Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница16/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

4) жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген және бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгерген;

5) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында және 104-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жүргiзiледi.

3. Сондай-ақ бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізу кезінде жергілікті бюджеттерді нақтылауға жол беріледі.

4. Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның республикалық бюджет туралы заңға немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.
107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау
1. Республикалық бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия қарайды.

3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде осы Кодексте белгiленген республикалық бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiндегі талаптар сақталады.

4. Республикалық бюджеттік комиссияның республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджеттік комиссия өзгерістерін мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді табыс етеді.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

6. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.
108-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар

қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау
1. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау жөнiндегі ұсыныстарды тиiстi бюджеттік комиссия қарайды.

3. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау кезiнде облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.

4. Облыстық бюджеттердi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау республикалық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
109-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

бюджетiн нақтылау
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджеттік комиссия қарайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау кезiнде осы Кодексте белгiленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеу мен бекiту кезiндегі талаптар сақталады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлетті органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмге қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

20-тарау. СЕКВЕСТР ЖӘНЕ БЮДЖЕТТI ТҮЗЕТУ
110-бап. Секвестр
1. Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгiлi бiр шектерде қысқартуды көздейтiн арнайы тетiкті білдіреді, ол республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару кезiнде бекiтiлген түсiмдер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге толық түспеуi салдарынан бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкiн болмаған жағдайларда енгiзiледi.

2. Бюджеттiк бағдарламаларды олардың бекiтiлген жылдық көлемiнiң он процентiнен кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.

4. Бюджеттiк бағдарламалар қысқартылған кезде олардың басымдығы мен әлеуметтiк бағыттылығы ескерiледi.

5. Тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгiленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.

6. Секвестрлеу кезiнде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
111-бап. Бюджеттi түзету
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджеттi түзету болып табылады.

2. Республикалық бюджеттi түзету:

1) орталық мемлекеттiк органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттi түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi;

2) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгілі бiр әкiмшiсiнің бюджеттiк бағдарламалары құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген;

3) осы Кодекстiң 24-бабының 3-тармағында көзделген;

4) осы Кодекстiң 104-бабының 4-тармағында көзделген;

5) осы Кодекстiң 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Жергiлiктi бюджеттердi түзету:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджетті түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi;

2) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың атқарушы органдарының резервiнен қаражат бөлiнген;

3) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгілі бiр әкiмшiсiнің құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген;

4) осы Кодекстiң 44-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген;

5) осы Кодекстiң 104-бабының 4-тармағында көзделген;

6) осы Кодекстiң 110-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
21-тарау. БЮДЖЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ

НӘТИЖЕЛЕРДІ БАҒАЛАУ
112-бап. Бюджеттік мониторинг
1. Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

2. Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

3. Бюджеттiк мониторинг бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептілігі және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.

5. Бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелерін ескереді.

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі жалпы әдіснамалық және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді.
113-бап. Нәтижелерді бағалау
1. Мемлекеттік орган қызметінің ел немесе өңір экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигізетін әсерін кешенді және объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау, оның ішінде стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және іске асырылуын бағалау нәтижелерді бағалау болып табылады.

2. Нәтижелерді бағалау:

1) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығын, олардың түсінікті және анық жазылуын, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін талдауды;

3) алынған нәтижелердің стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалауды;

4) қол жеткізген нәтижелердің мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауды;

5) нәтижелердің стратегиялық мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізе алмау себептерін талдауды;

6) мемлекеттік органның қызметін жақсарту, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту, қысқарту не оларды бюджеттен алып тастау жөніндегі ұсынымдарды қамтуға тиіс.

3. Нәтижелерді бағалауды жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) оларды алушыларға сауал қою негізінде алынған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.

4. Нәтижелерді бағалауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

5. Нәтижелерді бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
5-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІН ЖӘНЕ

ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫН ҚОСПАҒАНДА,

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК

ЕСЕПКЕ АЛУЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ

ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ
22-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІ
114-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық

есептіліктің мақсаты
Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі адамдарды мемлекеттік мекемелердің қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
115-бап. Бухгалтерлік есепке алудың және қаржылық

есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық

сипаттамалары
1. Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жасау принциптері есептен шығару және қызмет үздіксіздігі болып табылады.

Есептен шығару принципі ақы төлеу уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операциялардың нәтижелерін танумен қамтамасыз етіледі.

Қызмет үздіксіздігі принципі мемлекеттік мекеменің алдағы болашақта жұмыс істейтін ниеті бар екенін, қызметін таратудың немесе қызмет ауқымдарын едәуір қысқартудың қажеті болмайтынын білдіреді. Егер мұндай ниет немесе қажеттілік бар болса, онда қаржылық есептілік арнаулы ережелер бойынша жасалады.

2. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.

Түсініктілік – қаржылық есептілікте берілетін ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Орындылық – шешімдер қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпараттың орынды болуы және олардың оқиғаны бағалауына көмектесуі, бұрынғы бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс.

Сенімділік – елеулі қателер мен бұрмалаушылықтардың болмауы және пайдаланушылардың ақпаратқа шынайы ақпарат ретінде сенуі.

Салыстырмалылық - әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
116-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
1. Бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.

2. Есепке алу саясаты мемлекеттік мекемелер барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табылатын қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну кезінде қолданатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидаларды және практиканы қамтиды. Есепке алу саясатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

3. Бухгалтерлік есепке алудағы операциялар мен оқиғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница