Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница12/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, оның iшiнде облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi;

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсiмдер көлемi;

4) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледi.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
13-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және

бекiту туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей енгiзедi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

4) республикалық бюджет жобасында енгізілген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президентi кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.

Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

75-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау және бекiту

туралы жалпы ережелер
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей енгізедi.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей енгiзедi.

Жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3) жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.

Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.

3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған болса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн қолданылады. Кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.

Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекiту туралы шешiмдер қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және  бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн ұсынады.

6. Мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
76-бап. Өкiлдi органдардың бюджеттер

жобаларын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптердi ұстанады:

1) негiздiлiк принципi;

2) бюджеттiң теңгерімділігін сақтау принципi.

2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулердi енгiзу, оларға тиісті есеп-қисаптар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгi және мемлекеттік органдар қызметінің олардың стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерінің көрсеткіштерін түзету жөніндегі ұсыныстардың қажеттiгi жазбаша баяндалып берілуге тиiс екендiгiн бiлдiредi.

3. Бюджеттiң теңгерімділігін сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс немесе толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленгеннен асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын

Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамалары кіреді.
78-бап. Жергiлiктi бюджеттің жобасын мәслихаттың

тұрақты комиссияларында қарау
1. Жергiлiктi бюджеттің жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

2. Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есеп-қисаптармен жергiлiктi бюджет жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиiстi мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жiбередi.

4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиiстi негiздемелерi мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.

5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылауға тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамының (адамдарының) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы, жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдарының жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кіреді.
79-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi

атқарушы органдардың республикалық бюджет

туралы заңды және  жергiлiктi бюджеттер туралы

мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулылары
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап екі апта мерзімде қабылданады.

Жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган әзірлейді.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды iске асыру және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулылары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде, жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейдi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:

1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2) объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

3) объектілер бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;

4) нысаналы даму трансферттері және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттеу есебінен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;

6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне айқындау жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер қоса беріледi.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:

1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2) объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;
3) объектілер бойынша жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;

4) облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы қала) бюджетіне нысаналы даму трансферттері және бюджеттік кредиттеу есебінен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

5) жергілікті атқарушы органға айқындау жүктелген, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер қоса беріледі.

3. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңға қол қойған күннен бастап он күн iшiнде бекiтiледi.

Жергiлiктi бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихат шешiмi бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтiледi.
14-тарау. ТӨТЕНШЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ,

ЕНГІЗУ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ
80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу

немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негiз болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болған жағдайда ғана төтенше мемлекеттiк бюджетті енгізу үшін негiз болып табылуы мүмкін.

3. Төтенше мемлекеттiк бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлығымен бекітіледі.
81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
1. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсынады.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница