцент
Ым мен ишаратты жеткізудің вербалды құралдары жайында. Академик Р. Сыздықованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби...
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconНҰрымбетова кенжекүЛ Қалдыбекқызы тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.)
Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.)
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconАстанада Қазақстандағы ветеринарияның қазіргі жағдайы мен болашағы халықаралық деңгейде талқыланбақ
Астана. 19 сәуір. ҚазАқпарат Астанада 20-21 сәуір күндері аралығында «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның қазіргі жағдайы...
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Солтүстік қазақстандағы жаздық ЖҰмсақ бидайдың селекциясының жетістіктері мен болашағЫ
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconAes қазақстандағы электр станциясы мен көмір қимасын сатады
ЖӘне шығыс Қазақстандағы Энергия өндіруші және Таратушы Активтерді Меншігінде және Басқаруында қалдырады
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Хх жүзжылдықтағы Қазақстандағы медициналық көмекті ұйымдастыру, алғашқы білім алған қазақ дәрігерлері. ХХ-ХХІ жүз жылдықтағы денсаулық...
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconАлимбаева Ақтолқын Алмасхановна аға оқытушы
Заңгер мамандарын даярлау процесінде арнайы пәндерді оқытудың педагогикалық шарттары «Қазақстандағы үздіксіз кәсіптік білім беру...
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconТақырыбы: Қазақстандағы Исламдық сақтандырудың болашағы қандай?
Осы баламаның орны – Шариғат заңдарына сүйене отырып жұмыс жасайтын Исламдық қаржыландыруға тиесілі. Ал кез келген Исламдық қаржыландыру...
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconНұрсұлтан Назарбаев қазақстан 2030
Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын....
Қазақстандағы туризм саласының бүгіні мен болашағы iconТуризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница