Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница10/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде спорттық жарыстарды өткiзу;

облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерiнің дайындығы және қатысуы;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;

жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;

7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:

мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) жасау, күтіп-ұстау;

ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;

алынатын және жойылатын ауру малдардың, малдан алынған өнімдер мен шикізат құнын иелеріне өтеу;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;

8) көлiк және коммуникациялар:

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

кент iшiндегi (қала iшiндегi) және аудан iшiндегi қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

9) экономикалық қызметті реттеу:

кәсіпкерлік қызметті қолдау;

10) өзге де бағыттар:

облыстық бюджетке трансферттер;

жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.

2. Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі шығыстарға;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттiк басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң шығыстары көзделедi:

1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық (селолық) жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейiн тегiн алып баруды және қайта алып келудi ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;

12) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.
10-тарау. БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯЛАР
57-бап. Бюджеттiк комиссиялар туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттiк комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеуді және бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Республикалық бюджеттiк комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк комиссиялары өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.
58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыретi
Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне:

1) әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлердің болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;

3) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;

5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер кiредi.
59-бап. Бюджеттiк комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары
1. Бюджеттiк комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттiк комиссияның мүшелерi кiредi.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган тиiсiнше бюджеттiк комиссиялардың жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттiк комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, бюджеттiк комиссияның отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттiк комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттiк комиссия төрағасының өзi тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттiк комиссияның хатшысы бюджеттiк комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, бюджеттiк комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттiк комиссия айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiбіне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
3-бөлім. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКІТУ
11-тарау. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.
61-бап. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және

бюджеттік параметрлердің болжамы
1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде – макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде – өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;

3) үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтитын құжат болып табылады.

2. Бюджеттік параметрлердің болжамы:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:

Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын;

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:

өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

4. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің болжамы инидкативтік сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістері, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, басқа да ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде нақтылауы мүмкін.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді.

6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
1. Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің страегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекітеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) бюджет нақтыланған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері өзгерген;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;

4) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген жағдайларда жол беріледі.

8. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілген күннен бастап екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді.

Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.

Меморандумдарды:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.
63-бап. Операциялық жоспар
Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының
10 қаңтарына дейін бекітеді.
12-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ
64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
65-бап. Бюджет түсiмдерiн болжау
1. Бюджет түсiмдерiн болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница