Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница20/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді.

6. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды екі жылда бiр рет жүргiзедi.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ

ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
146-бап. Бақылау объектiсi басшысының құқықтары мен мiндеттерi

1. Бақылау объектiсінiң басшысы:

1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсынымдарын бiлуге;

2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тиісті құжатын ұсынбаған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерiн бақылауға жiбермеуге;

3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда он күн мерзiмде мемлекеттiк қаржылық бақылау органына бақылау актiсiне қарсылық жiберуге;

4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында жүргізілген сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауға байланысты тиісті есеп беруге;

5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттiк қаржылық бақылау органының iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.

2. Бақылау объектiсiнiң басшысы:

1) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған бүкіл қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн дербес жауапкершiлiкте болуға;

3) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне араласпауға, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмеуге және оның ауқымын шектемеуге;

4) жүргізілген бақылау нәтижелері бар актіні таныстыруға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне қол қоюға;

5) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетілген кемшiлiктердi толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етiп отыруға;

6) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
147-бап. Бақылау нәтижелерi туралы есептiлiк
1. Бақылау объектiсiнiң белгiленген тәртiппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептiлiкке қосуға жол берiлмейдi.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері туралы есептілікке енгізілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.
148-бап. Мүдделер қақтығысы
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектеуге қабілетті қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының:

1) бақылау объектiсi басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын;

2) бақылау объектiсiнiң онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;

3) бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген не тексерiлетiн кезеңде бақылау объектiсi басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын қызметкерлеріне бақылау жүргiзуге тыйым салынады.

3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерi бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға, ал мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесi тексеру комиссиясының төрағасына жазбаша хабарлауға тиiс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерiне жүктеледi.

149-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, бақылау

объектілері  лауазымды адамдарының жауапкершiлігі
1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерi бақылау актiлерiнде жазылған мәлiметтердiң анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына, бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегі кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.

3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
150-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің iс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалына алады.
8-бөлім. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
30-тарау. БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
151-бап. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттiк инвестициялар:

1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;

2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

3) мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды анықтау өлшемдерi мыналар:

1) меншiк түрi бойынша өлшемдер – бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк құқығына (республикалық немесе коммуналдық) байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жоба ретiнде айқындайтын өлшем;

2) пайда алушылар бойынша өлшемдер – егер бюджеттiк инвестициялық және (немесе) концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны – республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық немесе концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, оны жергiлiктi деп тануды айқындайтын өлшем.

4. Бюджеттік инвестициялық немесе концессиялық жобаны республикалық ретінде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында аталған өлшемдердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.

5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

7. Жергілiктi бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
152-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк

инвестициялық жобаларды және концессиялық

жобаларды жоспарлау
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:

1) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

2) бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттiк инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін бюджеттiк инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды іріктеу кезеңінде жүзеге асырылады.

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
1. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында жүзеге асырады.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері инвестициялық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

4. Инвестициялық ұсыныстар:

1) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;

2) жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестігі туралы, оның ішінде салада (аяда) қазіргі бар проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратты;

3) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаның немесе концессиялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;

4) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен және мұндай іске асырудың болмауы бюджеттік инвестициялық жоба немесе концессиялық жоба iске асырылған жағдайларда экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын;

5) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаны немесе концессиялық жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлу туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін жауапты болады.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және іріктеудің тиісті әдістемелері бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (осы әдістемені қолдану мүмкін болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.

7. Бюджет комиссиясы іріктеген инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және іріктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
154-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн

бюджет жобасына енгізудің тәртiбi
1. Мыналар:

техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесі бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының ұсынысының болуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгiзу үшiн негiз болып табылады.

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi пайда мен шығындарды экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерiн қамтиды.

Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Бюджеттiк инвестициялық жобаның белгiленген техникалық-экономикалық өлшемдерiн растау үшiн техникалық-экономикалық негiздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.

5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық талдамасын кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.

6. Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметiн көздемейтiн бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негiздеменiң және оған салалық органның сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.

7. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi мен кредит есебiнен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

8. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

9. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсiз сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.

11. Экономикалық сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiтедi.

12. Бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейтiн, сондай-ақ сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын жобаларды қарау, іріктеу, мониторингін жүргізу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
155-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін

концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу

тәртібі
1. Мыналардың:

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;

концессиялық жобаны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және республикалық меншіктің қолда бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісудің;

бюджет комиссиясы ұсынысының болуы бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

4. Бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница