Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница18/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiктерi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.
130-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар

қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық

есептi қарау және бекiту
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдіктерінiң жылдық есебiн облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Жылдық есептi қараған кезде мәслихат:

әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамдардың облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;

мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң

атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей есепті қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген iшкi бақылау жөнiндегi органға ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелеріне, мақсаттарына қол жеткізілуін және міндеттерінің шешілуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешiктiрмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.
132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң

атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгінiң есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Жылдық есептi қараған кезде мәслихат:

әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;

мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
26-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы

жылдық есептi жасау
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн қоса отырып, жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi қызметi туралы есеп;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi өзге де деректер болуға тиiс.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсім бойынша бекiтедi.
134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы

жылдық есептi ұсыну және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың
1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнің бекiтуіне ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн оны ақпарат ретiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
27-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
135-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеру және талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау:

1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;

2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.
136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау

органдарының жүйесі

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

2) мәслихаттардың тексеру комиссиялары;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган;

4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;

5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.

3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.

Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың

принциптерi мен стандарттары
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау принциптері:

1) тәуелсiздік принципi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерiнің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн араласушылыққа жол бермеу;

2) объективтiлiк принципi – бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) анықтық принципi – бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау;

4) ашықтық принципi – бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілiгi;

5) құзыреттiлiк принципi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы;

6) жариялылық принципi – құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерiн міндетті түрде жариялау болып табылады.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.

3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.

4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары орындауға мiндеттi.
138-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi
Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:

1) сәйкестiкке бақылау жасау – бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау – бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиiмдiлiктi бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерiн пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.
139-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары өкілеттігі шегінде бақылаудың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) кешендi бақылау – бақылау объектiлерiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау – бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау – тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша ғана жүргiзiлетін үшінші тұлғалардың бақылауы;

4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау.
140-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:

1) бақылау актiсi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;

2) бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;

3) қаулы – Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетi және мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және шешімдерді қамтитын өздеріне арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi құжат;

4) қорытынды – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжат;

5) ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшін бақылау объектілеріне жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты.

28-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница