2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары




Название2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


2011 жылғы_____________

№ ______ Өскемен қаласы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген


2011-2015 жылдарға арналған

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Мазмұны








Беті

1

Миссия және пайымдау

1

2

Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы

2 – 9

3

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері



10

3.1

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері



10 – 18

3.2.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сай келуі.



19

4

«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функционалдық мүмкіндіктердің дамуы



20 – 21

5

Ведомствоаралық әрекеттестік

21 – 22

6

Қауіптерді басқару

22 – 24

7

Бюджеттік бағдарламалар

25

7.1

7.2

Бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік шығындар жиынтығы

25 – 28

29











1 бөлім. Миссия және пайымдау
Миссиясы – «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан ары – Бөлім) – бұл туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

Пайымдауы – Өскемен қаласында бәсекеге қабілетті туристтік индустрия және салауатты өмір салты қағидаларының тиімді механизмін құру.

Дене шынықтыру және спорт мекемесі егеменді демократиялық қоғам құруда маңызды рөл ойнайды. Бөлім қазіргі жалпыұлттық ортада салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дамыту идеясын жылжытуға ниетті.

Бұл салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортты дамыту мен насихаттау жәнемүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз мақсаттарына жету үшін билік, бизнес, қаланың мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарымен және жергілікті бірлестіктермен секіртестікті дамытады. Қызметтің негізгі бағыттары спорттық қызметтерді кеңейту, жаңа технологияларды және жабдықтарды енгізу, спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту, халыққа спорттық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жаңа жолдарын жасау және ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту үшін бәсекеге қабілетті туристтік индустрия құру, сыртқы және ішкі туризмнің көлемін өсіру есебінен қала мен халықтың табыстарының тұрақты өсуі болып табылады.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызмет бірнеше бағытта жүргізіледі: спорттық клубтардың жұмыстарын ұйымдастыру дене шынықтыру және спорт мекемесінің материалдық-техникалық базасын күшейту, жұмыстың жаңа үлгілерін енгізу, спорт түрлері бойынша федерациямен және басқа да қоғамдық бірлестіктемен өзара байланысу, мемлекеттік және халықтық мерекелерді, мерейтойлық және атаулы күндерге арналған спорттық шараларды дайындау мен өткізу, түрлі спорттық шараларды (чемпионаттар, біріншіліктер, турнирлер және т.б.) өткізу арқылы жас спортшыларды, спорттық ұжымдарды анықтау мен қолдау, халықтың спорттық бос уақытын ұйымдастыру, мемлекеттік реттеудің тиімді механизмін құру және осы салаға қолдау жасау, туристтік әлеуетті көтеру, қаланың тартымды туристтік имиджді қалыптастыру.

2 бөлім. Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
2.1 Спорт саласында:

Дене шынықтыру және спорт саласындағы Өскемен қаласының қызметі соңғы жылдары тұрақты оңды тенденцияларға жетті, ол тек қана қаржыландырудың өсуінде ғана емес, спорттық қызметтердің сапасының көтерілуінен де байқалады. Жұмыстың негізге артықшылығы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, облыстық спорттық жарыстарға құрама команда мүшелерінің қатысуы, спорттық жарыстар өткізу болып табылады.

Қалада спорттың 56 түрі дамыған, қаланың дене шынықтыру және спорт бөлімі 30 түріне қолдау көрсетуде, біріншіліктер, чемпионаттар, қала кубоктары, спартакиадалар, қалалық мерекелер, фестивальдар, акциялар өткізеді, қала аумағында өткізілетін облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Неғұрлым бұқаралық спорт түрлері: шайбалы хоккей, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарысы, баскетбол, волейбол, еркін күрес, бокс.

Өскемен қаласында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 414 спорт имараттары бар, оның ішінде: 1 – Спорт Сарайы, 4 – стадион, 3 – спорт кешендері, 10 – жүзу бассейндері, 84 – спорт залдары, 10 – теннис корттары, 17 – хоккей қораптары, 2 – еспелі база, 1 – ату алаңы, 10 – бильярд клубы бар, олардың 4 ауылдық жерге жатады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 5 бірлікке көп.

Өскемен қаласының тұрғындарының жалпы санынан 302 мың адамнан 51,3 мың адамы немесе 17 % спортпен шұғылданады. 2009 жылы осы көрсеткіш 10,9 % – 32,6 мыңы спортпен айналысатын адамдар, оның ішінде 18,2 мыңнан астамы – жалпы білім беретін және спорттық мектептердің оқушылары. (1 кесте)

1 кесте. 2007-2009 жылдардағы спорт дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы



№ р/с

Көрсеткіштің атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

Өскемен қ. халық саны, адам

297700

298700

298900

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны, адам

31060

31060

32597

3

Дене шынықтыру және спортпен айналыса-тындарды қамту, %

10,4

10,4

10,9

4

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер, адам

15866

15866

17217

5

Спорттық нысандардың саны, бірлік

408

408

409

2010 жылы Өскемен қаласында мемлекеттік-жекеше серіктестік және Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында «Восток» стадионын қайта қалпына келтіру жүргізілді: 1600 адамға арналған жасанды жабынды резерті алаңнын құрылысы аяқталды, стадион ғимаратының қасбеті, батыс мінбелердің қалқасы жөнделді, орындықтар пластикке алмастырылды, теннис орталығының құрылысы жүзеге асырылды. Қала әкімдігінің қолдауымен жеке кәсіпкер Чиликин Согра кентіндегі 9 км ауданындағы тау-шаңғы көтергіш құрылғысының құрылысын аяқтауда.

Өскемен қаласында қазіргі уақытта 11 спорттық мектеп қызмет етеді, оларда 4941 бала шұғылданады.

2009 жылғы кезеңде 111 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізілді, 11 457 адам қатысты, 2010 жылғы қаңтардан қарашаға дейін 136 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді, оның ішінде: 36 – Өскемен қаласының біріншіліктері, 21 – қала чемпионаты, 22 – қалалық турнир, 2 – Қала кубогы, 7 спартакиада (30 шара), 9 – жарыс, 2 – фестиваль, 2 – конкурс, 3 – жеңілатлетикалық жүгіріс, 5 – «Көңілді старттар», 1 – жеңілатлетикалық кросс, ат спортының ұлттық түрлері бойынша шаралар «Маусымның жабылуы», «Құрбан айтқа» арналған, Семей қаласындағы «Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында қол күресі және гір спорты бойынша шаралар. 21304 адам қатысты.

«Шаңғы жолы шақырады» бұқаралық жарыстар дәстүрі жалғасты. Жарыс барлық жас санаттары бойынша жүргізілді, 953 оқушы қатысты.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі мүгедектер арасындағы спорттық шараларды өткізу болып табылады. Солай 2010 жылғы 11 айда мүгедектер арасында келесідей спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізілді: боулингтен, шағын футболдан қала біріншілігі, «Спешиал Олимпикс» мүгедектер қозғалысы арасындағы «Көңілді старттар», көруі бойынша мүгедектер арасында шахматтан, тоғыз құмалақтан, 100 – дойбыдан қала біріншілігі, көру органы зақымдалған адамдар арасында шахматтан, 64 – дойбыдан, жеңіл атлетикадан, қалалық турнир, көру мүшесі зақымдалған адамдар арасында шаңғы жарысынан, жүзуден жарыстар – 144 адам қатысты.

2010 жылы кешенді спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасты – спартакиадалар: волейболдан көлік және байланыс қызметкерлерінің, қала кәсіпорындары қызметкерлері арасындағы спорттың 4 түрінен спартакиада, медицина қызметшілері арасындағы, Өскемен қаласының мемлекеттік қызметшілерінің, банк жүйесі қызметшілері арасындағы, ЖОО мен ООО оқытушылары арасындағы спартакиада.

Студенттік лига аясында волейбол, шағын футболдан Өскемен қаланың ЖОО мен ООО студенттері арасында жарыстар ұйымдастыру. 400 студент қатысты.

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізілуде. 2010 жылғы ақпанда шаңғы көпсайысының техникасы бойынша қала мектептерінің VIII ашық қысқы чемпионаты өткізілді, ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына арналған наурыз-мамыр айында қаланың балалар жасөспірімдер клубтары арасындағы VIII спартакида өткізілді, 620 адам қатысты.

Еңбек ардагерлері арасындағы спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізу дәстүрлі болып табылады. Солай 2010 жылғы қаңтардан қарашаға дейін үстел теннисінен қала біріншілігі, Қарттар күніне арналған бильярд, дартс және сақинаға лақтырудан, шахматтан, дойбыдан спартакиада, спорттық шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Жазғы демалыс кезінде Металлург саябағында балалар үшін спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды «Көңілді старттар» – 470 бала қатысты; 6 шілдеден 14тамызға дейін қаланың аулалық командалары арасында шағын футболдан чемпионат басталды, ол «Жастар – салауатты өмір салты үшін» ұранымен өткізіледі, онда 490 бала қатысты, Комсомол аралында шағын футболдан әуесқой командалар арасында қалалық турнир – 60 адам қатысты.

Бұқаралық спортты дамытуға ШҚО әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі халықтық спорт ойындарына қатысу әсерін тигізеді. Қаланың құрама командасы 2010 жылы 14 ойындарда бірінші орын иеленді.

«Облыстық спорттық жарыстарға спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) құрама команда мүшелерінің дайындығы мен қатысуы» бағдарламасы бойынша «Восток» футбол клубын ұстап тұру үшін шығындар қалалық бюджеттен, Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысу үшін облыстық бюджеттен трансферттер есебінен қаржыландырылады. «Восток» футбол клубы 2010 жылғы маусымды ұлттық біріншіліктің Бірінші лигасында өткізді. Маусым қорытындысы бойынша «Восток» Қазақстан Республикасының Біріншілігінде 18 клуб арасында бірінші орын иеленді.

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету үшін, қаланың спорт бөліміне келесідей спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізуге қаржыландыру белгіленген: 2007 жыл – 16369,0 мың теңге, 2008 жыл – 29678,0 мың теңге, 2009 жыл – 25156,0 мың теңге, 2010 жыл – 33461,0 мың теңге.
Әлсіз және мықты жақтарды анықтау үшін SWOT – талдау өткізілді.

Мықты жақтары:

дене шынықтыру және спортпен айналысатындарды қамтуды 6 % көбейту;

спорттық нысандардың санын өсіру.

Әлсіз жақтары:

материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымның нашар жабдықталуы;

ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спорттық имараттардың, спорттық жабдықтардың жетіспеуі;

көптеген қолданыстағы спорттық имараттар жетілдерілген нормативтерге және техникалық тасымалдау бойынша талаптарға, жарыстарды және оқу үрдісін өткізу ережелеріне сай келмейді;

бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы.

Мүмкіндіктер:

дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіндік жасау (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей үшін алаңша құру).

Қауіптер:

дене шынықтыру және спорт саласында білікті құрамның жетіспеушілігі;

спорт әртүрі бойынша жоғарғы білікті спортшылардың басқа қалалар мен облыстар құрама командаларының құрамына кетуі.

2.2 Туризм саласында:

Өскемен қаласы ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қажетті ресурстарға ие. Қазіргі таңда қала экономикасының қарқынды өсуімен, инвестициясының тартымдылығымен, көліктік қол жетімділікпен, тиімді геосаяси және географиялық жағдайымен, ойын-сауық индустриясының болуымен, бай тарихи-мәдени мұрасымен, ғасырлық дәстүрлі қонақжайлығымен сипатталады. Қазақ және халықарылық нарықта Өскемен қаласының бәсекеге сай кешенді туристтік өнімін құру мақсатында, бәрінен бұрын мәдени-танымдық, іскерлік, таушаңғылық туризмді дамыту қажет.

Таушаңғы туризмі дамуының негізінде қаланың географиялық жағдайы жатыр. Аймақтың климаттық жағдайы, келешекте ойын-сауық саябағына айналатын Аяз-Ата керемет ертегілік резиденциясын құру үшін қолдануға тиімді.

Аяз-Ата резиденциясы келесідей таушаңғы базаларының бірінде орналасуы мүмкін: қаладан алыс емес орналасқан және дайын инфраструктурасы бар «Нұр Тау», «Изумрудный», «Алтайские Альпі».

Жобаның негізіне Аяз-Ата үлгісі арқылы ұлттық дәстүрлерді біріктіру идеясы қойылған. Осы жобаны жүзеге асыру болашақта жаңалықтық тақырыптағы өндірілетін өнімдердің ассортименттерімен жұмыс жасайтын өндірістік кәсіпорындар тобын құруды қарастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарнамалық акция жасау, жоба идеясының алға басуы және мәдени имидж құру үшін мәдениет және өнер қызметкерлерін тарту ұсынылады. Жобаны жүзеге асыру және дамыту – бұл тек қала жиегінде ғана емес жана туристтік зона құру. Аяз-Ата резидентциясының пайда болуымен резидентцияға барумен қысқы-көктемгі туристтік бағдарламаны жүзеге асыру басталады.

Ұлттық брендтің алға басуы іргелес мемлекеттерден туристтерді тартумен Өскемен қаласында Аяз-Ата резиденциясының ертегілік саябағы түрінде Қазақстанда және Азияда жана бірінші туристтік керемет зона құруға мүмкіндік береді.

2007 жылы қалада 24 туристтік ұйым туристтік қызметтер көрсетті, 2010 жылдың басына олардың саны 28 дейін көбейді, олардың көбін кіші және орта кәсіпорындар құрайды, бұл көп елдерде инновацияға негізделген экономикалық өсудің тиімді генераторы болып табылады. (2 кесте)

Қалада тұру қызметін 34 қонақүй көрсетеді, тамақтану қызметін – 39 мейрамхана, дәмхана және бар. Қонақ үй сервисі дамыған. Қала жасақталған туристтік топ орталығы болады. Болашақта жаңа туристтік маршруттар ашылады және қазіргі туристтік маршруттар Мұзтау тауына, Марқакөл және Зайсан көліне, емдеу-сауықтыру табиғи көздеріне, қорықтар және басқалар дамиды.

Өскемен қаласында 57 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде: 1 республикалық маңызы бар (1902 жылы салынған бұрынғы Халық үйі ғимаратында орналасқан облыстық Жамбыл атындағы драма театры), 56 – жергілікті маңызы бар, олар облыстың архитектура және алып өнер ескерткіштерінің жиынтығына және облыстың архитектуралық ескерткіштерінің жиынтығына кірген.

19 тарих және мәдениет нысандары мемлекеттік мекемелердің балансында, 8 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен қызмет көрсетеді, 30 нысан жеке меншікте.

Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымының дамуымен тікелей байланысты. Біздің облысымыздың аумағындағы резидент емес туристтер көбінде автомобиль немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінде автомобиль қолданылады. Турлар мен экскурсиялық маршруттарды сапалы ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты.

Облыс орталығында туристтік қызметті дамыту үшін инвестиция тарту қажет. Туризмнің дамуына кедергі келтіретін басты проблемалардың бірі қызмет көрсету саласындағы арнаулы туристтік кадрлардың болмауы. Бұл тек туристтік индустрия нысандарында туристтік кадрлардың болмау мәселесіне гана емес сондай-ақ туристтік сала үшін дайындық сапасына да қатысты.

Туризм саласында негізгі бағыт қалада сервис жүйесі дамыған жоғары көзтартарлық және бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылым құру болып табылады.

  1   2   3   4   5

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Останай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconЖуалы ауданы әкімдігінің «12»қаңтардағы 2011 жылдың
«Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық...
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және нысаналы индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница