Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы




Скачать 151.21 Kb.
НазваниеБүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы
Дата конвертации10.02.2013
Размер151.21 Kb.
ТипДокументы
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Төрағасының 2009 жылғы 2 сәуiрдегi N 57-П Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3 маусымда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5689 болып енгiзiлдi
"Заң газетi" 2009 жылғы 3 шiлде № 100 (1523); "Юридическая газета" газетi 2009 жылғы 3 шiлде № 100 (1697); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, N 9, 2009 жыл.


       РҚАО-ның ескертпесi!
      Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына , 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына , 149 және 150-баптарына сәйкес, сондай-ақ бүлiнген жерлердi қалпына к елтiру мәселелерiн реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау және мемлекеттiк жер кадастры департаментiнiң Мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингi басқармасы осы Бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жолдануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Төрағасының орынбасары К.Ө.Райымбековке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                           Ө. Өзiбеков

      "Келiсiлдi"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрi
      ___________ Ж. Досқалиев
      2009 жылғы 10 сәуiр

      "Келiсiлдi"
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрi
      ___________ Н. Әшiмов
      2009 жылғы 6 мамыр

      "Келiсiлдi"
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрi
      ___________ С. Мыңбаев
      2009 жылғы 30 сәуiр

Қазақстан Республикасы  
Жер ресурстарын басқару 
агенттiгi төрағасының  
2009 жылғы 2 сәуiрдегi  
N 57-П бұйрығымен бекiтiлген

Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулық

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына , 140-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына , 149 және 150-баптарына сәйкес әзiрлендi және пайдалы қазбалар мен кен орындарында, геологиялық барлау, iздестiру, құрылыс және басқа жұмыстарды орындау кезiнде бүлiнген (бүлiнiп жатқан) топырақ қабатын, жердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу жұмыстарын нақтылайды.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi түсiнiктер:
      1) аршылымды жыныстар – ашық қазып алу барысында аударылған топырақ ретiнде қазып алынуға және тасымалдануға жататын пайдалы қазбаларды жабатын және өзiне сыйдыратын жыныстар;
      2) құламаларды жайландыру – ойыс үйiндiлердiң құламаларының және карьер борттары мен карьердегi ойыстардың бұрыштарын азайту мақсатында жүргiзiлетiн жер жұмыстары;
      3) жарамдылығы аз таужыныстар өсiмдiктердiң өсуiне қолайсыз физикалық және (немесе) химиялық ерекшелiгi бар жыныстар;
      4) мелиорациялау кезеңi – қалпына келтiрiлетiн жердiң сапасын жақсарту және олардың құнарлығын қалпына келтiрудi жүзеге асыратын уақыт интервалы;
      5) жердi қалпына келтiру – белгiлi бiр мақсатта пайдалану үшiн бүлiнген жердi қалпына келтiруге, оның iшiнде бүлiнген жердiң керi әсер ету нәтижесiнде өз құндылығын толық немесе жартылай жоғалтқан iргелес жатқан жер учаскелерi, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешенi;
      6) жердiң бүлiнуi – пайдалы қазбаларды өндiруде оның iшiнде геологиялық-барлау, iздестiру, мұнай және мұнай өнiмдерiн алу, құрылыс және өзге жұмыстар барысында топырақ жамылғысының, жергiлiктi жер рельефiнiң гидрологиялық режимiнiң бүлiнуiне және жер жағдайының өзге де сапалық өзгерiстерiне әкелiп соқтыратын процесс;
      7) бүлiнген жер – адамның өндiрiстiк қызметi нәтижесiнде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимнiң және жер бедерiнiң өзгеруiне байланысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету көзi болып табылатын жер;
      8) тегiстеу жұмыстары – бүлiнген жердiң бетiн тегiстеу, құламаларды, карьер борттары мен үйiндiлерiн жайландыру жөнiндегi жұмыстар;
      9) топырақтың құнарлы қабаты – өсiмдiктердiң өсуiне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық құрамы бар топырақ профилiнiң жоғарғы қара шiрiктелген бөлiгi;
      10) топырақтың әлеуеттi–құнарлы қабаты – өсiмдiктердiң өсуiне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық құрамы бар топырақ профилiнiң төменгi бөлiгi;
      11) қалпына келтiру жобасы – графикалық бейне мен негiздемелерден, есептер мен сипаттамалардан, есептерден, сызбалардан тұратын техникалық, экономикалық, жоспарлы құжаттардың жиынтығы;
      12) қалпына келтiру қабаты – өсiмдiктердiң өсуiне жағымды қасиеттерi бар жердi қалпына келтiру барысында жасанды құрылатын қабат.

2-бөлiм. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу

       1-тарау. Жобаларды әзiрлеудiң негiзгi ережелерi

      3. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеудi жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (жобаны әзiрлеушi) жүзеге асырады.»
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2012.03.26 № 63-ОД (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      4. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасында:
      ауданның табиғи жағдайларын (климатын, топырақ - өсiмдiк жамылғысын, геологиялық және гидрологиялық жағдайларын);
      ауданның даму болашағын;
      жерлердi қалпына келтiру уақытында бүлiнген жердiң нақты және болжамдық жағдайын (аумағы, жергiлiктi жердiң бедер нысаны, шөптiң табиғи өсуiнiң дәрежесi, топырақ қабатының құнарлылығы мен құнарлы тау жыныстарының әлеуетiнiң бар болуы, сумен толтыру, эрозиялық процесстер, ластану деңгейi);
      химиялық және гранулометриялық құрамның, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттердiң, тау жыныстарының аршылған және сыйымдылық сипаттамасы мен олардың үйiндiлердегi қоспасының инженерлiк-геологиялық сипаттамаларының көрсеткiштерi;
      бүлiнген жерлер орналасқан аудандардың шаруашылық-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар ескерiлуi тиiс.
      5. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу:
      1) жер учаскесiн берген кезде, оны пайдалануы жердiң бүлiнуiне әкелiп соқтыратында - жер учаскесiн беру туралы жергiлiктi атқару органдардың шешiмi қабылдағаннан кейiн және жер бүлiнуiне байланысты жұмыстардың басталуына дейiн;
      2) жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгертiлгенде, оның нәтижесiнде пайдалануы жердiң бүлiнуiне әкелiп соқтыратында - жер учаскесiн беру туралы жергiлiктi атқару органдардың шешiмi қабылданғаннан кейiн және жер бүлiнуiне байланысты жұмыстардың басталуына дейiн;
      3) бұрын бұзылған жерлерде, оларды бүлдiрген тұлғалар туралы мәлiметтер жоқ болғанда - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiлуi тиiс.
      Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу мерзiмi, пайдалануы жердiң бүлiнуiне байланысты болған жағдайда, жер учаскесiн беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiнде бекiтiледi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттiгi Төрағасының 2011.02.21 № 29-ОД (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу сатылары

1 параграф. Қалпына келтiру жобасын әзiрлеу сатысы

      6. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын әзiрлеу рәсiмi келесi жүйеде жүргiзiледi:
      1) дайындық жұмыстары (камералдық және далалық);
      2) iздестiрудi жүргiзу;
      3) бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын әзiрлеу;
      4) жобаны келiсу және беру.
      7. Жобалау құрылыстың бекiтiлген, техникалық–экономикалық есептерi немесе техникалық–экономикалық негiздемелерi қабылданған шешiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.

2-параграф. Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)

      8. Дайындық жұмыстары кезеңiнде камералдық жұмыстар жүзеге асырылады, ол қалпына келтiруге жататын жер учаскелерiн далалық зерттеулердi жүргiзуге арналған жоспарлы–картографиялық материалдарды iрiктеу, топырақтық және топырақтық–мелиоративтi iздестiрулер материалдарын, тiзiмдеу материалдарын құрайды.
      9. Қалпына келтiруге жататын жер учаскелерiн далалық зерттеу жұмыстары жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөнiндегi өкiлеттi органдарының өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жобаны әзiрлеушiлермен, тапсырыс берушiмен және қажет болған жағдайда басқа мамандармен жүргiзiледi.
      10. Далалық зерттеу барысында:
      объектiнiң орналасқан жерiн, бүлiнген жердiң нақты шекараларын анықтау, қалпына келтiрiлетiн учаскелердi болашақта пайдалану мүмкiндiгiн белгiлеу;
      бүлiнген жерлердi қалпына келтiру үшiн үйiндiлердегi әлеуеттi құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының бар болуын анықтау;
      бүлiнген жерлердi қалпына келтiру үшiн олардың көлемi және әлеуеттi құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының қажеттi көлемiн белгiлеу;
      үйiндiлердегi топырақтың құнарлы қабаты мен әлеуеттi құнарлы жыныстарының сапасын, олардың минералогиялық және механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың бар болуы мен химиялық мелиорацияның қажеттiлiгiн, ылғалдану мен табиғи өсу жағдайын алдын ала анықтау;
      қосымша топографиялық және топырақтық–мелиоративтiк, агро орман мелиоративтiк, геологиялық және гидрогеологиялық iздестiрулердi жүргiзудiң қажеттi көлемiн анықтау.
      Ластанған жерде қосымша ластану себебi мен көзi, топырақ ластануының қауiптiлiк дәрежесi анықталады.
      11. Жер учаскелерiн далалық зерттеу нәтижелерi қалпына келтiруге жататын бүлiнген жерлердi зерттеу актiсiмен осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зерттеу сызбаларын дайындау арқылы ресiмделедi.
      12. Жер учаскелерiн далалық зерттеу материалдары негiзiнде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушiмен бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын әзiрлеу үшiн тапсырма дайындалады.

3-параграф. Iздестiру өндiрiсi

      13. Далалық зерттеу нәтижелерi бойынша келесi iздестiрулер жүргiзiледi:
      топографиялық
      топырақтық–мелиорациялық
      аграрлық орман мелиорациялық
      геологиялық және гидрогеологиялық.
      14. Топографиялық iздестiрулер 1:1000-1:5000 масштабында орындалады. Қажет болғанда 1:500 масштабта орындалады.
      15. Топырақтық-мелиорациялық iздестiру материалдар қамтамасыз етуi тиiс:
      бүлiнуге жататын жерде топырақтың құнарлы қабатының және әлеуеттi құнарлы жыныстардың күй-жайының толық сипаттамасын алу, сондай-ақ қуаттылығын белгiлеу және құнарлы қабатын алу тәртiбi, оны сақтау жағдайын және кейiн пайдаланылуын анықтауды;
      бүлiнген жерде техникалық немесе биологиялық қалпына келтiру жобаларын құру үшiн қоспалар мен топырақтардың қасиеттерi мен белгiлерiн анықтау;
      топырақтың құнарлы қабатын көбiрек салу жолымен осы алқаптың өнiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қажеттi жобалық шешiмдi әзiрлеу үшiн аз өнiм беретiн алқаптардағы топырақтың қасиеттерi мен белгiлерi туралы деректер алу.
      16. Мұнаймен ластануға ұшыраған жерлердi зерттеу кезiнде мұнай өнiмдерi көп жерлердiң жиегi белгiленедi, ластану тереңдiгi анықталады, топырақ құрамындағы мұнай өнiмдерi деңгейiн анықтау үшiн сынамалар таңдалады. Топырақ мұнай өнiмдерiмен ластанған кезде ластағыштардың таралу шекарасының түбiне дейiн сынамалар алынады.
      Ластағыш заттарды анықтау әдiстерiнiң жалпы талаптары "МЕМСТ 17.4.0.03-85 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластағыш заттарды анықтау әдiстерiне жалпы талаптар" Мемлекеттiк стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Топырақтық–мелиорациялық iздестiру қорытындылары бойынша "МЕМСТ 17.5.1.03-86 Табиғатты қорғау. Жер. Жердi биологиялық қалпына келтiру үшiн аршалымды және сиымды жыныстардың классификациясы" және "МЕМСТ 17.5.3.06-85 Табиғатты қорғау. Жер. Жер жұмыстары өндiрiсiнде топырақтың құнарлы қабатын сыдыртып алу нормаларын белгiлеуге талаптар" Мемлекеттiк стандарттарына сәйкес топырақтық–мелиорациялық iздестiру нәтижелерi бойынша бүлiнген жерлердiң топырақтық-мелиоративтiк карталары әзiрленедi, ал қажет болған жағдайда жердiң бүлiну дәрежесi бойынша жыныстардың улылығы, тұздануы, сортаңдануы, ауыр металдардың, мұнайлы көмiрсутектердiң құрамы, аршылатын жыныстарды пайдалану, топырақтың құнарлы қабатын алу, топырақ–мелиоративтiк картограммалар дайындалады.
      Топырақтық-мелиорациялық iздестiру материалдарының түсiндiрме жазбасында зерттеу объектiсiнiң топырақтың төменгi қабатының сапасы туралы қорытынды, минералды тыңайтқыштарды енгiзу және мелиоративтi кезеңде егу үшiн жарамды шөптер мен шөп қоспаларының, ағашты–бұталыларының түрлерiнiң жыныстардың тiзiмдерi берiледi.
      Жердi игеру үшiн қарастырылған өнiмдiлiгi аз алқаптарда топырақтың құнарлы қабатын салу жолымен осы алқаптардың өнiмдiлiгiн арттыруға арналған жобалық шешiмдердi қабылдау кезiнде қажеттi топырақтың белгiлерi мен қасиеттерi туралы деректердi алу мақсатында топырақ iздестiру жұмыстары жүргiзiледi. Бұл ретте өнiмдiлiгi аз алқапқа топырақтың құнарлы қабатын салуға байланысты шығындар жаңа жердi игеру құнының нормасынан аспауы керек.
      17. Аграрлық орманды мелиоративтiк iздестiрулер қалпына келтiрiлетiн алаңдарда түрлi мақсатта ағаш отырғызу мүмкiндiгiн анықтау үшiн жүргiзiледi.
      18. Геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер топырақтық–мелиоративтi iздестiрулермен бiр кешенде жамылғы жыныстарының сипаттамасын, топырақ суының режимiн алу мақсатында жүргiзiледi.
      Iздестiру барысында сынамаларды таңдау бедердi және топырақ жамылғысының бүлiну дәрежесi ескере отырып, әр жағдайда горизонттық белдеулер немесе берiлген топырақ түрiнiң қабаттары үшiн типтiк топырақ бөлiгi берiлетiндей болып жүзеге асырылуы керек.

4-параграф.
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын әзiрлеу

      19. Қалпына келтiру жобасы жобаны әзiрлеу мен iздестiру материалдарына берiлген тапсырмалар негiзiнде әзiрленедi.
      20. Қалпына келтiру жобасының құрамында келесi жұмыстар жүргiзiледi:
      жердi қалпына келтiру бағытына байланысты бүлiнген жердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстардың технологиясын әзiрлеу;
      жер жұмыстарының, техника қажеттiлiгiн, тыңайтқыштар, отырғызылатын материалдар, тұқымдар және тағы басқалардың көлемiн анықтау;
      өндiру жұмыстарын ұйымдастыру (қалпына келтiрудiң күнтiзбелiк кестесi);
      сметалық құжаттарды жасау;
      жұмыс өндiрiсi жөнiндегi жұмыс сызбаларын әзiрлеу.

5-параграф. Жобаны келiсу және беру

      21. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы, жер қатынастары жөнiндегi өкiлеттi органмен келiсiледi және тапсырыс берушiмен бекiтiледi.
      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органымен берiлген (берiлетiн) жер учаскелердiң құрамындағы бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi өкiлдi органмен келiсу жүргiзiледi, ал қалған жағдайда - бүлiнген жерлердiң орналасқан жерi бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөнiндегi өкiлдi органымен келiсiледi.
      Қоршаған ортаның әсерiн бағалау мақсатында бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк экологиялық және санитралық-эпидемиологиялық сараптамаларға жiберiлуi мүмкiн. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық оң сараптама алғанда келiсiледi.
      22. Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасы тапсырыс берушiге, жобаны келiсiмдеген жер қатынастары жөнiндегi өкiлеттi органға берiледi, бiр данасы жобаны әзiрлеушiде қалады.

Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобаларын әзiрлеу
туралы нұсқаулыққа  
1-қосымша       

Нысан                   

Қалпына келтiруге жататын бүлiнген жерлердi зерттеу
АКТIСI

______ жыл "____"____________
_____________________________________________________________________
                        (Аты-жөнi, лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кен орындарын өңдейтiн, құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
бүлiнген немесе бүлiнуге жататын жер учаскесiне зерттеу жүргiздi
      Зерттеу нәтижесiнде анықталды:
      1. Бүлiнген жер учаскесiнiң алаңы __________________ орналасқан
_____________________________________________________________________
      (учаскенiң нақты орналасқан жердi, жер бөлу құжаттарына
_____________________________________________________________________
                  сәйкес пайдаланылуы анықталады)
      2. Бүлiнген жер учаскелерiне жақын жатқан жерлердiң
пайдаланылуы ________________________________________________________
          (жердiң нақты пайдаланылуы, сондай-ақ сызбаларға, жобаларға
_____________________________________________________________________
және басқа материалдарға сәйкес болашақта пайдаланылуы көрсетiледi)
      3. Бүлiнген жердiң сипаттамасы ________________________________
_____________________________________________________________________
            (бүлiнудiң түрлерi, алаңдық сипаттамалары)
      4. Жердi пайдаланушының немесе жердiң меншiк иесiнiң
ұсыныстары:__________________________________________________________
         (жер пайдаланушының немесе жердiң меншiк иесiнiң ұсыныстары,
_____________________________________________________________________
            - негiзделуiмен және себептерiмен көрсетiледi)
      Жер учаскелерiн зерттеу нәтижесiнде жобада төменгiлердi
қарастыру керек деп ұсынылды:
      1. Қалпына келтiрудiң бағыттары:_______________________________
_____________________________________________________________________
  (алқап түрлерi немесе жердi шаруашылықта пайдаланудың бағыттары)
      2. Қалпына келтiрудiң техникалық кезеңiнiң жұмыс
түрлерi:_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Қалпына келтiру үшiн учаскелердегi топырақтың құнарлы қабаты
мен потенциалды құнарлы жыныстарды пайдалану_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Қалпына келтiрудiң биологиялық кезеңiн жүргiзудiң
қажеттiгi:___________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Қолдағы бар масштабы _______________ бүлiнген жердiң
топографиялық жобаларын және де масштабы ___________ бар топырақтық
зерттеулер пайдаланылсын.
      Бар материалдар ________________ масштабтағы топографиялық
зерттеулердiң ______________________________________________________,
_________________, топырақ–мелиоративтiк зерттеу ____________________
басқа зерттеулердiң бар материалдарымен толықтырылсын.

Қосымша:
Бүлiнген жерлердiң сипаттамасы (контурлық ведомост)
Жер пайдалану жоспарының көшiрмесi ___________________________
Бүлiнген жерлердiң сызбасы
      Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша ауданның (қаланың) жер
қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлдерiнiң, тапсырыс
берушiнiң және басқа мамандардың қолдары:
      1.___________________________________________________________
      2.___________________________________________________________
      3.___________________________________________________________

Ескерту: нақты бiр жағдайларда қажет болғанда, шешiлетiн мәселелердiң мазмұны актiде өзгертiлуi мүмкiн.

Бүлiнген жерлердi қалпына
келтiру жобаларын әзiрлеу
туралы нұсқаулыққа  
2-қосымша      

Нысан                   

"Келiсiлдi"                          "Бекiтемiн"
Жобаны әзiрлеушi (толық атауы,       Тапсырыс берушi
Аты-жөнi)                            (толық атауы, Аты-жөнi)
_______________________________      _______________________________
200_ жылғы "__" _______________      200_ жылғы "__" _______________

Қол үшiн және мөрдiң орны            Қол үшiн және мөрдiң орны

Бүлiнген жерлердi қалпына келтiрудiң жұмыс жобасын әзiрлеуге
ТАПСЫРМА

N

Тiзбе

Көрсеткiштер

1

2

3

1

Жобалау үшiн негiздер (бүлiнген жерлердi тексеру актiсi)




2

Жобаны әзiрлеушi




3

Жобалау сатысы







техникалық кезең







биологиялық кезең




4

Объектiнiң - учаскенiң атауы




5

Объектiнiң - учаскенiң орналасқан жерi (әкiмшiлiк аудан)




6

Қалпына келтiру объектiсiнiң сипаттамасы:







жалпы алаңы, гектар







оның iшiнде болжаммен (алдын ала) пайдаланылатыны







егiстiк







шабындық







жайылым







көп жылдық екпелер







орман екпелерi, орман алаптарын қоса







шалғындау







өндiрiстiк және өндiрiстiк емес құрылыс




7

Қатпарланып үйiлген қорлардың болуы (немесе құнарлы қабаттан алынатын көлемi), мың куб метр




8

Қатпарланып үйiлген қорлардың потенциалды құнарлы жыныстардың болуы (немесе алынатын көлемi) мың куб метр




9

Уақытша үйiндiлер үшiн бөлiнетiн алаңы, гектар




10

Техникалық мәселелер:







тұздануы және екiншi улылық жыныстардың дәрежесi







ластану деңгейi







ластанудың бойлаған тереңдiгi







объектiнiң сулану дәрежесi және құрғатудың (дренаж) қажеттiлiгi







су және жел эрозиясының және басқа геодинамикалық процестердiң даму дәрежесi







тас басу дәрежесi







ағашты-бұталы өсiмдiктердiң басу дәрежесi




11

Қажеттi зерттеулердiң түрлерi және көлемдерi _________________________________




12

Жұмыстардың алдын ала кезеңiнiң басталу және аяқталу мерзiмi:
қалпына келтiрудiң техникалық кезеңi
қалпына келтiрудiң биологиялық кезеңi




13

Қалпына келтiру жобасының аяқталу мерзiмi




14

Ерекше жағдайлар




Похожие:

Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconСауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
«Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconАуылдық елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзiрлеу, келiсу, бекiту және беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Азақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттiгi Төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы n 185-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы icon«Азаматтық iстер бойынша сот актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекiту туралы»
Азақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы n 37 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы icon"Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы icon3-раунд жобаларын жалғастыруға арналған байқау туралы ақпарат әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы
Б «бота» ҚҚ алдында қаржыландырған жобаларының қызметін жалғастыру мақсатында үшіншіі раундтың сәтті жобаларын қосымша қаржыландыру...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconМеншiк иелерiнiң, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдiгiн бағалау бөлiгiнде сауықтыру жоспарын талдау әдістемесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconМеншiк иелерiнiң, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдiгiн және оның тиімділігін бағалау бөлiгiнде сауықтыру жоспарын талдау әдістемесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы icon«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту туралы есеп» әкімшілік есепке алу нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 21-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы iconЖұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы конвенцияны бекiту туралы
Жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы конвенцияны бекiту туралы №138 Конвенция (Қазақстан 2000 жылғы 14 желтоқсан n 116-ii...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница