Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница2/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың

концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың

концессиялық міндеттемелерді орындауы
10-бөлім. Гранттар

34-тарау. Байланыссыз және байланысты

гранттар туралы жалпы ережелер

166-бап. Байланыссыз гранттар

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

168-бап. Байланысты гранттарды тарту
35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

мониторингi және бағалау
11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу

36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

172-бап. Бюджеттiк кредиттеу принциптері

173-бап. Бюджеттiк кредиттеу өлшемдері

174-бап. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi

175-бап. Кредитор

176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі

бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi

177-бап. Қарыз алушылар

178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар

179-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)
37-тарау. Бюджеттік кредиттеу талаптары

180-бап. Кредиттiк шарттың негiзгi талаптары

181-бап. Бюджеттiк кредиттiң мерзiмi

182-бап. Бюджеттiк кредиттi игеру кезеңi

183-бап. Бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердiң 

орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi

184-бап. Сыйақы ставкасы

185-бап. Бюджеттiк кредит беру тәсiлдерi

186-бап. Бюджеттiк кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету графигі
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері

187-бап. Бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдау

188-бап. Бюджеттiк кредит беру рәсiмi

189-бап. Шет мемлекеттердi кредиттеудiң ерекшелiктерi

190-бап. Бюджеттiк кредиттi пайдалану

191-бап. Бюджеттiк кредитке қызмет көрсету

192-бап. Бюджеттiк кредиттi өтеу
39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

және қарыз алушыны ауыстыру

193-бап. Бюджеттiк кредиттi қайта құрылымдау

194-бап. Бюджеттiк кредит бойынша борышты аудару
40-тарау. Талап қою мерзімінің өтуі, кредиторлар талаптарының

тоқтатылуы  және бюджеттік кредиттер бойынша

кепiлдiктiң тоқтатылуы

195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі

196-бап. Кредитордың бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi

талаптарының тоқтатылуы және кепiлдiктiң тоқтатылуы
41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау,

мониторинг, есепке алу

197-бап. Бюджеттiк кредиттердi бақылау

198-бап. Бюджеттiк кредиттер мониторингi және есепке алу

12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу

және борыш, мемлекет кепiлгерлiгi

42-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу

және борыш, мемлекет  кепiлгерлiгi туралы

жалпы ережелер

199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

200-бап. Мемлекеттiк қарыздардың түрлерi мен нысандары

201-бап. Мемлекеттiк борыш

202-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi

атқарушы органдардың мемлекеттiк борышты өтеу

және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелерi

203-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты,

мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және

тәуекелдерді басқару

204-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың,

мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың

жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау
43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

205-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу мақсаттары

206-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

қарыз алуды жүзеге асыруы

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарыз алуын шектеу

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

борышын өтеу және оған қызмет көрсету
44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

209-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

210-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

211-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың

борышын өтеу және оған қызмет көрсету

212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың,

астананың жергілікті атқарушы органдарының

мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы
45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш

213-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк

214-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу

215-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру шарттары

216-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға

үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар

217-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшін

инвестициялық жобаларды iрiктеу

218-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң нысаны

219-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi және

мемлекет кепiлдiк беретiн қарыздарды есепке алу

220-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктің орындалуы

221-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайта құрылымдау

222-бап. Мемлекет кепiлдiк берген

қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

223-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату негiздерi

224-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражаттарын

пайдалануға қойылатын шектеу

225-бап. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатының

пайдаланылуына бақылау және жауаптылық
46-тарау. Мемлекет кепiлгерлiгi

226-бап. Мемлекет кепiлгерлiгi

227-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн беруді шектеу

228-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары

229-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн алуға

үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар

230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн

беру үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу

231-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң нысаны

232-бап. Мемлекет беретiн кепiлгерлiктердi және мемлекет

кепiлгерлiгiмен берілетін қарыздарды есепке алу

233-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау

234-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң

қолданылуын тоқтатудың негiздерi

235-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражатын

пайдалануға қойылатын шектеу

236-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын

қарыз қаражатының пайдаланылуына

бақылау және жауаптылық
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау

237-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi

орындаудан бiржақты бас тартуға жол бермеу

238-бап. Мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың

заңсыз iс-әрекеттерінен қорғау

239-бап. Дауларды шешу


13-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

48-тарау. Өтпелі ережелер

240-бап. 2009 қаржы жылына арналған

жергілікті бюджеттерді әзірлеу

241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған

жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру

туралы жергілікті атқарушы органдардың

қаулысын әзірлеу

242-бап. 2009 жылы жергілікті бюджеттерді атқару тәртібі

243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің

2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есептер
49-тарау. Қорытынды ережелер

244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын

бұзғаны үшiн жауаптылық

245-бап. Қорытынды ережелер

Осы Кодекс бюджеттiк, бюджетаралық қатынастарды реттейдi, бюджет жүйесiнің жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн және тетiктерiн белгiлейдi.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кoдексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет

заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.

4. Республикалық бюджет туралы заң, жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аваль – вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;

2) байланыссыз гранттар – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар;

3) байланысты гранттар – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе байланысты грантты iске асыруға бағытталған тиiстi бюджеттiк бағдарламаның шеңберiнде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;

4) байланысты грант туралы келісім – Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

5) бақылау объектілері – бюджет процесiне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

6) банк кепілдігі – қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі;

7) бекiтiлген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;

8) борышқа қызмет көрсету – белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;

9) борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;

10) борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

11) бұзушылық – бюджет қаражатын және мемлекет активтерiн, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепiлгерлiгiн беруге байланысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерiн бұзуға әкеп соққан әрекет (iс-әрекеттер немесе әрекетсiздiк);

12) бюджет – мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

13) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган – республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнiнде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

15) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;

16) бюджеттiк инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

17) бюджеттiк инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

18) бюджеттiк қамтамасыз етiлу – тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен мемлекеттiк басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бiрлiгiне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер құны;

19) бюджет қаражаты – мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетін мемлекеттiк меншiкке түсетін түсiмдер;

20) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

21) бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

22) бюджеттiк операциялар – бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;

23) бюджет процесі – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

24) грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;

25) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;

26) есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

27) жергілікті атқарушы органның борышы – жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;

28) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті – Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгілеген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница