Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары




Скачать 147.13 Kb.
НазваниеКатонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары
Дата конвертации17.11.2012
Размер147.13 Kb.
ТипДокументы
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың  1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат

Автомобиль жолдары

Аудан бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 721,7 км, соның ішінде 227 км - республикалық маңызы бар, 111 км – облыстық маңызы бар, 383,7 км - аудандық маңызы бар (соның ішінде: 5 км – асфальтбетонды жабынды, 12,7 км – қара гравийлі жабынды, 366 км – гравийлі жабынды). Жергілікті автожолдар желісінде келесі инженерлік құрлыстар бар: ұзындығы 638 қума метр 26 дана көпір, ұзындығы 1957 қума метр 171 дана су өткізгіш құбыры.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары


Республикалық маңызы бар «Өскемен – Зырян – Үлкен-Нарын – Рахман қайнары» автомобиль жолын күтіп ұстаумен «№27 ЖПУ» жол ұйымы айналысады. 2011 жылы аталған автожолдарының 20 км («260-280 км») аумағының қара жабындығына орташа жөндеуге қаражат бөлінді, ал «400-450 км» учаскесінің күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлену жоспарланған.


Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары


Облыстық маңызы бар автожолдарды, яғни «Октябрь өткелі – Алтайка – Новохайрузовка 51-83 км», «Үлкен Нарын – Күршім 0-41 км», «Средигорное – Ново-Поляковка – Малонарым 20-58 км» облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстаумен №7 ӨЖУ (Ж.К. Елеусізов бастығы) айналысады.

Ағымдағы жылы ұзындығы 58 км «Средигорное - Ново-Поляковка – Малонарым» автомобиль жолы ШҚО-ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне тапсырылды. Осы автомобиль жолы бекітілген №7 ӨЖУ кеңейтілген автомобиль желісін ұстау үшін қажетті жол техникасымен толық қамтылмаған.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 тамыздағы №63 қаулысы негізінде аудан әкімінің «Нарын» МКК-на шаруашылық жүргізу құқығында берілді. Автомобиль жолдарының қысқы ұстауы бойынша есепті жылда 17000 мың теңге игерілді. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 2010-2011 жылдардағы қысқы маусымда жұмыс істеуіне дайындау туралы» №84 қаулысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 2010-2011 жылдардағы қысқы маусымға дайындау іс-шаралар жоспары, қысқы ұстауға дайындайтын жедел топ құрамы, сонымен қатар 2010-2011 жылдардағы қысқы маусымындағы аудандық қызметаралық өзара іс-қимыл жоспары бекітілді.
Автомобиль жолдарын жөндеу іс-шараларын жүргізу



«Катонқарағай ӨЖУ» ЖШС-мен ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы 40100 мың теңгеге жөндеу және ұстау жұмыстары жүргізілді. «Көк-Терек а. кіреберіс, 0-3 км» автомобиль жолында қара жабынды төсеу бойынша бағдарлық жөндеу (1800 мың тг.); «Коробиха а. кіреберіс, 3-13 км» (9293 мың тг.), «Аршаты а. кіреберіс, 0-14 км» (5100 мың тг.), «Ново-Поляковка – Ульяновка, 8-15 км» (7957 мың тг.) автомобиль жолдарында гравийлі жабынды төсеу бойынша бағдарлық жөндеу; Үлкен Нарын (2100 мың тг.) және Катонқарағай (1800 мың тг.) ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. «Шұбарағаш а. кіреберіс», «Жұлдыз а. кіреберіс», «Сөгір – Барлық – Ақсу» автомобиль жолдарындағы көпірлердің (жалпы құны 900 мың тг.) ағымдық жөндеуі жүргізілді. Үлкен Нарын ауылының Абылайхан көшесіндегі 9300 м2 алаңында үстіндегі қара жамылғысын қапталу (578 мың теңге) орнатылды, Татаев көшесінің қара жабындысын (2622 мың тг.) жөндеу жүргізілді. Жалпы 4000 мың теңге қаржыға автомобиль жолдарының ағымдық ұстауы бойынша (грейдерлеу) жұмыстар жүргізілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 53397 мың теңгеге инвестициялық жоба жүзеге асырылды, «Катонқарағай ӨЖУ» ЖШС (Өскемен қаласы, директоры Т.К. Исабаев) мердігерлік ұйымы 5 нысан бойынша орташа және бағдарлық жөндеу жұмыстарын жүргізді:

- Өрел ауылының көшелерін орташа жөндеу – 10200 м2;

- Улкен Нарын ауылының Мир көшесін орташа жөндеу –7470 м2;

- Катонқарағай ауылының Торайғыров көшесін орташа жөндеу – 1750 м2;

- Ново – Поляковка ауылының көшелерін орташа жөндеу – 12000 м2;

- Үлкен Нарын ауылының Абылайхан көшесінде асфальтбетон жабынды төсеу бойынша бағыттық жөндеу – 1000 м2.



Орташа еңбекақы мөлшері 32000 теңге 53 жұмыс орны қайта ашылды. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында 100 % қазақстандық құрамды материалдар қолданылды.

Ағымдағы жылы көше жолдары желісінде жол белгілерін орнатуға 400 мың теңге бөлініп игерілді. Елді мекендердің атаулары көрсетілген ақпараттық таңбалар орнатуға, сонымен қатар Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында жол белгілерін орнатуға қаражат бөлі қажет
Автомобиль жолдарын қалпына келтіру іс – шаралары

Ағымдағы жылы көктемгі су тасқыны кезінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының кейбір учаскелері бұзылған. Бұл жолдарды қайта қалпына келтіру үшін Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сметалық есептер жасалды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті бюджет (11555 мың тг.) қаражатынан келесі нысандар жөнделді:

  • автожолдар «Ново-Поляковка – Ульяновкада, 7-15км», 2 темірбетон құбыры;

  • автожолдар «Новохайрузовка – Пармоновка, 20-24 км», 24 км құбыр;

  • автожолдар «Жана-Ульго-Жамбыл-Берель, 12-13 км, 26-27 км, 39-40 км», 53 км көпір қалпына келтірілді;

  • автожолдар «Ақмарал а. кіреберіс, 2 км» 5 км құбыр;

  • автожолдар «Чубар-Ағаш а.кіреберіс, 0-2км» 2 ағаш көпір;

  • автожолдар «Коробиха а. кіреберіс, 3-13 км».


Облыстық «Парыз» қорынан бөлінген 53 млн. теңге қаражатқа «Сөгір-Барлық-Ақсу, 27-39 км» автожолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы ауданның барлық бағыттары бойынша автокөлік жүрісі қамтамасыз етілген, бірақ автомобиль жолдарының техникалық жағдайы қанағаттандырарлықсыз жағдайда. Жалпы 349192,7 мың теңгеге келесі автомобиль жолдарының және құрылыстарының жөндеуін жүргізу қажет.

  • «Бесүй а. кіреберісі, 3-5 км» автожолындағы 5 км-гі құбыр;

  • «Солдатова а. кіреберісі» автожолындағы 5 км-гі құбыр;

  • «Мойылды а. кіреберісі, 3-7 км» автожолындағы 8 км-гі ағаш көпір;

  • «Жазаба а. кіреберісі, 3-12 км» автожолы;

  • «Ақсу – Ақшарбақ, 9-27 км» автожолы;

  • «Аршаты а. кіреберісі, 0-17 км» автожолы.

7 обьектілердегі жобалы-сметалы құжаттарды ведомстволық тексеруге алынды.
Автобус тасымалы

Ауданның 51 елді мекенінің 31-і автобус қатынасымен қамтылған. Есептік жылда келесі бағдар бойынша автобус тасымалы жүзеге асырылған.

  • ИП Заднепровский: «Үлкен Нарын – Өскемен – Үлкен Нарын» күнделікті, «Үлкен Нарын – Кок-Терек» аптасына 2 күн;

  • ИП Романов: «Катонқарағай – Өскемен – Катонқарағай» күнделікті, «Катон-Ақсу» күнделікті, «Катон-Өрел», «Катон-Берел» аптасына 6 күн; «Катон-Аршаты» және «Катон-Коробиха» аптасына 2 күн.

Жыл сайын аудандық бағдарларға демеу қаржы (субсидия) бөлінеді: 2009 жылы-1100 мың теңге, 2010 жылы - 1200 мың теңге.

Ауданда 2 автобекет бар: 1) Үлкен Нарын ауылындағы «УК автовокзал» АҚ (Рындина Г.А), 2) Катонқарағай ауылындағы ЖК Романов (Романов С.К.).

Әуежайлар

Катонқарағай ауылында орналасқан әуежай ШҚО әкімдігінің теңгерімінде. Әуежайды «ШҚО авиабөлімшесі» және «СКАТ» әуе компаниясы пайдаланады, және де аталған компаниялардың қаражатына қаржыландырылады.

Жазғы маусымында күнделікті жолаушылар ағымы байқалады, ал қысқы маусымда ауа райының қалыпсыз жағдайы салдарынан жолаушылар азаяды.

Әуежайда навигациялық жабдықтардан флюгер және анемометр бар, басты мағлұматтар жергілікті метеостанциясындан алынады.

Әуежайдың қызметшілерімен жыл сайын ғимарттың, терезелердің ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар жылыту жүйесі жөнделіп, электр қазандығы орнатылған.

Әуежайды келесі қызмет көрсету техникасымен қамтамасыз ету қажет: ұшу жолағындағы қарды тазалауға арналған күрегі бар МТЗ-82 маркалы трактор, ал жазғы айларында шөп шабуға арналған техника.

Әуежайдың жері мен ғимараты Үлкен Нарын ауылындағы «Алтай» шаруа қожалығының (А. Аяғанов) жеке меншігінде.
Автомобиль көлігі

Есептік жылда 144,6 мың тонна әр түрлі жүк тасымалданған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,9 мың тоннаға артық. Сонымен қатар жүк тасымалдау айналымы 198,4 мың теңгеге немесе 11,3 % төмендеп 1569,6 мың тонна/км кіріс түсті. Жүк тасымалынан 30 млн. 549,4 мың теңге кіріс түскен, бұл өткен жылға қарағанда 20 % төмен.

Ауылдық округтер бойынша:

п/п

Корсеткіштер

ЖШС

«Дархан АТП»

ЖШС

«Большенарымское АТП»

Барлығы

2009 жыл

2010 жыл

ауытқу

+ көбею

- азаю


2009 жыл


2010 жыл

ауытқу

+ көбею

- азаю


2009 жыл


2010 жыл

ауытқу

+ көбею

- азаю

1.

Тасымалданған жүк көлемі, мың.тонна

125,0

132,4

+7,4

17,7

12,2

-5,5

142,7

144,6

+1,9

2.

Жүк тасымалының айналымы, тыс.тонн/км

694,0

465,7

-228,3

1074

1103,9

+29,9

1768

1569,6

-198,4

3.

Кіріс

мың. тенге

24476

12891

-11585

13700

17658,4

+3958,4

38176

30549,4

-7626,6


Тұрғын үй - коммуналды шаруашылық

Ағымдағы жылдың мерзіміндегі есептемесінде көрсетілген тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық қызметтерінің көлемі 55 млн. 973 мың теңгені құрайды, яғни өткен жылдың мерзіміне сәйкес 26,1% - ға көбейген, соның ішінде 50 млн. 596 мың теңге – жылумен қамту, 5 млн 404 мың теңге – сумен қамту. Тұрғындарға 6 млн. 724 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтер көрсетілген, соның ішінде жылумен қамту – 4 млн. 456 мың теңге, сумен қамту – 2 млн. 268 мың теңге.

Ауылдық округтер бойынша:




Ауылдық округтер аты


Барлығы көрсетілген қызмет


Соның ішінде тұрғындар

Соның ішінде:

Суқұбыры

Жылумен қамту

Барлығы

Соның ішінде тұрғындар

Барлығы

Соның ішінде тұрғындар

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009

2010

2009

2010

2009

2010

Улкен-Нарын ауылында


29651


43735


5124


6141


3408


4456


1655


2170


26243


39279


3469


3971

Катонқарағай ауылында


14726


12238


550


583


635


948


-


98


14091


11290


550


485


Барлығы:


44377


55973


5674


6724


4043


5404


1655


2268


40334


50569


4019


4456


Аймақтық «Ауыз су» бағдарламасы

Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін облыста «Ауыз су» 2003-2010 жылдар бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауданның 15 елді мекенінің су құбырларына 142 млн 931 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді және Солоновка, Малонарымка, Жулдыз, Коробиха, Аққайнар, Көк-Терек, Шыңғыстай, Үлкен-Нарын, Топқайың, Жаңа-Үлгі, Жамбыл, Берель, Ново-Поляковка, Новохайрузовка, Катонқарағай ауылдарының суқұбырларын қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданданның 20 елді мекенніңде жарамджы суқұбырлары мен құрылыстары бар, 30 елді мекен ауыз суды жергілікті көздерден алынады және бір ауыл тасымалы ауыз суды пайдаланады..

Аталғн бағдарламаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыздығы 25,5 пайызға өсіп, 75 пайызды құрады.

Есепті жыл бойынша 17 млн. 361 мың теңге игеріліп, Үлкен-Нарын ауылында ұзындығы 1500 метр су құбырлары желілерінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы Жамбыл, Жаңа-Үльгі, Үштөбе, Ново-Поляковка, Кок-Терек, Жұлдыз ауылдарының су құбырларына 4,5 млн. теңге игерілді.

Сметалық құны 149 млн. теңге болатын Ново-Березовка ауылының су құбыры желілері мен сметалық құны 212 млн. теңге болатын Малонарымка суқұбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталған. Есепті жыл бойынша 100,0 млн. теңге игерілді.
Елді мекендердің көркейту және санитарлық тазарту

Ауданның елді мекендерінің көркейту дәрежесін ары қарай көтеру, талап етілетін санитарлық жағдайды ұстап тұру және аудан тұрғындарының санитарлы-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту үшін 2010 жылдың 17 сәуір – 17 маусым аралығында екі айлық өткізілген.Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 06 сәуірдегі №4653 қаулысымен екі айлықты өткізетін комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілді.

Есепті жыл бойынша елді мекендердің аумағында күнделікті сенбілік өткізу арқылы қоқыстан және арам шөптерден тазарту жұмыстары атқарылған.

Ауданның мекемелері мен ұйымдарында гүлзарлар тұрғызылып, саябақтардағы қураған ескі ағаштар кесілді, 11251 дана әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Аталған жұмыстарды орындауға бюджеттен 1 млн. 788 мың теңге бөлініп, осы қаражат толығымен игерілді, соның ішінде Үлкен-Нарын мен Катонқарағай ауылдарының мектеп оқушыларынан құрылған Жастар патрульін ұстауға 588 мың теңге игерілді.

Аудан бойынша 10899 тонна қоқыс шығарылды, Абылайхан көшесі 112 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті әктелді, ұзындығы 750 метр зират қоршаулары орнатылды, ұзындығы 59 км арық жүйесі тазартылды, 82 заңдастырылмаған қоқыс аландары жойылды және бұзылған 15 ғимараттың орны тегістелді.

Аталған жұмыстардан басқа аудан орталығында «Жол Картасын» бағдарламасының шеңберінде Мира көшесіннің 2,4 көппәтерлі тұрғын үйлерінің аулалық аумағында аббатандыру жұмыстары жүргізілді; Абылайхан көшесіндегі № 75,77,79 үйлерінің аулалық аумағында көлемі 2600 шаршы метр асфальтбетон жабындысы орнатылды, ұзындығы 1112 қума метр темір қоршаулар ауыстырылды, 1560 шарша метр тротуар плиткаларры салынды. Сонымен қатар 2 балалар демалыс алаңы мен 1 баскетбол алаңы, 3 қоқыс жинақтайтын алаңдар, 2 демалыс орыны, 8 орындық, 20 қоқыс жинақтаушы, 15 кіреберіс темір есік және 15 ағаштан жасалған жертөле есіктері салынды.

Катонқарағай ауданындағы елді мекендерінде көркейту,көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша «Ең таза елді-мекен» номинациясына байқау жарияланып, осы номинацияға Үлкен-Нарын ауылы ие болды. Жеңімпазға сыйлық ретінде бюджеттен 100,0 мың теңге бөлінді.

Облыстағы конкурс номинациясының «Ең таза ауыл» қортындысының нәтижесінде, Үлкен Нарын ауылы бірінші орынға иеленді.

Катонқарағай ауылында жаңа саябақ салу бойынша құрлыс жұмыстары жалғастырылуда, бұл нысанда демалыс орындары мен балалар демалыс орталығының құрлысы жүргізілді, аталған жұмыстарға бюджеттен 5263 мың теңге бөлінген.
Телефон байланысы

Ауданда негізгі телефон байланысын жеткізуші «Казақтелеком» АҚ-ның ШҚО дирекциясының телекоммуникация торабы. Бүгінгі күні өткізгішті және CDMF-450, WLL спутник жабдықтары арқылы өткізгішсіз байланыс қамтамасыз етілген. Осы жабдықтарды орнату арқылы барлық елді мекендерде телефон байланысы қамтамасыз етілді. Өңірлерде мобильді байланыспен қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылуда.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдіктерінің берген ақпараты бойынша телефон байланысымен қамтамасыз етілу келесідей:

  • қолда бар нөмірлер саны – (Белқарағайды қоспағанда) 5966 дана;

  • телефон орнатуды қажет етеді – 243 адам;

  • өткізгішті байланыстың мәселесі: жабдықтардың, әуе байланысы желілерінің ескіруі, кешкі уақытта байланыс сапасының қанағаттандырарлықсыз жағдайы;

  • өткізгішсіз байланыстардың мәселесі: терминалдар стандартты антенналармен жабдықталмайды, осының салдарынан байланыс сапасы қанағаттандырарлықсыз;

  • аудан округтерінің ауданға шығуға каналдар жеткіліксіздігі;

  • тек қана үш ауылдық окрукте байланыс сапасы қанағаттандырылған, олар: Үлкен Нарын, Солдатово, Катонқарағай округтері.


Электрэнергиясы

Соттың шешімімен иесіз деп танылған энергия нысандары, қазірде коммуналдық меншікте. Оларға ВК-10 кВ (22,219 км), ВЛ-0,4 кВ (18,2 км) әуе желілері және (24 дана) КТП, ТП жатады.

Электр желілерін жөндеу бағыты бойынша жалпы 18100 мың теңгеге инвестициялық жоба жүзеге асырылып, Катонқарағай ауданындағы ВЛ-0,4 кВ электр желісінің ағымдық жөндеуі жүргізілді. Келесі нысандар бойынша жөндеу жұмыстары атқарылды:

- Приморск ауылы, ЗРУ-0,4 кВ ғимаратынан ВЛ-0,4 кВ, ұзындығы 5 км;

- Усть-Язовая ауылы, ВЛ-0,4 кВ ұзындығы 0,52 км;

- Аршаты ауылы, ВЛ-0,4 кВ , КТП-676, ұзындығы 1,16 км;

- Берел ауылы, ВЛ-0,4 кВ, КТП-785, ұзындығы 0,48 км;

- Өрел ауылы, ВЛ-0,4 кВ, КТП-607, ұзындығы 0,4 км;

- Жамбыл ауылы, ВЛ-0,4 кВ, КТП-647, ұзындығы 1,08 км;

- Катонқарағай ауылы, ВЛ-0,4 кВ, КТП-022, ұзындығы 0,62 км;

- Катонқарағай ауылы, ВЛ-0,4 кВ, КТП-021, ұзындығы 0,8 км.


Осы жұмыстарды атқарушы мердігер ұйым ашық конкурс өткізу нәтижесін «Энергостройсервис» ЖШС (Өскемен қаласы, директор А.С.Малышев) анықталды. Орташа еңбекақысы 26500 теңге 20 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысынды 100 пйыз қазақстандық материалдар қолданылған.


Тұрғын-үй коммушалдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы С.Гаврилов

Похожие:

Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconКатонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары туралы Ақпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары...
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconАқпарат Автомобиль көлігі саласында
«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2008 жылдың 10 айына арналған жұмыс нәтижелері туралы
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconАудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconАудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconР/с Аты – жөні Жұмыс орны
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconШымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі энергетика бөлімінің 2012 жылдың 6 айында істелген
Энергетика бөлімінде 4 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 сектор меңгерушісі, 3 бас маман
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconБекітемін: «Ұзынкөл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм бастығының м а
«Ұзынкөл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм бастығының м а
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары iconХабарлаймын, түзету! Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
Тапсырмашы: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Ертіс ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары icon«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм
«Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм павлодар қаласы, Кривенко,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница