Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница11/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

2. Өтеусiз техникалық көмек түрiндегi байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтiң) құны түрiнде бюджет түсiмдерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтiң) құнына тең көлемде бюджеттiк бағдарлама көзделуге тиiс.

3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік

бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын;

2) өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;

3) бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

2. Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда осы бапта аталған құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.

3. Осы бапта аталған құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін беріледі.
67-бап. Бюджеттiк өтiнiм
1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізіліміне сәйкес мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

5. Жаңа бастамалар шығыстарына:

кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.

6. Бюджеттiк өтiнiмге:

1) стратегиялық жоспар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;

4) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өз билік етулерінде қалатын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтi) өткізуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамы;

5) түсіндірме жазба;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.

7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсімдерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.

Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.

11. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсі бюджеттік өтінімді әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында көзделген бюджеттік қаражаттың көлемі шегінде енгізеді.

12. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

13. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобалары мен

бюджеттік өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамына, бюджеттік және өзге де заңнамасына, мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне пысықтауға қайтарады.

2. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктер бюджеттiк комиссияда қаралады.

Бюджеттiк комиссия бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк бағдарламаларын стратегиялық жоспарлардың жобаларымен, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органдардың қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi стратегиялық жоспарларды бюджеттiк комиссияның ұсыныстарына сәйкес келтіреді және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органға стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік өтінімдердің жобаларын ұсынады.

69-бап. Заттай нормалар
1. Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткiштерi.

2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Орталық мемлекеттiк органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгiзуге құқылы.
70-бап. Мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,

көрсетілетін қызметті) өткiзуінен түсетін ақша
1. Бiлiм беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткiзуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi бюджеттің есебіне жазылуға тиіс.

2. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:

кiрiстердiң, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттiк кредиттеудің, қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттiң), тапшылықты қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшерi, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің және мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi;

жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың көлемi;

республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк субвенциялардың көлемi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасы Yкiметi резервiнің мөлшерi;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;

мемлекет кепiлгерлiгiн беру лимитi;

үкiметтiк борыш лимитi;

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң концессиялық міндеттемелерінің лимиті;

басқа да ережелер қамтылуға тиiс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса беріледi.

Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн кезекті қаржы жылына арналған түсiмдердiң көлемi;

3) бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешiктiрмей ұсынады.
72-бап. Облыстық бюджет туралы,  республикалық маңызы

бар қала, астана бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң

жобасын әзiрлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi туралы шешiм жобасының мәтiнiнде:

1) бюджет кiрiстерiнiң, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттiк кредиттеудің, қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитiнің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) көлемi;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн бюджеттік субвенциялардың көлемi;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың көлемi;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы резервiнің мөлшерi;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиiс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы шешiмнiң жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасы қоса беріледi.

Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, оның iшiнде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген, кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi;

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне түсiмдер көлемi;

4) қаладағы әрбiр ауданның бюджеттiк бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледi.

5. Облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей ұсынады.
73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi туралы мәслихат шешiмi жобасының мәтiнiнде:

1) кiрiстердiң, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюдың көлемi;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиiс.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница